Бозоқ қалашығын тарихы аса маңызға ие бола отырып, екінші бағыт Астана қаласының 10 жылдық мерейтойын атап өтуіне негіз болды. Қалашықтың ашылуы және алынған мағлұматтардың өзі, бұл орынның мың жыл бұрын қоныс болғандығының дәлелі болып қарастырылды. Бозоқ қалашығы Астана қаласының шегінде орналасқан. Ескерткішке қазба жұмыстары 1999 жылдан жүргізіліп келеді. Тарихи маңыздылығы бар қажет ететін түрлі материалдар жинақталды. Бірінші кезекте, ескерткіштің мерзімін және функционалдық маңыздылығын анықтау міндеті тұрды. Мерзімін анықтау үшін 2007 жылы жазда мал сүйектері мен адам қаңқасы сүйектерінің қалдықтарынан радиокарбон әдісіне сынамалар алынып, -палеотопырақты зерттеулер жүргізілді.

2008 жылы жариялымда ор үсті қабатындағы стратиграфиясының, солтүстік махалла құрылысындағы құлаулардың, құрылыс жұмыстарындағы ұқсастықтардың негізінде, Бозоқ қалашығының төменгі датасы VIII-IX ғғ. жататындығына болжам айтылды. Негіздеу үшін түрік лексика мәліметтері, топографияда ұқсастықтық жоқтығы, көрші территориялардағы ортағасырлық қалашықтардың құрылысы қаралды.1 Ескерткіштің этномәдени ерекшелік белгілері жөнінде 1999 жылы қалашықтың тұңғыш зерттеушісі – К.А. Ақышев объектінің қыпшақ белгісіне жататындығы туралы пікір айтылғанды.2 2008 жылы біздермен ежелгі қыпшақтардың тарихының реконструкциясын және олардың VIII-ІХ ғғ. Орталық Қазақстан территориясына енуінің мүмкіндігі жөнінде әрекет жасалған болатын. Осы түркі тілдес этностардың байланысынан Бозоқ қалашығының пайда болғандығын көрсетеді. Бұл жұмыс бағытының нәтижесі Бозоқты зерттеушілердің Астана қаласының 10 жылдық мерей тойына арналған «Көшпенділер өркениетіндегі дала қалаларының орны» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысу болды. Конференция 2008 жылы 2-3 шілде айында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қабырғасында өтті.

2008 жылы Бозоқ қалашығына қазба жұмысын жүргізу жалғасты: 1) космосурет негізінде суару жүйесі алаңы және жоспары анықталды; 2) Солтүстік махалланың ішкі алаңындағы қазба жұмыстар аяқталды; Оның орталығында радиоуглерод тәсілімен анықталған соңғы қола ғасырымен мерзімделген қабір шұңқыры белгілі болды(?); 3) Солтүстік махалланың батыс белдеуінде тағы бір мұсылмандық жерлеу орны қазылды. Бозоқ қалашығында 400 шаршы метрге жуық аумақ қазылды.

1.        Бозоқ қалашығының суармалы жүйесінің жоспарын әйгілі өлкетанушы, Ақмола мұражайы директоры Л.Ф. Семенов, 1928 жылы өз мақаласында Бозоқ қалашығында болғанын және бұл арықтарды, бақшаларды көргендігін жазады. «Қалашықтың 70 м ге жуық солтүстігінде ұзыннан арна -шұңқырлар, оның жанында шағын оба үйіндісінен және әрі қарай арналар көлге дейін орналасқандығын, жергілікті тұрғындардан алынған сауалнамалар еш мәлімет бермегендігін»3 атап көрсетеді. Бұл мақаладан, суару жүйесі XIX ғ. аяғы-ХХ ғ. басы емес екенін және оның пайда болуын ортағасырлық Бозоқ қалашығын қоныстанушыларымен байланысты болғанын байқауға болады.

2008 жылы суару жүйесіне қосымша зерттеу жүргізуде топографиялық жоспары және оны Бозоқ қалашығының тұрғын үй мен ғұрыптық объектімен байланыстырылуы анықталды. Суару жүйесі алаңының көлемі 45 га4 теңесті. Қалашықтың жоғары жобасы және оның шаруашылық аумағы тегіс боялған үшбұрыш түрінде  шығыс бөлігінен қоршай көл және батпақ дақтары космосурет түсірілімінен қарағанда анық көрінеді. Суару жүйесінің солтүстік бөлігінде магистралдық арна орналасқан. Арнаның жалпы аралығы 580 м. Ені - шамамен 1 м., тереңдігі 0,3 м. Арнаны өлшеген кезде ол бедерді қоршай ең төмен бөлігінде орналасқандығын, жергілікті ылдиы жалпы 1.6 м құрағаны айқындалды. Арнаның ең басты қызметі судың көлден негізгі суару жүйе желісіне құйылуы болып табылады. Су арнаға чигирлі дөңгелек көмегімен жаншылды. Ал магистралды арна қалған артық сулар жиналған ор ойықтарында аяқталды. Ортағасырлық деректерде мұндай арна «бедрау» немесе «муфрига» аталған5.

Магистралды арнадан оңтүстік-шығыс 45° бұрыш бағытта бірінші реттегі таратқыш және екі валик ығыстырылып жатты. Таратқыштардың жалпы ұзындығы 520 және 680 м.

Бұл арналардың қызметі қосымша судың екінші реттегі таратқышқа суару жүйесінің шығыс бөлігін суландыруы үшін болғаны ықтимал. Таратқыш арналардың ені кем дегенде 1 м. терендігі 0,1 м. Магистралды арнаның орталық бөлігінің оңтүстік жағында «қатарлар» (грядок) жалғасып, оның рельефін қоршай жатқандығы айқын байқалады. Қатарлардың өлшемдері – 3,40-3,90*4,50-4,80 м.

Сонымен, суару жүйесі бағыты бойынша біздер екі үлкен бағыттағы аумаққа иеміз. Біріншісі – қалашыққа іргелес, орташа өлшемдері 700*250 метрді құрады. Суару жүйелері солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Аумақтың үш жағын «белдік бөгеттер» шектейді. Аумақтың ортасы арқылы көлденең валик созылған. Оның осылай орналасуы жергілікті бедеріне байланысты болып отыр. Тек осы бағытпен бедердің оңтүстікке қарай төмендеуі басталды. Суды толықтыру үшін және қолданылатын жердің айналасына жасанды арыққа оңтүстік жағында бөгет салынған. Сондықтан, аталып отырған участок жан-жағынан жабық, тек ғана магистралды арнамен суарылатын болған.

Екінші участок солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс бағыты бойынша суарумен толған. Оның батыс аумағы екінші реттегі таратқыш арналармен шектелген. Арық іздері шығысқа қарай жылжып, ал оның соңы қалашықтың шаруашылық алаңы шығысты қоршай көлдің ойығына және батпаққа келіп тірелген. Қосымша аумақтың солтүстік бөлігінің орталығында Бұзықты өзенінен, байтақ бағытқа қарай созылған екі арна жалғасқан.

Бозоқтың суару жүйесі екі қызмет атқарды. Біріншісі егісті суарумен, ал екіншісі су тасыған және ылғандыру кезінде территорияны құрғату қажеттілігінен байқалды. Бозоқ қалашығындағы суару жүйесінің суландыру типін батпақпен анықтауға болды. ІХ-Х ғғ. Орта Азияға тән ұсақ суару жүйесінің тікелей қатысы бола отыра, бозоқ қалашығының суару жүйесін шамамен Х-ХІІ ғғ. деп мерзімдеуге болады.

2.        2008 жылы жазда қалашықтың солтүстік махалласының төменгі горизонтын(тереңдігі 60-70 см) зерттеу аяқталды. Бұған дейін айтылғандай, солтүстік махалланың мәдени қабатының ерекшелігі стратиграфиясында немесе горизонттарының құрылысын анықтауының күрделілігінде еді. Қалашықтың солтүстік махалласы көрші алаңдарға қарағанда, өте күшті «мәдени қабатқа» ие. Яғни, қалашықтың бұл бөлігі жиі қолданылған болу керек. Тоқтатылған жерге қайта тазарту жүргізген кезде таза топырақ қабатының астынан ағаш қалдықтарымен қоса бағана шұңқырлар пайда болды (!). Бұл ашылудан кейін солтүстік алаңының барлық квадраттары қайта тазартылды, 70-80 см дейін созылды.

Солтүстік алаң ортасында біздер киіз үй негізі деп айтқандай, дөңгелек арық орналасқан. Оның пішіні жоғарыдан 50 см тереңдікте лайда болды, бірақ олар анық көрінбеді. Тек қана 70 см-ге тереңдегенде арықтар жақсы көріне бастады. Арықтың ені – 1,0-1,3 м, ал диаметрі – 6 м. Жалпы тереңдігі шамамен 30 см. Оның қабырға бүйірі жағында 50 см деңгейде бағана шұңқырлар бекітілген. Арнаның шығыс бөлігінде айырылыстар бар. 2008 жылы қазба жұмыстары аумақтың орталығына тазарту жүргізгенде 60 см деңгейде сұрғылт түсті аморфты кескіндер лайда болды. Осі бойынша өлшемдері – 2,2*1,6 метр. Оңтүстік-шығыс бөлігінің жоғары жағында тікбұрышты формада қарамен толтырылған бағана шұңқырлары байқалды (30-20 см). Кейін біртіндеп дақ іздері тікбұрышты кескінге айналған және өлшемдері – 2,4*0,7 метр. Сөйтіп, арнаны қоршаған ортасындағы тікбұрышты формадағы дақтар қабір оры болып шықты. Ол бағытымен батыс-шығысқа бағытталған екен. Қабірдің төменгі жағында бүйірімен солға, басы батысқа бағытталған адамның жерлеу орны тазартылды. Қолдары шынтағымен бүктеліп кеуде денесіне перпендикуляр күйінде, ал қолының саусақтары бөлшектенген қалпында иық сүйегі астыңғы жағында саусақтары ішінің үстіне қойылған. Ешқандай заттар болмады, бейіт шұңқырының тереңдігі 80 см деңгейден 0,4 метр. Солтүстік махалланың жоғарысынан оның тереңдігі 1,2 м, ал ежелгі жер үсті деңгейінен тереңдігі 0,7 м.

Қабір шұңқырының пайда болуы мүлдем түсініксіз, радиоуглерод тәсілі талдауына жіберілген сүйектердің нәтижесі б.з.б X-VIII ғғ. көрсетті. Дегенмен, бұл ешқандай ескерткіштің ортағасырлық картинасына сәйкес еместігін аңғартады. Егер де бұл жерде қола ғасырының соңғы кезеңіне жататын жалғыз жерлеу орны және ол кездейсоқ айнала қоршау ортасында лайда болды деп болжасақ, біздер киіз үй үлгісіндегі тұрғын құрылысымен байланыстырғанның өзінде де, өте бір таңырқаларлық жайт. Мүмкін бұл ритуалдық жерлеу орындары болуы мүмкін. Бұған дәлел жерлеудегі қол саусақ сүйектерінің керісінше бағытта орналасуы. Шұңқырдың жоғарғы жағындағы кескіндемелері суреттелмеді, тек ғана 60 см тереңдікте сұрғылт түсті дақтар лайда бола бастады. Демек, бейіт төменгі горизонт құрылысына жатуы ықтимал. Сондықтан, осындай жерлеу белгілерін ескере отыра, тек жерлеу орны жоғарғы хронологиялық горизонтқа жатпайтындығын айтуымызға болады.

3.        2008 жылы жазда қалашықтың солтүстік махалласының батыс белдеуінде 22/М шаршыда тағы бір мұсылмандық жерлеу орны ашылды. Ол алдындағыға қарағанда, аса шағын көтеріңкілеу түрінде болды. Бейіт өлшемі 2,3*0,8 м, бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік- шығысқа бағытталған. Шұңқырдың жоғарғы қабаттарында күйдірілген кірпіш фрагменттері суреттелді. Шұңқырдың жоғарғы 50 см деңгейінен бастап күйдірілген кірпіштер қаланған және ордың жан-жағында орналасқан. Ортасында кірпіштер «шырша» қалпында орналастырылған. Шұңқырдың түбінде 110 см тереңдікте орналасқан басы батыс солтүстік-батыс бағытындағы адам қаңқасы табылды. Ол арқасымен қолдары кеудесіне қысыңқы, сол қолының сүйектері жамбас сүйектеріне тақаулы жатқан. Қаңқаның ұзындығы 140 см, қаңқа кірпіш қалауының ортасында жатыр, беті солтүстікке бұрылған.

Тікбұрышты үлкен өлшемді кірпіштер: 37,0*24,0*8,0 см; 38,5*24,0*8,5 см шұңқырды ұзыннан жағалай төрт қабат күйде қойылған. Шұңқыр ұшының шығысы тік бұрышын құрайтын төрт қабатты кірпіштен қаланған. Ал батыс қабырғалары бұрышында бір біріне тікбұрышты кірпіштермен орналасқан. Адамның бас сүйегі бұрыш қуысында болған, кірпіштерінің өлшемдері: 40*20*8 см; 38*20*9 см. Өлік қабірдің ені 45 см ішкі жағында орнатылып, кірпіш көмбесінің жалпы биіктігі 0,7 м. Демек, шұңқыр осы деңгейде кірпіштермен «шырша» түрінде жабылған болуы ықтимал.

Бозоқ қалашығында біздермен шамамен 40 жуық мұсылмандық жерлеу орындары ашылды. XІІ-XIV ғғ. әдетте мұсылмандық қалалық қорымдарда кездесетін барлық мазар түрлері анықталды. Бұл күйдірілген кірпіштермен, түрлі құрылысты кірпіш склептерінен көмбе шұңқырлардан (шакк немесе хуфра) подбойдағы жерлеу орындары болған. Көмбелер ағашпен жабылған. Бір мезгілде қабырғаны және ағаш, кірпішті безендіруді қажет ететін шұңқырлар да кездеседі. 2008 жылдағы қабірлердің құрылысы ислам талаптарына сәйкес келеді. Адам ешқандай затсыз, басы батысқа, бірақ беті солтүстікке бұрулы күйінде жерленген.

1.                  М.К.Хабдуллина. Кипчакское городище на реке Ишим// Роль степных городов в цивилизации номадов: материалы международной научной конференции, посвященной 10-летнему юбелею г.Астана. Астана. 2008. – С. 170-174.

2.                  К А.Акишев. Итоги работ Ишимской археологической экспедиции // Известия МН и ВО РК, НАН РК. Серия обществ.наук. 1999, №1 (219). – С.5-8.

3.                  Л Ф. Семенов Матералы к характеристике памятников материальной культуры Акмолинского округа // Вестник Центрального музея. Алма - Ата. 1930. – С.78-79.

4.                  Д А.Гаврилов. Предварительные результаты изучения оросительной системы раннесредневекового городища Бозок// Роль степных городов в цевелизации номадов: материалы международной научной конференции, посвященной 10-летному юбелею г.Астана. 2 июля 2008 г. г.Астана, 2008. – С.371-376.

5.                  Б.В.Адрианов. Древнее оросительные системы Приаральная (в связи с историей возникновения и развития орошаемого земледелия). М 1969. – С.155.