Суреттер ертедегі өнерді көрсететін келесі ескерткіш ретінде ғана емес, бұқалардың бейнелерінің 2-3 метрге жететіндігі аса қызығушылық тудырды. Мұндай ірі суреттер Қазақстан аймағында сирек кездеседі. Алғашқы қауым зерттеушілері көптеген ғұрыптық сюжеттердегі жабайы бұқа, бұқаның мүйізінде билеген адамдар бейнесіне қызығушылықпен қарайды.

Қасынан, кейде жардың астынан суреттермен бірге тастан қаланған ертедегі қоныстарда кездеседі. Қоныстарға қазба жұмыстары жүргізілсе көптеген мәлімет, яғни кімнің және кай уақытта суреттерді салганын, тұрғылықты қауыммен байланысын анықтауға болар еді. Сондықтан 2009 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында сусыз қалған сайда шағын қазба жүргізілді.

Барлау жұмыстарынан кейін қоныс әртүрлі кезеңге жататыны, сонымен қатар үсті-үстіне салынғаны анықталды. Жоғары қабатында XX ғасырдың 30-50 жылдарына жататын қазақтардың уақытша үйлерінің орындары кездеседі. Осы уақытқа жататын қазандардың сынықтары, есік тұтқалары мен 40-50 жж. жасалынған коньки табылды.

Қазба жардан осыдан он жыл бұрын құрғап қалған өзенге қарай, яғни солтүстіктен оңтүстік сызық бойымен салынды. Траншея кең етіліп салынды. Қазба 3*3 метр болатын 5 шаршыға бөлінді. Солтүстік белігіндегі жалпы қазба терендігі 2м 70 см. 55 см. терендікте ортағасырға жататын қыш ыдыс табылды. Қабырғасы қалың тұрпайы жасалған, сынықтардың бірі – мойын бөлігі. 1 метр тереңдіктен сақ кезеңіне жататын ыдыс сынығы табылды, 2 метрден 2 м 70 см-ге дейінгі тереңдікте кейінгі қола дәуірінің ыдыс сынықтары табылды.

1 метр тереңдікте ертедегі тастан қаланған кабырға ашылды, оның қалындығы 40 см., қабырға үлкен тастардан қаланған, ал үстінгі бетіне майда қиыршық тастарды сазға араластырып қүйған. Саз қабырғаның төменгі жағында күл даты кездесті.

Нәтижесінде төменгі құрылыс көкжиегінен қола дәуірініц ыдыстары табылды, қалындыгы 1,5 метр шамасында. Осы уақытқа төменгі сақ және үйсін кезеңінің ыдыстары кездесетін қабатта жатады. Осы кезеңнің керамикасы аз мөлшерде 2 мен 3 шаршыларда кездеседі. Толық және нақты мерзімі АҚШ-тан келген анализ нәтижесіне байланысты болады.

Сонымен қатар 2,3 және 4 шаршылардың нәтижесі де жотарыда көрсетілгендей. 2 шаршыда үлкен тастың астынан солтүсгік-батысқа қарай кететін келесі бір қабырға табылды. Қабырғадан қола дәуірінің ыдыстары кездесті. Нәтижесінде қоныс ұзақ уақыт XX ғасырдың ортасына дейін өмір сүргендігі айқындалды. Нәтижеге, сонымен қатар тас бетіндегі суреттерге қарап біз Ақ-қайнар бұлағының өмір сүруі сонау қола дәуірінен бастау алатынын айқындадық. Осы кезеңге петроглифтердің басым көпшілігі жатады. Темір дәуірі мен ортағасыр кезеңіне жататын суреттерді қоныс кезеңімен салыстыру кейінге қалдырылды.

Ақ-Қайнар петроглифтері Қүлжабасы мен ертедегі Тамғалы суреттері секілді қола дәуірінен бастау алып, Жетісудың ертедегі ескерткіштерінің біріне жатады.

2009   жылы Асыда 1999 жылы басталған қазба жұмыстары жалғасын тапты. Қазба қоныстың солтүстік бөлігіне салынды. Қазбаның мақсаты – қоныс құрылысын анықтап, өмір сүрген кезеңін және қоршап жатқан қабырғасын зерттеу, сонымен қатар жануар сүйектерін жинап, шаруашылық түрін анықтау болып табылады.

Қазба нәтижесінде қоныстың қола дәуірінде басталып, кейінгі дәуірлерде де өмір сүргенін айқындадық. Асының гөменгі қабатынан табылған қыш ыдыстар – ернеу, бүйір, түбінің өрнектері кейінгі қола дәуіріне жататынын айқын көрсетеді. Ыдыстың ернеуі тік, кейде сыртқа шығыңқы болып келеді. Екі сынықта бұрыштары томен қарайтын үшбұрыш бейнеленген.

Төменгі құрылыс көкжиегі кейінгі қола дәуірінщ керамикасына бай, бірақ үстін жанындағы төбеден алынған гравия басып қалған. Гравия қабатының жоғарғы бөлігінде маржанды өрнек кездесетін керамика табылды, бұдан біз қоныс біраз уақыт өмір сүруін тоқтатып, қайта өмір сүргенін байқаймыз.

Екінші көкжиектен жоғарғы жағында тағы да гравия қабаты кездеседі де одан кейін жалғанбалы шүмегі бар керамикалар кездеседі, яғни үйсін кезеңіне жататын болуы керек, ал оның жоғарғы жағында темір қырлы садақ ұшы кездесті, ол ортағасырға жатады. Сонымен қоныс 4 уақыт кезеңінен тұрады. Оның ұзақ жасаған уақыты кейінгі қола дәуірі.

Қоныстың солтүстік бөлігінен 1 м 60 см тереңдіктен екі саз еден ашылды, олар бірінің үстінде бірі орналасқан және бірнеше баған ойықтары табылды, оның ішінде бағанның шірінділері кездеседі, бұдан шығар нәтиже олар шатырды жабуға пайдаланылған бағандар 25-30 см биіктіктегі күйген қабаттан біз қоныстың өрттен өмір сүруін тоқтатқанын білеміз.

Асы I қонысының уақыты 2001 жылы томардың жасымен б.д.д. 700, 900, 1040 жыл, ал біздің жыл санауымыз бойынша б.д.д. 11 000 жыл екені анықталған болатын. Толық мерзімін беру әлі де ерте, себебі көрші Асы II қонысының мерзімін АҚІІІ -тан алған мәлімет бойынша өмір сүру кезеңі ертерек болып шықты.

Асы өзенінін, қоныстан 2400 метр теңіз деңгейімен алғанда биіктікте екенін ескерсек олар жер шаруашылығымен айналысуы мүмкін емес, тек жаз айларында ғана тұрақты қоныс жайлауы болған деген шешімге келеміз. Кейбір авторлардың сөзіне қарағанда б.д.д. III мен II мыңжылдықтың аяғында осы жердін, табиғат жагдайы басқаша болған және 2400 метр теңіз деңгейімен алғанда биіктікте шаруашылықпен жыл бойы айналысқан деп айтады. Қоныстағы қазба жұмыстар аяқталған жоқ, бірақ біз көшіп-қону мен жайлаудың пайда болғанына дейін жыл бойы өмір сүргендердің алғашқыларының бірі деп айта аламыз.