Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасына кіретін Ортағасырлық Сауран қаласының бекіністерін зерттеу мақсатымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтымен Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінің арасында жасалған келісім-шартқа байланысты (14-қыркүйек 2006 жыл, №128) осы университеттің Археология ғылыми-зерттеу орталығының Тұран археологиялық экспедициясы (М.Елеуов) «Ортағасырлық Сауран қаласындағы қазба» тақырыбын орындау үшін ортағасырлық Сауран қаласының солтүстік-шығыс қақпасындағы 2005 жылғы қазбаны 2006 жылы одан әрі жалғастырды.