Қазақ Алтайындағы тоң басқан обалар: археологиялық барлау жұмысында геокриологиялық тәсілдерді қолдану
ЮНЕСКО-ның «Алтайдың тоң басқан обалары: стратегиясы мен болашағы» атты халықаралық жобасы бойынша жүргізілген археологиялық экспедицияның аясында Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданындағы, Қарақаба өзенінің жоғарғы саласында геокриологиялық зерттеулер жүзеге асырылды.