Ақбауыр үңгірі
Сипаттамасы
Б.з.д. III–II мыңж. Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 38 км, Өскемен–Самар тасжолының шығысында 2 км жерде, Бестерек пен Сағыр ауылдарының арасында орналасқан (ШҚО, Ұлан ауданы).
Ол туралы аздаған естеліктер мен мәліметтер ХIХ–ХХ ғ.ғ. басына жатады. Ал 1980 ж. бастап жоспарлы түрде зерттеу басталған. Бірінші болып Сағыр ауылының аумағын және Ақбауыр үңгірін кеңінен зерттеген – З.С. Самашев. Ол әр түрлі тарихи кезеңнің көптеген жартасқа салынған суреттерін ашып, олардың сипаттамасын жасап, ғылыми түсіндірме берген.
Мемлекеттік Эрмитаждың Саян-Алтай археологиялық экспедициясы 1997 ж. бастап, Ақбауыр үңгірінің жаңа сурет көшірмелеріне басты назар аударып, жаңа бейнелерді және олардың ара қашықтығын зерттейді. Суреттерді жүйелендіруден кейін, қоршаған ортамен қатынасына сараптама жасалған соң, бұл жерде тұрақты астрономиялық бақылау бекеті орналасқан деген болжам жасалған.
Өскемен қаласының зерттеушілері мен өлкетанушылар Е.В. Курдаков, В.А. Иконников Н.И. Левченко, С.С. Царегородцева және басқалардың пікірі бойынша Ақбауыр астро- археологиялық кешені осы аймақты мекендеген ежелгі тайпалар ұзақ уақыт аралығында табы ну мен ғұрыптық шаралар өткізген үлкен аймақты қамтыған.
Ақбауырдың көптеген құпиясын осы заманғы адамдардың табуы мүмкін емес. Шатқалдың атауына әр түрлі жағынан қарауға болады. Орыс тілінде «Акбаур» деп беріледі. Ал қазақ тілінде «баур» деген сөз жоқ. Бұл сөзге «баурай», «бауыр» сөздері жақынырақ болып табылады. Баурай сөзі бөктер болып аударылады. Ақбауыр атауы кейде сөзбе сөз аударғанда – ақ бауыр. Қазіргі қазақ, орысша сөздікте «бауыр» келесідей мағына береді: 1) бауыр, 2) қанды туыс, 3) бөктер, таудың баурайы. Қазақ тілінде «бауыр» сөзінің ауыспалы мағынасы бар – кіші інісі және «кіші», «кішкене», ол Ақбауыр өзінен үлкен «Қызыл тас» тауы жанында орналасқандықтан, осылай аталуы ықтимал. Ақбауыр үңгірі батысқа қарап тұрғандай, алайда одан күннің батуын бақылап көрсе, Қызыл тас (Сорокина гора) және оның сілемдері шындығымен қызыл болып көрінеді.
Картада «Ақбауыр» топонимі Қоржымбай тауы баурайындағы шатқалы ретінде белгіленген. Шамасы, «бауыр» ұғымының етене жақын аудармасы «тау бөктері, баурай» түсініктері көп аспектілі «Ақбауыр» сөзінің семантика сипаты болуы мүмкін. Бұл күнде «Ақбауыр» – біртұтас нысандар кешенінің атауы.
Шатқалдың топонимикалық атауын «Ақ» сөзіне теңеуі кездейсоқ емес. Ежелгі мәдениетте ақ түс киелі болып есептелген. Ежелгі мәдениеттердің көпшілігінде тау биіктігін құдірет тұтып жергілікті құдайлардың мекені деп түсінген. Олар әлемнің ортасын көрсетіп, аспан мен жердің жанасатын орны, мәңгілік пен әлем биігіне талпыну әрекеті болып табылған. Ақбауырдың маңында өткізілген діни табыну шаралары ертедегі тауға табынумен қатарлас аспанға, күнге, найзағайға, жануарлар мен өсімдіктерге табынумен байланысты болып келген. Осы табынулар негізінде ертедегі көптеген дін түрлері қалыптасқан.
Мегалитикалық кешендердің тастары сирек жағдайда өңдеуден өткен, көбінесе оларды табиғи түрінде орнатқан, кей кезде қыздыру немесе табиғи жарықтарына сына қағу арқылы ірі блоктар жасаған. Белгілі бір жаққа бағытталған осы сияқты тас плиталарды Ақбауырдан да көруге болады, кешенің кіреберісіндегі жартасқа салынған суреттерде бұғы, таутеке және жылқы бейнелері жиі кездеседі. Осы суреттер ғибадатханада өткен күрделі салт жоралардың бір бөлігі болған деп болжам жасауға болады.
Еуропалық ғалымдар ежелгі ғибадатханаларды зерттеу нәтижесінде көне заманда адамдар құрылыс салған кезде оның қалай орналасқанына аса мән беріп, оларды жиі күнтізбе ретінде қолданатын өзгеше астро зертханалары болып табылған деп қорытынды жасаған. Батыс Алтайдағы Ақбауыр шатқалындағы ескерткіш кешеніне кіретін үңгір абыздар қалдырған қызыл түсті бояумен салынған өзіндік суреттер-нышандарымен бірегей болып табылады. Осы жерге Өскемен қаласының тұрғындары мен Шығыс Қазақстан облысының басқа аймақтарынан, жалпы Қазақстан Республикасымен шектес мемлекеттерден адамдар жиі келіп тұрады, яғни ескерткіш халыққа әйгілі, кеңінен танымал, жалпы Қазақстандағы, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы туристік кластердің дамуына үлкен үлес қосып отыр.
Ескерткіш Қоржымбай тауының оңтүстік батыс тау бөктерінен 5–6 км жерде орналасқан. Аталған тау шымданған сұр гранитті үлкен пирамида пішінінде алыстан жақсы байқалады. Білмейтін адамға үңгір тау аясында мүлдем байқалмайды. Үңгірдің күмбез тәріздес төбесінде бірден байқалмайтын домалақ саңылауы бар, оның әр жерінде ыстың ізі байқалады. Үңгірдің ұзындығы – 9 м, ең үлкен жерінің ені, орталығында – 4 м, шыға берісіне таяу жердегі ең биік тұсы – 2 м.
Ақбауыр үңгірі б.з.д. III–II мыңж. жататын жергілікті маңыздағы петроглифтердің өзегі болып саналады. Шамасы, ежелгі заманда ол осы маңайдағы киелі табыну орнының басты нысаны болса керек. Ескерткішті зерттеген мамандардың пікірінше – үңгірдегі суреттер ежелгі тұрғындардың эпос-аңыздық түсініктерінің көрінісі [Самашев, 1990; 2006], жартылай «жұлдызды аспанның карта-схемасы» [Марсадолов, 1999; 2005] немесе «адамзатты құтқару жолына» жету жолы болуы мүмкін [Курдаков, 2002]. Жоғарыда айтылған ғалымдардың тұжырымдарына қарағанда, Ақбауыр Қазақстан Республикасы мен Еуразия даласындағы мәдениеттердің аса жарқын да құнды ескерткіштері қатарына жатады.
Ескерткіш өзінің тарихи-мәдени құндылығын толықтай сақтаған. Нысанның сақталу жағдайы байырғы кейіпіне кейінгі кезде жасалған зақымдарды ескере отырып қанағаттанарлық деп есептеледі. Қазіргі кезде ескерткіш аймағы қорғалып, бақылауға алынған.
Ескерткіш өзінің тарихи-мәдени құндылығын толық сақтаған және байырғы кел бетіне келтірілген қазіргі залалдарды есептегеннің өзінде нысанның жағдайын жақсы деп бағалауға болады. Бүгінгі таңда оның аумағы қорғалған және бақылауға алынған.
Жергілікті маңызы бар ескерткіш. Тарихи-мәдени және қоғамдық-саяси маңызы бар бірегей нысан. Әлемдік және дәстүрлі діндер тарихымен байланысты, сонымен қатар мемлекет қалыптастырушы этностың тарихы мен мәдениетіне қатысы бар, ауызша тарихнамалық дәстүрі бар ерекше нысан бо лып табылады. Ескерткіш зиярат және діни туризм нысаны.
Деректер
- Курдаков Е.В. Загадки и тайны Ак-Бауыра // Братина. – М., 2002. – Вып. 1. – 32 с.
- Марсадолов Л.С. Астрономическая обсерватория в Горном Алтае // Археологические культуры Евразии и проблемы их интеграции: краткие тез. докл. научн. конф., посвящ. 60-летию Отдела археологии Восточной Европы и Сибири (4–5 декабря 1991, г. Санкт- Петербург). – СПб., 1991. – С. 27–29.
- Марсадолов Л.С. Исследования Саяно-Алтайской археологической экспедиции в 1998 г. // Отчетная археологическая сессия Государственного Эрмитажа за 1998 год: тез. докл. – СПб., 1999. – С. 9–12.
- Марсадолов Л.С. Астрономический аспект грота Ак-Баур на Западном Алтае // Jeman 2000. Associated Symposium. Astronomy of Ancient Civilizations. – M., 2000. – P. 27.
- Марсадолов Л.С. Методические аспекты изучения древних святилищ Саяно-Алтая // Теория и практика археологических исследований: сб. научн. тр., посвящ. 60-летию Ю.Ф. Кирюшина. – Барнаул, 2005. – Вып. 1. – С. 34–42.
- Марсадолов Л.С. Самашев З.С., Шер Я.А., Ермолаева А.С., Курманкулов Ж.К., Жетибаев Ж.М. Исследования в Восточном Казахстане в 1997 г. // Отчетная археологическая сессия Государственного Эрмитажа. – СПб., 1998. – С. 7–11.
- Самашев З. Грот Акбаур с писаницей в Восточном Казахстане // Проблемы изучения наскальных изображений с СССР. – М., 1990. – С. 123–129.
- Самашев З. Петроглифы Казахстана. – Алматы: Өнер, 2006. – 200 с.