Жайсан ғибадатханасы

Сипаттамасы

Кешен Шу ауылынан шығысқа қарай 15 км жерде, Шу өзені алқабында, Шу-Іле тауларының солтүстік-батыс баурайындағы ойпаңды далалық аймақта орналасқан (Жамбыл облысы, Шу ауданы).

Түркі тайпаларының діни-мемориалды кешені болып табылатын Жайсан ғибадатханасынан 37 нысаннан тұратын кешен ашылған. Әрбір кешенде ондаған жерлеу және діни құрылыстар, тасқа салынған ескерткіштер мен рулық таңбалар бар. Еуразияның этносаяси тарихында маңызды рөл атқарған ежелгі түріктер жартылай көшпелі қоғам әлемінде жоғары орын алған. Олар отырықшы халықтармен араласып, этникалық картаны бірнеше рет өзгертті, үлкен империя құрды, қоғамдық дамудың бағытын өзгертіп, кейбір халықтардың мәдени жетістіктерін басқа халықтарға жеткізіп отырды, әлемдік мәдениет тарихына өз үлесін қосты.

Кез-келген өркениеттің киелі құндылығы мәдени, сонымен бірге жеке жасаушылар ортасында дәуір ерекшелігін әсерлеуі мен мәңгі өмір сүруіне ие болуы. Киелі құндылығы зиятты өмір, қордаланған білім, моральдық-құқықтық ережелер мен көркемдік туындылармен байланысты. Мәдениетті өлшеудің маңыздылығы діни жүйенің дамуы болып табылады. Түркі халықтарының ежелгі наным-сенімдерінде ұлы Тәңір культі маңызды орынды алады. Тәңіршілдіктің барлық түркі халықтарына таралуы оның ежелгі түрік дәуірінде, шынмәнінде әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде бірыңғай түрік халықтары өмір сүрген уақытта қалыптасқандығы туралы айтуға мүмкіндік береді.

Ежелгі түріктер кеңістік, уақыт пен оның тіршілігінің өзара байланысының өмір сүретіндігіне толық сенді, мұны әлем мен Ғаламды, көркемдік үлгі символикасын сипаттауы куәландырады. Түріктердің еске алу мүсіндері уақыттан тыс «мәңгілік» идеясы уақыт циклін қалпына келтіруге бағытталады және құдіретті қызметтерді орындады. Ежелгі түріктердің көрнекі көріністері бабалар культімен тікелей байланысты еске алу салты болып табылады. Олардың ұжымдық күнәдан арылу орындары нысанға ерекше табыну мен құрметтеуге қызмет еткен тас мүсін орнатылған бабалардың жерлеу орындары болып саналады. Жайсан ғибадатханасының киелі аймағының ескерткіштеріне солтүстіктен оңтүстікке бағытталып тізбек құрған тікбұрышты қоршау, бір, екі және бірнеше қоршаудан тұратын ғұрыптық құрылым жатады. Тас қоршаулы обалардың шығыс жағына сиыну және құрбандық шалу орындары жасалған. Тас мүсіндердің құрылымдық және мағыналық анықтамасы адам тұлғасының табиғи нысанмен теңестірілуінің үлкен маңыздылығы бар: басы – аспан, денесі – жер, аяғы – тамұқ. Жерлеу орны тас мүсінді ғұрыптық құрылысымен бірге бабалармен теңестірілетін аруақтарға табыну мен оларға және түрік пантеонының жоғарғы құдайларына құрбандық шалу салтын жүргізу нысаны ретінде қызмет етті. Жартас суреттері шоғырының орны күнтізбелік цикл және қоғамдық маңызды шаралармен байланысты рәсімдер мен салт-жораларды өткізуге арналды.

Түрік кезеңінің тас мүсіндерінің сипаттық ерекшеліктері адам бейнесін нақты, жіті қайта жаңғырту болып табылады. Мүсіннің міндетті атрибуттары: белдік, қорамсақ пен беліндегі қару-жарақ. Көпшілік жағдайда үлкен көзі ірі тұлғалы ер кісілер – билеушілер мен жауынгерлер бейнеленген. Көне түріктер өздерінің жоғарғы құдайы – Көк тәңіріне, сонымен бірге табиғи нысандарға: тау, өзен, көл және ағаштарға ерекше ынтамен табынды. Ежелгі халықтар сияқты олар да ерекше құбылыстарды қасиетті деп таныды және олардың алдында қорқыныш түсінігі тұрды. Түріктердің монументалды мүсіндері көптеген ғасырлар бойы иконографиялық қағида дәстүрінде дамыды. Бейнелер мен символдар жүйесі Еуразия континентінің әртүрлі аймағында бірегей ерекшеліктерге ие болды. Әлеуметтік және табиғи жағдайлары, өмір салты, ділдік құрылым ерекшеліктері – мұның барлығы өңірлік көркемдік дәстүр контекстінде өзіндік жол іздеуге себепші болды.

Жайсан ғибадатханасы ескерткіштерінің негізгі бөлігі орналасуына қарай бір заңдылыққа негізделген. Яғни жерлеу құрылыстары кешеннің батыс бөлігінде орналасса, ғұрыптық құрылымдар кешеннің шығыс бөлігіне шоғырланған. Тек сирек жағдайда ғана қоршаулар обалардың ортасында немесе діни-ғұрыптық кешендердің батыс бөлігінде орналасқан. Жайсан ғибадатханасының құрамдас бөлігі болып табылатын түріктердің өнер туындылары мемориалдың оңтүстік-батысына жақын аралыққа шоғырланған. Мұндай өнер туындыларына тас мүсіндерде және стелаларда, сондай-ақ жартастарда кездесетін рулық таңбалар, петроглифтер т.б. жатады.

Ғибадатханаға жүргізілген барлау жұмыстары кезінде басқа да көптеген құнды заттар табылды. Ғибадатхананың ескерткіштерінде кездесетін ромб үлгісіндегі таңба әшекейліктен басқа бойтұмар ретінде қызмет атқаратын киелі сипатқа ие болған. Қазақ этнографиясында қазіргі күнге дейін ромб түріндегі таңбаны еске түсіретін тұмар тағу сақталған. Жартастарда салынған ромб түріндегі тұмар-таңбалар функционалдық мағынада Жайсан ғибадатханасының киелі жерінің шекарасын белгілеу үшін қызмет еткен болса керек.

Ғибадатхананың тас мүсіндерінде, сондай-ақ жартастарында кездесетін дөңгелек үлгідегі таңбалардың семантикасы күн культімен байланысты болған.

Жайсан ғибадатханасында кездесетін ескерткіштердің барлығы да орындалу стилі жөнінен және мазмұны жағынан ерекшеленеді. Жайсан мемориалдарын салған шеберлер түріктердің монументтеріндегі бейнелердің толық спекторын көрсете отырып, мүсіндер арқылы жауынгер мен абыздың, әлеуметтік үстем тап өкілдерінің, ғұрыпты өткізу рәсіміндегі қызметшілердің бейнелерін көрсетуге тырысқан. Жайсан ғибадатханасын Батыс Түрік қағанаты құрылғаннан кейін жүз жыл өткен соң, VIII ғ. көлемінде батыс түрік тайпаларының жеріне келген шығыс түріктер құрғандығын көрсетіп отыр. Қайткен күнде де өзінің әлеуметтік-саяси құрылымы бойынша қос негізді этнографиялық тұрмысы, яғни Орталық Азияның көптеген түрік тайпаларын құрамына енгізген Шығыс және Батыс бөліктері екі түрік әлемін – Шығыс және Батыс ареал тайпаларының мәдени арақатынасын көрсетеді. Тағдырдың жазуымен қасиетті Батыс Түрік қағанатының орталығында екі түрлі түрік әлемінің мәдениеті қосылған және оның дәлелі ретінде Жайсан ғибадатханасы ұрпаққа мұра ретінде қалды.

Деректер

  1. Досымбаева А.М. История тюркских народов. Традиционное мировоззрение тюрков. – Алматы: Service Press, 2013. – 250 с.
  2. Ермоленко Л.Н. К вопросу о картине мира древних тюрков (на материале изваяний и оградок) // Военное дело средневековых кочевников Южной Сибири и Центральной Азии. – Новосибирск: Наука, 1986. – С. 116–123.
  3. Кубарев В.Д. Древние стелы и изваяния в обрядах и суевериях народов Центральной Азии // АЭАЕ. – 2004. – № 1 (17). – С. 28–37.
  4. Новгородова Э.А. К проблеме происхождения половецких «каменных баб» // Проблемы охраны и исследования памятников археологии в Донбассе: тез. докл. обл. научн.-практ. семинара. – Донецк, 1987. – С. 64–76.
Толығырақ

Суреттер


Кіру