Аралық барлап қарау әдісін қолдану арқылы қазақ Алтайындағы тоң басқан обаларды іздеу
Биылғы 2006 жылғы далалық маусымда ЮНЕСКО-ның «Алтайдың тоң басқан обалары: стратегиясы мен келешегі» атты жобасы бойынша Гент қаласындағы (Бельгия) Университеттің археология және география факультеттерінің мамандарымен бірлесе отырып, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы Қарақаба өзені аңғарындағы тоңы бар сақ обаларының жаңа ошақтарын ашу мақсатында кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді.