Әулие бұлақ

Сипаттамасы

Нысан Семей қаласынан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, қалалық әкімшілікке қарайтын жерде орналасқан (Шығыс Қазақстан облысы).

Әулие бұлақ Құдай Ананың Абалацк иконасының көрінген орнында. Суы емдік қасиетке ие деп есептелетін нысан бұл күнде түрлі ұлттар мен діндер өкілдерінің зиярат ететін қасиетті орнына айналған. Әулие бастау туралы аңыз жоңғар шапқыншылығына қарсы шекараны нығайту мақсатында Ертіс әскери линиясын салуға 1719 ж. жіберілген экспедицияны басқарған полковник Лихаревтің есімімен байланысты өрбиді. Нақ осы жерде экспедиция қатысушыларына Құдай Ананың Абалацк иконасы көрінеді, сол уақыттан бастап бұлақ әулие атанған. Осы факті Орыс православ шіркеуі тарапынан қабылданады, сол себепті бұл орын рухани және физикалық тұрғыдан сауығу мақсатында жұртшылық зиярат етуге келетін орынға айналады. Нәтижесінде осында бірнеше рет тастан және ағаштан тұрғызылған шіркеулер салынып, оларда салтанатты түрде құдайға құлшылық жасау және Семей ғибадатханасы арасында шеру жасайтын орынға айналған. Ал кейін ХХ ғ. бас кезінде әйелдер монастыры пайда болады, оны революциядан кейін большевиктер қиратып, кейбір монах әйелдер атылады. Дегенмен кеңестік кезеңде де Әулие бұлақ өзінің қасиетін жоғалтпайды, ол халықтың жадында сақталады және оған дәрет алып, қасиетті су алуға, құдайға құлшылық етуге ниеттенген келуші зияратшылардың сүйікті орнына айналады.

Бүгінгі күні бұлақтың басына металдан шіркеу салынып, онда Құдай Ананың Абалацк-Семей иконосы сақталуда. Шіркеудің астындағы бұлақ көзіне кез келген ыдысқа су құю ыңғайлы болу үшін арнайы түтік қойылған. Артық су бетоннан жасалған арық арқылы дәрет алатын арнайы ыдысқа (купель) құйылады. Дәреттен қалған су купельден құбыр бойынша жыраға, одан әрі қарай Ертіске қосылады.ь Купель үсті ішінде киім шешінетін орны бар шағын ағаш шіркеумен жабылған, оның шыға берісіне икон орнатылған.

Әулие бұлаққа келушілердің көптігіне оның дәл қасынан өтетін тас жол мен зияратшыларды тасымалдайтын арнайы автобустардың болуы да әсер етеді. Әулие бұлақтың қасында күні бүгінге дейін қолданылып отырған бұрынғы пионер лагерінің ғимараттары орналасқан. Әулие бұлақтың жанына жұқа металл торлары бар кішкентай шіркеу салынған. Әулие бұлаққа апаратын сүрлем бетон жиектемелерімен жабдықталған. Оған кіреберістегі арка түріндегі құрылыстың екі жағында нысанның тарихы жазылған ақпараттық тақта, атылған казактар мен монах әйелдерді еске алу мақсатында олар өлтірілген жерге қойылған крест белгісі орнатылған. Террасаның тұғырында орналасқан Әулие бұлаққа түсер жол тұтқасы металдан жасалған бетон баспалдақтармен жабдықталған.

Бүгінгі күні Әулие бұлақ басынд құдайға табыну салтанаты әдеттегідей жалғасын тапқан және ол Қазақстан жеріндегі қастерлеп кие тұтынатын Орыс православ шіркеуінің бірі болып саналады.

Деректер

  1. Святой ключ. URL: https://pravsobor.kz/SVYATOI_ KLUCH.html
  2. Святой ключ. Семипалатинско-Абалацкая икона Божией Матери. URL: http://pravsobor.kz
Толығырақ

Суреттер


Кіру