Оның маңайында диаметрі 3-5 шақырым көлемін алып жатқан көптеген әйгілі археологиялық ескерткіштер шоғырланған: қола дәуірі металлургтерінің қонысы, шамамен осы дәуірге жататын қорған, ерте көшпенділер дәуірінің қорғаны, ортағасырлық, Басқамыр қалашығы, шамамен осы дәуірге жататын қарауыл мұнарасы, ежелгі және ортағасыр дәуірінде паналаған іздері бар үңгір. Тек қола дәуіріне дейінгі кезең таяу араға дейін зерттелмеген қалпында келді.
Тас ғасырын арнайы зерттеу 2001 жылы Орталық, Қазақстан археологиялық, экспедициясының басшысы Ж.К. Құрманқұловтың ынтасымен басталған болатын. Жұмыс барысының бірінші жылы Талдысай 1 қола дәуірі қонысынан 5 шақырымдай радиуста барлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мынадай тас инвентарьі бар орын- дар табылды: Талдысай 2,3, Аяқбұлақ, Сарыбұлақ 1-3, Талдыбұлақ l, 2, Тасбұлақ 1 -3, Тоқтауыл.
Геологиялық-геоморфологиялық, тұрғыда табылған ескерткіштер Ұлытау тауларының оңтүстік-шығыс етегіндегі суайрық денудациялық, ұсақ шоқысында орналасқан. Талдысай шатқалын қоршап жатқан төбелер палеозойға дейінгі метаморфты жыныстардан, карбон мен перьмнің шөгінді жыныстарынан құралған. Бүл жыныстардың әртүрлі технологиялық, қасиеттері бар. Олардың ішінде тас құралдарын жасауға келетін кремнийлі алевролит пен аргилит, құмтастар, әсіресе кварцтелген түрі бар.
Зерттеу жұмыстарының бірінші жылы Талдысай 1 және 2 қоныстарынан солтүстік-батысқа қарай 3 шақырым жерде өзімен аттас бұлақ, көзі бар Тоқтауыл шатқалы басты назар аудартты. Бұлақтың координаторы 48° 14,06' ендікте және 067°00,1 2' бойлықта. Тоқтауыл бұлағы Қазақ ұсақ, шоқысына оншалықты тән емес. Ол желдетілген қабық, қалдығының төбелі бөлігінде орналасқан, ал бұлақтар көбіне жер асты сулары алаптарының түбінде немесе бөктерлердің төменгі бөліктерінде орналасады.
Бұлақ, ақтал және итмұрын бұталарымен қоршалған диаметрі 25-30 м болатын саз батпақ түрінде келеді. Осы саз батпақ, бөктерінен төмен қарай ені 3-4 м және тереңдігі 20-30 м болатын арнаның ізі байқалады. Бұлақтан батысқа қарай 1 5-20 м жерде, 1,5-2 м жоғары орналасқан фитогенді дөң орналасқан.
Арна мен фитогенді дөң арасындағы оң жағалау қалың көгалды өсімдіктері бар ені 15 м-ге дейін иілген террасаны құрайды. Сол жағалау тамырлы жыныстардан қуралып, онда тас плиталардан құралған қыстақтың қиратындылары жақсы көрінеді.
Артефактілердің негізгі бөлігі зерттеудің алғашқы жылы фитогенді дөңнің маңайында жиналды. Мұнда барлығы 495 тас бұйымдары жиналды. Олардың ішінде нуклеустар (2 дана) типологиялық тұрғыда айшықталған. Бүл конус тәрізді қалыптағы фронтальді нуклеус және ені 3-7 мм пластиналар негативтері барлық, периметрі алып жатқан қарындаш тәрізді нуклеус. Құралдар (барлығы 1 00 дана) мынадай категориялармен берілген: қырғыштар (2 дана), көлемі кіші қырғыштар (1 7 дана), кескіштер (26 дана), тескіштер (5 дана), бифасты өңделген бұйымдар (3 дана), микроретушті және пайдаға асыру үшін өңделген пластиналар (20 дана). Құралдардың 60%-і пластиналық, қалған 40%-і - отщепті дайындамадан жасалған.
2002 жылы Тоқтауыл бұлағы алаңында ауданы 4x4 м құрайтын барлау қазба орны салынды. Топырақ қабатында әртүрлі терендікте тас артефактілері мен жануарлар сүйектерінің орасан зор саны көмілген. Олар айқындалған мәдени қабатты құрамайды, кеңістікте түрлі бағдарға ие. Жалпы көлемі 16 шаршы метр және тереңдігі 50 см-ге дейін болатын қазба орнынан қызыл қоңыр түсі сирек кездесетін, ашық, сүр аргилит пен кремнийлі алевролиттен жасалған 5000 - ға жуық, тас артефактілері алынды. Әр түсті яшмадан, кремнийден, кварц тәрізді құмтастан жасалған бұйымдар аз көлемде кездесті. Артефактілердің 11 %-ын құралдар құрайды - қырғыштар, тескіштер, кескіштер, екіжақты өнделген жебе мен найзаның ұштары, тісті-ұңғымалы бұйымдар, пышақтар. Сонымен қатар аз көлемде сапасы жақсы жыныстардан ретушті пластинкалар мен геометриялық, микролиттер (трапециялар) кездеседі. Палеолиттік түрдегі қатты бұзылған бұйымдар олжасы бірен-саран.
Жануарлардың сүйектері қатты уатылған. Сүйектердің нашар сақталған, олар жұмсақ, уатылған, оңай сынғыш болып келеді. Анықтауға жарамды сүйектер көп емес. Қазба орнының жоғарғы бөлігінде кейінгі кезеңге жататын қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі (ерте көшпенділер - орта ғасыр).
2003-2004 жж. қазба орнының көлемі 84 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Қазба орны қалыңдығы 30 см жиегі бар 2*2 м шаршыларына бөлінді. Олжалар 1*1 м шаршылары мен қалыңдығы 5 см қабаттар бойынша тіркеліп, жазып алынды.
Жердің бетінен 15-20 см тереңдікте ұзындығы 1,5 м шамалас, қалыңдығы 10 см-ге дейін болатын доғал қалыптағы ошақтың орны табылды. Тікелей күлді қабатта бірнеше жебенің ұштары мен басқа да тас артефактілері орналасқан.
Жалпы саны 10 мың артефактіні құрағанымен, ондағы құралдар үлесі 9,7%-ға дейін азайды, сондағысы құралдар қатарына пайдалану ретуші бар отщептер де жатқызылды.
Техникалық-типологиялық, белгілеріне байланысты артефактілердің негізгі бөлігі неолит пен энеолит дәуіріне, аз бөлігі - қола дәуіріне жатады. Мезолиттік түрлердің қосындысы да бар және палеолиттік бұйымдар бірен-саран.
Талдысай шатқалындағы үңгір ерекше қызығушылықты тудырады. Археологиялық, ортада бүл үңгір баяғыдан бері белгілі, алайда оны жоспарлы түрде зерттеу тек 2004 жылы басталды. Ол кезде үңгірдің негізгі залының нивелирлі өлшеулері жасалды. Оның ұзындығы 20 м-ге жуық, ені 15 м-ге дейін, биіктігі 1-1,5 м. Үңгір плиталар мен блоктарға қабаттамалар жарықшаларымен жарылған, қара қоңыр түсті әк тастардан өндірілген. Үңгірдің аузы (кіре берісі) сынықтардың қалың қабатымен және борпылдақ шаң шөгінділерімен толтырылған.
Үңгірге кіре беріс жерде әртүрлі өлшемдегі сынықтар мен әк тасты түйіршіктерден құралған шығару конусы орналасқан. Конустың жоғарғы бетінде шаң-тозаңды сұр түсті топырақ, қабаты құрылған. Өсімдік жамылғысы сиректелген ксерофитті болып келеді.
Тоқтауыл отрядының күшімен 2004 және 2005 жж. кіре беріс аумағында тазарту жұмыстары басталды. Қыш ыдыс сынықтары, жануарлардың ірі сүйектері, көмір мен күлге қанық, тереңдігі 15-20 және 30 см болатын екі мәдени көкжиек анықталды. Көкжиектің екеуінде де табылған қыш ыдыс сынықтары ортағасырлық, кезеңге жатады және олар Басқамыр қалашығының қыш ыдыс сынықтарымен салыстырылмалы. Қалашық, оңтүстік-шығысқа қарай 500-600 м жерде орналасқан және үңгірге кіре беріс жерден жақсы көрінеді. 2005 жылы шығару конусының шөгінділерінде шығырдың сынығы табылды.
Г-м. ғылымдарының докторы Б.Ж. Аубекеровтың шығарған қорытындысы бойынша, үңгір генезисі карстілік, ал оның жасы орта плейстоценнен голоценге дейінгі кең ауқымды алады.
Мәдени және археологиялық, шөгінділері бар үңгір Орталық, Қазақстан үшін өте сирек құбылыс. Ол тас ғасыры тұрағына, қола дәуірі қонысына, ортағасырлық, қалашыққа жақын орналасқан, мұның өзі оны зерттеуге ерекше мән беріп, оны ғылыми және ағарту туризміне ерекше тартымды етеді. Алайда, үңгірдің ішінде жүргізілетін зерттеулер түрлі мамандықтардың жекелеген зерттеуші топтарының құрылуын талап етеді: археологтар, геологтар, спелеологтар, маркшейдерлер, палеозоологтар және т.б.
2005 жылы қазба орны оңтүстік бағытта тағы 56 шаршы метрге кеңейтілді. Қазба орнының бұл бөлігіндегі артефактілердің саны 15 мың данадан асады. Олардың ішінде де өндіріс қалдықтары басым бөлігін құрайды, дегенмен онда сапасы жақсы микропластиналарға арналған нуклеустар, әр типке жататын ретушті пластиналар, геометриялык, микролиттер, әсіресе трапециялар кездеседі.
Стратиграфиялық шурфтар қазылды. Солардың бірі қазба орнының батыс бұрышынан оңтүстікке қарай 6 м жерде орналасқан, 20 см- ден жоғары тереңдікте көлемі, жасау техникасы мен пайдаланылған шикізаты жағынан Тоқтауылда бұрын зерттелген артефактілерінен қатты өзгешеленетін көптеген артефактілер табылды. Бұл, бәлкім, палеолит дәуіріне жататын нуклеустар, отщептер, оларды өндіруден қалған қалдықтар болуы мүмкін. Шурфты қазу барысында 60 см тереңдікте ошақтың бір бөлігі анықталды. Анализ үшін көмір мен күлдің бір бөлігі алынып, ошақтың қалған бөлігі 2006 жылы тиянақты зерттеу мақсатында қазба жұмысы тоқтатылды.
К.И. Сатпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының палинологтары т.ғ.к. С. Нигматова мен Ш. Жакупова қазба орнының үш тірегінен алынған үлгісіне спора-тозаңды анализ жасады. Анализ нәтижелерін талдау г.-м.ғ.д. Б.Ж. Аубекеровтың қатысуымен жасалды.
Палинологиялық анализ негізінде алынған мәліметтер аталмыш аймақтағы өсімдік жамылғысы мен климаттык, жағдай өзгерісінің үш қабатын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Алғашқы екі спектр бойынша анықталғаны: ауа-райы бірінші кезеңде салыстырмалы түрде құрғақ, әрі ыстық болған, одан кейін ылғалдану кезеңі басталған. Бул фаза топырақтың ортаңғы бөлігімен байланысты. Топырақ қабаттарының жоғарғы бөлігі қазіргі таңдағы жағдайға ұқсас климатты сипаттайды. Бул үш фаза атлантикалық және постатлантикалық кезеңдермен жақсы байланысады және жас шамасында 8-6 мың жыл аралығын көрсетіп, қазіргі таңдағы уақытты сай келеді.
Фитогенді дөңнің топырақ қабатынан алынған палинологиялық, спектр уақыт аралығы жағынан созылмалы және мұнда атлантикалыққа дейінгі құрғақ әрі суық кезеңнің ізі бар.
Артефакттар плювиальды, салқын және жақсы дымқылданған екінші кезеңмен байланысты.
2006 жылы ескерткіштің тағы да 80 шаршы метр көлемі қазылды. Ескерткіштің толық бойлық, стратиграфиялық, қабатын алу мақсатында қазба орны батыс және оңтүстік бағытта кеңейтілді.
Қазба орнының аумағынан 6247 тас артефактілері алынды. Олардың ішінде тек 9%-ын құралдар құрайды, 0,5%-ын – нуклеустар. Құралға айналдырылмаған дайындамалар арасында 68%-ын пластиналар құрайды.
Бүгінгі күні қазып алынған археологиялық, қалдықтар палеолит аяғынан қазіргі заманға дейінгі уақытты көрсетеді.
Ең көне олжалар палеолит дәуірінің аяғы мен мезолитке жатады. Геологиялық, тұрғыдан алғанда бүл плейстоцен мен голоцен шекарасы, Еуразиядағы табиғи жағдайлардың шұғыл өзгерістер кезеңі. Бүл кезең палеолит дәуірінің адамдары аңшылық жүргізген мамонттар мен көптеген үйірлі жануарлардың жойылып кеткен уақыты. Адамдарға жаңа ландшафтіге бейімделіп, олжаның жаңа түрлерін іздеу керек болды. Тағам көздерінің кеңеюі балық, аулау, ұсақ, қыр құстарын аулау, жабайы өсетін дәнді өсімдіктерді теру есебінде жүрді.
Мезолит дәуірінде ұлы жаңалық – садақ пен жебенің ұштары ойлап табылды. Салынбалы техника гүлдену деңгейіне жетті – сүйек, мүйіз және ағаштан жасалынған оправаға трапеция, сегмент, тікбұрыш, үшбұрыш (геометриялық, микролиттер) формадағы ұсақ, үшкір тас жүздері салынды. Органикалық материалдардан жасалынған бұйымдар кең қолданылды – аулар, кәрзеңкелер және т.б.
Тоқтауыл тұрағындағы олжалардың негізгі бөлігінің жас шамасы неолит және энеолит дәуірі деп анықталды.
Неолит – тас ғасырының аяқталушы кезеңі. Бұл кезеңнің маңызды тән белгілеріне мыналар жатады: шаруашылықтың өндіруші түріне көшу, кремнийді өндеудің гүлденуі, қыштан жасалған ыдыстарды кеңінен қолдану. Ұзақ, уақыт бойы алғашқы қауымдық, тайпаларды «алдыңғы қатарлы», егіншілікті және «артта қалған» аңшылық-терімшілікті деп бөлді. Қазіргі таңда этнографтар мен археологтардың түсіндірмесі бойынша, шаруашылықтың аңшылық, терімшілік және балық, аулау сияқты түрлері жеткілікті дәрежеде қалыптасқан өмір сүру дағдысын сол күйінде ұстауды қамтамасыз етеді. Егіншіліктің ауыр жұмыстары мен тар әрі лас елді-мекендерде өмір сүру – жабайы табиғат ресурстарына қатысты тұрғындар саны деңгейі жоғары аймақтардағы мәжбүр шара еді. Батыс Азияда бұл, шамамен 15 мың жыл бұрын, голоцен дәуірінің басы болды. Ал Қазақстан аумағында голоцен дәуірінің басы мен ортасында қалыптасқан бұрынғы өмір сүру қалпын сол күйінде жалғастыру үшін табиғи ресурстар жеткілікті дәрежеде болды.
Энеолит – неолит дәуірінен қола ғасырына өтпелі кезең. Энеолит дәуірінде Қазақстан аумағында құралдарға арналған дайындау тастарын жасау үшін отщепті техникасы жер-жерде басымдыққа ие бола бастады. Құралдар ірі, ұқыпсыз жасалған. Бифас тәрізді жебе, найза және сапты найзаның ұштары, бифас тәрізді өңделген пышақтар және басқа да қаралдар көп кездеседі. Бұйымдардың бұл тобы көбіне жақсы өңделген. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінде малшылық, негізінде құрылған өндірістік экономикаға көшу аяқталды.
ТҮЙІН
ОҚАЭ Тоқтауыл отряды зерттеулерінің негізгі нысанасы – Тоқтауыл тұрағы – Орталық, Қазақстанның аз ғана тас ғасыры қазба ескерткіштерінің бірі болып табылады. Топырақ қабатынан алынған және ескерткіштің жобасында белгіленген тас артефактілерінің техникалық- типологиялық, жан-жақты анализі, сонымен қатар, палеофауналық, геоморфологиялық, геологиялық, және палинологиялық, зерттеулер нәтижелері - Орталық, Қазақстанның тас ғасыры туралы, алғашқы қауымдық, құрылыс адамының шаруашылық, қызметі жайлы, оны қоршаған табиғи жағдайы туралы біздің бұрынғы көзқарасымызды жаңа деңгейге көтереді. Ескерткіштегі қазба және қорғау жұмыстарын жалғастыру оны соңғы 15 мың жылдағы Қазақстан тас индустриясын зерттеу үшін эталонды, стратотипті ескерткішке айналдыруға, сонымен бірге, артық шығынсыз туристік инфрақұрылымға енгізуге мүмкіндік туғызады.