Қойылған міндеттер белгіленген жұмыстың екінші кезеңі;

•          Жинақтың бастапқы сөздік-тізімін толықтыру, түзету;

•          Тарихи-библиографиялық ізденістер жүргізу;

•          Архитектура мен монументалдық өнер ескерткіштері жайында мақалалар жазу;

•          Мақалалардың сурет материалдарының компьютерлік нұсқасын дайындау секілді шаралардан тұрады.

Бастапқы мәліметтер жинастыру мақсатымен Алматы облысында, облыстық орталық Талдықорған қ., Ақсу, Алакөл, Кербұлақ, Сарқанд, Қаскелең, Жамбыл, Іле, Талғар аудандарын қамтыған маршрут бойынша экспедиция ұйымдастырылды.

Экспедицияның мақсаты Алматы облысының архитектура және монументалды өнері ескерткіштерінің орналасқан жерлері мен қазіргі кездегі күй-жайын анықтау болды. Қираған және қайта салынған ескерткіштер тіркелді; ескерткіштерді өзге мақсатта қолданылудың орын алғаны анықталып, ескерткіштердің адрестік мәліметтері алынды. Тарихи тұлғалармен байланысты монументалдық өнердің жаңа ескерткіштері ашылып, зерттелді.

Ақсу ауданында (а.о. - Жансүгіров п.) бастапқы мәліметтер бойынша 25 нысан орналасқан, оның 5-еуі архитектура және 20-сы  тарих пен монументалдық өнер ескерткіші.

Архитектура ескерткіштері ішінде негізінен XIX ғ. тұрғын үй архитектурасының құрылыстары көбірек, олар негізінен Қапал, Арасан ескі селоларында шоғырланған. Сонымен қатар, бүл жерлерде Ш.Уәлиханов, Ф. Ғабитова сынды әйгілі тарихи кейіпкерлер өмірімен байланысты ғимараттар да бар. Қапал селосы орталығының бет- келбетін ашатын, сол кездерге тән ғимараттардың біртіндеп қираттылып жатқанын (құрылыс материалына алу, қирату) атап өту керек. Аталмыш аймақтың тұрғын үй архитектурасының ескерткіштері жайлы мәліметтерді толықтыру үшін ХІХғ. аяғындағы қоршаған орта келбетінен хабар беретін жаңадан ашылған ғимараттар зерттелді.

Арасан селосындағы сумен емдейтін аурухананың кірпіш ғимараты жартылай қираған күйінде түр. Архитектураның бүл ескерткішінің тарихи маңызы зор, себебі ол XIX ғ. (екінші қабаты XX ғ. 50-ші жылдарында көтерілген) Қазақстандағы түңғыш санаторий сынды салынған ғимараттардың бірі. Одан басқа, ғимарат бау-бақшаның, орман өсімдіктерінің тыңғылықты жобалануы тән, ескі паркте орналасқан. Мұнда коттедж типіндегі бір қабатты ағаш үйлер де бар.

Матай ст. орналасқан, темір жолды өткізу кезіндегі тарихи уақытпен байланысты ғимараттар - станцияның тұрғын поселкесінің, тұрғын үй сипатынан ақпар беретін қызықты материал. Бұлар - қасбеттері көлбеу қимамен қапталған, архитектурасы қарапайым екіқабатты ағаш үйлер.

Ауданды зерттеу барысында түңғыш рет, XVIII-XIX ғғ. жатады деп шамаланып отырған Омар кесенесі табылды. Төрт бөлмелі, қам кесектен тұрғызылып, жақсы сақталған күмбезді кесененің өлшемдері алынды. Ол Алматы облысындағы қам кесектен тұрғызылған көп бөлмелі кесененің бірден-бірі болып отыр. Оның аймақтағы салт-жоралық архитектураның тиянақты типологиялық мінездемесі үшін маңызы зор.

Алакөл ауданында сондай-ақ, негізінен ескі Лепсі селосында орналасқан XIX ғ. тұрғын үй архитектурасының ескерткіштері де кездеседі. Зерттелген үйлер біршама жақсы сақталған және сол себепті өзінің бастапқы қызметтерін атқарып келеді. Олардың катарында дәріхана мен ауылдық амбулатория ғимараттары бар. Қасбеттері қима үйлерге тән тәсілмен әшекейленген - фронтон, есік шеттері, кіре-беріс, терезе қақпақтары оймыш өрнектермен безендірілген. Теректі с. орналасқан XIX ғ. кірпіштен салынған екіқабатты шіркеуі өз уақытының елеулі ғимараты болған. Қазіргі уақытта жартылай қираған күйінде тұр. Ол архитектурадағы классицизм дәстүрімен, аркалы терезелері, бұрыштары кедір-бұдырлы қаптамалармен әрленген, қасбеттері симметриямен салынған.

Сарқан ауданында Көтен тәуіп Қотыр байұлы кесенесі, «Черкаск қорғанысы» мемориалы, М. Тынышпаев ескерткіші секілді елеулі тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арналған мемориалдық құрылыстар бар. Бұл нысандар қоғам дамуының түрлі кезеңдерін бейнелеп, өткен тарихты сипаттайды.

Кербұлақ ауданы Ш.Уәлихановтың есімімен байланысты; Шоқан с. мұражай кешені және Шанханай с. бейіті зерттелді. Мұражай ғимаратының көрме залы экспозициясының символикалық маңызын айқын да ерекше көрсету мақсатында, оның өзгешелік енгізіле отырып жасалғаны үшін, мұражай кешені өз уақытысында бүкілодақтық архитектуралық байқауларда марапаттау қағаздарын алды. XVIII-XIX ғғ. жататын Байторы батырдың кесенесі (қазіргі уақытта артқы қабырғаның бөлігі ғана сақталған) темірден күмбез пішінінде жасалған саркофагпен жабылды. Тарихи тұлғамен байланысты ескерткіш ретінде маңызы бар.

Жамбыл ауданындағы аттас селода орналасқан, Жамбылдың үй-мұражай мемориалдық кешені тарих пен архитектураның республикалық маңызы бар ескерткіші. Бұл кешеннің жобалық шешімін талдап, сондай-ақ онымен байланысты тұлғаның тарихи маңыздылығын зерттеу үшін қажет материал жан-жақты және мол.

Сүйінбай Аронұлы (Қарақастек с.), Үмбетәлі Кәрібаев (Үмбетәлі с.) секілді көрнекті тұлғалар есімімен байланысты мұражай ғимараттары да өте қызықты.

Экспедиция нәтижесінде жиналған материал-жаттық фотосуреттер, өлшемдер, тарихи мағлұматтар өңделіп, жүйеленді. Алматы облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы үшін құрастырылған осы ауданның архитектура мен монументалдық өнер ескерткіштерінің бастапқы тізімі (өмір сүрген уақыты, орналасқан жері, қазіргі кездегі жағдайы) қайта қарастырылды. Архитектура мен монументалдық өнер ескерткіштері жайлы тарихи мәліметтерді тексеріп, толықтыру үшін тарихи- библиографиялық ізденістер жалғастырылуда.

Зерттелген аудандардағы ескерткіштер жайлы мақалаларда компьютермен өңделген жоба, сызба және суреттер қоса берілген. Ғимараттардың жобаларында құрылыстың өзгерген, қираған және жоғалып кеткен бөліктері бөліп көрсетілген.

Облыстың зерттелген аудандарындағы архитектура мен монументалдық өнерінің ескерткіштері жайлы материалы жан жақты, ол шаруашылық кызмет, тарихи оқиғалар және тұлғалармен байланысты түрлі салаларды сипаттайды.

Зерттелген аймақтағы мәдени мұраның өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасу барысын зерттеуде мән берерлік жәйт – облыстың табиғи-ландшафтық ерекшелігі.