Қоныста жүргізілген биылғы далалық зерттеу өткен жылғы қазба жұмыстарының жалғасы болып табылады. Батыс және шығыс үй шұңқырларының арасындағы учаскеге зерттеу жұмыстары жалғастырылып, барлық шаршы түбі мен жиектері алынып тасталды. Содан кейін қазбаны солтүстікке қарай кеңейту жұмыстары жүргізілді.
Шығыс учаскенің осы бағыттағы үй шұңқырларының арасындағы кеңістіктегі шекарасын анықтау үшін, солтүстік жағынан 10-11 сандары бойымен екі қатар, ал шығыс жағынан жерде жер үсті балқыту құрылысы бар шығыс металлургиялық шұңқырдың айналасындағы учаскені зерттеуді аяқтау үшін «Г» әрпі бойымен шаршы салынды.
Батыс учаскесінде қазба жұмысын кеңейту солтүстік бағытта 11 санының бойымен О, П, Р, С, Т шаршыларында және «12-13» сандарының бойымен У, Ф, Х, Ц, Ч шаршыларында жүргізілді. С11-Т11 шаршыларында көрініп тұрған төмпешіктің астына қарай созылған батыс ӨТК (өндірістік тұрғын-үй кешені) үй шұңқырлары арасындағы кеңістіктің солтүстік қабырғасын зерттеуді аяқтау ұйғарылды. Бүл шығыс ӨТК батыс қабырғасына ұқсас қабырғаның кесіндісі шығар деген сенім бар.
Батыс учаскесінің оңтүстік-батыс секторында өзен арнасының үстіне ілініп тұрған алаңқайда орналасқан Ч7-Ш7 қос шаршылары салынды. 2 қазба орнында былтырғы жылдан қалған шаршы жиектері алынып, шұңқырдың айналасында ойық толығымен және құдық болып шыққан шұңқырды тазалап, әрі қарай толығымен зерттеу жалғастырылды.
Шығыс учаске. ӨТК батыс қабырғасын зерттеу жалғастырылды. К9-Л9 шаршыларындағы үй шұңқырлары арасындағы кеңістіктің қабырғасы солтүстік-шығыс бағытта К10-Л10 шаршыларына қарай бұрылып кетеді де, К10 шаршысының оңтүстік-батыс бұрышынан оның солтүстік-шығыс бұрышына қарай жартылай шеңберді құрайды. Осы учаскеде үй шұңқырларының арасындағы кеңістік қабырғалары мен бөлменің ішкі жағының үстін жаппай сүйектің жұқа қабаты байқалатын сүр күлді-құмды мәдени қабаты басып жатыр. Осы қабаттың үстінде кепкен, сұрқай қоңыр түске айналған тығыз қоңыр саз тұтасып қалған. Саз негізінен шаршының солтүстік жартысында және шығыс қабырғаны бойлай қатып қалған. Үй шұңқырлары арасындағы кеңістіктің қабырғасы астында оңтүстік-шығыс жағында, қираған әрі қопсыған топырақпен толы ойық жер бар, бірақ оны тазалау келесі жылға қалдырылды.
Биылғы жылы металлургиялық шұңқыр үстінде орналасқан құрбандық аланының көпқабатты болуына байланысты, солтүстік қабырғаны толығымен зерттеу аяқталмады. Ж10-310-И10 шаршыларында орналасқан құрбандық алаң кешенінің біршама бөлігі ғана зерттелді. Үй арасындағы кеңістіктің басқа аймақтар бедеріне қарағанда өзгеше екенін байқауға болады. 9-10 сандарының бойындағы Д-Ж-З-И-К шаршыларының стратиграфиясы төмендегідей:
1. Өсімдік тамырлары бар сумен ағып келген жұқа қабат;
2. Одан төмен қарай қоңыр және ашық қоңыр түсті нығыздалған саз қабаты, ал кейде төменгі қабаттармен араласып кеткен күйген қоңырқай топырақ қабаты кездеседі;
3. Ен қалың қоңыр түсті қатты саз қабаты. Осы қабатпен құрылыс шұңқыры толтырылған, әрі қарай саз қабаты тереңдеген сайын сұрғылт қоңыр, одан төмен сұр түске айналады. Ж10 шаршысында сүр қабат құрбандық алаңынан жоғарыда жатыр. Екеуінің арасын күйген қоңырқай қабат бөліп тұр.
Құрбандық алаңы. Биылғы далалық жұмыс кезінде Ж10-310-И10 шаршыларының жоғарғы қабатында кездескен құрбандыққа шалынған мал сүйектері зерттелді. Бүтін және мүшеленген төрт ірі мал сүйегі тазартылды. Батыс бөлікке орналастырылған 1-ші мал сүйегі қабырғалы омыртқаның жоғарғы және төменгі бөлігіне дейін анатомиялық тәртіп бойынша арқасына жатқызылған. Омыртқасы БСБ-ОШО бағытына қарай қисайса, ал басы мен мойыны солға, бет-пішіні батысқа қаратылған. 2-ші мал сүйегі 1-шіге қарағанда шығысқа орналастырылып, 14-ші омыртқадан бөлінген алдыңғы бөлігі сол күйінде жатқызылған, ал басы 1-ші малдың қарнының қасына қойылған күйінде 3 бөлшекке бөлінген. Басы он жағына, ал мойыны шығысқа бағыттала қисайтылған, бірақ кеудесі солтүстікте орналасқан. Мал сүйегінің ортаңғы бөлігін бірінші бөліктің батыс жағына жатқызған. Қабырғалы омыртқадан, жамбас және құйрық сүйегінен тұратын 3-ші мал сүйегінің бөлігі алдыңғы екеуіне қарағанда О-Ш – С-Б бойында шығысқа қарай орналастырылған. Барлық мал сүйегінің бөлшектері арқасымен жатқызылған. Тізе астынан үккіш сынығы табылды. 1- ші мен 2-шінің О-Ш жағында орналасқан 3-ші мал сүйегінің басы 1 мал сүйегінің алдыңғы аяқтарының оң бөлігінде, ал мойын омыртқалары 2-ші мал сүйегіне қарай жатқызылса. желкесі төменге қаратылған күйде бетін батысқа берген 2-ші мал сүйегінің қабырғалары мен омыртқаларына, жақтың солтүстікке құлаған төменгі бөлігі жақын орналасқан. Алдыңғы аяқтарын қоса есептегенде бас пен алты омыртқа бірінші бөлікке кіреді. Қабырғалы жеті омыртқадан тұратын мал сүйегінің екінші бөлігі солтүстіктен оңтүстікке бағытталса. алдыңғы аяқтары солтүстікке жатқызылған. Осы сүйектердің астынан керамика сынықтары. ірі мал сүйегінен жасалған орақ тәріздес құралдар табылды. Мал сүйегінің үшінші бөлігін анықтау кезінде шығыста орналасқан артқы аяғы жатқызылса, кейін зерттеу барысында оның 4-ші мал қаңқасына жататыны белгілі болды. Мал сүйегінің үшінші бөлігіне 4-ші мал қаңқасы мен жауырыны үстінде жатқан омыртқа тізбегі жатқызылды. Сонымен 3-ші мал сүйегі негізінен 310, аздап И10-Ж10 шаршыларында орналасқанын анықтадық. Өзгесінен бөлек Ж10 шаршысында 4-ші мал сүйегі толығымен орналасқан. Шаршының солтүстік- шығыс секторында жатқан ысқылағыш тас тақтаның қасында желкесі төменге қараған, ал жақтары оңға қарай бір-бірінің үстіне құлаған бас сүйек қаңқасы тазаланды. Бас сүйегінің сол жағында мал сүйегінің артқы аяғы, ал мойын омыртқасының үстінде жауырын, қасында сол жағында алдыңғы аяқтары жатқызылған. Жауырынның төменгі бөлігінде қабырғалы омыртқа тізбегі қисайып солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасқан. Оның астында мүшеленген жауырын мен алдыңғы сол аяғы жатыр. Омыртқаның шығыс-солтүстік-шығыс - оңтүстік-батыс бойлығында артқы аяқпен бірге 4-ші мал сүйегінің қабырғасы мен омыртқаларының үстінде кесе көлденең қысқа қабырғалары бар 1 () омыртқа тізбегі 3-ші мал сүйегіне жатады. Соның астында солтүстікке қарай мүшеленген жауырын мен алдыңғы аяқ бөлшегі табылды. Сонымен бірге Ж10 шаршысының оңтүстік-батыс бұрышында мал сүйегінен 10-15 см. төмендікте ыдыс сынығының бүйірі мен ернеуі және ірі үккіш тас тақтайша тазаланды. Ірі мал сүйегінен тазаланған алаңқайдың келесі қабатынан шыға бастаған ұсақ мал қаңқаларын толығымен тазартуды келесі жылға қалдырдық. Сонымен металлургиялық қабат пен үй арасындағы кеңістіктің табаны болып есептелетін саз ірге деңгейінде орналасқан шұңқыр мен тас жәшікті құрбандыққа шалынған ірі және ұсақ мал қаңқалары жауып тұр.
Батыс учаскесі. Өндірістік тұрғын-үй кешенінің солтүстік қабырғасын толығымен анықтау үшін 11 санымен Н-О-П-Р-С-Т шаршылар бойына қазба орны белгіленді. Р11-СИ¬ТИ шаршы алаңдарында қазба жұмысына дейін, тұрғын-үй қабырғасын еске алатын төмпешік көтеріп тұрды. Төмпешіктің шығыс және батыс жағында сұр қабатқа дейін жоғары беті бұзылғандығы, бірден кішірейгені байқалады. Тазаланған қабаттың астынан үй шұңқырының арасындағы кеңістіктен Ф11-У11 шаршыларымен жалғасатын баспалдақтың түрі айқын көрініп тұрған аласа қабырғасы табылды. Т11-С11-Р11-П11-011 шаршылары арқылы өткен қабырғасы бұрылыс жасап, 010 шаршысына түседі. П10-Р10-С10-Т10 шаршыларында қабырға біртіндеп төмендеген түрінде көрініс тапқан. Батыс бағытта Т11 шаршысынан қабырға бастапқыда солға қарай бұрылғанымен, бірақ оның негізі У11-Ф11- Х10-Ц9 шаршыларының шеңберінде орналасқан. Артынша оңтүстік жағынан Ч7-Ш7 шаршыларынан барып шығады. Нәтижесінде батыс ӨТК үй шұңқырлары арасындағы кеңістік алаңының үлкен бөлігі зерттелді.
Т11 шаршысының оңтүстік-шығыс секторында жиегі саз-балшықты, жайдақ алаң деңгейінде шығарылған шұңқыр орналасқан. Солтүстік және батыс жағынан, шұңқыр үй шұңқырлары арасындағы кеңістіктің қабырғаларымен астасып кетеді. Шұңқыр оңтүстік- батыс, солтүстік және солтүстік-шығыс жақ қабырғаларында қуыстары немесе бағана орны болуы мүмкін ойықтар бар. Үй шұңқырлары арасындағы кеңістік шұңқырға оңтүстік-батыс жағынан келеді және солтүстік-шығыс, одан ары шығысқа қарай жалғасады. Сопақ созылыңқы түрдегі шұңқырлардың үстінгі жағынан өлшемі 110*80 см. ойықтарымен және науаларымен қабырғалары біркелкі емес кертілген шұңқыр жиегінен 30-40 см. тереңдікте ұсақ және ірі қара мал сүйектер жиынтығы: бас сүйектер, мүйіздер, қабырғалар, жауырындар, омыртқалар, жамбас және сирақтары аршылды. Қазіргі тіршілік қабатынан 55-70 см. тереңдікте СП шаршысының оңтүстік-батыс секторында, шығысқа қарай 40-45 см. жерде жануарлар сүйектері толы ұқсас шұңқыр табылды. шұңқыр оңтүстік-шығыс жартысында дұрыс емес алмұрт түрінде, солтүстік-батысқа қарай созылыңқы, диаметрі 60 см. болып дөңгелене келген. Шұңқырдың жалпы ұзындығы 100 см. шамасында. Шұңқырлар бір-бірімен шамамен ені 26-30 см. болатын кедір-бұдырлы арықпен байланысқан. Солтүстік жағынан арыққа ортасында ойығы бар науа келіп қосылады. Шаршының қалған жеріндегі ойықтар мен шұңқырлар тазартылды. Т11-С11 шаршыларының түрлі деңгейінен ыдыс сынықтары, сүйек және тас бұйымдар, жануар сүйектері табылды.
II қазба орнындағы құдық болып шыққан орынды зерттеу қазіргі тіршілік қабатынан 2 м. тереңдікте жүргізілді. Оңтүстік, солтүстік және шығыс жағынан шұңқырдың айналасында ойықтар, шұңқырлар мен науалар қолдан жасалған саз төмпешіктер бар. Бұлар бастапқыда металлургиялық шұңқыр деуге негіз болды. Шұңқыр негізінен біртекті күлді-топырақты, қиыршықты қоңырқай түсті, кепкен кезде сұр түске айналған аздаған мәдени қалдықтардан тұрады. Шұңқырдың шығыс қабырғасын бойлай тігінен еңкіш теле қойылған үш тас тақтайша және солтүстік қабырғасында төртіншісі сақталған.
Жұмыс нәтижесінде керамика, сүйек, тас бұйымдар және сонымен бірге адам қаңқалары табылды. Қоныс тұрғындарының металлургиямен айналысқанын руда, шлак, мыс құйма сынықтары, күйдірілген сылақ қалдықтары және металлургтердің құралдарынан көруге болады. Қоныстан андрон ыдыс сынықтарына, алакөл және сарғара типіне жататын керамикалық материалдар кездеседі. Қоныстың өмір сүрген уақыты б з.д I мыңжылдыктың II жартысы – б.д. ІІ-І мыңжылдықтары деп мерзімделеді.