UTM проекциясында объектінің координаттары - 42Т 0727697 4759493 ALT 780 (Garmin 12 Chanels навигациялық қабылдаудың мәліметтері). Археологиялық-архитектуралық кешен Ақыртас әр кезеңді қамтитын ескерткіштерден тұрады. Хронологиялық жағынан б.з.д VІ ғасырдан б.з. ХVІ-ХVІІІ ғғ. кезеңдерін қамтиды. Ескерткіштер кеңістік жағынан «Қызылтау» деп аталатын тау жотасына (жердің ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 776.5 м - биіктіктің балтық жүйесі), сондай-ақ көктемгі және күзгі кезеңде сай-саланы толтыратын сан-салалы тау өзеніне жақын орналасқан. Кешеннің орталық бөлігінің өлшемі: шығыс-батыс желілер бойынша 3 шақырым және солтүстік-оңтүстік желілер бойынша 5 шақырым шамасында болады.
Кешенді зерттеудің орталық объектісі қызыл құмдақ блоктардан салынған «сарай» үйіндісі болды. Бұл құрылыстың өлшемі 140*160 м болады. Солтүстік-батыс жағынан сарайға үй-жайлар мен хауыз учаскесі келіп тіреледі. Сарайдан жарты километр жерде тас уатқыш орналасқан, онда құрылыс үшін қажетті материал шығарылған. Одан әріректе, сарайдан бір шақырым жерде қамал мен бекініс орналасқан. Олар тастан және шикі кірпіштен тұрғызылған. Кешеннің солтүстік-батыс жағындағы шекарасы тастан жасалған ғимараттың қалдықтары болып табылады, ол Тоқсансай (1 сурет) жотасының бірінде орналасқан.
2006-2007 жылдары жүргізілген жұмыс кезеңінде кешенге келіп тірелетін аумақтарда барлау жұмыстары жүргізілді. Жаңа ескерткіштерді анықтауда кешеннің нақты шекарасы анықталды. Қазба және картографиялық мәліметтер негізінде географиялық-ақпараттық жүйені (ГАЖ) құру көзделуде. Әрбір табылған ескерткіш нақты құжатталды, содан кейін оның жобалық бейнесі географиялық жағынан кешенге қатыстылығы анықталып, бір жүйеге келтірілді. Жергілікті ГАЖ-ды құруға арналған база 1982 жылғы топографиялық негіздер, спутниктік түсірілімдер мен әр жылғы аэрофотографиялар болып табылады.
Ескерткіштің айналасын зерттеу үдерісінде кешеннің шекарасы біртіндеп кеңейді. Мысалы, сарайдан шығысқа қарай 3,2 шақырым жерде ХІХ-ХХ ғғ. кезеңіндегі қазақтардың қоныстары анықталды.
Қырғыз Алатауының етегінде оңтүстік жақтан ерте темір ғасыры дәуірінің 40-тан астам қорғандары табылды. Тоқсансай мекенінің бұлақтарында ортағасырлық су құбырының іздері бар, сол арқылы сарай мен оның айналасындағы құрылыстар сумен жабдықталған. Кешеннің шекарасына батыс жағынан орташа өлшемдегі 3 қорғанның тобы анықталды, «сарай кешенінен» үш шақырымдай жерде орналасқан. Жоғарыда аталған ескерткіштердің бәрін қорғау аймағын айқындау үшін бір топқа біріктіруге болады (2-сурет).
Жоғарыда келтірілген объектілерді зерттеу кезеңінде ауқымды материал жинақталды: сызбалар, фото, аэрофотографиялар, карталар және спутниктік түсірілімдер.
Электрондық тахеометрмен түсіру кезінде ГАЖ жүйесінде нүктелік қабат жеңіл бейнеленеді. Бүл қазбаны өлшеу нәтижесінде алынған мәліметтермен жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік берді.
GPS қабылдаушылармен жұмыс ықшам, әртүсірілімнің нәтижелерін ортақ жағдайға үйлестіреді. CAD жүйесінде орындалған барлық сызбалар ГАЖ ортасына жеңіл аударылады, бүл екі жүйеде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Барлығы 50-ден астам сызбалар CAD жүйесінде өңделді. Құрылған жүйенің ерекшелігі қолмен жасалған өлшемдердің және сканерленген жоспарлар мен сызбалардың нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Ескерткіштің географиялық-ақпараттық жүйесіне қатысты жұмыс аяқталған жоқ және оны тұракты толықтыру және дамыту керек. Негізгі мәліметтерден басқа, картаның бөлігі ретінде көзбен көру арқылы бейнеленген жүйенің әрбір элементі әртүрлі ақпаратты қамтиды. Оған мәтіндік сипаттауды, жазбаларды, сызбалар мен фотоны жатқызуға болады. Бұлар географиялық жағынан бейнелене алмайды.
Учаске ландшафтының бірыңғай моделін құру бойынша жұмыстар атқарылды. Бүл геодезиялық, өлшеулерден басқа сарай құрылысы кезеңінің ежелгі ландшафтын виртуальді қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Зерттеумен бірге стратиграфиялық жағдай құрылысты тұтастай алғанда және оның жекелеген элементтерінің салыну ерекшеліктерін дәл айқындауға мүмкіндік береді.
Археологиялық зерттеулер төменде аталған объектілерде жүргізілді.
Сарай. Құрылыс кезеңінің күндізгі бетінің орналасу деңгейін айқындау мақсатында сарай кешенінің аумағында 7 шурф салынды. Алынған мәліметтер жұмыс тәртібіне орай құжаттамамен бекітілді
және оны одан әрі өңдеу және интерпретациялау (талдап түсіндіру) жасалады. Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс секторда бағаналар бөлігі аршылды. Сарайдың ішкі кеңістігінің 200-ден астам шаршы метрі аршылды. Анықталған құрылымдарды лазерлік теодолитпен өлшеу жүргізілді. Тиянақты фотоға түсіру жүзеге асырылды.
Керуен-сарай. Консервациялық жұмысты және мұражайландыру жұмыстарын жалғастыру үшін керуен-сарайдың ауласы толық аршылды. Қималардың стратиграфиялық зерттеуі жүргізілді. Бұрын белгісіз болып келген кейінгі кездегі қабірлер табылды. Кезеңін анықтайтын материалдар жинақталды.
Билеушінің қамалы. Жұмыс үдерісі кезінде құрылыстың және оның маңындағы барлық бөлмежайлар археологиялық зерттеуге жатқызылды. Объектінің қасындағы ландшафтының төменгі нүктелеріндегі топырақтың құрамын анықтау мақсатында шурфтар жасалды, бүл дренаждық құрылыстарды дайындау үшін қажетті есептерді жүргізуге мүмкіндік берді.
Ескерткіштің шекараларын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді, өйткені ғимараттың қабырғалары нашар сақталған. Әлі де қазу қолға алынбаған учаскелерге стратиграфиялық зерттеулер жасалды.
Ғимаратқа кіретін қақпа орны толық аршылды, барлық бөлмежайлардағы еден деңгейі тазартылды. Жұмыстардың барысында ғимарат архитектурасының бұрын белгісіз болып келген ерекшеліктері анықталды. Құжаттаманың тиянақты бумасы жинақталды.