Таңбалы тас жартас өнерінің ескерткіші
Сипаттамасы
Будда храмы Қапшағай қаласынан 25 км-де, Іле өзенінің бойында, ашық аспан астында орналасқан. Әулиелердің бейнесі өзеннің оң жағалауындағы тік тұрған жартастар бетіне қашалып салынған.
Бұл ескерткіш ойрат халықтарының тарихы мен мәдениеті бойынша дерек ретінде құнды және кейінгі будда ілімі – тарантизммен байланысты киелі ескерткіш. Бейнелер барлық ережелерді сақтап мәнерлі орындалған. Буддистердің киелі қасиеттерін ұстанған бейнелер жоғарғы шеберлігімен және айрықша белгілерінің дұрыстығымен ерекшеленеді. Ескерткіш буддизм тарихы мен XVII ғ. өнер шеберлігі бойынша құнды ақпараттар береді.
XIX ғ. ортасынан бастап бұл фигуралар мен дұға мәтіндерін көптеген зерттеушілер зерттеді: Ш.Ш. Уәлиханов (1856 ж.), К.А. Ларионов (1877 ж.), Ф.В. Поярков (1898 ж.), Н.Н. Пантусов және А.М. Позднеев (1896–1898 ж.ж.). ХХ ғ. олардың зерттеулерін Ә.Х. Марғұлан, И.В. Ерофеева, Ф.П. Григорьев, А.Е. Рогожинский, Б.А. Железняков және басқалар жалғастырады. 2008–2010 ж.ж. Таңбалы таста XVII–XVIII ғ.ғ. монументалды өнер мен тарих ескерткіші ретінде мамандар тобы (И.В. Ерофеева, А.Е. Рогожинский, Б.Ж. Әубәкіров, Р. Сала, Ж.-М. Деом) Санкт- Петербург қаласынан келген ресейлік моңғолтанушылардың (Н.С. Яхонтова, Ю.И. Елихина) қатысуымен кешенді пәнаралық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Ескерткіш өзен жағалауындағы өте үлкен емес жартас алабына шоғырланған, етектегі 15 жеке тұрған үлкен тастар бетіне Будда құдайларының үлкен бейнелері мен әр уақыттағы тибет және ойрат жазбалары салынған. Орталығы үлкен жартас бетіне салынған үш құдай бейнесі болып табылады: Шакьямуни, Бодхисатвы Авалокитешвары және емші ұстазы Манла (тибет тілінде, ал моңғол тілінде Оточи). Әулиелердің аты мәтінде моңғол және тибет тілдерінде кездеседі. Бодхисатвы Авалокитешвары бейнесі орталық фигура болып табылады. Оның бейнесі ережеге сай орындалып, бейнесі бүге-шігесіне дейін салынған: ол лотос тағында аяқтары айқастырылып отырған және төрт қолды құдай кейпінде бейнеленген. Жартастың тегіс беттеріне лотос пен таспиқ қашалып түсірілген. Манла Буддасы (моңғол тілінде Оточи) лотоста отыр, оң қолына тибет медицинасында белгілі барлық аурудан айықтыратын миробалана жемісін ұстап тұр. Ал сол қолында садақа жинауға арналған тостаған. Төмен жағында тибет тілінде «Дәрі құдайы – Буддаға тағзым етем» деп жазылған. Баурайдың төмен жағында Ваджраян буддизміндегі бес Данышпан Буддасының бірі Акшобхьи бейнесі қашалып салынған.
Іле өзені бойындағы храмның құрылысы 1677 ж. басында жоғарғы билеуші Қалдан қонтайшының қатысуымен жүргізіліп, 5 жылға жалғасады. Таңбалы тас тибет буддизмінің сол тарихи кезеңдегі Қазақстан территориясы мен көрші елдердегі басқа да ескерткіштерінің арасынан өзінің монументалдығы, көркемдік көрнектілігі және эпиграфикалық мәтінінің түрлілігімен ерекшеленуі ғибадатхананың пайда болуы мен қызмет етуі уақытындағы ерекше маңыздылығын көрсетеді. Ескерткіштің Орталық Азияның батыс бөлігінде баламасы жоқ. Туризм нысаны.
Деректер
- Археология Семиречья. 1857–1912 гг. Сб-к документов и материалов / Отв. ред. Б.Т. Жанаев, сост. И.М. Самигуллин. – Алматы: LEM, 2011. – 664 с.
- Валиханов Ч.Ч. Дневник поездки на Иссык-Куль // Собр. соч. в пяти томах. – Алма-Ата: Гл. ред. КСЭ, 1984. – Т. 1. – 528 с. - С. 350.
- Валиханов Ч.Ч. Дневник поездки на Иссык-Куль // Собр. соч. в пяти томах. – Алма-Ата: Гл. ред. КСЭ, 1985. – Т. 3. – 416 с. - С. 256–257, 338.
- Валиханов Ч.Ч. Дневник поездки на Иссык-Куль // Собр. соч. в пяти томах. – Алма-Ата: Гл. ред. КСЭ, 1985. – Т. 4. – 462 с. - С. 163.
- Ерофеева И.В. Религиозно-культовые центры тибетского буддизма на территории Восточного Казахстана в XVII – середине XVIII веков // Буддизм ваджраяны в России: от контактов к взаимодействию. – М., 2012. – С. 335–346.
- Ерофеева И.В. Памятники тибетского буддизма в Семиречье: Текелийская стела и иконографическая панорама Тамгалытас // ИАС. – 2017. – Вып. 5. – С. 174–189.
- Маргулан А.Х. О графическом наследии Ч.Ч. Валиханова // Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в пяти томах. – Алма- Ата: Наука, 1972. – Т. 5. – С. 23.
- Марьяшев А.Н., Потапов С.А. Древности долины реки Или. – Алматы, 2007. – 44 с.
- Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана. – М.: Наука, 1970. – С. 15–16, 35–36.
- От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана. – Алматы: ТОО FOND DESIGN, 2011. – Т. 2. – С. 121–123.
- Пантусов Н.Н. Тамгалы-тас (урочище Капчагай Копальского уезда Балгалинской волости) // ЗВОРАО. – 1898. – Т. XI. – С. 275.
- Пантусов Н. Тамгалы-тас (урочище Капчагай Копальского уезда Балгалинской волости) // ПТКЛА. Год 4-й. – Ташкент, 1899. – С. 52–59.
- Поздеев А. Объяснения надписей и изображений Тамгалы-таса // Отд. оттиск из ЗВОРАО. – 1898. – Т. XI. – С. 275–282.
- Поярков Ф.В. Из археологических экскурсий по Пишкекскому уезду и по берегам Иссык-Куля // Памятная книжка Семиреченского областного статистического комитета на 1898 г. – Верный, 1898. – Т. 2. – С. 58–61.
- Роль номадов в формировании культурного наследия Казахстана. Научные чтения памяти Н.Э. Масанова. – Алматы: Print-S, 2010. – С. 440–530.