Ақсай меңгірлер тобы

Сипаттамасы

Б.з.д. ІІ–І мыңжылдықтар. Атасу өзенінің Ақсай алқабында орналасқан (Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы).

Орталық Қазақстанның өзен аңғарларында және жазық тауаралық кеңістікте жеке тұрған немесе топтасқан 20-дан астам жерге тігінен көмілген тас бағаналар (меңгірлер, стелалар) жиі кездеседі. Ата-бабаларымыздың мәдениетімен байланысты болғандықтан, олардың ғұрыптық маңызы ерекше. Стелаларды орнату ерекшелігі қола дәуірінде дамыды. Олардың беті ұқыпты тегістелген, кейде өңделмеген күйінде кездеседі. Бұл ерекше монументалды ескерткіш кейінгі қола дәуіріне жатады.

Бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған ғұрыптық ескерткіштердің бірі – Атасу өзе ні нің оң жақ алқабында орналасқан Ақсай кеше ні. Стелалардың 10 шақты тобы жазықтың шығыс жақ бөлігінде, тегіс алқапта бір-бірінен 1-2 км арақашықтықта орнатылған. Стелалардың түрлеріне байланысты бұл қасиетті орын 500-600 жылдан кем емес, яғни қола дәуірінен ерте темір дәуіріне дейін қызмет атқарған. Ерте кезеңдегі ескерткіштерге, дөрекі тегістелген қимасында тікбұрышты стелалар, мұқият өңделген жоғарғы бөлігіне қойдың немесе жылқының басы бейнеленген сүйір бағаналар, кейде жоғарғы бөлігінде мүйіз немесе күн тәрізді шеңберлер бейнеленген стелалар жатады. Негізінде үшбұрыш жасап орналасқан үш стела ерекше көңіл аудартады. Олардың төбесі ішіне қарай қисайған және үшеуі бір-біріне ұқсамайды.

Олардың бірі – қарама-қарсы екі бетіне сақиналары және ойықпен белгіленген белдігібар жалпы еуразиялық типтегі бұғы тас. Кескінінде біршама тар «бас» бөлігінің бір шеті (алдыңғы немесе артқы жағы) кертпештеніп орындалған; бас жағы тегіс. Екінші стеланың жоғарғы бөлігі сынған, сақталған бөлігінде бейне жоқ; негізінің жанында жерден екі жалпақ тас шығып жатыр. Үшінші стеланың жоғарғы жағына қашалған бет пішін қайта жаңғыртылған. Ол басқа екі стелаға қарап үштікті құрап тұр. [Ермоленко, Курманкулов. 2014, б. 334]. Бұл үш нысанның топтастырылуы олардың үйлесімділігін куәландырып, антро поморфты бұғы тасының өмір сүруін дәлелдейді. Сонымен қатар бет перделі бұғы тастар Еуразияның шығыс аймақтары ескерткіштері арасында белгілі.

Солтүстікке қарай 200 м жерде екінші топқа жатқызылатын әр түрлі кезеңдермен мерзімделетін стелалар шоғырланған. Бұлардың ішінде істік келген мұрны көкке қараған, әрі мұқият өңделген біршама ерте кезеңнің қойтасы жатыр. Осы жерден анықталған шағын «мұртты» оба (тас тізбегі шығысқа қарай созылған) жанында биіктігі 4 м болатын жоғарғы бөлігінде адам беті қашалып жасалған стела орналасқан.

Бұл топтың бір кешенде әр түрлі наным-сенімдерді: жануарларды құрметтеу, ер адамға – жауынгер мен аңшыға тағзым, ата-бабалар культі, Күнге сыйынуды бейнелейтін үш түрлі ғұрыптық нысанмен үйлесуі қызығушылық тудырады. Ақсай жазығының қасиеттілігі біршама кейінгі уақытқа дейін сақталған. Осы жазықтың солтүстік-шығыс бетінде 4 км жерде ерте темір кезеңіне жататын стела орналасқан. Биіктігі 4 м болатын оның жоғарғы бөлігінде адам бейнесі бейнеленген. Жергілікті халық оны «Ақбикеш» – «Атасу сұлуы» деп атаған. Стела шығысқа қарай бағытталған, бедерленіп қашалған және екі жағында әшекейлі сырға бейнеленген (?). Ескерткіш қасында малшылардың қыстауы орналасқан. Шопандар бұл жер басқа жерлермен салыстырғанда шаруашылықпен айналысуға қолайлы жер екендігін және мал өлімінің аз болатындығын айтады.

Кешен «мұртты» оба және стелаларымен бірге еске алу ғұрпын жүргізумен байланысты орын болған деп айтуға болады. Бұл жерде ежелгі көшпелі тайпалардың жылқыны құрбандыққа шалуымен қатар түрлі дінидүниетанымдары тоғысқан. Стела және тас мүсіндерді орнату дәстүрлері, соның ішінде «мұрты» бар обалар жүйесі элиталы кесенелері бар беғазы-дәндібай мәдениетінің ерте қола дәуірінен түркі кезеңіне дейін дамығандығын аңғартады.

Стелалар, бұғы тастар және тас мүсіндер культтік жерлермен байланысты. Олар ежелгі ғибадатханалар мен құрбандық кешендерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың мақсаты құрбандық шалу идеясымен байланыстырылады. Тас стела, бұғы тас және тас мүсіндер –б.з.д. І мыңжылдықтағы көшпелі мәдениеттің бірден-бір ерекшелігі. Олардың қола дәуірінің жерлеу, еске алу кешендерінде орналасуы кейінгі атты әскерлердің қоғамдағы діни идеологиясына өз әсерін тигізді. Ақсай кешенінің құндылық бағыты ғұрыптық ортамен сипатталады.

Туризм нысаны.

Деректер

  1. Бейсенов А.З. Курганы с «усами» – культовые памятники саков Центрального Казахстана // Древнейшие общности земледельцев и скотоводов Северного Причерноморья (V тыс. до н.э. – V век н.э.): докл. научн. конф./ под ред. доктора ист. наук, проф. Е.В. Ярового и др. – Тирасполь, 2002. – С. 213–216.
  2. Бейсенов А.З. Погребально-поминальный комплекс «Курган 37 воинов» // Вестник ЮУрГУ. Серия «Социально-гуманитарные науки». – 2015. – Т. 15. № 1. – С. 6–12.
  3. Ермоленко Л.Н., Курманкулов Ж. Оленный камень из урочища Койшокы // Диалог культур Евразии в археологии Казахстана: сб. научн. ст., посвящ. 90-летию со дня рождения выдающегося археолога К.А. Акишева. – Астана: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, изд-во «Сарыарка», 2014. – С. 341–348.
  4. Ермоленко Л.Н., Курманкулов Ж.К., Касенова А.Д. Некоторые итоги изучения изваяний раннего железного века Сарыарки // Археологическое наследие Сибири и Центральной Азии (проблемы интерпретации и сохранения): матер. Междунар. конф. /под ред. В.В. Боброва. – Кемерово: Кузбассвузиздат, 2016. – С. 129-135.
  5. Кубарев В.Д. Древние изваяния Алтая (Оленные камни). – Новосибирск: Наука, 1979. – 120 с.
  6. Маргулан А. Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1979. –360 с.
  7. Савинов Д.Г. Оленные камни в культуре кочевников Евразии. – СПб.: СПбГУ, 1994. – 208 с.
Толығырақ

Суреттер


Кіру