Қазба жұмыстарының басталуына дейін мавзолейдің портал бөлігі қабырға құландысының 10 см тереңдікте орналасқан. Жоғарғы қабат тазаланған соң сақталып қалаған портал бөлігінің размерлері анықталды – 9,5*9,5 м. Одан басқа қабырғаның бірнеше элементтері анықталды.

Қалыңдығы 10-15 см жететін жоғарғы қабат құрамында әр түсті қыш кірпіштен және құм тәрізді жұмсақ толындысынан тұрады. Кірпіш түстерінің алмасуы оларды күйдіру кезінде температураның өзгеруінен болғанын айта аламыз. Кірпіштердің жартысы ұнтақталып кеткен. Үстіңгі қабат алынып тазаланған соң, кірпіштердің қаландысы көріне бастады. Қаландылардың сақталу деңгейі қазбаның әр жерінде әр түрлі. Қазбаның оңтүстік бөлігінде анық сақталған бағананың 4/1 бөлігі және горизонтальді кірпіш қалауы анықталды.

Қазбаның батыс бөлігінде көбінесе әр қалай жатқан кірпіш құландысы анықталды. Кейде ОБ-СШ бағытта кірпіш қалауы көрінеді. Кірпіш құландысының Оңтүстік бөлігінде шыңылтырылған кірпіш кездеседі. Болжау бойынша бұл бағананың бөліктері. Қазбаның ортасында екі ағаш табылды - дарбазаның төменгі бөлігі.

Мавзолейдің бет жағының оңтүстік-батыс аймағында дарбазадан өтетін орын табылды. Дарбазаның өзі үш кірпішті құрастырма қалаумен салынған. Ішкі қатар горизонтальді салынған жалпақ кірпіштерден тұрады – барлығы 144 кірпіш. Қалаған екі кірпіш қатар тігінен қаланып, өз ара былжырмен бекітілген – екі жағынан 36 кірпіш. Осы кірпіш қалаулар солтүстіктен оңтүстікке қарайтын доға жасайды. Дарбаза ішкі жағынан суреті бар көк түспен шыңылтырылған тақтамен әшекейленген. Әшекейленген тақта әр он кірпіштен кейін қайталанады. Тақта көлемі: 9*4,5*2,8 см.

Дарбазаның ортасы құлаған қабырғаның сары және қоңыр түсті кірпіштеріне толы. Арасында ұлутас сынықтары, бұзылған кірпіштер, ақ түсті тұз қалдықтары бар көк түсті шыңылтырылған тақта кездеседі. Дарбазының ішкі биіктігі шамамен 260 см құраған, ал сыртқы биіктігі – 300 см.

Қазбаның солтүстік жартысында бет жақ қабырғаны тазалау барысында дөңгеленіп келген екі ағаш құрылысы табылды. Ағаш құрылыс дарбазаның төменгі жағы мен қабырғаның үстіңгі жағында орналасқан. Қабырға құлаған кезде ағаш ұзындығы бойынан екіге бөлінді. Уақыт өте ағаш кесегі мүлдем күйзеліске ұшырады. Ағаш құрылысының сақталып қалған қалдықтарының көлемі шамамен: ұзындығы 112-120 см,ені 20 см. Дарбазаның төменгі жағы горизонтальді жатқан үш қатарлы жалпақ кірпіштен қаланған.

Мавзолейді салу кезінде пайдаланған құрылыс материалдар, олардың жалпы көлемі және архитектуралық әдісіне қарай отырып фасадтық мавзолейге жатқызуға болады (орысша «фасадный мавзолей»). Мұндай құрылыстардың бет жағы басқаларға қарағанда бай әшекейленген.

Жоспар бойынша келесі жұмысқа қойылатын мақсат: мавзоледің бет жағын одан әрі қазып, оның сақталу деңгейін анықтау. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы ретінде мавзолейдің бет жағын қайта қалпына келтіру немесе қайта құру жұмыстарын жүргізу мақсаты қойылып отыр.