Басқұдық-1 ғибадатханасы
Сипаттамасы
Б.з.д. IV–II ғ.ғ. Ақтау қаласының жаңа құрылыстарынан солтүстікке қарай 3 км жерде, жергілікті ландшафтан биігірек төбеде орналасқан (Маңғыстау облысы).
Тастан қаланған орташа көлемдегі дөңгелек келген ғұрыптық құрылыс. Бастапқы диаметрі – солтүстіктен оңтүстікке қарай 9,2 м, шығыстан батысқа қарай 9,6 м. Іргесінің сыртқы қабырғалары орташа көлемді тақта тастардан көлденең қалау әдісімен ешқандай дәнекерлегіш сұйықтықсыз қаланған. Қаланды шамамен 0,5 м биіктікке дейін сақталған.
Ішкі бөлме крест тәріздес келген. Ішкі бөлмелер жобасында ол баста дромос түріндегі кіреберіс дәлізбен жалғасқан. Солтүстік, сол- түстік-шығыстан – оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай бағыттағы дәліздің ұзындығы 4,8 м. Солтүстік бөлігінде сәл кеңейеді. Дәліздің ені –оңтүстік бөлігінде 0,8 м, солтүстік бөлігінде – 1,3 м. Бүйір бөлмелер дәлізден симметриялық шығыңқы жер – «контрфорстармен» бөлінген. Кіреберіс өткелдер ені 1,0 жә не 1,15 м, шығыңқы жерлердің – «контр-форстардың» қа лың дығы 0,7–0,9 м аралығында. Бөлмелер жо басында кескіні мен өлшемі бойынша сәл өзгеше, дегенмен екеуі де сопақ тәрізді. Бөлмелердегі ежелгі қабат ты кемірушілер қатты зақымдаған, онда адам сүйектерінің бөліктері мен қыш ыдыс сынықтары кездеседі. Ішкі бөл-мелерді қазу барысында артефактілердің үлкен жиын тығы алынды, олардың негізгі үлесін қыш ыдыс сынықтары құрайды. Барлығы – шамамен 50 ыдыс. Олар өлшемдері бойынша әр түрлі болғанымен (3–4 көлемінде), пішіндері жағынан бір түрде.
Бұл ғибадатханалар табыну үшін жасалған және белгілі бір отбасы мен рулардың ата-бабаларына, ежелгі этно- әлеуметтік топтардың көсемдеріне табынатын орындары болуы мүмкін. Бәлкім, әр руда өзінің қасиетті орны мен өзінің ғибадатханасы болған. Ғибадатхана өлшемі рудың қоғамдағы орнына сәйкес болуы да ықтимал.
Республикалық маңызы бар археология ескерткіші. Туризм нысаны.
Деректер
- Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. – Өскемен: AsT prime, 2012. – 598 б. – 48–49-бб.
- Онгарулы А., Ольховский В.С., Астафьев А., Дарменов Р. Древние святилища Устюрта и Восточного Приаралья. – Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2017. – 320 с.
- Самашев З., Кушербаев К., Аманшаев Е., Астафьев А. Сокровища Устюрта и Манкыстау. – Алматы: Археология, 2007. – 400 с.