Қызылқала қаласы

Сипаттамасы

Ескерткіш Шетпе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан (Маңғыстау обл., Маңғыстау ауд.). Қаланың негізі кезінде аты аңызға айналған Шерқаланың маңындағы Ақмыс деп аталатын көрікті жерде қаланған. Қала Х–ХVІІ ғ.ғ. жатады.

Қала Жібек жолының солтүстік тармағындағы сауда орталығы – керуен сарай ретінде қалыптасқан. Қызылқала ұзақ өмірі сүрмеген. Мұндағы қайнаған өмір ХІІІ ғ. бірінші жартысында тоқтағанына қарамастан, қалада XVII ғ. мәдени қабаты болғандығы анықталған.

Қызылқаланың Қазақстан тарихының қасиетті нысаны ретінде түсініктің қалыптасуына оның аты аңызға айналған ортағасырлық Маңғышлақ қаласының орнына сәйкес келу мүмкіндігін айтамыз. Кезінде оғыздар мен қыпшақтардың қаласы болған Маңғышлақты ХІ ғ. селжүк билеушісі Алып Арслан әскерлері қоршап алады. Ол туралы ХІІІ ғ. мұсылман ғалым-жазушы Якут әл-Хамави мынадай мәлімет қалдырған: «Манкашлаг – Хорезм шекарасының шетінде орналасқан алынбас бекініс. Ол Хорезм мен Саксин және орыс елінің арасындағы, Жейхун құятын теңіздің маңында орналасқан, ал бұл теңіз – Табаристан».

Ортағасырлық Қызылқала қаласы – құрлық пен теңіз сауда жолдарының қасиетті селбесу (симбиоз) символы. Маңғыстау жері арқылы өткен Азия мен Еуропа арасындағы қарқынды сауда байланысы жайлы ортағасырлық жылнамаларда XVI ғ. дейінгі аралықта кездеспейді. Тек Қызылқала секілді нысандар ғана осындай сауда қатынасының айқын дәлелі бола алады. Қызылқала қаласында жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында табылған балтық кәріптасы (янтарь), қытай нефриті, үнді және мысыр шынысы, бадахшан көк тасы (лазурит), Жерорта теңізінің маржандарының табылуы сауда қатынасының қарқынды байланысы мен Қазақстанның осы өңіріндегі географиялық ауқымының кеңдігін көрсетеді.

Қаланың көлемі – 50 га. Қаланың негізгі аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 700 м, ені 400 м-ді құрайды. Қала бекініс қабырғасының және оны периметрі бойынша қоршаған көптеген үй-жайлардың қалдықтарынан тұрады. Бекіністің аумағы ірі тастардан қаланған биіктігі 4 м дейін жететін, ені 1,9-2 м болатын қабырғаларының орнында қалыптасқан биік жалдан анық көрініп жатыр. Қабырғаның солтүстік-батыс бөлігінің ортасында негізгі қақпа орналасқан. Қақпаның екі шеті мұнаралармен қорғалған. Қаланың бұрыштары мен қабырғаларының бойында салынған мұнаралардың жалпы саны – 13. Мұнаралар бекініс дуалының бетінен орта есеппен 0,6 м биік болып, 5 м ендікте шығып тұр.

Қаланың рабады үстінде шашылып жатқан материалдардың қатарында – қыш ыдыстардың сынығы, плинфаның бөлшектері, жануарлардың сүйек қалдықтары мен басқа да заттарды, сонымен қатар құрылыстардың іргетастарын көруге болады. Құрылыстың негізі жер бетінің деңгейінде сақталған тас қабырғалар немесе кесек тастар шоғыры арқылы анықталады. 2004 ж. түсірілген жобаға сәйкес, қам кесектен тұрғызылған көптеген құрылыс орындарын есептемегенде 200-ден астам үй және тұрмыстық құрылыс орындары анықталған.

Қызылқала қаласы Қазақстан Республикасының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Мұнан басқа, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралардың алдын ала тізіміне «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинация компоненті бойынша 2012 ж. енгізілген.

Деректер

  1. Астафьев А.А. Отчет по археологическому исследованию городища Кызылкала, расположенного на территории Мангистауской области. Актау, 2004. // ГУ «Мангистауский историко-культурный заповедник».
  2. Астафьев А.А Отчет Мангистауского отряда Западно-Казахстанской экспедиции Института археологии им. А.Х. Маргулана МОН РК. Раздел 3: Археологические исследования средневекового городища Кызыл-кала. Актау, 2005. // ГУ «Мангистауский историко- культурный музей заповедник».
  3. Астафьев А.А. Историко-археологическая справка по Мангистауской области. Актау, 2007
  4. Астафьев А.А. Археологические исследования на памятнике Кызылкала. Актау, 2010. // ГУ «Мангистауский историко-культурный музей заповедник».
  5. Астафьев А.А. Отчет о проведении архитектурно-археологических исследований по Мангистауской области по теме «Проведение археологических исследований на городище Кызылкала 10–17 вв. (Ак- мышсай) Мангистауского района». Актау, 2015. // ГУ «Мангистауский историко-культурный музей заповедник».
  6. Галкин Л.Л. Отчет о работах в Гурьевской, Мангистауской областях Казахской ССР в 1978 г. Волго-Уральская экспедиция Института археологии АН СССР. Актау, 1978.
  7. Галкин Л.Л. Отчет о работах Волго-Уральской экспедиции Института археологии АН СССР в Северо-Восточном Прикаспии. Институт археологии и этнографии АН КазССР. Алма-Ата, 1981.
  8. Галкин Л.Л. Отчет о работах Волго-Уральской экспедиции Института археологии АН СССР в Северо-Восточном Прикаспии. Институт археологии и этнографии АН КазССР. Алма-Ата, 1982.
  9. Самашев З. Археологические исследования на памятнике Кызылкала. Актау, 2009. // ГУ «Мангистауский государственный историко-культурный музей заповедник».
  10. Самашев З. «Ортағасырлық Қызылқала қалашығында археологиялық зерттеулер» тақырыбында 2008 жылы Маңқыстау Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайымен жасалған № 17 (23.06.2008) келісім- шарт негізінде жүргізілген қазба жұмыстарының есебі. Актау, 2009.
  11. Самашев З., Кушербаев К., Аманшаев Е., Астафьев А. Сокровища Устюрта и Манкыстау. – Алматы: Археология, 2007. – 400 с.
Толығырақ

Суреттер


Орналасқан жері

Кіру