2006 ж. Алматы облысының ескерткіштер Тізімі бойынша ҚР Орталық Мемлекеттік Мұрағатында өңірдің тарихи жерлері мен ескерткіштеріне байланысты ХІХ-ХХ ғғ. бас кезіндегі құжаттарды зерттеу мен жинақтау жэне аталмыш облыстың Жамбыл ауданы, онымен іргелес Жамбыл облысының Шу мен Мойынқұм аудандарында 2005 ж. жүргізілген экспедицияның мәліметтерін толықтыру мақсатында қосымша түздік зерттеу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлінді.
2005 жылы негізінен қазақтардың жоңғар және қоқан басқыншыларымен шайқасқан орындарынан, XVIII-XX ғғ. аралығындағы қазақ қоғамының көрнекті өкілдерінің өмірі мен қызметіне байланысты топонимикалық объектілерінен тұратын, Алматы облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу және олар жайында ғылыми мақалалар жазу жұмыстары жалғастырылды.