2009 жылғы археологиялық зерттеулер нәтижесінде, Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстанның қалалық мәдениетіне қатысты, соңдай-ақ қаланың сауда-экономикалық даму динамикасымен орта ғасырлардағы шығыс пен батыс өркениеттері арасындағы мәдени байланыстары жөнінде кептеген деректер алынды. Қоғамдық ғимарат болып табылатын «хананың» архитектуралық қайта салынуының кезеңдері зерттелінді. Зерттеу барысында тұрғын үй мен шарушылық ғимараттарының тұрғызылу ерекшеліктері анықталды.
Сарайшық қалашығындағы 2009 жылғы қазба жұмыстары өзеннің жағасын шаюуы салдарынан бұзылып жатқан, жағалық алқапта жүргізілуге бағытталды. Бүл бөлік 1997 жылдан қазылып келе жатқан V қазбада орналасқан, мұндағы орталық нысан- «хана» типтес сарай кешені. 2009 жылы қазба жұмысы шамамен 500 м ауданда жүргізілді. Зерттеу барысында ескерткіште табылған бес құрылыс горизонты реттілікпен ашылды. Әр бір кезеңдегі уақыт арасы шамамен бірнеше ондаған жылдарды құрайды.
Бірінші құрылыс қабатын 15 ғасырдың ортасымен 17 ғасырдың басымен мерзімделетін жерлеу ескерткіштер құрайды. Жалдардың стратиграфиясы көрсеткендей мемориал кешені бүгінгі жер қабатынан 4 тен 7 см аралығында тереңдікте салынған. Көп жағдайларда жерлеу мола шұңқырының бірнеше он сантиметр толтырымы бойынша анықталды. Зерттеу барысында мұсылман дәстүрі негізінде жерленген жерлеу анықталды: мәйіт шұңқырда оң жағынан қазылған ақымға, беті оңтүстікке қаратыла, жартылай бұрылыста оң қырымен жатқызылған. Осындай жерлеу түрі ежелгі көрханалар астынан табылды- күйдірілген кірпіштен жасалған сағаналар. Бұдан біз XV ғасырда Сарайшық тұрғындарына ислам дінінің қатты болғандығын аңғара аламыз. Осы кезеңмен мерзімделетін кей жерлеулерде мәйіттердің үстілерін жапқан ағаш жәшіктің қалдықтары ұшырасты. Олардың қолданылу мақсаты мәйітті қайтыс болған жерімен Сарайшықка жеткізуде. Осы уақытта әліде Сарайшық жерлеу орны қызметін атқарғандығын көре аламыз. XV ғасырдың екінші жартысында көптеген көрхандар мен далалық салтпен байланысты түрлі жерлеу түрлері пайда болады. Жерлеу салтындағы осындай көп түрлілік, зерттелуінде ақтандақ беттері коп XV-XVI ғасырлар аралығындағы қаламен даланың қарым-қатынасын суреттейді.
Екінші құрылыс кезеңі XIV ғасырдың соңымен мерзімделеді. Бұл кезеңге күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған үйлер тән. Тұрғын ғимараттар типтік болған: бөлменің ішкі көрінісі- суфалар, ішкі каналдармен жылытылатын пештер, ғимарат құмдақ ерітіндімен сыланып, кейін әктелетін болған. Еденнің саздақ жабынында кейде қамыс тоқымалардың қалдықтары кездеседі.
Үшінші құрылыс қабатындағы ғимараттардың қабырғаларын қайта жоспарлаудан кейін төртінші қабаттың құрлысы кеткен. Бөлмелердің негізгі өлшемдер үште үш, үште төрт, кейде төртте бес метрге шейін жеткен. Жылыту жүйелері қабырғаға жапсарлана салынған қарапайым пештерден тұрған. Түгін шығатын мұржалар бөлменің қабырғасына тігінен қойылған. Суфалар болмады. Едендер төменгі төртінші қабаттың үйіндісіне толы болды. Барлығы сыланған. Интерьердің жұтаңдығына қарай ғимарат шаруашылық не өндірістік мақсатта пайдаланылған деп айтуға болады.
Төртінші құрылыс қабаты өндірістік нысандардан тұрды. Ғимарат іші көптеген өндірістік пештерпен толып тұр. Пештер күйдірілмеген кірпіштер мен саз толтырымнан тұратын платформада орналастырылған. Олардың биіктіктері шамамен 36 см. Платформалардағы пештердің көлденең орналастырылған мұржалары, ғимараттың сыртқы қабырғасында орналасқан тік мұржаға жалғанатын болған. Пешдердің қабырғасындағы ыс 12 см дейін жеткен. Пештердің маңынан темірдің сынықтары, түрлі көлемдегі қола қалыптар мен жапырақша тәріздес мыстың қиындылары, сондай-ақ кей пештердің маңынан шыны шлактар табылды. Бағалы металдарды қорыту үшін пайдаланылған тигелдар табылды. Бұлардан өзге белгілі бір мақсат үшін салынған диаметрі үлкен тандыр табылды. Қандайда бір затты жасауда мамандандырылған жүйені анықтауға мүмкіндік тумады. Бәлкім мануфактуралық кешен үлкен көлемдегі бұйымдарды тек тапсырыс бойынша жасаған деп ой қорытуға болады. Кейіннен жаңа құрылысты жасау барысында ескі өндірістік қалдықтары тазартылған.
Шеберханаларға жақын үйлердің бөлмелері бір-бірлерінен оңаша орналастырылған. Батыс бөліктегі үйлерде шығыс жақ қабырғадан салынған ұзын коридор болған. Олар фахверкалы қабырғалармен қоршалаған. Қабырғалар бірнеше рет сыланып, әктелген.
Кей бөлмелерде көлемі үлкен тандыр пештер қабырғаға салынатын болған. Олар да отын салып, күл шығаратын бүйірінде тесіктері болмады. Отын үстінен салынатын болған. Мұндай пештер оңтүстік Жетісу өлкесіне тән.
Бесінші құрылыс қабаты қазбаның материк алды және материктік деңгейіне тап келді. Ол әр түрлі бір-бірлерімен кейде қосылып кетіп жататын шұңқырларға толы болды. Кей жерлерде конструкциясы сақталған бөліктерде кездесті. Мысалға тереңдігі 55 см, ені 2,5 м (С-О) және ұзындығы 4 м болатын жартылай жер кепені ашу мүмкіндігі болды. Суфа болмады. Жер кепеде түтін шығатын мұржасы жоқ тандыр және жоспарда шаршы болып келген ыдыстың қалдықтары анықталды. Оның қасында жартылай тереңдетілген тағы бір ғимарат орналасқан. Мұнда тандырмен ыдыстың қалдығынан басқа, шеңбер тәріздес, диаметрі мен тереңдігі метрдей болатын пеш анықталды. Тандыр пештердегі тор өрнектер қалашықта бұған дейін табылған тандырларға тән емес. Үшінші ғимараттың қалдығынан тандыр мен ғимарат қабырғасына салынған пеш кешенінен тұрады. Интерьердің мұндай ерекшелігі XII ғасырдағы шығыс Каспии маңы мен Жетісуға тән.
Ғимаратта әр түрлі ыдыс түрлері, металдан, сүйектен, шыныдан және т.б материалдардан жасалған бұйымдар табылды. Әсіресе қыш ыдыстар көп. Қызыл саздан жасалған қыш ыдыстардың көптігімен бір түрлілігі олардың Сарайшықтың өзінен шыққандығын меңзейді. Олардың белгілі түрлері осы кезеңдегі Жетісу мен төменгі Еділ бойындағы қалаларда сирек кезігеді. Қызықты зат болып, араб әріптерімен жазылған құмның ернуі болып табылады. Айта кететін жайт ұстаханаларға жақын ғимараттарда шығырлық ыдыстардың көптеп кездесуі, әлі белгісіз технологиялық үдеріс болып отыр. Бесінші құрылыс қабатынан қара сазды, екі құлағы бар, шамамен биіктігі 40 см болатын ыдыс табылды. Осы табылған заттар қаланың монгол шапқыншылығына дейін өмір сүргендігін көрсетеді.
Сипатталып өткен құрылыс қабаттары, мерзімдеуді анықтауға септігін тигізетін нумизматикалық материалмен тығыз байланысты. Қалашықтың нумизматикасына қатысты дүние жарияланғанымен де, әлі де болса қазба барысында тазаланбаған монеталар ішінен жаңа түрлері шығуы мүмкін. Олар бізге беймәлім сауда байланыстарын анықтауға мүмкіншілік ашады.
Жалпы алдын ала қорытынды бойынша, Еуропа мен Азияның маңызды саяси- экономикалық жол торабында орналасқан Сарайшық қалашығы сол заманның тарихи үдерісінде қомақты рөл ойнады. Сарайшықта он төртінші ғасырда ірі мануфактуралық ұстаханалардың болғандығы 2009 жылғы зерттеулер нәтижесінен көрінда.
Сол замандағы Сарайшықтың байланыстары, оның архитектурасы, өндірістік қызметі, олардың құрылыс кезеңдерінде өзгеруі, болашақта далалық зерттеулердің нәтижелерін сол замандағы маңызды оқиғаларды анықтауда жемісті пайдалануға болады.