Ақжар тауы

Сипаттамасы

Ақжар борлы төбелері Ұлытауға жақын жерде орналасқан (Қарағанды облысы). Ақжар таулары айнала қоршап жатқан даламен бірден қарама-қарсы түске ауысатын сары-қызыл түсті биік төбелерден тұрады. Таулар гипсті (шоқылардың үстіңгі қабатында кристалданған гипс көптеп кездеседі) қосындысы бар саз бен құмнан тұратын тау жынысты топырақтан қалыптасқан. Бұл төбелердің мұндай түстерге боялуы майда аметист кристаллдардың сазды топырақта көп болғандығынан болуы мүмкін. Сонымен бірге тау сілемінен жыртқыш құстардың ұялары бар үлкен үңгірлерді табуға болады. Ертеректегі көк тәңірге табыну кездерінде Ақжар тауы қасиетті жер саналатын. Ақжар таулары орналасқан жер Австралиядағы Уларулу төбелеріне ұқсас келеді.

Ақжар төбелері күн шыққан және батқан сәтте қызыл түске боялып ерекше әдемі көрінеді. Дәл осы кезде туристер ерекше сұлулықты көру үшін мұнда келуге асығады. Тәңіршілдік наным-сенім заманында Ақжар таулары қасиетті деп саналған. Көне түрікаңызына сәйкес, осы шыңдардан адамдарға құдайлардың өлген ұлдары түскен.

Ақжар борлы таулары – ертегідегідей аспанмен таласқан әсем көріністері ғана емес, сонымен қатар ежелгі тарихи-табиғи ескерткіш болып табылады. Ескерткіш табиғи ландшафтың ерекше нысаны ретінде келуші тұрғындарға кеңінен белгілі.

Дерек

  1. Шуптар В.В. «Улытау» Туристский путеводитель – Караганда: Истор.-геогр. общ-во «Авалон», 2016. – 100 с. – С. 27.
Толығырақ

Суреттер


Кіру