2009 жылдың далалық маусымында алдыңғы жылғы қазба жұмыстары жалғастырылды. Осы жылдың жұмыс мақсаты №3 (07) обасының конструкциялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылды. Қазба жұмысына дейін ескерткіш жылсайын егіндік орын, топырақ үйінділі болған, обаның диаметрі 50 м және биіктігі 2,6 м.

Мұнда 2008 ж солтүстік-оңтүстік, батыс-шығыс бағыты бойынша жиек қырын қалдыра отырып орталық бөлігінде қазба жұмыстары басталған болатын. 0,7 м тереңдікке дейінгі орталық бөлігі алынған. Олжалар табылмаған.

2009 ж оңтүстік-батыс секторында шартты ортадан солтүстік-оңтүстік, батыс-шығыс жиек қыры бойымен екі траншея салынды. Толыққанды анықталым үшін барлық жер және ағаш конструкциясының келесі горизонтальды және вертикальды тазалануымен үйіндіні қабатпен алу әдісі қолданылды.

Солтүстік-оңтүстік және батыс - шығыс траншеясының ұзындығы орталық қазықтан 23 м, ені 4 м, орталық бөлігіндегі тереңдігі 2,5 м, шет жағындағы тереңдігі 1 м. Кейінірек батыс-шығыс траншеясына қарай солтүстік-оңтүстік траншеясына қарайғы жапсарының орнында ұзындығы 6м, ені 3 м болатын кесілім жасалған.

Үйіндіні тазалағаннан кейін орталықта 2,3 м тереңдікте батыстан шығысқа 2 м, солтүстіктен оңтүстікке 2 м болатын тоналу шұңқырының оңтүстік шеті байқалды. Осы шұңқыр батысқа қарай 13,5 м, оңтүстікке қарай 12,4 м, қалыңдығы 5-7 см болатын ағаш қабығынан жасалған төсеніш қираған. Солтүстік-оңтүстік траншеяның орталық бөлігінде ағаш қабығынан жасалған төсеніште орталық қазықтан 8 м малдың ірі сүйектері табылған.

Ағаш қабығынан жасалған төсеніштің астында қалыңдығы 10-20 см болатын балшық құйынды орналасқан. Онда тоналу шұңқырының батыс шетінде СБ-ОШ бағытымен орналасқан төрт ағаш бөренелердің (ағаш сақталмаған) іздері сақталған.

Екі бөрененің шеттері жиек қырының астына еніп жатыр, шеткі шығыс бөрене шұңқырмен кесіліп, бір бөлігімен жиек қырының астына қарай орналасқан. Бір бөрене қысқалау болып шықты және екі ұзынырақ бөрененің ортасында орналасты. Обаның қазылған жағындағы бөренелердің өлшемдері: ұзындығы: ұзындары - 7,2 м, қысқасы - 2,5 м, ені - 0,2 ден 0,1 м дейін, іздерінің тереңдігі – 5-7 см. Бөренелердің шеттерінен 3 м қашықтықта СБ-ОШ бағытымен орналасқан ағаш бұтақтарының іздері сақталған. Орталық қазықтан 19-20 м қашықтықта оба үйіндісінің шеттерінде 0,4-0,5 м тереңдікте жарылған мал сүйектері жатқан.

Солтүстік-оңтүстік жиектің стратиграфиясы.

Үйіндінің жоғарғы бөлігі гумустық қабат 17-20 см. Төменірек жиекпен қара-қоңыр супесь, қорғанның орталығында 0,25 м қалыңдығымен және ортаңғы бөлігінде 1,1 м, ал шетінде 0,75 м.

Қорғанның ортасынан тоналу шұңқыры қазылып өткен, шұңқыр жоғарғы бөлігінен төменге тарылады.

Жоғарғы бөлігінің ұзындығы 4 м

Төмен бөлігінің ұзындығы 1,75 м

Толтырылған топырақ көбіне ақшыл қоңыр супесьтен құрылды 2,75 м тереңдігінде үлкен ағаш бөліктері жатты, өлшемдері 04*0,25 м және 0,2*0,1 м, қалыңдығы 5 м.

Одан әрі оңтүстікке қарай қара-қоңырлау супесь сары құммен жатты, траншеяға 2,8 м жетпей орналасқан. Солтүстік бөлік балшықты блоктарға тірелген, ал оңтүстік бөлік жіңішкеленіп жоғалады. Берілген бөліктің өлшемі: ұзындығы 8,75 м, қалыңдығы біркелкі емес солтүстік жағы 0,6 м және орта жағы 0,8.

Балшықтық блоктардың қабатының астында ағаштың қабығынан жасалған төсеніш анықталды, қалыңдығы – 5,7 см ұзындығы – 12,4 м. Ағаштың қабығынан жасалған төсеніш тонаушылар шұңқырымен бұзылған. Ағаштың қабығынан жасалған төсеніштің астында құйылған сұр түсті балшық анықталған. Қалыңдығы 10-20 см, ұзындығы 12,4 м, ені – 20 см, сол балшықтық құймада екі бөрене ізі жатты. Ағаштың қабығынан жасалған төсеніштің оңтүстік бөлігінде қара қоңыр түсті балшықтық линза анықталды, ұзындығы – 1,1 м, ені 0,2 м. Барлық жоғарыда көрсетілген қабаттардың тонаушылар шұңқырынан басқасы супесь қара сұр түсті, орта есеппен 0,1 м содан төмен материктік қабат, оның түсі ақшыл сары саздақ.

Шығыс-батыс жиек қырының стратиграфиясы.

Үйіндінің беткі қабаты 17-20 см гумус қабаты, одан кейін қара қоңыр супесь қабаты, обаның ортасына қарай қалыңдығы 0,2 м, ортаңғы бөлігінде 0,7 м, шеткі бөлігінде 0,25 м.

Обаның орталық бөлігінде тонаушылар шұңқыры орналасқан, жайпақ шетімен төменге қарай тарылған, ұзындығы жоғарғы шетіне қарай 4,8 м, төменгі шетіне қарай 1,75 м. Толтырылым бірыңғай ақшыл-қоңыр супесьтен тұрады.

Тонаушылар шұңқырынан оңтүстікке қарай бір-біріне жүйесіз қойылған формасыз балшық блоктарынан ұйымдасқан, өлшемдері 0,6*0,4 м-ден 0,2*0,1 м-ге дейін жететін қабат орналасқан. Бұл конструкция ұзындығы 4,5 м, батыс шеті жалпақ ақырындап жоғалады, оның солтүстік шеті тонаушылардың шұңқырымен бұзылған, орта жағының биіктігі 1,5 м құрады. Одан оңтүстікке қарай қара-қоңыр супесьтің астында траншея шетіне жетпей 8 м қашыктықта аралас қара-қоңыр супесь қабаты сары құммен араласқан. Солтүстік бөлігі балшық блоктардан құралған қабатқа кіреді, ал оңтүстік жағы жалпақ және ақырындап жоғалады. Осы қабаттың өлшемдері: ұзындығы 9,5 м, орталық бөлігіндегі қалыңдығы 0,8 м.

Балшық блоктар қабатының және аралас қоңыр супесь астында ағаш қабығынан жасалған төсеніш анықталды, қалыңдығы 5-7 см, ұзындығы 13-5 м, орталығы тонаушылар шұңқырымен бұзылған.

Ені 20 см болатын үш бөрененің ізі анықталған ағаш қабығынан жасалған төсеніштің астында сұр түсті балшық құйма болды, оның қалыңдығы 10-20 см, ұзындығы 14,5 м. Және ағаш қабығынан жасалған төсеніштің оңтүстік шетінде балшық құймадан қара- қоңыр түсті балшық линза орналасқан, ұзындығы 1 м, ені 0,15 м.

Жоғарыда көрсетілген барлық қабаттан тонаушылар шұңқырынан басқасының супесінің түсі қара-сұр, орташа алғандағы қалыңдығы 0,1 м, оның астында ашық сары түсті түсімен ұсынылған материк қабаты басталды.

Сонымен 2009 жылы №3 (07) обасын зерттеу барысында балшық блоктар, ағаш қабығынан жасалған төсеніш және ағаш конструкциясының іздері сынды көптеген жаңа конструктивтік ерекшеліктері анықталды.

Алғашқы алаң тегістелген, сосын саз балшықпен құйылған. Сірә, жерлеу орны периметрі бойынша бұтақтармен қойылып, бүтін бөренелермен жабылған. Артынан мұның бәрі ағаш қабығымен қапталып, үстінен саз блоктардан қабырғалар тұрғызылған.

Стратиграфиялық бақылауларға қарағанда, қазірдің өзінде жерлеу құрылыстарын қалпына келтіріп және оны оба үйіндісі емес, керісінше сәулет өнері нысанының қалдығы ретінде ұсына аламыз.

Обаны одан әрі зерттеу оның көлемі мен пішінін анықтауға, сонымен қатар мұнда жерленген, яғни уақытында әлеуметтік жоғары деңгейді иеленген көне адамдар жөнінде деректер алуға мүмкіндік береді.

Келісім шарт негізінде, экспедиция жұмысы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетімен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты арасында тұрғызылған. Сонымен қатар БҚМУ тарих факультетінің студенттері экспедиция құрамында болды.