Қарахан кесенесі

Сипаттамасы

ХІ ғ. жататын архитектуралық ескерткіш. Тараз қаласындағы Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан.

Бұл ескерткіш Қарахан әулеті өкілдерінің бірі – Шах-Махмұд Боғра Қараханның жерленген жеріне тұрғызылған. Ол туралы аңыз-әңгімелер В.А. Каллаурдың «Абду-р-Рахим-Баб» атты жазбалары арқылы белгілі. Оны ұлы Ша-Хасан, лақап аты бойынша Қылыж-Қарахан. ... Оның ұлы – Абдул-Халық-хан. Оның моласы Отырарда (Түркістан қаласынан оңтүстікте), ал Әулие атаның моласы – Талас өзені бойында. Әулие атаның Қасым хан баб есімді екінші ұлы болған, оның атасы – Қыран шейх, оның күйеу баласы Махмұд хан шейх, қызы Бибі Айша, оның моласы Әулие ата қаласынан екі ташта орналасқан. Талас өзенінің жағасына жерленген адамның есімі Бек-Тұрмас ата. Оның қасиетті есімі Сұлтан-Махмұд хан. Әулие ата – оған Құдайдың рақымы жаусын деп – оны бек қызметіне шақырған, бірақ ол бек болуды қаламағандықтан, оған «Бек-Тұрмас» («бек болмайды») деген лақап ат берілген.

Ескерткіштің бастапқы құрылысы бүгінгі күнге дейін сақталмаған. Қазіргі құрылысын 1906 ж. Ташкент ишаны Саид Бекханов қайта тұрғызған кезде бастапқы құрылымдық ұстанымын сақтағанмен, сәулеттік-сәндік келбетін жоғалтқан.

Қазақстанның тарихи және мәдени кеңістігінде Қарахан ескерткіші өзінің салынған уақытына байланысты хронологиялық оқшаулануымен, сондай-ақ өлкеде ислам дінінің қалыптасу үрдісінің негізгі нышаны ретінде ерекше орын алады. Осы кезеңде урбанизация мәдениетінің гүлденуі мен өлкеде исламға бағытталған қалалық мәдениеттің қарқынды дамуы сапалы түрде алға шықты деп айтуға болады. 960 ж. Қазақстан аумағында Ислам дінінің таралуы осы Қарахан әулетімен тікелей байланысты. 960 ж. Жетісудан тыс аймақтарда Қарахан қағанатындағы түрік-қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдаудың жүріп жатуы – Оңтүстік-шығыс Қазақстан тұрғындарының діни біртектілігінің жаңа кезеңі басталғанының белгісі. Қарахан кесенесі – Қазақстан тарихындағы осы оқиғаның археологиялық, архитектуралық және тарихи дерегі, сонымен қатар өңірдегі ислам мәдениетінің киелі кеңістігі. В.В. Бартольд Сатұқ Боғра хан туралы аңыздарға алғашқылардың бірі болып көңіл аударып, Қарахан мемлекетінің исламдануы туралы ақпараттарды береді. Ғылыми құндылығы исламданудың тарихи алғышарттары жөніндегі ақпараттарынан көрінеді. Бұл – кейінгі «діни уаһиларды» дәлелдейтін діни эволюцияның жаңа сатысы, жаңа діннің – жас исламның өркениеттік импульсі, бұл процестердің сауда жолына, экономика тамырының дамуына әсері туралы, әлемдік мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде мұсылмандық жүйенің қалыптасуы, түріктердің исламдануы, сопылық бағыттың рөлі және т.б. туралы ақпарат.

Ескерткішті алғаш рет Б. Деник зерттеп «Архитектурный орнамент Средней Азии» атты кітабында суреттеген. Жоспары бойынша төртбұрышты күмбезді құрылыс. Орталық залдан және үш кішігірім бұрышты бөлмеден (құжыралардан) тұрады, ал төртінші бұрышында шатырға алып баратын баспалдақ орналасқан.

Ескерткіштің бас фасады оңтүстікке қараған, бұрыштары мұнаралармен безендірілген. Кіреберіс – аркасының ортасында орналасқан және екі қапталы үш түрлі: тікбұрышты, шаршы және сүйір пішінді нишалармен безендірілген. Ескерткішке кіреберіс бөлігіне араб тілінде жазу жазылған: «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед – оның елшісі». Ескерткіштің сырты қазіргі заманғы кірпіштен салынған, ал күмбездің ішкі бөлігі және аркалар Қарахан әулеті кезіндегі кірпіштерден қаланған. Ескерткіштің құрылысы зерттеу жұмыстары кезінде табылған мәнерлі кірпіштерге (30 аса түрі) қарағанда бай өрнектелген.

2002 ж. Тараз қаласының 2000 жылдығы қарсаңына ескерткішке қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

1982 ж. Қарахан ескерткіші республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерінің тізіміне еніп, мемлекет қорғауына алынды.

Деректер

  1. Беленицкий А.М. Из мусульманской эпиграфики в Таласской долине // Эпиграфика Востока. – 1948. – Т. 2. – С. 16–18.
  2. Денике Б. Архитектурный орнамент Средней Азии. – М.–Л.: изд-во Всесоюзн. академии архит., 1939. – 228 с.
  3. Каллаур В.А. К родословной Аулие-Атинского святого Карахана. Выписка, составленная Иманджаном и доставленная В.А. Каллауром. Оригинальный текст и перевод // ПТКЛА. – 1897. – Год 2. – С. 13–15.
  4. Кастанье А. Надгробные сооружения киргизских степей. – Оренбург, 1911. – С. 3–197.
  5. Маргулан А., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. – Алма-Ата: Каз. гос. изд-во, 1959. – 172 с. – С. 99–102.
  6. Нуржанов А.А. Культовые памятники Караханидов // Тысячелетние истоки строительной культуры Туркменистана: матер. Междунар. научн. конф. – Ашхабад: Туркменская гос. изд. служба, 2013. – С. 291–294.
  7. Нуржанов А.А. Генезис духовно-культурной доминанты раннего ислама в Жетысу // Вестник КазНПУ. – Философский альманах. Современность: мир мнений. – 2015. - № 1 (61). – С. 182–186.
  8. Нуртазина Н. Распространение ислама и формирования казахской мусульманской традиции (VIII–XIX вв.). – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 354 с.
  9. Ошанов О.Ж. Тараз – жемчужина Шелкового пути (Краткая история города Тараза: от Гуннской Орды до Республики Казахстан). – Алматы: Таймас, 2014. – 296 с. – С. 179–181.
  10. Историко-культурные памятники Казахстана / Авторы предисл. и сост. Елеуов М., Бахтыбаев М.М. – Туркестан: Туран, 2011. – 447 с. – С. 420–421.
  11. Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 228 с.
Толығырақ

Суреттер


Орналасқан жері

Кіру