Әбдіқадыр мешіті

Сипаттамасы

Ескерткіш Тараз қаласы, Абай көшесі № 5 мекен-жайында орналасқан.

Өткен ғасырдың басында Тараз (Әулие ата) қаласының орталығына жақын жерде ислам мәдениетінің ірі кешені тұрғызылады. Кешен ауланың ішкі жағын айнала шоғырланған құрамына медресе, мешіт және шаруашылыққа арналған ғимарат кірген құрылыстардан тұрады. ХХ ғ. 20-шы ж.ж. діни орталықтың барлық құрылысы халық қажеттіліктері үшін бөлшектеніп алынған, тек мешітке кіретін порталы ғана сақталып қалған. 2002 ж. қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін бұрынғы мешіт ғимаратында медресе жұмыс істей бастады.

Ескерткіштің қасиеттілік маңыздылығы Саид Махмұд ат-Тарази Алтынхан-төре есімімен тығыз байланысты, ол 1923–1930 ж.ж. мешіт жанындағы медреседе тұрып, жұмыс істеген. Ат-Таразидің мұсылман әлемінде ерекше құрметке бөленуі Құранды түрік тіліне (кейінірек өзге де бірнеше тілдерге) аударуымен тығыз байланысты. Саид Махмұд ат-Тарази Шығысқа қоныс аударып, рухани және моральдық құндылықтарды таратуға қосқан үлесі үшін оны Мединадағы әл-Масджид әл- Набави мешітінің имамы етіп тағайындайды. Ғимараттың кіреберісі батыстан шығысқа қарай созылған, тікбұрышты құрылыс ретінде салынған. Орталық өсі бұрыштарында жіңішке цилиндрлі мұнаралары – гүлдестелері бар көлемді пештакпен айқындалған. Портал мен пилондардың сыртқы қыры арасындағы аралық 6,5 м құрайды. Кіреберіс есік «П» тәрізді жиектелген, терең сүйірлі кескіндегі нишада орналасқан. Басты кіреберіс есіктің айшықты қабырғасының жоғарғы жағында картуш (безендіру кескіні) орналасқан. Аула жағындағы портал көлемді аркамен орындалған және оны екі жағынан екі ярусты нишалар қапталдап тұрса, оның біріне жоғары шығатын жер орналасқан.

Ғимарат күйдірілген кірпіштен салынған. Қабырғалардың қалыңдығы 1,3 м-ді құрайды. Ішкі кеңістігі күмбез тәрізді, оның үсті алты аркалы ойығы және сәнді белдеуі бар күмбезді мұнарамен жабылған. Фасадтарын сәнді безендірудің негізгі құралы қабырғаларының беткі жағын кірпішпен жігінен сөгіп қалау мен бұрыштарындағы мұнараларды өрнектеуде қолданған «шырша тәрізді» мәнерде қалау техникасы болып табылады. Мешіттің қайталанбас ерекшелігі ондағы өткен дәуірдің көркемдік маңызды мұрасын құрайтын аймақтағы жалғыз монументалдық құрылыс «қақпаның» (дарваза), сондай-ақ қасиетті рәсім орнының сақталуында жатыр.

Нысан республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші болып табылады.

1990-шы ж.ж. порталдың ою-өрнектермен безендірілген, ағаштан жасалған кіреберіс есіктері жаңғыртылады. 2002 ж. қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Деректер

  1. Глаудинов Б. История архитектуры Казахстана (с древнейших времен до начала ХХ века). – Алматы: КазГА-СА, 1999. – Т. 1. – 295 с. – С. 198.
  2. Голубев С.В. Сакральная география – ее современное понимание и роль в развитии туризма // Сакральная география. Аспекты познавательного и паломнического туризма: материалы II Междунар. научно-практич. конф. – СПб., 2016.
  3. Постановление СМ КазССР от 26.01.1982 г. № 38 «О памятниках истории и культуры Казахской ССР республиканского значения».
  4. Проскурин А.Н., Туякбаева Б.Т. Мечеть Абдукадыра // Свод памятников истории и культуры Казахстана. Жамбылская область. – Алматы: РГП «НИПИ ПМК», 2002. – 350 с. – С. 90.
Толығырақ

Суреттер


Кіру