Әулиетау, Әулиебұлақ
Сипаттамасы
Қызыларай тау сілемінің Әулиетау тауының оңтүстік баурайында, Шабанбай би ауылынан солтүстік солтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы). Әулие тау тауы Қаратал өзенінің жоғарғы ағысының сол жағалауында орналас қан. Үңгір Әулиетаудың кескіленген баурайындағы жарықтардың бірінің аяғында, таудың негізінен 17 м биіктікте орналасқан.
Әулиетау тауындағы үңгірді 2015 ж. Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінің қызметкері Тұңғышбай Мұқан көрсетеді. Үңгірді зерттеу жұмыстарына Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері Ж. Құрманқұлов, С. Садықов және Л.Н. Ермоленкодан басқа Б. Қазыбаев қатысады. Үңгір әулие нысандары кешеніне кіреді – мұнда тау мен өзен «әулие» сөзі атауымен басталады – Әулиетау және Әулиебұлақ. Табиғи нысан атаулары (таулар, өзендер, үңгірлер және т.б.) араб тіліндегі «әулие» (аулийа’ – араб тіліндегі «қасиетті» сөзінің көпше түрі) ислам дініне сыйынатын түркітілдес халықтардың, атап айтқанда қазақтар, қырғыздар, башқұрттар дәстүрлерінде кездеседі. Мұсылмандыққа дейінгі нанымнан тамыр алатын табиғат ны- сандарына табынушылық бұл күнде мұсылмандық діни сипат алған. [Стасевич, 2013. 270 б.]. Ақтоғай ауданындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Т. Мұқанның хабарламасы бойынша, бастауын Әулиебұлақтан алатын үңгір мен өзен көне көз қариялардың айтуынша ежелден-ақ емделуге мұқтаж адамдардың ғибадат ететін орны болған.
Аңыз бойынша, ағынның ғажайып күшін аңшылар ашқан, жараланған жануарлардың (арқар және т.б.) суда жатып немесе оған зақым көрген қол-аяқтарын малып емделгендерін байқаған. Малшылар онда сауықтыру үшін ауру қойларын апарған.
Үңгірмен байланысты аңыздарды бізге беймәлім. Қабырғалардағы жазулар, үңгір шұңқыры мен еденіне шашылған шыны бөтелке сынықтары оған ерекше құрмет көрсетілмейтіндігін білдіреді. Үңгірге жақын төңіректегі елді мекендердің адамдары қазіргі таңда демалуға келеді, дегенмен Т. Мұқанның айтуынша бала көтере алмаған әйелдер үңгірге сауығып кетемін деген үмітпен келеді екен.
Үңгір таудың гранитті сілемінде орналасқан, көлденең құрылымымен және тігінен жарықшақтылығымен сипатталады. Үңгір үстінің төбесінен меридиональды бағытта жарықшақ кетеді. Сопақ пішінді үңгірдің аузы оңтүстікке қараған. Кіреберіс аузының көлденең өлшемі – 4,75 м, биіктігі – 3,6 м. Үңгірдің тереңдігі – 20 м, оның ең үлкен биіктігі – 8,5 м. Үңгірдің құрылымы – үш деңгейлі. Бірінші (төменгі) деңгей дәліз болып табылады, ұзындығы 8 метр. Дәліздің ортаңғы бөлігінде төбе айтарлықтай төмендейді. Дәліздің биіктігі – 2,2 м, ені – 3,75 м. Құмды қабаттың табанын да үлкен шомбал тастар жатыр, шамасы олар төбеден құлап түскен.
Үңгір ішінен суреттер анықталған. Әр түрлі бейнелер мен қызыл сызықтар үңгірдің төбесі мен қабырғаларындағы нишалардан байқалады. Охрамен боялған бейнелер Солтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстандағы бірнеше тасқа салынған бейнелер ескерткіштерінде кездеседі, мысалы, Баянауылдағы Жасыбай көлінің солтүстік-батыс жағалауындағы Ақбауыр үңгірі [Самашев, 2006. б. 28-30]. З.С. Самашев Ақбауырдың суреттерін палеометалл дәуіріне жатқызады, дегенмен, оның мерзімделуінің күрделілігін мойындайды. Аталған ескерткіштен табылған белгілер мен ұқсастығы жоқ және олардың арасында сәйкестіктер де табылмады.
Жоғарыда келтірілген ұқсастықтарға қарамастан, Әулиелі үңгірі нишасындағы суреттердің бұғылардың бейнесінен басқаларының интер претациясы шешілмеген мәселе болып табылады. Туризм нысаны.
Деректер
- Самашев З. Петроглифы Казахстана. – Алматы: Өнер, 2006. – 200 с.
- Стасевич И.В. Практика поклонения сакральным объектам и предметам в современной культуре казахов и киргизов (в контексте изучения культа святых) // Культура Центральной Азии в условиях перемен. – СПб.: МАЭ РАН, 2013. – Вып. III. – С. 270–301.