Бұл ескерткіш Іле алқабындағы ең үлкен қалашық. Ол Ащыбұлақ өзенінің жағасында орналасқан. Қаланың аумағы биіктігі 3,5-4 метр биіктіктегі қабырғамен қоршалған, қаланың жобасы дүниенің төрт жағына қаратылған сопақша төртбұрыш пішінді. Солтүстік-шығыс қабырғаның ұзындығы 1200 м, оңтүстік-шығыс жағы 750 м, ал қаланың оңтүстік-батыс жағы тауға келіп тіреледі. Шамамен алғанда, әрбір – 30-40 м сайын қабырғаға дөңгелек пішінді мұнара орнатылған. Батыс бұрышына жақын жерде көлемі 70*80 м және биіктігі 4,5 м пішіндегі шаршы дөң орналасқан. Қалаға кіретін қақпа солтүстік- батыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс жақтарында орналасқан. Қаланың ішкі барлық аумағы көптеген дөңдермен, ойпаттармен - бұрынғы құрылыстардың ізіменен жабылған.
Қала әдебиеттер арқылы XI ғасыр мен XIII ғасыр бас кезіндегі қарлұқ жабғу мемлекетінің - қараханидтер қағанатындағы түркі қарлұқтардың дербес иелігінің астанасы ретінде белгілі, ал ол XIII ғасырдың ортасында моңғол империясының қаласы болған. Қалаға жүргізілген археологиялық зерттеулер аталған ескерткіштің ІХ-Х-ХІІІ-ХІV ғасырлар кезеңіне жататындығын анықтауға мүмкіндік берді.
Қаланы археологиялық зерттеу 1964 жылы басталды, онда бірқатар шурфтар жасалып, қаланың жоспары анықталған. Одан кейінгі жұмыс 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан Кешенді Археологиялық Экспедициясының шеңберінде қайтадан қолға алынды, оның барысында «Будда храмы» ретінде айқындалған нысан қазылды, сондай-ақ қаланың қамалындағы тұрғын үй жайы зерттелді. 1999-2000 жж. қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан «бай адамның үй-жайында» жұмыстар жүргізілді. 2001 жылы күйдірілген кірпіштен қаланған «хаммам» типіндегі монша аршылды, сондай-ақ оның құлдырау кезеңінде қала аумағында тұрғызылған кесене де зерттелді.
2002-2003 жж. ескерткіштің стратиграфиясын зерттеу, сандық үш өлшемді топографиялық негізін құру жүзеге асты, сондай-ақ «будда храмында» консервациялық шаралар мен мониторинг негізінде жұмыстар атқарылды. 2004 және 2005 жылдардың қазба жұмыстарын жүргізу маусымы жұма мешітінің құрылысын, «манихей» храмының, кесенелердің құрылыстары ашылуымен маңызды, олардың қасбеті ойылған терракотамен безендірілген, сондай-ақ кесенелерге жақын орналасқан ханака орналасқан. 2006 жылы қаланың шахристаны оңтүстік-батыс бөлігінің аумағындағы үй-жай ішінара қазылды, сондай-ақ монша-хаммамға келіп тірелетін аумақ зерттелді, шахристанда төрткүлді қазу басталды.
2007 жылы 1 4 нөмірімен белгіленген 2006 жылғы басталған қазба орнында археологиялық зерттеу жалғасты. Осы қазба жүргізілген орнында археологиялық жұмыстарға дейін дөң 40*30 м өлшемдегі биіктікті құрады. Қазба жұмысы (10*10 м) дүниенің төртбұрышына қаратылған бұрыштар бойынша басталды. Шым қабатты алғаннан кейін қазбаның әр бөліктерінде топырақтың тығыздалған учаскелері табылды. Ал, осы учаскелер арасы борпылдақ сүр түсті құмдақпен толтырылған. Қазбаның Ш-С бағытындағы солтүстік-шығыс бөлігінен 850*94*11 см өлшемдегі шикі кірпіш қабырғасы табылды. Оңтүстік- шығыс ернеудің бойында суфа желісі байқалады, сірә ол оңтүстік- шығыс жағына қарай иілген тәрізді. Суфаның бойында кандардың желілері анықталды. Оңтүстік-шығыс ернеудің орталық бөлігінде тандыр қабырғаларының сынықтары табылды. Оның өлшемдерін дәл айқындай қою мүмкін емес, өйткені ол өте қатты бүлінген.
2006 жылы жоғары қабаттағы қазба жұмыстары кезінде бұзылған құрылыс құрылымдары анықталды, оның бірқатар белгілеріне қарағанда тұрғын үй деуге болады. 2007 жылы қазба жұмысының аумағы кеңейтіліп, оның көлемі 400 шаршы метрге жетті.
Зерттелген учаскеде әртүрлі мақсатқа арналып салынған бірнеше бөлме жайлар аршылды.
№2 бөлме жайдың үлкен бөлігі қазба жұмысының солтүстік бөлігінде орналасқан, ол солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттарында шекараларды кеңейту кезінде анықталды. Тікбұрышты және ОШСБ сызықтары бойынша жүргізілген ғимараттың нақты өлшемдерін дәл анықтай қою әзірге мүмкін болмады. Бұл құрылыс қазіргі заманғы жер бетінің деңгейінен онша терең емес орналасуына байланысты сақталмаған тәрізді немесе қазба жұмысының шекара- сында орналасқан болуы мүмкін.
Сипатталып отырған тұрғынжай кеңістігінің оңтүстік-батыс шеті шикі кірпіштен қаланған қабырға болып табылады, оның бір бөлігі өткен жылы табылған еді. Аталған элементтің анықталған ұзындығы, қазба жұмысының бірдей аталатын ернеуінің астындағы солтүстік-батыс бөлігі, №2-ші бөлме жай жағынан 11,5 м, ені 0,9-1 м болады.
Оңтүстік-шығыс бөліктің ұзындығы шамамен 3 м, орташа ені 30 см, шым қабатты алғаннан кейін оның бет жағының деңгейі айқындалды. Ол әртүрлі өлшемдегі, көбісі тікбұрышты пішінді шикі саз блоктарынан екі қатар етіп өрілген.
Оның орталық бөлігінің ұзындығы 1,5 м, ені – 15-20 см болады. Аталған бөлік, сондай-ақ тікбұрышты әртүрлі өлшемдегі шикі саз блоктарынан тұрады.
№2 бөлме жайдың солтүстік-шығыс қабырғасының орталық бөлігі мен оның солтүстік-батыс шетінің арасы шамамен 1 метрге тең қашықтықта анықталды, оның учаскесінде құрылыс құрылымдарының белгісі табылған жок,. Аталған учаске орны бөлмеге кіретін есіктің орны болуы да мүмкін.
Сипатталып отырған тігінен орналасқан құрылымның солтүстік- батыс бөлігінің негізі беткі қабатты тазалау кезінде табылды. Бүл қабырға шаршы пішінді шикі кірпіштерден екі қатар етіп өрілген. Нығыздалған суфа табылды. Оның геометриялық пішіні дұрыс сақталған, оның ұзындығы мен ені шамамен 3,5 метрге тең.
№2 бөлме жай еденінің шартты деңгейі суфаның бет жағының деңгейінен шамамен 40 см төмен орналасқан. Қабаттың аталған деңгейін аршу кезінде қоңыр түсті борпылдақ топырақтың арасынан сұр-қоңыр шикі саздан нығыздалған мейілінше ірі учаскелер анықталды. Оның бет жағында балқыманың іздері, сондай-ақ карбонаттар мен малдың сүйектері табылды.
ОШСБ желілері бойынша ұзыннан созылған өлшемі 3,5*3 м, №3 бөлме жай №2 бөлме жайдан шығысқа таман орналасқан. Аталған құрылыстың барлық элементтері №2 бөлме жай еденінің шартты деңгейімен шамамен бірдей биіктікте орналасқан көлбеу бетті тазалау кезінде анықталды. Оның оңтүстік-батыс шекарасы №2 тұрғынжай бөлме жайының жоғарыда аталған оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс қабырғасының орталық бөлігі болып табылады.
«Пеш» ретінде танылған объекті №3 бөлме жайдың оңтүстік- батыс қабырғасы негізінің орталық бөлігіне келіп тіреледі. «Пештің» ішкі кеңістігі күлмен толтырылған, онда күйген шикі кірпіштердің сынықтары, ағаштың күйген қалдықтары, отқа күйген сүйектер, сондай-ақ жылтырақ керамиканың бөлшектері табылды. Пештің қатты күйген түбі 30-40 см тереңдікте айқындалды.
«Пештің» солтүстік-шығыс бөлігіне жақын орналасқан сырты қалыңдығы 6 см етіліп сыланған керамикалық тұрбалардың бөлшектері орналасқан, бұл кезіндегі қала су құбырының жүйесі болған, ал кейін оны мұржа ретінде қолданған, оған аталған бөлшектердің ішкі қабырғасында сақталып қалған күйе мен ыстың іздері дәлел бола алады.
№3 бөлмежайдың шығыс бұрышының учаскесі бөлменің ішкі жалпы кеңістігінен «г» тәрізді бөлікпен бөлінген. Бұл, сірә, қамба болса керек.
Орталық залдан тұратын үлкен үй-жайдың жобасы анықталды, оның алаңы 100 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, оның шаруашылық мақсатқа арналған қосалқы құрылысы да аршылды. Бұдан бұрын жазылғандай, бөлмежайдың интерьерінде кандары бар суфа орналасқан, сондай-ақ бірнеше тандырлар болған, сол арқылы бөлмежайдың ішін жылыту жүзеге асырылған. Бұл анықталған құрылыс бірінші, қатты бүлініске ұшыраған құрылыс қабатына жатады, демек, мұның өзі белгілі бір дәрежеде зерттеу ісін қиындатты.
Жаңа қазба жұмысы қаланың солтүстік-батыс бөлігіндегі батыс бөлігінде орналасқан шахристан аумағын қоршаған қабырғаның сыртында жүргізілді. Қазба жұмысы үй-жайдың артқы ауласының аумағында жүзеге асты. Дөңнің жоғарғы бөлігі 2 м биіктікте тегістелді. Учаске ұзын жағынан солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр, оның сопақша дөңес пішіні 45*25 м болады. Бұрыштары дүниенің төрт жағынан қаратылған өлшемі 8*8 м қазба жұмысы дөңестің ортасына таман жүргізілді. Қалыңдығы 20 см шым қабатты алғаннан кейін монументальды ғимарат қабырғаларының сұлбасы анықталды. Содан кейін қазба жұмысы дөңнің оңтүстік-батысына және ортасына қарай кеңейтілді, соның нәтижесінде аумақты жасыл шөптен тазалау жүргізілді және шаруашылық құрылыстарының бөлігін ажырату жүзеге асты. Қазба алаңы – 410 шаршы метр.
Зерттелген учаскеде 4 бөлмежайдың қалдықтары аршылды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылған өлшемі 10,7*3,3 м бөлмежайлар бір-біріне қатар орналасқан. Бөлмежайлардың ішкі қабырғаларының қалыңдығы 1,3 м, ал сыртқы қабырғалары – 1,33 м. Құрылыстың қасбеті оңтүстік-шығысқа қаратылған. Ғимаратқа кіретін жер ілгері шығыңқы портал – пештакпен безендірілген тәрізді. Ортаазиялық құрылыстарға тән пештакпен безендіру орталық осьтік қүрылымға қатысты, атқарылған жүмыстар бүл құрылыстың жартысы ғана қазылғанын көрсетеді. Объектінің қалған бөлігі солтүстік-шығысқа қарай қазіргі кездегі тұрғын үй құрылыстарының астында орналасқан. Порталдың өлшемі таңғалтады – негізгі қабырғаның қалыңдығы 2,8 м, ал шығыңқысының қалыңдығы 3 м, өтетін жердің ені 4 м. Жанындағы қабырғаға өлшемдері 2,2*1,5 м айван тұрғызылған.
№1 бөлмежайдыңені 1,2 м оңтүстік-шығыс қабырғада жеке кіретін есігі бар, оның өтетін жерінде табалдырық болған, қабырғаларында есік жақ тауының іздері байқалады. Аталған бөлмежай басқаларынан көлем шамамен 40*55 см, биіктігі 20 см шикі кірпіштен салынған тумбалардың болуымен ерекшеленеді. Тумбалар солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс қабырғалардың бойында орналасқан, одан шикі кірпішті қырынан қалау арқылы салынып, іші сазбен толтырылған. Тумбаның сырты сыланған. Солтүстік-шығыс қабырғаның ұзына бойында бір-бірінен 82-89 см қашықтықта 7 тумба орналасқан. Бірінші тумба оңтүстік бұрыштан 1,16 м аралықта тұр. Оңтүстік-батыс қабырғаның бойында тумбалар солтүстік-шығыс қабырғаның бойындағы тумбаларға дәлме-дәл қарсы қойылған. Тумбалардың сақталуы нашар, оның төртеуі қабырғадағы және едендегі іздерінен анықталды. Тумбалар кейін орнатылған, өйткені олардың астында сылақ бар, барлық тумбалар орталық бөлікте қойылған. Бұл оларды жиі қолданғандығын білдіреді. Бөлменің батыс бұрышында оңтүстік- батыс қабырғада ені 90 см ойық табылды. Мұндай ойық өрттен кейін немесе өрт кезінде пайда болған, өйткені оның астында күйген ағаштың іздері жатыр.
Бөлме жайдың қабырғалары 0,8 м биіктікте сақталған. Бөлме жайлар өрттен кейінгі пайда болған құрылыс қоқыстарымен толған. Оның ішінен шикі кірпіштердің сынықтары, төбенің сылақтары, еденге жақын жерден ағаштың күйген қалдықтары көптеп табылды. Бөлме жайдың ортасында ағаш білектер аршылды. Қабаттан сондай-ақ, жылтыратылмаған керамикадан жасалған ыдыстардың сынықтары және құмыраның бір мойны кездесті. Солтүстік бұрыштан мыстан жасалған шағын ыдыс табылды. Ыдыстың түбі тегіс, бүйірі шығыңқы, мойыны жіңішке және жалпақ қайырылған ернеуі бар. Ыдыстың түбі тесілген, сірә, бүл ыдыс сиясауыт болған. Бұл ыдыстың қасында сабы жок, мыс қасық және пішінсіз мыс бұйымының сынығы табылды. Осы бөлме жайлардан табылған сфералық түбі бар және қабырғалары тік ыдыс сынықтары да қызығушылық туғызады.
№2 бөлме жай №1 бөлме жаймен жарлас салынған. Өлшемдері дебірдей (10,7*3,5 м). Оған кіретін жер тура №1 бөлме жайдағыдай жеке орналасқан, дәліз сыртқы кеңістікпен есік арқылы бөлінген, оны есік жақтауының іздері дәлелдейді. Дәліз типті бөлмелері бар аталған бөлме солтүстік-шығыс бағытта бір жақта орналасқан. Дәліздің ені 1 м. Дәліздің ұзына бойында 3 бөлме орналасқан. Оның біріншісі кіреберістен өлшемі 2*1,8 м бөлме, бөлгіш қабырғаның ені 33 см, екінші бөлменің көлемі 2,2*2,2 м. Әр бөлмеге кіретін ені 50 см есік орны бар, үшінші бөлменің өлшемі 2,2*6 м, аталған бөлмені дәлізден бөлетін бөлгіш қабырға сақталмаған. Болуға тиісті қабырғаның негізінде ұзындығы 2,4 м төрт бөрене табылды. Аталған бөлме №2 бөлме жайдың неге арналғанын айқындайды. Өйткені, онда бидайдың дәні табылды. Демек, бүл үш бөлме де кезінде қамба болған. Ішкі бөлгіш қабырғалардың құрылымдары басқа қабырғалардан ерекше, өйткені онын, қиылысқан бұрыштарында ағаш бұрыстарының тірегі (каркасы) қабырғалардың бойында 0,5 м сайын қойылған. Сірә, мұндай бөлгіш қабырға алғашқы кезде бөренелерден жасалған болса керек, кейін ол шикі сазбалшықтан құйылған.
Бөлмежайдың іші күйген шикі кірпіштерден, төбеден құлатан сылақ сынықтарымен толтырылған. Ағаштың күйген қалдықтары, әсіресе еденнің деңгейіне жақын жерде жиі кездесті. Одан жылтыратылмаған керамиканың бөлшектері табылды. Бүл бөлме жай да өрттің салдарынан құлаған. Бөлмелердің ендері мен қабырғалары қатты күйген.
Бөлмежайға кіретін жерде порталдың қабырғасына қосарланып салынған айван орналасқан.
№3 бөлме жай құрылыстың орталық бөлігіне жатады. Отан кіретін есік порталға бастайды. Бөлмежайдың өлшемі 10,7*3,5 м. Бөлмежайға өтетін жердің ені 1 м, ол шытыс бұрышта орналасқан. өтетін жердің бұрыштары сырт жағынан жұмыр, мұнда есік орнатылған. Есіктің жақтауларынан ағаштың қалдықтарының ізі табылды. Табалдырық бөлмежай еденіне қарағанда әлде қайда биік. Бөлмежайда өрттің күшті болғаны соншалық, беткі шикі кірпіштер күйіп кеткен. Қабырғаларда сылақ жоқ. Бөлмежайлардың іші құрылыс қоқыстарымен толтырылған. Топырақтың арасында ағаштың күйген қалдықтары көп кездеседі. Сондай-ақ, күйген шикі кірпіштердің бөлшектері, сылақтың бөлшектері табылды. Күйген еденде мұқият қатарлап қойылған жанған қу шырпылардан жасалған жабын бөлшектері аршылды. Кіреберістің алдында одан 1 метр жерде құлаған төбе жабынның қалдықтары жатыр. Екі жаты да сыланған екі қатар кірпіштен өрілген. Оның ұзындығы 0,9 м, ені 0,6 м, биіктігі 0,7 м. оңтүстік-батыс және солтүстік-шытыс қабырғаларының бойында өртенген бөренелер жатыр. Еденде екі темір қармақ, екі жебенің ұшы, әбден тоттанып кеткен пішінсіз темір бұйымының қалдықтары табылды. Кіретін жердің сол жатында бөлме жайдың ортасында оңтүстік- шытыс қабырғадан 32 см жерден шұңқыр табылды. Бұл шұңқыр хуманың сынықтарымен жабылған. Хуманың астында, шұңқырдың аузында құмыраның сынықтары табылды.
№4 бөлмежай құрылыстың ортасы болып табылады. Бөлмежайдың өлшемі 10,6*3,3 м қабырғаларының сақталған биіктігі 0,8 м. Қабырғалар қызарғанша күйген. Еденде жанған төбе жабынының қалдықтары жатыр. Бөлменің іші құрылыс қоқыстарымен толған. Кірпіштердің жылтыратылмаған керамиканың бөліктері кездеседі. Өсімдік өрнегі салынған бұйымның сынығы және шырақтың ұшы табылды.