Қорымның құрылымын анықтау мақсатында 2004 жылы ескерткішке жақын жатқан қорғап-қоршауға қазба жұмысы жүргізілді*. Сонымен бірге Ә.Х.Марғұлан біршама зерттеген орталық қорғап-қоршаудың қазіргі жағдайы мен алдағы зерттеу болашағы анықталды.

Қорым 1946 ж. ОҚАЭ-ның барлау жұмыстары барысында табылды, ал 1972 ж. Ә.Х.Марғұлан үш үйіндісіз қоршау мен біздің зерттеулеріміздің негізгі нысанасы болып белгіленген қорған-қоршауды зерттеді1. Қазба жұмысы барысында сыртқы қабырға бойымен кішірек алаң (орташа есеппен 1 м аралықта), I - IV (камера-отсектер) радиалды секторлар кіретін құрылыстың батыс бөлігі, оңтүстік-батыс қабырға бойымен орналасқан қосымша құрылыс және орталық жерлеу камерасы ашылды. III және IV секторлар толығымен тазартылды, олардың ішіндегі шой тастар және еденді жапқан тас қабаты алынды. I және II секторлар еденге дейін тазартылды, бірақ еденнен төмен тереңдікке түскен жоқ. Құрылыстың үлкен бөлігі, оған тиіп жатқан кеңістік, сонымен қатар конструкцияның (5 секторы) барлық шығыс бөлігі және құрылыстың жанындағы аудан 1972 ж. қазба жұмыстары кезінде қазылмай қалған.

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ОҚАЭ-ның қорған тобы ескерткіштің қазіргі жағдайын бағалау, тиіп жатқан аудан мен орталық қорған қоршауын зерттеу және ескерткіштің қирауына қарсы сақтау шараларын жүзеге асыруды көздеп отыр.

Қорған қоршауын зерттеу біздің алдымызға бірқатар тәжірибелік және әдістемелік сипаттағы міндеттерді қойды. Нысана археологиялық зерттеулерге ұшырағандықтан, зерттеу жұмыстарына арнайы амал-тәсілдерді пайдалануды көздеп отыр. Өйткені кейбір бөліктері жоқ болуы немесе өзгеруі мүмкін. Мысалға 1972 ж. қазба жұмыстарына дейін, қорған қоршауы үйіндімен қоршалған, қабырға периметрінің сыртын бойлай, секторлардан шығарылған тас аралас отвал қазба орнының сыртына шығарылып, алғашқы үйіндіні жапқан. Археологиялау стадиясына кірген 1972 ж қазба жұмыстарынан қалған отвал және конструкцияның кейбір элементтері, алғашқыдан бұзылмаған бөлігін құрайтын қабырға фрагменттерін бойлай (солтүстік-батыс және солтүстік -шығыс) орналасқан отвал конструкцияға жанасқан және қазіргі кезде сыртқы кеңістікті тазалау барысында бірнеше байланыстырушы элементтер бөлініп шығарылды.

1972 ж қазба жұмыстарынан кейін ұзақ уақыт ашық күйде болған ескерткіш табиғи және туристер мен жергілікті халықтың әсерінен қирауға ұшырады. Біршама ашық оңтүстік-батыс қабырғасы сыртқа қарай құлаған.

Қандай-да болмасын археологиялық зерттеулер ескерткішті бұзатынын ескере отырып, қорған қоршауындағы жұмыстарының басты принциптерінің бірі тазалау барысында қабырға және қоршаудың құлаған немесе араласқан элементтеріне минималды түрде әсер ету болып табылады.

2005 ж басты міндеттердің бірі 1972 ж. қазба жұмыстарының тас-топырақ отвалдарын шығарып, үйіндіні тазалап, құрылыстың элементтерін анықтау, сондай-ақ қазылмаған бөлігінің жоғарғы деңгейін, ашық секторлар мен қабырғаларын тазалау; қоныс пен оба территориясын қосатын Айбас өзенінің оң жағалауының топографиялық және конструкциялық жалпы планын құру болып табылады. Сонымен қоса тағы да бір басты міндеттерінің бірі құрылыстың архитектуралық ерекшеліктерін (қабырға мен қоршаудың, секторлар ішіндегі қалануы, тас жәшік пен оны айнала қаланған қабырға) анықтау болып табылады.

2005 ж. қазба орнының жалпы ауданы 500 ш.м. құрады. Осы жылы сыртқы қабырғалардың айналасындағы тасты топырақ отвалының тазартылуы басталды, нәтижесінде шамамен 30-50 см тереңдікте отвалмен жабылған үйінді ашылды. Оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс қабырғалары бойындағы үйіндіні алғаннан кейін, шамамен 1 м қашықтықта қабырғаны бойлай тасты құмдақты-галькалық валик орналасқан (мүмкін валик жақын қашықтықта болуы мүмкін, бірақ қабырға маңындағы аудан Ә.Х.Марғұланмен зерттелген). Валик құрылысты салу кезінде шұңқырдан шығарылуы мүмкін.

Солтүстік-батыс қабырғасының жанында конструкцияны салғаннан кейін, қалған тас қалануы мен сары саз балшық іздері көрінеді. Нөлдік реперден 30-40 см тереңдікте материк анықталды.

Сонымен қоса I - IV секторлары шөгінді мен беткі топырақ қабатынан ашылып, тастармен жабылған, әлі зерттелмеген құрылыстың шығыс бөлігі тазартылды. Қабырғаны байланыстыратын радиалды қоршаулар анықталып, құрылыстың орталығында орналасқан тас жәшік тазартылды. Жәшіктің солтүстік-шығыс қабырғасы жартылай опырылып қалған. Шығыс бұрышта орналасқан менгир тәріздес тас сынып, жоғарғы бөлігі жәшіктің ішіне құлаған (Ә.Х.Марғұланның анықтауы бойынша жәшіктің кіре берісін көрсеткен). Жерлеу камерасының солтүстік-шығыс қабырғасының сыртқы сылағын құраған ірі тік плиталары мен тастары жәшіктің ішіне опырылып түскен.

1972 ж. қазба орнын тазалау жұмыстары құрылыстың құрамының сыртқы қабырғаларының, сектор аралық радиалды қоршаулардың, олардың түбіндегі тас қабаттың, жерлеу камерасының қабырғаларының сылануының конструкциялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта біз құрылыстың келесі кұрылымын анықтадық. Құрылыстың негізін тігінен қойылған үлкен тас плиталардан тұратын, қабырғасы бар орталық жерлеу камерасы құрайды. Жерлеу камерасының қабырғаларының кейбір бөлімдері таспен қаланған. Камераның тік қабырғаларын сыртынан әр көлемді плиталармен жатқызып орналастырған. Камера негізінен жалпақ плиталардан құрылған, олар жәшіктің тік қабырғаларын ұстап тұруға арналған. Камера мен сыртқы қабырғалар арасындағы ішкі кеңістік радиалды қоршаулармен секторларға бөлінген. Секторлардың түбі тастармен қаланған. Қоршаулар да қабырғалар сияқты реттеліп бірнеше қатарға қойылған тастармен қаланған.

Зерттелмеген қорған қоршаудың шығыс бөлігін тазаламақ бұрын, құрылыстың негізгі конструктивті элементтерімен танысып, зерттеу жұмысының одан әрі жүруінің алдын-ала жоспарын жасауға мүмкіндік берді.

Қорғанмен қатар жақын жатқан территорияның зерттелу жұмыстары жүргізілді. Қорғаннан шығысқа қарай өзеннің бұрылысынан кейін (ағыстың жоғарғы жағында) қоныс табылды. Ол ши өскен биік емес саз балшықты төбеде орналасқан. Қоныс ауданы 300 ш.м - ден жоғары. Беткі қабатынан керамика фрагменттері, сүйек сынықтары және тас бұйымдар табылды. Саз балшықты төмпешікте көлемі 2*2,5 м. болып келетін анықтау шурфы салынды. Мәдени қабат дерн астында 10-15 см тереңдікте орналасқан. Мәдени қабаттың қалыңдығы 35-40 см. құрады. Шурфтің оңтүстік бөлігінде тереңдігі 270 см. болып келетін, күлмен толтырылған шұңқыр анықталды. Шұңқырдың ішінен көп мөлшерде қыш ыдыстарының фрагменттері, сүйек және қола бұйымдарының сынықтары кездеседі.

Қыш ыдыстарының фрагменттерінің алдын ала анализі (оюы мен жасау технологиясының) қонысты қола дәуіріне жатқызады.

2005 ж. қазба жұмыстарының нәтижесінде 1972 ж. қазба орнынан шыққан отвалмен жабылған аудан зерттелінді. Жұмыс барысында құрылыстың архитектуралық ерекшеліктері мен қирау анализдерін ескере отырып, археологиялық жұмыстардан кейін ескерткішті сақтау жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы көзделіп отыр. Сыртқы қабырғалары мен жерлеу камерасының конструкциясының жалпы планы жасалынып, суретке түсірілді. Айбас өзенінің оң жағалауының және қоныс пен қорған орналасқан ауданның топографиялық планы жасалынды.

 

*Курманкулов Ж.К., Ишангали С.К. Исследования на могильнике Айбас Дарасы. Мемлекеттік «Мәдени мұра» багдарламасы бойынша 2004 ж. Археологиялык зерттеулер жайлы есеп. Алматы, 2005. С. 143-147 80

Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана!. Алматы, 1998. С. 207-210