Қайназар ата кесенесі
Сипаттамасы
Алматы маңындағы Қарақыстақ ауылына барар жолда орналасқан (Алматы облысы, Жамбыл ауданы).
Қайназар ата (1850–1913 ж.ж.) – қоқан басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресте аты шыққан қазақ батыры. Қайназардың әкесі Шөкей шапыраштының екей руынан шыққан. Өзінің жеке қасиеттерінің арқасында ру арасындағы дауларды шешетін беделді би болған. Кейін екей руының қолбасшысы, әрі биі Сарыбай би оны жаужүрек батыр, әділ және қатал қазы деп бағалаған. Аңыз бойынша Қайназар ата туралы «Шаш ал десе, бас алатын» деп айтылады. Ол ел есінде табиғатты аялаушы адам ретінде қалды, өзі туылған ауылының маңайына көптеген ағаштар отырғызған.
2003 ж. Қайназар атаның қайтыс болғанына 90 жыл толуына орай ұрпақтары кесене тұрғызады. Атақты батыр және би, Сарыбай бидің замандасы,
Қайназар атаның мемориалды-культтік кешені төбеден орын алады. Периметрі бойынша бұрыштарында биік мұнаралары бар силикатты кірпішпен қоршалған. Әулие мазарының ортасында ақ кірпіштен салынған төрт пилонға (бағана) орнатылған күміс түстес сфералы күмбез түріндегі ашық құрылымы бар. Кесенеге кіреберісте биге ескерткіш қойылған. Қабірханаға Қайназар атаның жақын ұрпақтары жерленген. Қайназар атаның қазақ жерлерін қоқандықтардан азат етудегі маңызды рөлі нысанның киелілігін көрсетеді. Қайназар ата кесенесі тәуап ету мен туризм нысаны болып табылады.
Жергілікті маңызы бар тарихи және архитектуралық ескерткіш.
Дерек
- Цыплаков А. Узунагашское сражение // Казачий курьер,2010 (ноябрь–декабрь), № 8–9 (76–77). URL: http:// vernoye-almaty.kz/index.html