Екідің ескерткіштері
Сипаттамасы
Екідің (Сары-торғай) ауылына жақын жерде орналасқан ежелгі екі ғұрыптық құрылыс табиғи тастан киіз үй тәріздес салынған (Қостанай облысы, Арқалық қаласы).
Тастан үйілген екі биік дің жау әскерін қарауылдау үшін салынған. Осы екі ескерткіштің жанындағы ауылдың аты да осыдан пайда болған. Бұл ескерткіштер боя-ма күмбез түрінде, тастан қаланып, сыртқы диаметрі бірте-бірте тарылып, жарты сфера түрін құрайды. Діңдердің жоғарғы жағында шебер жасалған тесік бар. Кіреберісі шығысқа қараған. Екідің дегеніміз тастан жасалған биік күзет орны. Олар қыратты жерде орналасқан, сыртқы келбеті киіз үйге ұқсайды. Іші де киіз үйдің ішкі көрінісі сияқты болып келеді. Сарыторғайдағы ерте кезең ескерткіштері шамамен ерте темір дәуірінде пайда болған.
Жергілікті аңыз бойынша, XVII–XVIII ғ.ғ. Екідің тұрған төбелер арасындағы алқапта қантөгіс соғыс болған екен. Бір-бірімен жауласқан рулардың әскербасылары осы жерде қатар орналасып, орда-астана құрған. Орта ғасыр кезеңіндегі осы діни-рәсімдік құрылыстар әлі күнге дейін жете зерттел-мей келген ескерткіштер қатарына жатады. Сарыарқада осы сияқты бірнеше құрылыстар бар, соның ішінде елге танымал болған құрылыстар қатарында Кеңгір өзенінің сол жағалауына орналасқан Домбауыл ескерткіші мен Аягөз өзенінің оң жағалауындағы Қозы-Көрпеш Баян сұлу мазарын айтуға болады. Олар әртүрлі кезеңмен, ерте және дамыған орта ғасырлар кезеңімен мерзімделеді. Мұны бұл құрылыстарды зерттеу кезінде мерзімін анықтауға мүмкіндік беретін қандай да бір жәдігерлердің болмауымен түсіндіруге бо-лады. Бүгінгі таңдағы зерттеулердің ішінде ежелгі дала архитектурасының білгірі, акаде-мик Ә.Х. Марғұланның: «бұл ескерткіштер ислам дәуіріне дейінгі кезеңге жатады» – деген пікірімен келісуге болады. Мұндай құрылыс қыпшақ мәдениетіне жататын тас мүсіндер-ден тұратын біртұтас қасиетті, киелі кеңістікті құрайды. Бұған Қозы Көрпеш – Баян сұлу ма-зары жанындағы қолдарына ыдыс ұстап тұрған екі тас мүсін куә болады. Осыған қарағанда, жазба деректерге сүйене отырып, мұндай құрылыстардың мерзімделуін Дешті Қыпшақ (ХІ–ХІІ ғ.ғ.) сияқты этносаяси бірлестіктер тарихымен байланыстыруға болады.
Сәулеттік құрылыстарды тас тақталар-дан салу дәстүрі қола ғасырынан бастау алады. Белгілі болғандай, бұл материал алғаш рет беғазы-дәндібай мәдениеті кезеңіндегі мазарлар салуда қолданылған. Сол кезеңде ертедегі құрылысшылар кейіннен кеңінен таралған жалған күмбездер салу ісін тәжірибеден өткізді. Осы екі құрама бөліктер жерлеу құрылыстарын салуда кеңінен пайдаланылды.
Діңдер түріндегі құрылыстар бір жағынан орта кезеңдегі Еуразия халықтары тарихының нақты бір кезеңін, екінші жағынан дала архитектурасындағы дәстүрдің тұрақтылығын сипаттайды. Дала мәдениетіндегі анағұрлым қасиетті, киелі құрылыстар қатарына жатқызуға болатын жарты сфералы пішінде салынған құрылыстарды ерекше атап өту қажет. Дәл осындай пішіннің кеңістігі болады, онда дәстүрлі мәдениеті өмірге (киіз үйге) жинақталған, сонымен қатар оған керағар – ата-баба рухына тағзым ететін орын бар (қола дәуірі, этнографиялық кезең кесенелері, ерте темір дәуіріндегі обалар).
Бұл құрылыстар өзенге жақын, алыстан көзге түсетін, арнайы таңдап алынған жер-лерге салынған. Олар Ұлы Дала тұрғындары ұғынатын, бүгінгі күнге дейін сақталмаған, ешкімнің қолы тимеген, маңызды қасиетті бір жүйені құрап отыр.
Діңнің төбесіне шықсан, алыс-жақын жердегі айналаның бәрі анық көрінеді. Жау-ды алыстан байқауға болады. Төбесінде тесігі бар. Қауіп төнген сәтте қарауылдағы сар-баздар ішіне от жағып, түтінін белгі ретінде қолданған. Ауа райы қолайсыз кездерде үй есебінде пайдаланған.
Екідің I Қара-Торғай өзенінің сол жағалауында орналасқан, Екідің ІІ – биігіректе, алыстан жақсы байқалады. Ә.Х. Марғұланның деректеріне сүйенсек, бұл ескерткіш қазақ мәдениетіндегі алғашқы үй құрылысы өнерінің дамуын бейнелейді.
Деректер
- Кызласов Л.Р., Маргулан А.Х. Плиточные ограды мо-гильника Бегазы // КСИИМК. – 1950. – Вып. XXXII. – С. 126–136.
- Маргулан А.Х. Третий сезон археологической работы в Центральном Казахстане // Известия АН КазССР. Сер. археол. – 1951. – Вып. 3. – С. 3–52.
- Маргулан А.Х. Средневековые поселения, города и памятники Сарыарки. Улытауская степь // Архитекту-ра Казахстана / Маргулан А., Басенов Т., Мендику-лов М. – Алма-Ата: Каз. гос. изд-во, 1959. – 171 с.
- Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Цен-трального Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1979. – 360 с.
- Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев А.М., Оразба-ев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1966. – 435 с.