Бұл жерде соңғы жылдары жүйелі қазба жұмыстары жүргізіліп келеді және маңызды материалдар жиналған.
Алғашқы рет ескерткішті Түркістандық өңіріндегі Ресей археологиялық комиссиясының өкілі Н.П. Остроумов зерттеген болатын. 1893 жылы обада ол бірнеше жерлеу құрылыстарын қазды, хаттамасына қарағанда олар жер бетіне саз балшықтан салынған, ішкі камерасы бар жерлеу құрылыстары болған.
1949 және 1951 жж. Бернштам А.Н. басшылығымен Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы ескерткіштің жерлеу құрылыстарын зерттеуінде үлкен үлесін қосқан. Сол жылдары экспедиция зерттеушілері Агеева Г. және Пацевич Е. жер бетінде салынған сағана типті жерлеу құрылыстарын және кенотафтарды қазды.
Келесі жылдары бұл объектілерді Жетісу археологиялық экспедициясы (басшысы Акишев К., зерттеушісі Нурмуханбетов Б.), Оңтүстік Қазақстандық облыстық тарихи-өлкетану мұражай археологиялық экспедициясы (басшысы Байпақов К., зерттеушісі Грищенко А), Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының Арыс және Бөріжар отрядтары (басшысы Байпақов К., зерттеушілері Грищенко Н., Ержігітова А.) зерттеді.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама арқасында ескерткіш зерттеуінде маңызды табыстарға қол жеткізді. Соңғы жылдары бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстары нәтижесінде көптеген жер бетіне салынған сағаналар және катакомбалар, жер астындағы шұңқырлар зерттелген болатын, керамикалық коллекциялары, темір және мыстан жасалған бұйымдар коллекциялары толығып отыр.
Далалық маусымда үш оба №29, 30, 31 қазылған болатын. Олар 1949, 1951 жж. АН. Бернштам басқарған экспедициясы зерттеген учаскеде орналасқан, ал 2007 және 2008 жж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының Бөріжар отрядымен Оңтүстік Қазақстан облыстық мұражай экспедициясы бірлесе өз қазба жұмыстарын жалғастырып келеді.
Барлық обалардың үйінділері топырақтан тұрады.
29 оба үйіндісі астында катакомба ашылды. Оның камерасына апаратын үңгірінің ұзындығы 7,55 м, оңтүстіктен солтүстікке бағытталған. Оның солтүстік жағында камера орналасқан. Жерлеу камерасы төртбұрышты болып келген, бұрыштары дөңгеленген, ұзын жағы шығыстан батысқа бағытталған. Ұзындығы 2,45 м, ені 1,97 м. Камера төбесі құлаған, бірақ қабырғалар тұсында сақталған қалдықтарына қарағанда ол күмбез тәрізді болды.
Камераны аршу барысында онда қос жерлеу табылды. Олар бір біріне параллельді, арқалары керілген жайда жатқызылған. 1 қаңқа, солтүстік қабырға тұсында орналастырылып, баспен оңтүстіктік-шығысқа бағытталған. Аяқтары оңға қарай жылжытылған болатын. Аяқ жағында бүйіріне құлаған екі сапты құмыра жатты. 2 қаңқа баспен оңтүстікке қарай бағытталған.
Оңтүстік - шығыс қабырғасы тұсында, 2 қаңқаның бас сүйегінен сол жағында құмыра тұрды. Екі қаңқа арасында қатты шіріген темір пышақ және темір зат үзіндісі табылды. Бұдан басқа заттар болмады.
№30 обасында жерлеу құрылыстардың екі типі ашылды, катакомба және жер астындағы шұңқыр. Шұңқыр ұзындығымен солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа бағытталған. Оның ұзындығы 3,08 м, ені 1,22 м, тереңдігі 1,63 м. Бұрыштары домаланып келген. Шұңқыр еденінде солтүстік-батыс қабырғаға жақынырақ жылжытылған. Арқасы керілген жайда, қолдары кеудені бойлай орналастырылған, баспен оңтүстіктік-шығысқа бағытталған қаңқа жатқызылған. Қаңқаның анатомиялық реті бұзылмаған. Оның астына қамыс төсеген.
Бассүйектің сол жағында хош иісті шығаратын ыдыс табылды, ал оң жағында қара түсті ыдыс жатты, оның ішінде тағы бір хош иісті шығаратын ыдыс табылды. Кішкентай ыдыс түбінде күл қалдықтары жазып қойылған. Тағы екі ыдыс шұңқырдың солтүстік-шығыс қабырға жағында орнында болды.
Оңтүстік-шығыс қабырғасы тұсында қатты шіріген 21 жебе ұштары табылды. Оң тізе сүйектері үстінде нашар сақталған ағаш тақтай үзіндісі жатты (?).
Шұңқырдың солтүстік жағынан үңгір тәрізді ұзындығы 2,18 м ені 0,49 - 0,7 м-лік, оңтүстіктен солтүстікке бағытталған катакомбаның дромосы орналасқан. Дромостың солтүстік шетінде камерасы перпендикуляр орналасқан. Камера едені дромостың еденіне қарағанда 0,1 м төмен орналасқан. Оның бұрыштары дөңгеленіп келген, ұзындығы 1,62 м, ені 0,83 м, биіктігі шамамен 0,6 м. Кіріс ойығы байқалмады. Камераны тазалау барысында бала қаңқасы табылған (сүйектері нашар сақталған). Қаңқаның анатомиялық реті бұзылған. Ол арқасына керілген жайда жатты, қолдары кеудені бойлай орналастырылған, баспен шығысқа бағытталған. Ешқандай зат жоқ.
Келесі №31 оба зерттелді. Бұл обаны 1949 және 1951 гг. ЮКА экспедициясы зерттеп, ешқандай жерлеу құрылыстарының іздерін анықтамаған соң оны кенотаф немесе еске алынушы төбешіктері деп атап өткен. Қазбаға дейін оба ортасында тереңдігі 1,6 м, мөлшері 7,5*6,3 м шұңқыр болған.
Катакомбаның дромосы оңтүсктен солтүстікке қарай бағытталған, оның солтүстік жағында жерлеу камерасы орналасқан. Камера дромосқа перпендикуляр орналасқан. Атмосфералық тұнбалардың жиналуы нәтижесінде топырақ цемент сияқты қатып қалган, сондықтан да дромос тазалау барысында конструкцияны толық тазалау мүмкін болмады. Және де құрылыстың жоғарғы жағы ертедегі көзбамен бүлінген болатын. Күмбез тәрізді төбе жақтары, дромостың кейбір жерлері және қабырға нұсқалары жарым-жарты аман сақталды. Камера жоспарда төртбұрышты болып келген, бұрыштары сопақша қаңқа сүйектері аркасына керілген жайда жатты, баспен шығысқа бағытталған. Сүйектердің анатомиялық реті бұзылмаған.
Кіре-берістің оң жағында қызыл қоңыр түсті сазбалшығынан жасалған құмыра табылды. Басқа заттар табылмады.
Соңғы жылдардың зерттеулері ескерткіштің жоғарғы тізбегінде жерлеу құрылыстарының екі түрі анықталған. Бірінші үлгісі; дромос күмбез тәрізді катакомбасымен, қаңқа керілген жайда арқасында жатқызылған, шығысқа баспен бағытталған. Екінші үлгі – жер астындағы шұңқырға жерлеу. Бүгінгі күні біз үш шұңқырдағы жерлеулер аштық: 19 оба (2006 ж. қазылған), №25 (2008 ж.), №30 (2009 ж.).
Шұңқырлардағы қаңқалардың оңтүстік бағыты біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырларға жататын ескерткіштерінде табылды, олар Орта Азия обаларында және онымен шектескен аумақтарында.
Бөріжар қорымында табылған заттар Ташкент өңірінің және шектес аумақтарының ескерткіштерінде табылған заттармен ұқсас тауып отыр. әсіресе, ұқсастық керамикалық материалдардан айқын байқалады. Сайып келгенде, біздің материалдарға ең жақын болып келетін қауыншы мәдениетіне жататын Ташкент аумағының ескерткіштері.
Сонымен, зерттелген ескерткіштер Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан кейбір аудандарында кең белгілі катакомбадағы жерлеулеріне жататындығы анықталды. Жұмыстардың негізгі нәтижесінде далалық маусымды осы ескерткішті қалдырған халықтар мәдениетін сипаттайтын материалдар қоры толықтырылды.