Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша ол егін шаруашылығымен айналысқан елдің орталығы болған1.
Ескерткіштің көлемі 80*130 м, төртбұрышты, бұрыштары төрт тарапқа бағытталған биік қорғанмен қоршалған. Ескерткішті 1959 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы ашып, 1960-1961 жж. барлаулық қазбалар жүргізіді. Қазба жұмысының нәтижесінде ескерткіштің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан бірнеше бөлмелер ашылып, біршама бағалы заттар табылды. Олардың арасынан ою-өрнегі бар сүйек пластиналарды, антикалық үлгіде жасалған жапырақ тәріздес әсем қола бұйымдарды, Сирияда жасалған өрнекті шыны ыдыстарды, түйенің тас мүсінін атап өткен жөн. Бөлме қабырғаларындағы сылақта полихромдық оюлар ізі сақталған.
Осы зерттеу нәтижесінде Баланды I бірнеше бөлмелелі үлкен ғимарат екені анықталып және де ескерткіш б.д.д. ІІІ-ІІ ғғ. жатады деп белгіленді2.
Бұл аймақ қайтадан 2006 ж. Шірік-Рабат археологиялық экспедициясының барлау тобымен зерттелді. 40 жылдық үзілістен кейін 2007 ж. тамыз айында бұл ескерткіште стационарлық археологиялық зерттеу жұмыстары қайта жалғасты.
Ескерткіштің стратиграфиялық жағдайы мен ішкі құрылысын анықтау үшін ескерткіштің оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігінде қазба салынды. Сонымен қатар Баланды І-дің қорғаныс жүйесінің сипатын анықтау керек болды.
Ескерткіштің оңтүстік-шығыс бұрышына салынған бірінші қазбаның көлемі 48 кв м (3-сурет). Жұмыс барысында қорғаныс қабырғасының ішкі жағы мен оған іргелес тұрғын үй қабырғалары табылмады. Дегенмен қорғаныс қамалын салу тәсілдері анықталды. Байқауымызша қабырға екі кезенде салынған. Әр кезең екі сатыға бөлінеді. Ең алғашқы қабырғаның ені 2 м, қоңыр түсті жұмбаздалған балшықтан тұрғызылған (1-кезең, 1-саты). Бұл қабырғада ғимараттың сыртына шығатын ені 0,8 м есік жасалған. Бұл есік ерте антикалық Хорезмнің Көне Үргеніштегі Кургашын-қала, Кырк-молла фортификациялық жүйесінде көп кездесетін конструкциялық элемент. Осындай шағын есіктер қорғанушылар немесе қамал халқының сыртқа байқалмай кетуіне арналған деген болжамдар бар. Ішкі жағынан қабырға мен есік жақтаулары сыланған. Кейбір жерлерінде сылақ қалыңдығы 5-7 см. жетеді. Бірқатар уақыт өткен соң бұл қабырғаға ішкі жағынан ені 1,8-1,82 м, биіктігі 0,8 м, сұрғылт қоңыр түсті мықтап иленген балшықтан салынған стилобат орнатылған сияқты. Бұл стилобат І-кезеңнің 2-сатысына жатады. Сонымен, ерте кезеңдегі сыртқы қорғаныс қабырғасының ені 4 м аса болған. Ескерткіштің І-ші кезеңіне жататын мәдени қабаттар қазбаның орталық және солтүстік батыс бөлігінен шықты. Орталығында пішімі сопақша немесе төртбұрышты құрылыстың ені 3,15 м келетін бөлігі ашылды. Ол тұрғын үйдің ағаштан тұрғызылған алдыңғы бөлігі болуы мүмкін. Тұрғын үй І-кезең ішінде тіршілік еткен сияқты. Бұл жерден екі сатыдан қалған екі мәдени қабат табылды. оның төменгісі күл араласқан қара сүр түсті бірақ түйіршікті лайдан тұрса, оның үстінде сүр түсті тығыз лай қабаты жатыр. Осы мәдени қабат арасынан ернеуі сыртқа қайырылған дөңгелек қола тостағанның сынығы табылды. Ернеуінің диаметрі 19 см. Ол оңтүстік аймақтарда көп кездесетін б.д.д. ІІІ-ІІ ғғ. эллиндер кезеңіне жататын, ернеуі Г-тәріздес тостағандарға өте ұқсас3.
Стилобаттың үсті көлемі 50*30*12 см, 52*30*12 см, 50*25-27*10 см қам кірпіштен биіктігі 0,4 м өрілген. Осы кезеңде кіші есікте қаланып жабылған.
Сол уақытта, болмаса сәл кейінірек І-ші кезеңге жататын стилобатқа жанастыра, оңтүстік-шығыс қабырғадан 15-20 м арақашықтықта, қам кірпіштен қаланған ені 1,1-1,2 м, биіктігі 0,4-0,3 м қабырға салынған.
Бүл кезеңде бұрын салынған баспана қызметін тоқтатады. Оның үстінде 2-кезеңнің күлі көп мәдени қабаты басталады. Оның арасынан қолдан жасалған бірнеше асхана ыдысының бөліктері мен жануарлар сүйектері табылды.
Екінші қазба. Көлемі 4*4 кв м, қамалдың жақсы сақталған солтүстік батыс қабырғасының ішкі жағына салынды. Стратиграфиялық құрылым І-ші қазбадағыдан айырмашылығы аз. Қабырғадан аққан жұқа лай қабатының астында қалыңдығы 20-50 см келетін құлаған кірпіш қабаты, оның астынан қалыңдығы 50 см жететін аққан лай қабаттары, одан төмен 2 кезеңнің қарасұр түсті саз түйіршікті, мәдени қабаты аршылды. оның арасынан керамика сынықтары мен мал сүйектері және де қоладан жасалған кубок тәріздес ыдыстың аяғы табылды. Оның биіктігі 10,2 см, түбінің диаметрі 7,4 см. Кубок б.д.д. II ғ. бірінші жартысындағы Орталық Азия (Соғд, Бактрия) керамика ыдыстарына ұқсас4.
Бұл мәдени қабат астынан аралығында қалың лай қабаты бөліп тұрған ерте кезең мәдени қабаты байқалады. 2 қазбаның оңтүстік жағындағы сумен шайылып кеткен қорған қабырғасының салыну кезеңін анықтау мақсатымен қазған кезде оның нәтижесі бірінші қазбадағы тұжырымдармен толық сәйкес келді. Бірінші кезеңге жа- татын ені 1,5-1,6 м, сақталған биіктігі 1,7 м қабырға сапасы нашар пахсадан соғылған. Мұндағы блоктар арасы қалыңдығы 20 см жететін түйіршікті лай қабатымен толтырылған. Қабырғаның ішкі жағынан ені 1,5 м, биіктігі 0,7 м стилобат қабырғасы қосылған. Ол да сыртқы қабырға сияқты тұрғызылған екі қабырғалардың табандары бір деңгейде, яғни материкте орналасқан. Бүл жағдай қабырғалар бір уақытта салынғанын көрсетіп отыр. Осылайша, I Баландының алғаш салынған қабырғасы баспалдақ тәріздес болып шықты. Сыртқы қабырғаға жапсарлас салынған стилобат қабырға, жауларды ату үшін арнайы жасалған. Төменгі құрылыс үстіне ені 1,2 м келетін кірпіштен қаланған қабырға тұрғызылған. Екі қабат арасына қамалдың оқ атар (бойница ) тесіктері жасалған. Оның екеуі тазаланды. Олар үшбұрышты, биіктігі 55-60 см, ені 35-20 см. Едені ішінен сыртына қарай төмен, көлбеу салынған. 2-қазбадатүрғын үйдің қалдықтары әзірге табылған жок,. Алайда бұл жерде екі кезеңнің де іздері сақталған. Стилобат- қабырғаның үстінде екінші кезеңге жататын орнатылған ошақ табылды. Еден үстіне орнатылған ошақ қырынан қойылған қам кірпіштен төртбұрышты етіп өрілген. Өлшемі 55*37 см, оның шығысында тағы бір кішігірім d-40-55 см, іші күлге, күйдірілген сазға толы ошақ табылды. Ескерткіштің бірінші кезеңіне стилобаттың қабырғасының жанындағы текпішек жатса керек, ол төртбұрышты, биіктігі 24-25 см.
Қазба жұмыстардың нәтижесінде 200-ден аса қыш ыдыс сынықтары, оның 50-гежуығы ыдыстың түрін анықтауға жатады (кувшин тәріздес, тұтқасы жок, горшок). Олардың көбі (67 %) қолдан жасалған. Айналмалы тұғырда жасалған ыдыс аз. Ыдыс жасаған саз ішінде шамот дресва және де күйдірілген гипс көп. Осындай ыдыстар барлығы дерлік Шірік-рабат мәдениетіне тән. Осылардың арасында б.д.д. VI-IV ғғ. жататын керамика кездесті («ахеменид» археология кешені).
Баландыдағы зерттеулер жаңа басталса да бірқатар тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді. Қазба материалдары оның алғаш салынған кезі ертерек болғанын дәлелдейді. Атап айтқанда төртбұрышты қам кірпіштер мен түбі қиғаш сүйірленген қыш ыдыстар (Яз ІІ-ІІ типтес) ескерткіштің б.д.д. IV ғ. ортасынан ары салынғанын дәлелдейді. Б.д.д. II ғ. басынан бастап, бүкіл Орта Азия жерінде шаршы кірпіш (квадрат) түрлері пайда болады және де цилиндр-конусты ыдыстар кездеспейді. Оған қоса қоныстың ерте кезеңде пайда болғанын қорғаныс қабырғалардың ұзак, мерзімде салынғаны дәлелдейді. Алғашқы кезеңнің қабырғалары сапасы нашар пахсадан салынған. Ол сол кездегі құрылысшылардың құрылыс техникасын жақсы меңгермегендігін көрсетеді. Тек екінші кезеңнің сыртқы дуалы қамал салу архитектурасының, яғни сол кездегі хорезмдік тәсілдерінің заңдылықтарын сақтаған. Олар пахса үстіне қаланған кірпіш қабырға, оқ ату көздері. Сонымен I Баланды қорған ішіндегі үлкен үй деген тұжырым нақтыланбады. Өйткені, ескерткіштің біз зерттеген оңтүстік- батыс, оңтүстік-шығыс бөліктерінде күрделі тұрғын үйлер, баспаналар табылмады. Мүмкін ол ауласы үлкен усадьба болған шығар. Негізгі ғимараты солтүстік-батыс бөлігінде болса керек. Оны 60-жылдардағы қазбадан көреміз.
Қорыта келгенде, Баланды I Іңкәрдариядан су шығарып егін еккен бірнеше ауыл ортасына салынған. Оның ішінде мүліктер, азық-түлік сақталған, керек кезінде берілмес бекініс орнына айналған. Осындай ғимараттар Хорезмнің ерте антикалық кезеңінде кең тараған (Кургашин, Аязқала қоныстары). Баланды I сияқты қамал-мекендер Іңкәрдария мен Жаңадария бойында да мол кездеседі.
1. Андрианов Б.В. Древние оросительные системы Приаралья., М. 1969. 200 б.
2. Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М. 1962. 172-1 74 б.б.
3. «Керамика Хорезма» М. 1959. М.Г Воробьева. «Керамика Хорезма античного периода» 109-111 б.б.
4. «Керамика Хорезма» М. 1959. М.Г Воробьева. «Керамика Хорезма античного периода» 114-1156.6.