Әулие-Никольcк шіркеуі

Сипаттамасы

Пресногорьков ауылында орналасқан (Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы). Шамамен 1766–1792 ж.ж. аралығында салынған Әулие-Никольск шіркеуі православ келушілерге арналған Қостанай облысындағы алғашқы көне храм болып табы-лады. 

Сібір корпусының командиріне Тобыл діни консисториядан жазылған 1766 ж. қызмет-тік хатта аталмыш шіркеудің Пресногорьков пен Әулие Пётр бекінісінде іргетастары қаланып жатқандығы айтылған. Құрылыс бекіністің ең биік әрі, құрғақ жеріне жергілікті тұрғындар-дан жиналған қаражат есебінен тұрғызылған. Құрылысты салуға шіркеуге келушілер ерікті түрде қатысқан. Шіркеу құрылысы 1766 ж. басталып, 1792 ж. аяқталған. «Бұл ғимаратты Исети шіркеуін тұрғызған жергілікті шеберлер сол тұстағы шіркеу тұрғызудың талабы бой-ынша салып, құрылыс салу тәсілінде Сібірлік барокко деп аталған сәулет өнерінің жаңа нақышын, украиндық, орта орыс және солтүстік орыстардың өзіндік нақыш үлгілерін» енгізе отырып тұрғызған. Шіркеу табиғи кесек тастан және қыш кірпіштен өрілген. Тасты жүздеген шақырым жерден тасып жеткізген болса, қыш кірпішті жергілікті шеберлердің қолымен осы маңдағы саздан жасалған. Құрылыстағы, қыш кірпіштерді өруге пайдаланылған лай қоспасының құрамы да ерекше, оны да – жұмыртқа мен алебастрды араластырып, дайындалған деп айтылады. 

1900 ж. жазба бойынша «шіркеуде екі тақ болған: негізгісі Суық (Жазғы) – Казан Құдай Анасы атымен және Жылы (Қысқы) – Қасиетті және Әулие Николай атымен» аталады. Әулие Покрова Қасиетті Құдай Ана мерекесінде сібір казактарына қарасты осындағы шіркеулерде, сол секілді сібір казактарының жебеушісі болғаны әрі, Сібір казактарының қамқоршысы болғаны үшін ең басты мерекесі – Әулие Ни-колай Угодник күні шіркеуге халық өте көп жиналған.

Шіркеу 1920-шы ж.ж. толығымен тонауға ұшыраған, ал 1935 ж. қарай тіпті, жабылып қалған. Ю.Ф. Ермолаевтың (1926 ж.т.) айтуынша: «Никольск ғибадатханасы Орталық алаңда тұрған. Әдемі сәулеттік құрылыстың Үлкен және Кіші екі бірдей қоңырау соғатын орны болған. Үлкен қоңыраулы мұнараның барлық төрт тарабында да қоңыраулар ілінген. Солтүстігінде – ең үлкені (онда 1678 ж. құйылғандығы жазылған, қоңырау ұзақ уақыт шіркеу ауласында жатқан), шығыс жағында - екі кіші, оңтүстігінде де - төрт кіші өлшемдегі түрлері және батыс жағында - ең кішкентайы, барлығы сегіз қоңырау болған. Екінші қоңырау мұнарасы біріншісіне қарағанда ала-са, ғибадатхананың шығысында орналасқан. Шіркеу сырты ақталып, шатыр жабынды-сы жалтыр қаңылтырмен қапталғандықтан жап-жаңа сияқты болып жарқырап тұратын болған. Ғимаратты айналдыра терек ағаштары отырғызылған. Шіркеу 1935 ж. көктемінен бұзыла бастаған. Мектеп терезесінен қараған біз қоңыраулы мұнарадан айқасқан крестерді құлатып, қоңырауларды лақтырғанының куәсі болдық. Шіркеу маңындағы дүние астан-кестен болып, Пресногорьков тұрғындарының жартысына жуығы әп-сәтте осы көріністі көруге жүгіріп жеткен еді... Құрылыс сапалы қоспамен өрілгендіктен оны қиратып бұзу да оңайға түспеді. Кірпіштен, оған пайдаланылған лай қоспасынан тек дауыс шығып, ұзақ соққылаумен бұзылды». 

Жергілікті тұрғындар арасында сақталған сенім бойынша, шіркеуді қолмен қирату мүмкін емес. Шіркеу қабырғасын қиратуға техниканың да шамасыжетпеген. Мұнда әр жылдары дән сақтау қоймасы, өрт сөндіру бөлімі, мәдениет үйі, кітапхана сияқты мекемелер орналасқан. Үшкір күмбезімен биіктігі 17 м. болатын қоңырау мұнарасы 1940-шы ж.ж. МТС құрылысы үшін бұзылған. Деген-мен, шіркеуді қайта жаңғыртып көтеру бастамасын қолға алған танымал жазушы, драматург Н.В.Коляда еді. Шіркеу 1990 ж. қайта дәріптеледі. Жекелеген жөндеу жұмыстарынан соң 1991 ж. бастап діни рәсімдер орындала бастайды. Қостанай облысы әкімшілігінің белсенді қолдауымен 2005 ж. жазда шіркеу қайта қалпына келтіріледі. 

Қорытынды сөзге келгенде, Пресногорь-ковск орта мектебінің тарих пәні оқытушысы Сергей Николаевич Виниченконың: «Көненің көзіндей болған біздің шіркеу... адам мен Құдайдың кездесер орны» – деп айтқан сөзінің маңызы зор. Тіпті, бір жарым ғасырда мұндағы үлкен қос топсалы алып ағаш есік арқылы шіркеуге келген жүздеген казактар жүріп өткен десе болады. Бұл қабырғада қаншама адам шоқындырылған, жаназа шығарылған, неке қиылған қилы өмірімен қоса, қаншама буын станица тұрғындары мен өзге қалалық тұрғындардың тағдыры қиюласа тоқайласқан. Мұндағы қалың мұқабалы алып кітаптар шіркеуде болған кісілер туралы толықтай ақпар беретін мазмұнға ие. Құдай үйі саналған бұл шіркеу станицаның рухани өзегі, Жаратқанға арнап қаншама адамның бірге тұрып жалбары-на құлшылық жасаған киелі орны деп айтсақ дұрысырақ болар. Осы жерден бастап олар христиандық өмірге, көптеген түрлі-түрлі соғыстарға аттанғандығымен қоса, осы тас қабырғадан соңғы сапарға бағыт алып, таяудағы поселкалардың маңында жандары мәңгілікке жай тауып та жатты. Тіпті, мектептің өзі крест қорғаушысы аясында тұрғызылған. Бүгінде Әулие-Никольск шіркеуі қайта құлпырып, көз қуантып тұр. Ол көзге көрінбес етіп есілген жіп арқылы өткен мен бүгінді, жаны жай тапқандар мен қазіргі тірілер арасын өзара байланыстырушы. Ол осылайша болашақты да мықтап матап, сөзсіз өткенге айналмақ және мәңгі бақиға тұратын болады...». Жүзден астам ұлт өкілдері мен қырыққа жуық конфессиялық топтар өмір сүретін мемлекетімізде ғұрыптық мәнге ие құрылыс орындарын сақтаудың маңызы бар. Қызмет етіп тұрған немесе қираған ғибадатханалар, мейлі мұсылмандық, әлде ол православтық, тарихи және жаңа болса да киелі географияның бір бөлігі әрі, ел тұрғыны – адамның киелілік кеңістігі. Әулие-Никольск шіркеуі еліміздің православ дінді тұрғындарының тағдырынан әрі, өлке тарихының сырларынан көрініс тапқан киелі, қастер тұтар орын.

Құрылыс-сәулет нақышы: классицизм.

Сәулет өнері және жергілікті тарихи маңызы бар ескерткіш. Зиярат ету мен діни туризм нысаны. 

Деректер

  1. Виниченко С.Н. Пресногорьковская казачья линия: очер-ки истории. – Половинное: Куртамышская типогра-фия, 2011. – 200 с.
  2. Козыбаев А. Незабвенное прошлое // Костанай и ко-станайцы: портал о городе и жителях // URL: http:// kostanay1879.ru/
  3. Московский патриархат. Митрополичий округ в Респу-блике Казахстан. Костанайская и Рудненская епар-хия. Официальный сайт // URL: http://kst-eparhiya.kz/
  4. Народный каталог православной архитектуры. Описа-ния и фотографии православных церквей, храмов и монастырей. Проект основан 10 мая 2002 г. Офици-альный сайт // URL: http://sobory.ru/


Толығырақ

Суреттер


Кіру