Қызыр пайғамбар мешіті мен мұнарасы

Сипаттамасы

XVIII–XIX ғ. екінші жартысы. «Мадинат-әл- Байда мен Испиджаб әулиелерi хақындағы трактат» (XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басы) еңбегінде мешіттің орналасқан жері «Шейх Аттар Вали моласының шығысында» деп көрсетілген. Бұл – Сайрамның тарихи орталығының оңтүстік- шығыс бөлігі. Мұнара мен Қызыр пайғамбар мешітінің археологиялық қалдығы қаланың басты көшелерінің қиылысынан 200 м қашықтықта, оңтүстік қақпаның (Базар дарба- за) шығысында, айналасы егілген ағаштармен қоршалған кеңістікте орналасқан.

Мұнара Сайрамның (Испиджаб) киелі тарихында және аңыздарында маңызды орын алған агиотопонимді білдіреді. Ол – исламға дейінгі Қызыр пайғамбар есімімен аталатын мешітке біріктірілген тарихи-мәдени және рухани кешен алаңына шығатын жер бетінде сақталған жалғыз нысан. Ол сақталмаған Ыдырыс пайғамбар мешітімен бірге інжіл-құран дәстүрімен байланысты Сайрамның бірқатар ескерткіштері мен киелі жерлері қатарының басында тұр. Қызыр культіне қатысты ерекше киелі құндылыққа ие, сәулеттік жағынан кейінгі кезеңге жататын қатардағы мұнара казіргі күнге дейін сақталып қалған.

Қызыр культі (ал-Хидр, Хизр, Хызр, Қыдыр, Қадыр және т.б.) жалпы мұсылмандық кітап дәстүрі негізінде әртүрлі халықтардың аңыздары мен жергілікті фольклорында қалыптасқан. Мұсылман агиологиясында бұл – аса тәкаппар және маңызды кейіпкер. Құранда ол Мұса (Моисея) пайғамбардың есімі белгісіз жолдасы – «Біздің құлдарымыздың құлы» ретінде кездеседі (Құран, 18, 64–65). Аңыздарда оның аты Хадир деп аталады. Исламға дейінгі және атам замандағы пайғамбарлардың қатарында тұрады. Самның ұрпағы, Нұхтың (Ноя) ұлы, Ибраһимның (Авраам) тұсында өмір сүрген. Мұса және Мұхаммед пайғамбарлардың данышпан жолдасы және ұстазы. Жасыл шапан және сәлде киген жылы жүзді қария түрінде суреттеледі. Оның культі мұсылманға дейінгі кезеңнен бастау алады. Аңыздарда ол – мәңгілік өмірге ие болған тақуа. Мәңгілік және табиғаттың әрдайым жаңаруы символы ретінде қабылданады. Ислам дәстүрінде ол – «мәңгілердің» бірі – Ілияс (Илии), Ыдырыс (Еноха) және Иса (Иисус). Ілияс және Ыды- рыспен жиі байланыстырылады. Қызырдың бейнесі барлық мұсылман әлемінде кең тараған. Барлық жерде өзіндік ерекшелігі бар. Ол мұсылмандық Шығыстың әртүрлі мифологиялық кейіпкерлерінің қасиеттерін өз бойына жинаған. Қызыр туралы аңыздарда сопылық ілім кеңінен тараған. Осыған байланысты Сайрамда қазіргі күнге дейін мұнаралы мешіт құрылысымен бекіген жергілікті Қызыр культін құрудың қайнар көзі болған сопылық тәжірибе мен салт-жоралардың ізі кездеседі.

Аңыз әңгімелер бойынша осы мешіт құрылысының жерастында (шіллехана) Қызыр пайғамбар жалғыз өзі 60 жыл жасырынып, ораза тұтып, дұға оқыған. Осыған байланысты ол сопы-дәруіштерінің жебеушісі есептелген. Сайрамның бүркеме тарихынан көрініс алған («Рисаля», «Сайрам-шахри», «Сайрам туралы трактат») Сайрамның аңыздары мен хикаяларында көпшілік қабылдаған мифологиялық негізден жергілікті айырмашылығы бар. Жалпы алғанда, Қызыр туралы аңыздар Қызыр – Ескендірдің уәзірі, Ескендірдің досы, «түнек еліне» жол көрсетуші данышпан ретінде кездесетін Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) туралы аңыздармен байланысты. Бұл қарым-қатынастар Сайрамның аңыздық және қасиетті тарихында Қызырдың ерекше орын алатындығын көрсетеді. Сайрамды жаулап алғаннан кейін Ескендір Қызырды ең қадірлі адамдардың бірі ретінде қабылдап, оны қаланың билеушісі етіп тағайындайды және өзінің барлық әскерін оның иелігіне берген секілді. Осыған орай, Қызыр пайғамбар Сайрамда туылып, осы жерде өмір сүрген деген аңыз нұсқасы да бар. Кейінгі аңыздар мен шежірелерде Сайрамның көптеген әулиелері қатарында Қызыр да аталады. Олардың желісінде Қызырмен әңгімелесіп, ақыл-кеңес сұрағандығы туралы кездеседі.

Қызыр пайғамбар мешіт кешенін алғашқы болып А.К. Гейнс (1866 ж.) сипаттап зерттеген, одан кейін М.Е. Массон (1925 ж.) ғимараттың жаңартылған түріне көңіл аударған. Осыдан соң мешіт мұнарасы еш жерде айтылмайды, себебі сол уақытта XVIII–XIX ғ.ғ. жататын архитектуралық ескерткіштер көрнекті болып есептелмеді. 1963 ж. Шымкент облыстық музейінің тапсырмасы бойынша мұнара діңінің сақталған бөлігінің архитектуралық өлшемі алынады (Т. Поднебесная). 1981–1983 ж.ж. Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің «Қазақ жобалау-қалпына келтіру» институтының экспедициясы сәулет ескерткіштерін төлқұжаттандыру кезінде зерттейді. Мұнара Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығына енгізілген. Бұрынғы өлшемдері нақтыланып, толықтырылады. Қызыр мұнарасының қорғау аймағында ауық-ауық археологиялық жұмыстар жүргізіледі. 1970 ж.ж. 6х2,5 м көлемде салынған қазбадан (Н.П. Подушкин) XVIII–XIX ғ.ғ. жататын тұрғын үйлердің орны анықталады. 1989 ж. қазба жұмысы тікелей мұнара орналасқан жерге жүргізіледі (А.О. Итенов). 2004 және 2007 ж.ж. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің археологиялық экспедициясы (Б.Ә. Байтанаев) Қызыр пайғамбар мешітіне қазба жұмыстарын жүргізіп, мешіттің жоспарын, оның типологиясын, сонымен қатар кешендегі мұнараның нақты орналасқан жерін анықтады.

Қызыр пайғамбар мешітінің бастапқы ғимараты туралы нақты деректер жоқ. 2004 және 2007 ж.ж. жүргізілген археологиялық зерттеулер мешіттің өмір сүруінің соңғы кезеңінде (XVIII–XIX ғ.ғ.) ортасында намаз оқу залынан (қыстағы мешіт) басқа ашық аула, айван, құжыра (зиярат етушілерге арналған), шіллехана жер асты құрылысы, дахма түріндегі екі сатылы қабір үсті құрылысы және т.б. бар мешіт-ханака түрінде көп қызметті культтік ғимарат болғанын көрсетеді. Мұнара – кешеннің ең биік зәулімі. Ол мешіттің оңтүстік- шығыс бұрышынан 3 м қашықтықта орналасқан. 1948 ж. жер сілкінісі нәтижесінде мұнара ішінара қирайды (шам бөлігі бұзылады). Дегенмен, 1920–1940 ж.ж. фотосуреттері бойынша қалпына келтіріледі. Жеке тұрған цилиндрлі мұнара (іргесінің диаметрі – 2,96 м, биіктігі – шамамен 10 м) балшықтың көмегімен қыш кірпіштен тұрғызылған. Діңі негізінен шамына дейін болмашы ғана тарылады. Шам (1990 ж.ж. басында қалпына келтіріледі) сегіз биік жартылай дөңгеленген терезе-аркадан құралып, үсті сфералы күмбезбен жабылған ротондаға ұқсас. Діңінен ол дандана (кірпіштер қатары бұрышымен қойылған) белбеуі арқылы бөлінеді. Ішінен жоғары қарай биік кірпішті басқыштардан тұратын айналма баспалдақ арқылы көтеріледі. Ағаш маңдайшалы тікбұрышты есік шығыс жағында орналасқан.

Республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші. 1982 ж. бастап мемлекет қорғауына алынған. Мінәжат ету және діни туризм нысаны.

Деректер

  1. Байтанаев Б.А., Богомолов Г.И., Ергешбаев А. Мечеть Хызыр-Пайгамбара в селе Сайрам // Известия НАН РК: Сер. обществ. наук. – 2008. – № 1. – С. 129–140.
  2. Гейнс А.К. Путешествие в Туркестан: Дневник 1866 года // Собрание литературных трудов Александра Константиновича Гейнса: в 3-х тт. – СПб.: М.М. Стасюлевич, 1898. – Т. II. – 742 с.
  3. Каскабасов С.А. Казахская несказочная проза. – Алма-Ата: Наука, 1990. – 240 с.
  4. Массон М.Е. Старый Сайрам // Известия Средазкомста-риса. – Ташкент, 1928. – Вып. 3. – С. 23–42.
  5. Мухамедиева Н.Н. Минарет Хызыр Пайгамбар // Свод памятников истории и культуры Казахстана. – Алма-Ата: Гл. ред. «Қазақ энциклопедиясы», 1994. – Т. 1: ЮКО. – 368 с. – С. 206.
  6. Пиотровский М.Б. Хадир // Мифологический словарь. – М.: Сов. энциклопедия, 1990. – 672 с. - С. 565.
  7. Р.Р. ал-Хадир // Ислам на территории бывшей Российской империи: Энциклопедический словарь. – М.: Восточная литература РАН, 1999. – Вып. 2. – 506 с. – С. 91–93.
  8. Трактат о Сайраме / Перевод с чагатайского, предисл. и прим. Ж.М. Тулибаевой. – Астана: Изд-во Национального центра археографии и источниковедения, 2007. – 60 с.
  9. Тулибаева Ж.М. Трактат о святых Мадиат ал-Байда и Испиджабе // Вестник КазНУ им. аль-Фараби: Сер. историч. – 2003. – № 3 (30). – С. 8–16.
  10. Devin DeWeese. “Sacred History for a Central Asian Town: Saints, Shrines, and Legends of Origin in Histories of Sayram, 18th–19th Centuries,” Figures mythiques des mondes musulmans, ed. by D. Aigle. – Aix-en-Provence, France: Edisud, 2000. – P. 245–295.
Толығырақ

Суреттер


Кіру