№ 9-қорғанның құлаған жене де ұсақ тақта тастар, малта және киыршық тастардан тұратын үстіндегі бір қабат тастарын алу барысында өте күрделі жер бетіндегі құрылыс байқалды. Ұсақ тақта тас, қиыршық тас және малта тас үйінділерінен тұратын, №9 қорғандағы құлаған және де үстіндегі бір қабат тастарын алғанда астынан өте күрделі жер беті құрылысы көрініс берді. Бірнеше қабат үлкен тақта тастар «балық қабыршығы» принципі бойынша орналасып платформаның негізін құрайды. Барлық аудан бойынша, жоғарғы жақтары ортадан сыртқы қоршау тастарға бағытталған, үлкен тақта тастар (ұзындығы 80 см-ге дейін, қалыңдығы 15 см-ге дейін) тығыз орналасқан. Осылардың үстінен ұсақ тақта тастар, тетіктерді және де бетін тегістеу үшін қойылған. Тақта тастардың орналасуы, қорғанның ортасына бағытталған біржақ қабырғалары көтеріңкі, қырымен қойылған құрылысты құрайды. Осылай орналастыруы, негізгі салмақты өзіне алып, үстіндегі тастарды сырғып кетуден сақтап қалады. «Балық қабыршықты» қалау мүмкіндігінше мықты байланысты фундаменттің негізін құрайды. Қабырға-қоршауының қалауында да осындай тәсіл қолданылады, үстіндегі үйінді тастар сырғымау үшін тақта тастардың бір жақ қабырғалары көтеріңкі қойылған.

Қоршауға жақындағанда (шамамен қорғанның шетінен 4,65 м) үлкен тақта тастардың қисаю бұрышы үлкейе түседі (80 см-ге дейін). Олардың арасына (қатар арасына) ұзыншақ блоктар (негізінен брус тәрізді) жер бетіндегі құрылыстың түбіне периметр бойымен қойылған. Сипаттаған байламалар тіреудің (крепида) негізін құрайды. Брус-тастар, негізгі қаланған тастарға көлденең қойылған, демек құрылысқа қосымша беріктік береді. Тігінен орналастырылған тақта тастар да осындай қызмет атқарады. Гидроизоляциялық қорғанышқа көп мән берген.

Тіреу, сыртқы қоршауы, қорғанның жиегі ұсақ малта тастармен толтырылған. Малта тастар үлкен тастардың арасындағы қуыстарды толтырып, құрылыстың беріктігіне себеп болған. Қоршаудың сырт жағында малта тастар ұсақ тақта тастармен араластырылған, яғни бұл тастардың сырғып кетпеуі үшін жасалған. Ең сыртқы қоршау, бұрынғы күндізгі жер бетіне, биіктігі 107 см-ге дейін, ені 43 см-ге дейін блоктардан қаланған және де жерге 10 см үңгілген іші-сырты ұсақ тақта тастармен толтырылған биіктігі 75 см-ге дейін, ені 30 см-ге дейін тақта тастардан қойылған. Осылар территориясын қоршап тұрған.

Қорғанның негізі рет-ретімен платформаның үстіне қойылған орта қалыпты тақта тастар. Жер беті құрлысының үстін түгелдей ұсақ тақта тастар және малта тастар сыртқы қабат ретінде үйген. Нақты пішін беретін, қорған бетін жапқан 3-4 қабат ұсақ тақтатастар гидроизоляциялық қабаттың да қызметін атқарады. Бұл қорған құрылысының соңғы сатысы болып табылады.

Жерлеу қабірін тік немесе шамалы қисайған қабырға-қоршаумен жинаған, тіреу түбіне дейін жетуі ықтимал. Негізінен қоршау ортадан шетіне қарай бағыттала орналасқан үлкен тақта тастар сондай-ақ оларға көлденең қойылған брус тастардан тұрады. Бұл құрылысқа белгілі бір мықтылық береді. Толтырушы қызметін ұсақтау тастар атқарды. Қабырғаның беті жалпақ тақта тастармен жабылған, демек, тегіс емес жерлерін жауып тұру үшін және де бұл қорған үйіндісіне күмбез пішінін береді.

Ішкі құрылыс (қабыр шұңқырының үсті) ұсақ тастармен қатар ірі тастар да қолданылған, тақта тастардың сырғып кетпеуі үшін. Осындай қызметті орта шеніне тігінен қойылған тақта тастар да атқарған. Тіреу үйіндіні төккен сайын биіктігі көтеріле береді.

Жерлеу камерасы тереңдігі 3,5 метрлі төртбұрыш тәріздес шұңқырдан тұрады. Бөрене тәріздес ағаш жабу қалдықтары ішінде сақталып қалған, қабір шетіне орналастыруы ықтимал. Қабірдің солтүстік-батыс бөлігі, жылқы жерлеуі бірнеше қабат тастармен жабылған, сондай-ақ жылқы жерлеу бөлігінің аяқ жағында тігінен көлемі 95*27*17 см сынтас (стела) орнатылған. Жерленген бес жылқылардың үстілерінің кейбір жерлері ғана қайыңтозбен жабылған. Ат әбзелінің ресми түрлері сақталған: ауыздық, скульптура түрінде көрсетілген бүркіт-грифонның басы, қалқан. Ат әбзелінің негізгі бөлігі сақталмаған, бұған тонаушылардың тоң қабатын жоғалтып қабір ішіндегі температуралық режимді бүлдіруі себеп. Стеладан басқа назар аударалық солтүстік бұрышта орналасқан бұтағы бар бүтін ағаштан жасалған саты. Яғни бұл рәсімдік рөл атқарған.

Адамды бір белдеулі қима ағашқа жерлеген (сур. 1). Қима ағаштың ішінде, колоданың қасынан, мөлшері алғашында киізбен жабылған, әйел адамның (?) сүйегінің қалдығы табылды. Дене, жақ сүйектерін тонаушылар бүлдірген. Бірге жерленген заттардан сырға, түйірлермен безендіріліп сары металдан жасалған, бел жағында қынындағы (?) айна, үккіш (үгуге арналған тастан жасалған ыдыс), сүйектен жасалған жебе ұшы. Ер адамның мәйіті алғашында колода ішінде жерленуі мүмкін, бірақ ол да бүлдірілген: оның сүйектері қима ағаштың сыртына лақтырып тасталған. Бұл сүйектер үйіндісінде қосалқы жерленген заттары табылды (ішінде өсімдіктің дәнегі бар сегіз таспен безендірілген кішкентай қола ыдыс-курильница, қола және сүйектен жасалған жебе ұштары, ағаш сфинкс фигурасы, сары фольгамен апталған, түймелер, қапсырмалар). Бұл жерлеу салты шамамен б.з.д. 3-4 ғғ. жатады.

№ 9а объектісі бірнеше рәсімдік қоршаулардан тұрады. Бұл рәсімдік кешен шығыстан батысқа қарай ұзыннан созылып жатыр, №9 қорғанның шығыс жағында орналасқан. Ол №9 қорғанның шығыс жақ жиегінде екі сопақша келген қоршаудан және де айналасында бірнеше кішкентай қоршаулардан тұрады.

2006 жылғы жұмыстарымыздың нәтижесі арқасында Қазақ Алтай ерте көшпелілер тайпаларының жерлеу ғұрыптарын, басқа дүниеге өту салттарын байқауға көзқарасымызды арттыра түсіреді.