Шығыс жағында 6*35 м, батыс жағында – 5*35 м. Мұнда жоғарғы құрылыс қабаты деңгейімен тұрғын және шаруашылық бөлмежайларының қалдықтары қазылып алынды. Тұрғын жай орындарында суфалар мен тандырдың табандарының болғаны анықталды, ал шаруашылық бөлмежайлардан төселген ұсақ қиыршық тастың, қамбаның қалдықтары табылды.

Аршу кезінде металдан жасалған тұрмыстық заттар (темір, қола), археологиялық бүтін жылтыратылмаған ыдыстар, асханалық қазандар, қыш құмыралар, құмыралар, шырақтардың сынықтары кездесті. Ыдыстардың коллекциясы, темірден жасалған заттар (әртүрлі өлшемдегі пышақтар, жебенің ұштары, аттың тағасына арналған шегелер, тағалардың, шақпақ тастың оттығы; қола пластинка- жапсырма, ат әбзелдерінің тоғалары) бұрынғы жылдардағы табылған коллекциялардың түрлеріне сәйкес келеді және ол уақыты жағынан ХІІ-ші ғасыр мен ХІІІ-ші ғасырдың бас кезіне жатады.

Жоғарғы құрылыс қабаты алынғаннан кейін келесі құрылыс қабатына дейін қазба жұмысы жалғастырылды.

Шығыс жақ бетіндегі екі аршылған бөлмежайдан тік ернеуі бар күйдірілген керамикалық тұғыр түріндегі санитарлық құрылғы табылды. Бір бөлмежайда қатар орналасқан осындай екі тұғыр кездесті, олардың сол жағында сіңіргіш құдық-шұңқыр бар, оның түп жағы орташа мөлшердегі құмыра тәрізді ыдыстың ойығымен көмкерілген. Тұрғын жай бөлмелерінде суфалар жақсы сақталған, оған бір немесе екі тандыр орнатылған.

Жылтыратылмаған керамикалық ыдыстардың ауқымды коллекциясы табылды: асханалық және шаруашылық-тұрмыстық мақсатқа арналғандар (қазандар, қыш құмыралар, тостағандар, сүт құйғыштар, шырақтар, қақпақтар, дастархан бөліктері, жылжымалы ошақтар). Жылтыратылған керамика жазулары өрнектері бар тостағандар түбінің сынықтары арқылы белгілі болды. Ол сынықтарды жинаған кезде бұйымның пішінін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік жасайды. Әйнектің коллекциялары да бар, бұл әйнек бұйымдарының сынықтары және ұсақ жарықшақтары.

Жылтыратылмаған керамикадан жасалған бұқаның мүсіні сирек кездесетін олжаның бірі болып табылады. Танауына кигізілген сақинаның қалдықтары бар бұқаның үлкен басы, мүйізі жақсы сақталған, денесіне ойықтармен және еспе түрінде терісінің түгі бейнеленген.

Екінші құрылыс қабаты деңгейінің мәдени қабаты ХІ-ХІІ ғасырларға жатады.

Қазбаның батыс бөлігінде квартал аралық аумақ қазылды. Аршылған жерге қарағанда сарай қабырғасының ығысуы есебінен көше шамамен 0,5 метрге кеңейді. Ұзындығы 5,5 м үлкен көшенің кесіндісі аршылып, қалпына келтірілді. Квартал аралық көшелердің одан кейінгі бағыты анықталды. Жолды тазалау барысында монеталардың (теңгелердің) едәуір бөлігі (әртүрлі дәрежеде сақталған 15-тен артық, олар негізінен мыс дискілер), пышақтың сынықтары, жебенің ұштары, кілттер, сырғаның сынықтары, көзі жоқ жүзіктер, ат әбзелдерінің сақиналары мен тоғалары, теріден жасалған белбеулердің жапсырмаларының бөлшектері табылды.

Квартал ішілік көше төменгі (2-ші) құрылыс қабатының ауласымен және құрылыс құрылымдарымен бір деңгейде орналасқан. Шығыс және батыс кіретін жерді қосатын орталық көшені зерттеу жалғастырылды. Өткен жылы қазылған учаскеге қосымша тазалау жұмыстары жүргізілді. Жолдың солтүстік жақ бойында жаяу жүргіншілерге арналған «тротуар» төселгені анықталды. Оның бет жағы негізгі жолдан 15 см биік, ол неғұрлым ұсақ қиыршық тастармен өрілген және негізгі жолдан ернеумен бөлінген. Тротуардың ені кей жерлерде 1,2 метрге жетеді. Тротуарды бұл маусымда түгелдей тазалап шығу мүмкін болмады, өйткені, ол ішінара қазбаның солтүстік шекарасында орналасқан.

Шығысқа қарай жүретін негізгі орталық жолдағы жұмыс жалғасып, қазіргі заманғы жолға келіп тірелетін ұзындығы 17 м кесіндісі аршылды. Бұл кесіндіде жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Бастапқы тазалау төселген тастарды аршып алды. Оның негізгі материалы ірі және орта өлшемдегі өзеннің ұсақ қиыршық тастары болып шықты. Тастар бір-біріне өте тығыз орналастырылып, бет жағы теп-тегіс болып шыққан. Тас төселген көшенің бұл бөлігінде (өткен жылдардағы жұмыстар учаскесіндегі сияқты) ірі тастардың өрілген жерінен ығысып шығуы жер сілкіністерінің ізі екендігін анықтадық.

2006 жылғы археологиялық жұмыстар маусымында Талғар ортағасырлық қаласын зерттеудің алдын ала жасалған қорытындысы ортағасырлық қала мәдениетінің урбанизациясы туралы алынған жаңа мәліметтер, қаланың жобалануы мен құрылысының салынуының жаңа элементтері қала тұрғындарының санитарлық-гигиеналық қамтамасыз етілуінің жоғары деңгейде болғандығын дәлелдейді. Қазба кезінде алынған материалдық мәдениеттің заттары өткен жылдардағы қазба жұмыстарының коллекциясын толықтыра түседі және ол тұтастай алғанда XI ғасыр және XIII ғасырдың бас кезіне жатады.