Ол әлі толыққанды шешілмеген бірқатар сауалдарды қамтиды: беғазы-дәндібай мәдениетінің шығу тегі, кезеңдеу, беғазы-дәндібай тайпаларының тарихи тағдырлары және ерте темір дәуіріне өту, сондай-ақ, элеуметтік сатылар мен құрылымы. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің көптеген мәселелерін шешуде археологиялық деректерді жинақтау мен оларды осы заман деңгейінде сараптаудың маңызы зор.

Кент қонысы айрықша перспективалы ескерткіштер санағына кіреді. Қоныстың үш хронологиялық қабаты бар, бұлар осыған сәйкес мәдениеттің ерте, орта, соңғы сатыларын белгілейтіндігі анықталды. Ескерткіштен түскен табылымдар тұрғындар қолданысында болған артефактілердің, бай құрамынан хабар береді. Бірақ, қоныстың құрылымдық сипаты күңгірттеу. Бұрынғы қазбалар оңтүстік және солтүстік шеттеріне таман тұстарда мәдени қабаттың қалыңдығы 1,4 м екенін аңғартқан болатын. Сондықтан, 2009 ж. жұмыстардың мақсаты құрылымдық жүйені анықтау үшін қоныстың орта тұсына қазба салу болып табылды. Бұл анықтау мақсатындағы топографиялық және рекогносцировкалық шаралардан басталды. Жұмыстар дәстүрлі методика бойынша аумағы 3 х 3 м шаршы арқылы жүргізілді. Бұрынғы зерттеулерден айырмашылығы, қазба барысында тым ұсақ бұйымдарды байқау және топырақты неғұрлым толығырақ тексеру мақсатында елеу тәсілі қолданылды. Қазылған топырақ әуелі 2*5 мм тордан өткізіліп, содан соң қалдықтар елеуіш арқылы тексерілді.

2006 жылы ескерткіштің ортасына салынған №11 қазба, батыстан және солтүстіктен кеңейтілген. 2009 жылы қазылған аумақтың көлемі 171 м . Қазбаның тереңдігі 0,4-тен 0,9 м-ге дейін. №2 тұрғын үйдің солтүстік-батыс қабырғасы және №3 тұрғын үйдің жартысы анықталды. Тұрғын үйлер материк деңгейінен 0,3 м тұрғызылған. Тұрғын үйлердің шығатын кіре берісі пандус түрінде жасалған, ұзындығы шамамен 2 м, ені 0,8 м-ге дейін жетеді. Тұрғын үйлердің мәдени қабаттары таяз, 0,3-0,4 м гумус топырағына және күл қалдықтарынан тұрады.

Табылған заттардың негізін керамика құрайды. Керамикалық кешен 3 топқа бөлінген ыдыстардан тұрады.

1 топ - беғазы-дәндібай мәдениетінің ыдыстары (ресей археологиясының қабылдаған номенклатурасы бойынша сарғары-алексеев мәдениеті). Бұл өрескел өзінділері қиылысушы кесінділер төріндегі оюлар, басылым қатарлары, кішкене шұңқырлардың және т.б. иленген және формалы біліктері жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, бұл қыш ыдыстар Сарғары-алексеев керамика түріне жатады. Бірақ бірқатар белгілері бойынша керамиканың доңғал төріне жақын. Сарғары - алексеевтік және доңғал белгілерінің бірігуі доңғал ыдыстарының эволюциялық сабақтастығын және оның шығу тегі сарғары- алексеев мәдениетінен шыққандығын көрсетеді. 2 топтың ыдысы - жылтыратылып тегістелген және тегістелмеген қыш, Сібірдің андронов кешеніндегі өрнектелген, дөңгеленген мөр ретінде орындалған (сур. 1). Ол елов-ирмен шеңберіндегі ыдысқа жақын .3 топ - тез айналмалы пеш шеңберінде орындалған қыш құмыраның сынықтары.

Олар Орта Азия мәдениетіне ұқсас. 2 және 3 топтар қыш ыдыстар жергілікті беғазы - дәндібайлықтардың Орта Азия және Батыс Сібір тайпаларымен байланыста болған. Сырттан әкелінген ыдыстардың жиі табылуы осы байланыстың тұрақты және өнеміз болды деп есептеуге болады.

Мәдени қабаттарда және тұрғын үйлерде садақтың қола жебелері, қола белбеулердің бастары, тастан қашалған саймандар, сүйектен жасалған саймандар табылған (сур. 2). Мүйізден мысыр «уриі» түрінде жасалған заттардың қызметі әлі анықталмаған. Кенттен табылған заттардың арасында мұндай табындылар ертеде де кездескен  . Ұқсас бұйым Шортанды-Бұлақ елді мекенінде табылып, оны Ә.Х. Марғұлан циркуль деп пайымдама жасаған’.

2009 жылғы маусымдық кезеңдегі табылған заттар мен 2006-2007 жылдардағы 11 қазбаның материалдары бірыңғай кешенді құрайды. Ол үшін радиокарбонды датасы 3180+35 жыл алынған .

11 қазбаның тұрғын үйлерінің маңайындағы мәдени қабаттың маңызсыздылығы ескерткіштің шеткі бөліктерінің қуатты қабаттарымен салыстырғанда қабаттың доңғал қыш кешірек құрылғандығы жайлы айта алады.

Осыдан ескерткіштің өзі жобасында айналма түрінде болған, ал ішкі кеңістігінде құрылыстар болмаған деп түйін шығаруға болады. Кенттің орталық алаңында құрылыстар кейінгі доңғал кезеңінің басында басталады.

Аттың жақ сүйегіндегі мыс тоттарының жасыл даты бар жәдігер өте маңызды болып көрінеді. Мыс тотығы, бәлкім, қола сулық немесе ауыздықтың топтанғандығынан қалуы ықтимал. Бұл Бегазы-Дәндібай тайпасының қола жүген қолданғаны туралы екінші дәлелдеме. Бірінші- 1986 ж. Кентте екі ақаулы ауыздықтың табылуы. Бұл бұйымдар төменгі қола дәуірінде қола ауыздық болғаны және қолданғанының дәлелі. Ежелгі ауыздықтар Қазақстан территориясында бегазы-дәндібай заманында пайда болғандығын дәлелденген деп санауға болады. Демек, атты ерттеп жүргізу пайда болғанын дәлелдеуге болады. Осы атты меңгеру арқасында жергілікті бегазы-дәндібай мәдениетінің тұрғындары өз кезінде Орта Азия, солтүстік Ауғанстан және солтүстік- батыс Иран жеріне атты ереуіл арқасында әскери жорықтарға аттанғандығы туралы айтуға себеп береді. Бегазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштеріндегі андроноидтық қыш қазақстандық тайпалық ақсүйек нәсілдері өз ықпалын солтүстік бағытта эсер етуін көрсетеді.

Кенттегі кезекті дала маусымындағы атқарылған істер осы Орталық Еуразия аймағындағы мәдени-тарихи процесстерді зерттеуде бұл ескерткіштің орны ерекше екенін дәлелдейді.

 

Матющенко В.И. Еловский археологический комплекс. Часть третья. Еловский II могильник. Комплексы Ирмени и раннего железного века. – Омск, 2006.

Матющенко В.И. Еловский археологический комплекс. Часть первая. Еловский I курганный могильник. – Омск, 2001.

Евдокимов В.В., Варфоломеев В.В. Эпоха бронзы Центрального и Северного Казахстана. – Караганда, 2002. – С.132. рис. 31. – 70-72 с.

 Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата, 1979. – С.211. рис. 161. – 7 с.

 ЕТН 37880 KZ 404 3180+_ 35 (С14 age BP) DeltaC13 (%о) -21,6+_1,1

68.2% probability 1495 ВС ( 68,2%) 1425ВС

95.4% probability

1520ВС (95.4%)1400ВС. Дата получена в лаборатории радиоуглеродного датирования при Институте физики элементарных частиц Высшей технической школы Швейцарии (Цюрих). Благодарю коллег из Германского музея горного дела Томаса Штелльнера и Александра Горелика (г. Бохум, Германия) за содействие в проведении анализа.

Евдокимов В.В., Варфоломеев В.В. Эпоха бронзы Центрального и Северного Казахстана. – Караганда, 2002. – С.129, рис. 28. – 75-76 с.