Косьма-Дамиан шіркеуі
Сипаттамасы
Әулие Косьма және Дамианың құрметтеріне орай 1905–1911 ж.ж. аралығында салынған. Шіркеу Меңдіқара ауданының орталығы Боровской ауылында орналасқан (Қостанай облысы).
Шіркеу құрылысы Петербор Епархиясы, Торғай және Орынбор епархиалды басшылығының қолдауымен 1888 ж. салынған ағаш шіркеудің орнында жүргізіледі. Құрылысты басқару мақсатында Ярослав губерниясынан атақты сәулетші Михаил Корно-лович Кириллов Боровской ауылына арнайы алдыртылған екен. Шіркеуді тұрғызуға қатысты барлық шаруаны Боровской тұрғындары: С. Дроздов. В. Бугаев, С. Кочергин, Т. Глбин, Ф. Агафонов, Морозов және Шарков өз мойындарына алған. Құрылысқа қажетті ағашты Арақарағайдан арбамен тасыса, кірпішті жергілікті шебер М.К. Андросов өзі дайындаған. Шіркеу құрылысы толығымен Боровской және таяу маңдағы ауыл тұрғындары жинаған қайырымдылық қорына түскен қаражатпен жүргізіледі. Шіркеу құрылысына бір күн болса да көмектеспеу айыпқа саналып, барлығы өздерінің шама-шарқынша көмектесуге тырысқан. Шіркеудің құрылысы туралы біз Орынбор Епархия епископының Әулие Синодтың обер-прокуроры, Құпия кеңесші, сенатор А.П. Роговқа 1911 ж. жазған хатынан көре аламыз. Хатта: «... Боровской ауылының тұрғындары жаңа шіркеудің құрылысына алаңдаулы. Көптеген жылдар бойы өздері қаражат жинап ... тамаша шіркеу салған, Торғай даласындағы ең зәулім шіркеу десек те болады» делінген. Шіркеу құрылысы – сол кезеңдегі инженерлік ақыл-ойдың жемісі. Шіркеуді жылыту үшін ерекше жүйе ойлап табылған: жер төлелерде ауа соратын торлары бар калориферлер орнатылған, мұржасының биіктіктігі күмбездердің басына дейін жетті. Қоңыраухананың биіктігі 41 м.
«Клировой ведомости» газетіндегі мә-ліметте «Шіркеу 1912 ж. Боровской ауылының шіркеу мүшелерінің қаражатымен салынып бітті. 1912 ж. 16 қазанында шіркеуді толық киелендіру рәсімі өткізілді. Ғимарат тастан тұрғызылған, жылы, қоңырауханалары да тастан салынған. Тақ біреу – 1 қарашада тойланатын Әулие Косьма мен Дамианның құрметіне арналған» – деп жазылған.
Жергілікті тұрғындардың жадыларында шіркеу атауына қатысты аңыз сақталған. «Құрылыс біткеннен кейін ерекше құбылыс болады. Ауылда қатты аурушаң келген қыз бала болған екен. Күндердің күнінде әлгі қыз балаға ерекше киінген екі ер адам келіп, ауыл маңындағы бұлаққа шомылуға бұйырады. Қыз бала шомылып, ауруынан құлан таза айыққан екен. Ер адамдардан есімдерін сұрағанда. Олар өздерін Косьма және Дамиан деп таныстырады да ғайып болып кетеді. Қуаныштан жарылардай болып шіркеуге келген қыз өзінің басынан өткен ғажайып оқиғаны шіркеу жамағатымен бөліседі. Бұлақты көрсетеді. Сол кезеңнен бастап шіркеу өзінің жебеушісін тауып, әулие бұлақтың басына күмбез орнатылып, орындықтар қойылады».
Кеңестік солақай саясаттың салдары 1930 ж.ж. діни орындарға да жетеді. Шіркеу өзге діни-құлшылық ету орындары кеш-кен тағдырды өз басынан да кешеді. Ұста пешшінің өлімі және т.б. себептермен шіркеу 1930 ж. өз жұмысын тоқтатады. 1931 ж. қоңыраухананы бұзып, кірпіштерін қоғамдық монша салуға тасып әкетеді. Челябинскте 1938 ж. іске қосылған трактор зауытының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында шіркеудің қоңырауларын ағытып, шіркеу мүліктерін таси бастайды. Кейіннен шіркеудің шарбақтарын кесіп, иконаларының көзін жоя-ды. Шіркеу ғимараты 1950-1970 ж.ж. астық, пен шаруашылық және құрылыс заттарын сақтайтың қойма ретінде, кейіннен мектеп тирі, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі ретінде пайдаланылады. Бұлардың барлығы шіркеу құрылысының бүлінуіне әсер етті. Ғимарат 1981 ж. облыстық музейдің филиалының қарауына өтеді.
1990 ж. шіркеу Орыс православия шіркеуіне беріледі. Қайта жаңғырту жұ-мыстары 2004 ж. жекелеген адамдардың қаржылай көмегімен жүргізіледі. 2010 ж. шіркеу қабырғаларын жаңғырту жұмысы аяқталады. Боровской ауылының тумасы То-был рухани семинариясының икона жазу мектебінің оқытушысы Андрей Гинтер өзінің шәкірттерімен шіркеу өрнектерін қайта қалпы-на келтіруге атсалысады. Күрделі жөндеуден өткен шіркеуді киелендіру рәсімі 2011 ж. өткізіледі. 2015–2017 ж.ж. жаңа күмбездер орнатылып, қоңырауханалар жаңғыртылған. Косьма және Дамиан шіркеуінің күмбезі Қостанай облысындағы ең үлкен күмбездердің бірі. Оның өлшемдері: диаметрі 8,5 м, биіктігі шамамен 13 м, салмағы 8 т. Архитектуралық стилі: эклектика.
Боровской ауылындағы шіркеу – Қостанай өлкесі зергерлерінен мұра болып қалған православ сәулет өнерінің тамаша ескерткіші, Кось ма және Дамиан шіркеуі – гүлдену, құлдырау және қайта гүлдену кезеңдерін басынан өткерген «тарихи тағдыры» ауыр бірегей шіркеу. Бүкіл ел болып, қайта қалпына келтірілген шіркеу.
Деректер
- Московский патриархат. Митрополичий округ в Республике Казахстан. Костанайская и Рудненская епар-хия. URL: http://kst-eparhiya.kz
- Народный каталог православной архитектуры. URL: http://sobory.ru/
- Чернов А. Храм Косьмы и Дамиана // Сельские вести. - 1992.
- «Костанай и Костанайцы!» URL: http://kostanay1879.ru/ Шило М. Святой источник // Костанайские новости, 2015 // URL: http://kstnews.kz/newspaper/143?node=21121
- Шинкоренко О. Архитектурная жемчужина края (12/11/2016). URL: https://liter.kz/ru/articles/show/25652-arhitekturnaya_zhemchuzhina_kraya