Таңбалы петроглифтері

Сипаттамасы

Ескерткіш Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарабастау ауылының солтүстік-батысында 4 км жерде, Алматы қаласынан 170 км солтүстік-батыста, Шу-Іле тауының оңтүстік-шығыс бөлігінің Таңбалы шатқалында орналасқан. Ескерткіш, ғалымдардың басым көпшілігінің пікірі бойынша Қазақстан мен Орталық Азиядағы жартас өнерінің ең жарқын ескерткіштерінің бірі болып табылады.

Бірегей петроглифтерден басқа тікелей Таңбалы шатқалындағы жартастарға орналасқан суреттердің алты тобындағы көптеген жекелеген орындардың 50-ден астамы саналған Бүкіләлемдік мұралар ескерткіші аумағы ішінде барлығы 5200 бейне бар. Таңбалы археологиялық кешеніне қоныстар, қорымдар, құрбандық шалатын орындар мен тас алатын орындар кіреді.

Таңбалы петроглифтерін алғаш 1957 ж. А.Г. Максимова жетекшілік еткен археологиялық топ Қарақұдық ІІ қорымында қазба жұмыс тарын жүргізу барысында ашқан болатын. 1970 ж. петроглифтерді зерттеумен А.Н. Марьяшев айналысты. Кейінен экспедиция құрамы на кірген А.Г. Медоев пен Б.Ж Әубәкіровтер Қазақстан петроглифтерін зерттеуге үлкен үлес қосты. 1990 ж. бастап Таңбалыдағы зерттеулер А.Е. Рогожинскийдің жетекшілігімен жалғасты. Таңбалыдағы зерттеу жұмыстары на көптеген ғалымдар, жергілікті өлкетанушылар мен еріктілер де үлесін қосқан. Таңбалы петроглифтері тас немесе арнайы металл құралдармен пикетаж техникасымен қашап салынған. Құжаттау жұмыстары барысында олардың барлығы 48 жеке ке- шендерге бөлінген. Билеп және жалбарынып жатқан адамдар тізбегінің үстінен қашалып салынған «күн басты» алты құдайдың бейнесі өзінің өлшемі мен керемет композициясы жағынан жартасқа салынған сурет өнерінің жауһары болып есептеледі. Таңбалыдағы ерте дәуірге жататын петроглифтердің үлкен көлемі, бірегей бейнелену мазмұны мен иконографиясы жағынан Орталық Азияның аса құнды жартас суреттері қатарына қоюға болады.

Көпшілік петроглифтер басты шатқалдың орта және төменгі бөлігінде, Таңбалы тауына жалғасатын негізі шатқалдан солтүстік- батыстағы сайда орналасқан. Алты негізгі топқа кіретін суреттердің жалпы саны – 3200. Таңбалыдағы ЮНЕСКО-ға кіретін ескерткіштерден басқа қалған аумағынан тағы да 2000 петроглиф анықталды. Олардың ішінде 30 «күн басты» құдай лар немесе абыздар, киініп жасанғандар, шоқпар ұстаған жауынгерлер, некелі жұбайлар және жас босанған әйелдердің бейнелері, сондай- ақ адамдар мен жануарлар бейнеленген көп мәнерлі композиялар, аң аулау сәті мен құрбан шалу көріністері, торланған бұқалардың, жылқылардың бейнелері бар. Арба бейнелері мен «құдай табанының» іздері сирек кездеседі, бірақ күнге байланысты белгілер өте көп.

Петроглифтердің көпшілік бөлігі қола дәуіріне жатады. Сақ дәуіріндегі «аң стилінде» орындалған суреттер негізінен біршама ежелгі петроглифтерден бөлек орналасқан, бірақ кейбір жағдайларда олармен аралас немесе олардың үстіне салынған. Орта ғасырға жата тын жар- тас суреттері жақын маңдағы шатқалдарда, тұмсықтарда және іргелес жатқан сайлардағы тастарға қашалып салынған. Орталық кешен петроглифтердің өте тығыз шоғырлануымен ерекшеленеді. Алтарьлар құрбан шалатын салтанатты шаралар өткізуге арналған орын болуы мүмкін деп жорамалданады. Жартастарға жазулар да қашалған, яғни орталық шатқалда көне түрік руналық және ойрат жазулары бар. Шошқалыға өтетін шатқалдан жақында екі тибет және бірнеше анықталмаған жазулар табылды.

Таңбалы жерінің киелілігін бірегей «аспан астындағы экспозиция» – петроглифтердің бір жерде және тығыз орналасуы, антропоморфты және зооморфты бейнелері айқын бейнеленген суреттерінің әр түрлі (әмбебап) репертуары, петроглиф зерттеушілері орта қола дәуірінің көркемдік «Таңбалы стилі» деп атайтын бірыңғай көркемдік үлгіде орындалып рәсімделген. Көптеген және қайталанбас бейнелерді тарихтың біршама кейінгі кезеңдері: беғазылықтар, сақтар, үйсіндер, сянбилер, ғұндар, ирандықтар, көне түріктер, жоңғарлар мен қазақтар растайды. Әрбір келесі «ұрпақ» жерінің киелі болуына өз ізін қалдыруға тырысып, қасиетті орынға барын берді.

Таңбалының киелілігінің нағыз дәлелі әр түрлі тарихи кезеңдерде жергілікті тұрғындардың көптеген петроглифтерді жаңартып отыруы болып табылады. Мысалы, қола ғасырының құрбандыққа шалынған бұқа көрінісінде жануар көне түрік уақытында жылқыға, яғни салт аттыға айналдырылған. Өз кезегінде көріністің астына екі «архаизмдік» жауынгердің бейнеленуі «таңбалылыққа» қарағанда біршама ерте «сауысқандық» стильде орындалған. Мұндай хронологиялық қабат Таңбалының орталық шатқалындағы әрбір үлкен тас беттерінде кездесе бермеуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге жекелеген келіп кетушілер бейнесі, мысалы «от алтары» осы киелі орынға антикалық уақытта ирандық абыз иерархиясы өкілінің келуімен қатысы бар. Көне түріктер мен жоңғарлардың қасиетті жазуы мен бейнелері Таңбалының төрт мыңжылдық шегіндегі киелілігін ардақтағандығын дәлелдейді.

Бұл петроглифтер көркемдік құндылығы мен бейнелердің бірегейлігі бойынша өзінің хронологиялық кезеңдеріндегі жартас өнерінің көбінде ең көрнекті үлгіге жатады. Мысалы: «тұмсық тәрізді» бұғы, «текірек ұшқан» бұғы, бірқатар бейнелердің қатыстылығы, бұрынғысынша пікірталас күйінде қалып отыр, мысалы отырған ер кісі құдайының көне түрік немесе жоңғарларға жатуы – Таңбалының киелілік толқыны. Таңбалы петроглифтерінің көбісі жартас сурет өнерінде тікелей ұқсастықтар тауып, басқа да заттар мен өнер нысандары арқылы Байкал көлі мен Моңғолиядан Солтүстік-шығыс Иран мен Скандинавияға дейінгі кең кеңістікті қамтыған. Бұл қасиетті белгілер, суреттер, сюжеттер – адам дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі әлем суреттерінің толық мағынадағы энциклопедиясы.

2004 ж. Таңбалы археологиялық ладшафты петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіл Әлем дік мұралар тізіміне енгізіледі. Таңбалы төмендегі өлшемдер бойынша аталды: «Қасиетті бейнелері, алтарьлар мен құрбандық орындары бар петроглифтер тобының көптігі және өзара үйлесімділігі, олармен бірге қоныстар мен жерлеу орындарының байланысы Орта Азия даласындағы көшпелілерінің қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі материалдық өмірі мен наным-сенімдерін куәландыруды қамтамасыз етеді (өлшем ііі)».

Таңбалының табиғи ландшафты өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жергілікті түрі бойынша да бірегей болып табылады.

Деректер

  1. Байпаков К.М., Марьяшев А.Н., Потапов С.А. Петроглифы Тамгалы. – Алматы: Print-S, 2006. – 86 c.
  2. Горячев А.А. Егорова Т.А. Художественное своеобразие и семантический анализ образов «солнцеголовых» эпохи бронзы Тамгалы в свете материалов письменной и изобразительной традиции древних цивилизаций // ИАС. – 2011. – Вып. 4. – С. 27–47.
  3. Железняков Б.А. Танбалы: памятник наскального искусства, природа, окрестности, музей. Фотоальбом. Авт. проекта: А. Садуакасулы. – Алматы: АИПК, 2016. – 240 с.
  4. Железняков Б.А., Садуакасулы А., Херманн Л. Новые петроглифы Тамгалы и Чуили // Древности Жетысу. Памятники археологии Жамбылского района: сб. ст. – Караганда, 2016. – С. 88–109.
  5. Максимова А.Г. Наскальные изображения ущелья Тамгалы // Вестник АН КазССР. – 1958. – № 9 (162). – С. 108–110.
  6. Максимова А.Г. Могильник эпохи бронзы Каракудук // Новые материалы по археологии и этнографии Казахстана. ТИААЭ. – 1961. – Т. 12. – С. 62–71.
  7. Максимова А.Г., Ермолаева А.С., Марьяшев А.Н. Наскальные изображения урочища Тамгалы. – Алма- Ата: Өнер, 1985. – 144 с.
  8. Марьяшев А.Н., Ермолаева А.С., Мотов Ю.А. Новые петроглифы урочища Тамгалы // Вестник АН КазССР. – 1979. – № 8. – С. 50–54.
  9. Потапов С.А. Древнее святилище Каракыр. – Алматы: Кiтап, 2007. – 151 с.
  10. Рогожинский А.Е. Археологический комплекс эпохи бронзы урочища Тамгалы: автореф. дис. … канд. ист. наук. – Алматы, 1994. – 28 с.
  11. Рогожинский А.Е. Изобразительный ряд петроглифов эпохи бронзы святилища Тамгалы // ИАС. – 2001. – Вып. 2. – С. 7–44.
  12. Рогожинский А.Е. Наскальные изображения «солнцеголовых» из Тамгалы в контексте изобразительных традиций бронзового века Казахстана и Средней Азии // МИАК. – 2009. – Вып. 4. – С. 53–64.
  13. Рогожинский А.Е. Петроглифы археологического ландшафта Тамгалы. – Алматы: Signet Print, 2011. – 342 с.
  14. Рогожинский А.Е., Кызласов И.Л. Древнетюркская руническая надпись из урочища Тамгалы // КСИА. – 2004. – Вып. 216. – С. 41–46.
  15. Самашев З. Петроглифы Казахстана. – Алматы: Өнер», 2006. – 200 с.
  16. Шер Я.А. Петроглифы Средней и Центральной Азии. – М.: Наука, 1980. – 328 с.
  17. Hermann L., Zheleznyakov B. et E.B. New finds at Tamgaly in Kazakstan // INORA. – 2014. – Vol. 70. – P. 7–13.
  18. Zheleznyaкov B., Devlet E. Rock art studies, management and presentation in Central Asia (2010–2014) // News of Rock Art studies V. – Oxford, 2016. – P. 115–126.
Толығырақ

Суреттер


Кіру