Соңғы жылдары қазба жұмыстары жақсы сақталған ірі екі тұрғын-үй кешендеріне жүргізілуде. Батыс тұрғын-үй кешені (БТҮК) қазіргі таңда толығымен зерттелді, ал Шығыс тұрғын-үй кешеніне зерттеу әлі де жалғасуда.
Археологиялық зерттеу жұмыстары Қазба 1 учаскесінде шығыс және батыс бөліктеріне жүргізілді. Жалпы көлемі 300 шаршы метр, ал 40 шаршы метрге жаңадан зерттеу жұмыстары басталса, оның қалғаны былтыр толығымен зерттеу жүргізілмеген аймақты құрайды. Шаршылы ұялар солтүстіктен оңтүстікке қарай әріппен, батыстан шығысқа қарай санмен белгіленген. Биылғы зерттеу жұмыстары В7, В8, В, И14, К14, Л14, М14, Ш13, Ш14, Ш15,415 шаршыларына жүргізілді.
Шығыс телімде жұмыстар бірнеше бағытта жүрді. Олардың бірі батыстан шығысқа қарайғы бойлығындағы «Б-В» әріптерінен құралған «7-13» сандарының тізбегіндегі аймақ құрылыс немесе екі тұрғын-үй шекарасы анықталды, олар өзара бір-біріне байланысқан әртүрлі тұрғын-үй немесе үлкен бір құрылыс болуы мүмкін. Қазіргі таңда шығыс тұрғын- үй шеберханасының солтүстік-шығыс және шығыс бөліктері толығымен зерттелмеді. Тек қана жайпақталып келген қабырға қалдығы тазартылды, ол келесі тұрғын-үйдің құрылысы болуы мүмкін немесе екінші камера болуы мүмкін. Толыққанды нәтижесін шығару үшін осы бағытта қазба жұмыстарын жүргізу керек.
Екінші бағыт бойынша батыс қабырғасының сақталған бүкіл ұзындығына теодолитті түсірілім жасалды және сандық суретке түсірілді.
И14-К14-Л 14-М14 шаршыларын зерттеу барысында батыс және шығыс қабырғаның солтүстік-батыс бұрышы, сонымен бірге ішкі жағы солтүстік қабырғаға бағытталған. Батыс бөлігіндегі К14 шаршысы Л14 шаршысында жалғасатын 78-80 см тереңдіктен тақтатас тазартылды, қазіргі таңда осы тақтатастардың асты түтін жолының бөлігі болуы мүмкін деген болжам айтып отырмыз.
Батыс телімде 2007 жылы далалық қазба уақытында зерттеу жұмыстары «М-Т» әрпінің бойлығындағы «13-14» сандары ретіндегі қабырғаларына тазарту жұмыстары жүргізілді; Х12-Ц12 шаршыларының қиылысында орналасқан шұңқыр зерттелді; Ш13, Ш14, Ш15,415 жаңа шаршылары ашылды.
П13, П15 шаршыларынан көптеген күрделі құрылысты шұңқырлар, арықшалар мен кандар ашылды, олар өндірістің немесе шаруашылықтың ішкі құрылымы болуы мүмкін. П15-015 шаршыларының байланысқан жерінде 5 ірі тақтатастар ашылды, олар түтін жолының солтүстікке бағытталған бөлігі деген тұжырым жасалып отыр. Р13 шаршысында төртбұрышты кесе тәрізді тереңдік тазартылды, солтүстік және шығыс қабырғалары тік, батыс қабырғасы дөңестеліп келген. Pl5 шаршысында қиманың астынан торт арықшалардың қосындысынан шыққан екі шұңқыршалар тазартылды, сонымен бірге тас төс табылды. С14 және С15 шаршылары толығымен тазартылып, бірнеше шұңқырлар мен арықшалар ашылды. Т15 шаршысы күрделі ілгек тәрізді болып келіп көрші шаршыларға қарай жалғасып кеткен. Кішкентай арықтың каны С15 шаршысының канымен батыс қабырғасы арқылы жалғасқан. Кан солтүстікке сосын батысқа қарай ілмектеніп, Т15 шаршысынан қайта шығады, солтүстік-батыс бұрышы У15 шаршысы арқылы канға барып қосылады. У12 шаршысынан У11 шаршысына қарай Г тәрізді баған ойықшасы тазартылды. У13 шаршысы айқын емес арықшалар оңтүстік- шығысқа қарай бағытталып, шаршының бұрышына жетпей шығысқа қарай көрші Т14 шаршысына бұрылады. У14 шаршысы толық тазартылған кезде едені бүдірленіп, ортасына қарай ойқышталып келген болып шықты. У15 шаршысында Т15 шаршысында басталған арықшалар солтүстік бөлігінде жалғасын тапқан. У15 шаршысының солтүстік- батыс секторында терең емес жайпақтау арықша батыс қабырғаға қарай созылып жатыр. Екінші терең кан Т15-У15 шаршыларының қималарының астынан оңтүстікке бағытталады, бірақ ортасында тұрған таяқшадан қос-қостап арықшаларға бөлініп кетеді. У15 шаршысының оңтүстік-батыс секторындағы арықша мен У14 шаршысының солтүстік-батыс секторындағы тереңдіктің бейнесі айқын емес.
Х13 шаршысындағы шығыс солтүстіктен оңтүстікке қарайғы сызық бойындағы қиманың астынан екі майда кесе тәрізді тереңдіктер пайда болды, солтүстік-батыс секторында екі шұңқыр тазартылды, шамасы баған шұңқыры болуы мүмкін. Бұл тереңдік оңтүстік-батыс секторда аяқталады. Ф14 шаршысында ені 40-50 см болатын арықша пайда болды, ол солтүстік қабырғаның бұрышына қарай созылып, У14 шаршысының солтүстік-шығыс бұрышына бұрылады. Оңтүстік қабырғаның астынан мөлшері 60*45*10 см болатын жайпақ тереңдік тазартылды.
Ф15 шаршысының ортасынан солтүстікке қарай У15 шаршысында пайда болған қабырғалары жұқа жайпақ тереңдік жалғасады. Ф15 пен У15 шаршыларының біріккен жерінде биіктіктің күрт төмендеуі байқалды. әртүрлі биіктіктегі шамамен 20-25 см болатын еден Ф14-Ф15-У15-У14 шаршыларында айқын көрінеді. У15 шаршысындағы күрт төмендеу арықшалармен байқалады.
Ш13, U114 шаршыларындағы қазба жұмыстары батыс тұрғын-үй кешенінің батыс аймағынан басталып, келесі қазаншұңқырға ауытқыды. Ш15 пен Ч15 шаршылары батыс тұрғын-үй кешенінің солтүстік аймағын құрайды. Ш14 шаршысында 25-30 см тереңдіктен күйген тастар, сүйектер мен керамика сынықтары пайда болды. 40-45 см тереңдіктен құрбандыққа шалынған ірі мал сүйегінің жанынан 25 тас тегістегіш пен әртүрлі заттар табылды. Осы шаршыдан 8 ірі омыртқадан тұратын жота тізбегі тазартылды, ол оңтүстік-оңтүстік-батыс-солтүстік-шығыс бойлығында аздап иіліңкі болып орналасқан, осы тізбек әлі қазылмаған Ш14 шаршысына қарай жалғасады.
Х12-Ц12 шаршыларының біріккен жерінде мөлшері 260-250*220 см қазіргі жер бетінен есептегенде тереңдігі 54 см-ден тереңдік тазартылды. Тереңдіктен тастардың, керамиканың, кіші мал сүйегінің, сүйек бұйымдарының үйіндісі табылды, оның үстінде кіші мал жағы бірінің үстінде бірі жатты.
Қазылған қазбаның аймағынан 5349 қыш ыдыстың сынығы табылды. Олар жүйеленіп, кестеге толтырылды. Ыдыстың ернеуі, өрнегі, бүйірі мен түбі есепке алынды. Оның 84 бедері бар сынықтар, суреті салынды. Жинақталған сынықтардан 60 ыдыс жиналды. Ернеулерінде ұшбұрышты, шыршалы, ойықты, тырнақты, жалғанбалы болып келеді.
Сонымен бірге көптеген металлдан, сүйектен және тастан жасалған құралдар мен бұйымдар табылды. Трассологиялық анализдің арқасында негізінен қола құю өнерінің жақсы дамығанын көруге болады. Тау-кен ісінде және шаруашылықта қолданылатын балта, балға, шот, бұрғылардан көруге болады. Зерттеу нәтижесінен үккіш пен ұрғыштардың көмегімен руданы майдалау, оларды ерітуге дайындау жұмыстары осы қоныста жүргізілгенін байқап отырмыз. Жинақталған материалдардың ішінде күйген тастар көптеп кездеседі, шамасы олар мыс балқытатын пештің құрылысында пайдаланылған болуы мүмкін.Сонымен қоныстан алынған материалдардың негізінде біз жергілікті тұрғындардың көптеген бағытта еңбек еткенін байқаймыз, мысалы металлургия мен мал шаруашылығында.