Қайшы археологиялық ландшафты- сының петроглифтері

Сипаттамасы

Ландшафт Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылынан шығысқа қарай 25 км-де орналасқан.

Нысан таудың орта белбеуіндегі қыраттың (Жетісу Алатауының оңтүстік- батыс сілемі – Қояндытау жотасы мен тау бөктері аралығындағы) тым тарылып келген жеріне орналасқан. Бұл жер таудың оңтүстік баурайындағы шатқалдардан ағып шығып, ежелгі морена арқылы өтетін сол жердегі шағын өзендермен суландырылады. Жергілікті жерді мұқият қарау барысында Қайшы деп аталатын шатқал аузынан суландыру жүйесі анықталады, олар тау етегі бойынша тартылған.

Қояндытаудың оңтүстік баурайындағы шатқал аузының төменгі жағына сақтар уақытындағы әр түрлі көлемдегі, орташа көлемдегіден ортасында шұңқыры бар патша обаларға дейінгі оннан астам обалар шоғырланған. Оның жоғарғы жағына болжам бойынша ғибадатханалар мен баспаналарға, қоршауларға жатқызылуы мүмкін көптеген тас қаландылар, оның ішінде құрылымы құжаттау мен зерттеуді қажет ететін, әрі жерге көмілген меңгірлер орналасқан.

Қола дәуірінен ерте темір ғасырына өтпелі кезеңде морена қозғалысынан қалған, күн сәулесінен тотыққан қойтастардың бетіне көптеген петроглифтер қашалып салынған. Олардың саны – орталық бөлігіндегі көлемі 500х300 м аумақта – 600-ден асады. Таудың етегіне дейін созылып жатқан кешеннің өзінің көлемі 2х2 шақырымнан асады. Белгілі петроглифтердің саны 1200-дің үстінде. «Күн бастылар», бұғылар мен ұсақ жануарлармен жаңартылған мифологиялық көрініс бейнелері бар: «күн сәулелі мүйіз», күнмен байланысты көптеген белгілер, арбалар, әр түрлі киелі жануарлар, сонымен бірге күнмен байланысты символикалар. Петроглифтердің репертуарын талдау, ең бастысы, Қайшы кешеніндегі суреттердің хронологиясы бойынша Қайшы мен Үсектің солтүстігінде, Қайшының шығысында орналасқан Қазақстандағы ең үлкен Ешкіөлмес петроглифтерімен байланысты. Сонымен бірге бейнелер салынған жартастағы материалдар ерекше: айна секілді тотыққан Ешкіөлместің тік жартас беттері айтарлықтай ыңғайлы, тегіс болса, Үсекте жартас сынықтары аз. Қайшы қойтастары – материалдарды қашап салуға аса икемсіз болғанымен, олардың салыстырмалы түрде көптігі ежелгі тұрғындардың өмірлік немесе киелілік қажеттіліктеріне пайдаланғандығын куәландырады.

Кешенде алғаш болған археологтар: Б.А. Железняков, С.А. Потапов, Л. Херманн ғибадатхананың орталық бөлігінде орналасқан тастағы суреттерді кейінгі қола дәуірінен ерте темір дәуірінің бастапқы сатысы аралығындағы өтпелі кезеңге жатқызады. Кейінгі зерттеулер біршама ерте суреттердің де, біршама кейінгі суреттердің де барын, бірақ соншалықты көп еместігін, тек Қайшының жекелеген бұрыштарына шоғырланғандығын көрсетті.

2011 ж. алдын ала зерттеулердің нәтижелерінде өзіндік көркемдік құндылығы мен бірегей суреттері, сонымен бірге оны құраған ландшафт бойынша Қайшының өзінен салыстырмалы түрде басқа да ескерткіштері бар екі микроаймақ (Сарытау, Сарыбастау) анықталды. Сондай-ақ Үсекпен салыстырғанда Қайшы көлемі (петроглифтердің саны), сонымен бірге қола дәуірі суреттерінің айтарлықтай санымен және ерте темір ғасырының суреттеріне белгілі бір жүйелілікпен өткендігімен ерекшеленеді. Қайшы петроглифтерінің айтарлықтай кең хронологиялық шеңберінің арқасында қола дәуірінде натуралистік өнер арқылы және символдық өнер үрдісі байқалатын осы дәуірдің дүниетанымын «таныстыратын» бірегей үлгі қашалып салынған. 2015 ж. жеке жартас қа (шатқал аузында) бейнелер – бастапқыда ұсақ жануарлар қашалған тас бетіне, бірінің мүйізі «сәуле» сияқты жаңартылған екі үлкен бұғыдан тұратын бірдей композиция түсірілген алтарь тас құжатталады.

Бұдан басқа, бүгінде құрғап қалған жылғаның ізі бар шағын шатқалдардың бірінің аузындағы жерден тибет және ойрат тілдеріндегі 20 астам жазу табылды: «ом-мани- падме-хум». Сондай-ақ төрт жеке құрылыстың (бірінің көлемі үлкен) қиранды орындары бір жерден және бір жерге шоғырланған бірнеше шаруашылық құрылыстар келесі шатқалдан анықталды. Мұны 1670 ж.ж. Жоңғарияда тұрғызылған үш храм-монастырьдің бірі деп болжауға болады (И.В. Ерофеева). Бұл 1648 ж. біршама кейін, ойрат жазуы (жүйелі жазу) пайда болған кезде жазылған.

Тау қыраттың аумағы (Қояндытау жотасы бөліп жатқан) 1643 ж. Орбұлақ шайқасы өткен жермен жалғасып жатыр, сірә, бұл – Орбұлақтан бұрын жоңғарлардың Шығыс Түркістанға жылжуының бастамасымен байланысты. Ландшафт бірегей табиғи (Қояндытаудың оңтүстік баурайындағы таудың орта тұсындағы қырат, табиғи ылғалды жер) және археологиялық ландшафт (б.з.д. XV–III ғ.ғ., XVII–XVIII ғ.ғ.) болып табылады.

2011 ж. бері ескерткішті зерттеп келеді. Бүгінгі таңда бұл – Жетісу Алатауының оңтүстігіндегі белгілі петроглифтер жиынтығының ең үлкені. Мұндай орындарды абыздар мен шамандар көрінбейтін әлемдік өсі бар пұтқа табыну күшінің орталығы ретінде таңдап алған. Егер бұл туралы үнділік және ирандық деректер жанама түрде айтса, онда олар басқа аймақтардың деректері, ал Қазақстанның таулы және далалы аймақтарының киелі ландшафтын «айтуға мәжбүрлеу» – отандық өнертанушылар, археологтар мен мәдениеттанушылардың тікелей тапсырмасы. Қайшы тастарындағы суреттер Иранның таулы өлкесі мен Үндістанның біршама дамыған жүйесінде дін айтарлықтай бейнеленген оңтүстік аймақтардан едәуір ерекшеленетін жергілікті діни жүйенің генезисін куәландырады. Діни жүйені жазбаша кодификациялаудың өзі – Қайшы киелі кеңістігі мәдениетін таратудан аулақ.

Деректер

  1. Железняков Б.А. Алтарные наскальные композиции с оленями Жетысу (Кайши, Актерек) // ИАС. – 2017. – № 5. – С. 111–126.
  2. Потапов С.А., Железняков Б.А., Херманн Л. Петроглифы Кайши // Известия НАН РК. Сер. обществ. наук. – 2012. – № 3 (283). – С. 25–30.
  3. Hermann L. Die Petroglyphen vom Usektal in Kasachstan. – Paris, 2011. – 72 р.
  4. Zheleznyaкov B., Devlet E. Rock art studies, management and presentation in Central Asia (2010–2014) // News of Rock Art studies V. – Oxford, 2016. – P. 115–126.
Толығырақ

Суреттер


Кіру