Бұл қорымның зерттелуі ескерткіш аумағында жана үйлер қарқынды салынып жатқанына байланысты. Құрылыстың нәтижесінде обалардың үйінділері жартылай бұзылған, обалардың арасындағы кеңістік салынып кеткені, бұл жерлеу дәстүрінің элементтерін айқындауға рұқсат етпейді. Алматы қ. Мәдени департаментінің зерттеу тапсырмасында обалардың толық зерттелуі және есептен алып тастауы, яғни бұл жағдайда ескерткішті сақтауы және оны мұражай ретінде өзгертуі мүмкін емес. Бірақ, Ұлжан қорымының археологиялық қазылуы солтүстікке қарай салынып жатқан «Боралдай сақ обалары» археологиялық бағы үшін керек зерттеу тәжірибе және материалдарды алуға көмек етеді.
Қорым Алматы қаласының солтүстік-батыс шетінде Үлкен Алматы өзенінің жағасында орналасқан
Қорым солтүстік-оңтүстік бағыты бойы созылған. Зерттеліп жатқан ескерткіш жер және тасүймелі бес обадан тұрады. Бірінші обаның өлшемі, обалардың нөмірлері оңтүстіктен солтүстікке қарай, диаметрі - 65 м., биіктігі - 7 м, екінші обаның: диаметрі - 48 м., биіктігі - 3,2 м., үшінші обаның: диаметрі - 48 м., биіктігі - 4,2 м., төртінші обаның: диаметрі - 55 м., биіктігі - 5 м., бесінші обаның: диаметрі - 44 м., биіктігі - 3,5 м. (Алматының археологиялық экспедициясының 2003 ж. Есебі. АИ ҚР БЕМ архиві).
Ұлжан қорымынан оңтүстікке қарай бір километр шақырымда Ұлжан II қорымының орналасқанын айтып кету керек. Бірінші ескерткіштен көрі Ұлжан П қорым кіші өлшемді, солтүстік- шығыс - оңтүстік-батысқа бағытталған, бес обалардан тұрады. Обалардың үйіндісі жер мен тастан жасалған. Обалардың диаметрі 25 м - 42 м дейін, биіктігі 0,6 м - 2,2 м дейін. Кейбір обалардың ортасында домалақ формалы шұңқырлар бар. Қорымның ортасынан электр беру желісі өтеді (Алматының археологиялық экспедициясының 2003 ж. Есебі. АИ ҚР БҒМ архиві).
2006 ж. маусым жазындағы зерттеулер үшін авариялық объекттердің бірі - №4 оба таңдалған. Обаның үймесі солтүстік жағынан үймен ойылған, обаның төбесінде, солтүстік беткейіне қарай түскен, аяқ жағы құрылыстар және көшелер салынған кезде жойылған, жалпақ траншея бейнеленген.
Үймені, бүкіл топырағын шығарып және орта жиегін қалдырып зерттеу деген шешім шығарылды. Орта профилі, тұрғын микрорайонындағы шарттар бойы, О-С бағытынан батысқа қарай 38°07 ауытқуымен бағытталған.
Үйменің төбесі траншеямен кесілген. Жерлеудің қазіргі жер деңгейінен максималды биіктігі 5 м. Обаның алғашқы диаметрі орнатылмаған. Ең көрнекті ол ? 50 - 60 м болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оба үлкен тасты крепидамен белбеуленген. Кейін олар шаруа жұмыстарына тасылып кеткен.
Профилдің мазмұндамасы. Обаның орта бөлігінде тереңдеу байқаланады (жалпақтығы 11 м, тереңдігі 1,4 м) - бұл тонау шұңқыры емес, диагональді кесілген траншея.
Үйменің құрылымында келесі қабаттар байқалады:
- қарашірік және қарашірік саздақ. Оның жалпақтығы: 15-20 см оңтүстік беткейінде, 40-45 солтүстік беткейінде, 40-50 см траншеяның түбінде. Осы қабатта солтүстік беткейде тас қабыршақ байқалынған.
- қарашірік қабаттың астында солтүстік беткейде сұр қыш байқалған. Оның ең үлкен жалпақтығы (обаның етегі) – 1 м, 3,5 м дейін көтеріледі. Оңтүстік беткейде және орта бөлігінде бұндай топырақ байқалған жоқ. Оның орнына сары қышты қабат кездеседі.
- ең жалпақ қабат сары қыштан, жалпақтығы 2 м дей құрылған. Ол обаның төбесінде траншеямен бұзылған.
- «кеуек» қыш қабат, жалпақтығы 20-30 см. Оның құрылымы, астыңғы қабаты ерітіндімен майланғанына байланысты.
- ала қыш қабат қоңыр және сұр 2 м қосындылармен. Орта бөлігінде бұл қабат бұзылған. Сондықтан ол алдыңғы қабат сияқты, профилінде беткейдегі екі сілем болып көрінеді. Бұл қабатта қыштың жіңішке қабаты байқалынады, алдыңғы қабатқа сәйкес. Бұл қабаттар негізгі қабаттарға перпендикуляр орналасқан.
- қабыршақ бір-біріне тығыз қойылған тастардан құрылған. Тастар бір қабаттан қаланған.
- сұр қыш қабат, жалпақтығы 0,7 м.
- сары қыш - астыңғы қабат.
- бүкіл орта бөлігі қыш кесектерінен құрылған, арасында ала топырақ, тас, ағаш кездеседі. Бұнда жерлеу камерасы орналасқан.
Жерлеу камера тазаланған кезде өзімен, топырақпен толтырылған, қабырғалардан жеке ішкі бөлме болып көрсетілген. Камераның күмбезі сақталған. Бөлменің еденнен төбесіне дейінгі биіктігі 3,3 м. Бөлме ендік бағытталған. Жоспар бойы ол дұрыс емес трапеция формалы. Оның көлденең өлшемдері: 3,2*4,3 астыңғы жағында, 2,7*3,5 м үстіңгі жағында. Оңтүстік-шығыс бұрышта үстінен 2,1 м қуыс табылған. Оның тереңдігі 35 см, ауызының диаметрі 46 см. Оңтүстік-батыс бөлігінде, ішкі және сыртқы қабыршақтардың диагональді өткен, тонау шұңқыры табылған.
Жерлеу камерада шашылған адамның қаңқа сүйектері, мал сүйектері, қыш фрагменттері, тас ыдыстың фрагменті, алтын белгі табылған. Инвентардің қалдықтары шашылып әртүрлі деңгейде кездескен. Алтын заттары тонау шұңқырының кіретін жағында кездескен.
Қорғанның құру процесі келесі түрде жүруі мүмкін. Таңдалған жерде үлкен, төмен жағы тарлау, созылған формалы, батыс-шығыс шегі бойы бағытталған, көлемі 4*5 м, тереңдігі 2,8 м шұңқыр қазылған. Оның периметірі бойы, таспен және ағашпен бекітілген қышты конструкция салынған. Оның ішінде 1 м жалпақты, күмбезбен жабылған қабырғалар құрастырылған. Бөлменің төбесі көне жер бетінен 0,5 м биікте болған.
Күмбездің үстіндегі бұзылған қыштың сілемінде құйғын қабаты байқалады. Мұнда бұзылған қыш конструкциясы болған сияқты. Оның алғашқы түрін белгілеу қиын.
Ішкі жерлеу құрылысы бітірілген соң, оның үсті бірінші қабат сары қышпен себілген. Бұл қабат сфера, конус болған емес, ол 9,4 м, 1,1 м биікті домалақ үйме болған. Нақты және келесі қабаттардың (сыртқы қабаттардан басқа) еңісі 30°.
Содан кейін ала қыш қабаты себілген, оның үстінен, көлденең 10-20 см домалақ тасты қабыршық салынған. Үйіндінің осы жерге дейінгі диаметрі 13 м, биіктігі 1,8 м. Қабыршық ортасында ашық қалған, тек қана баулы қоршау болуы мүмкін.
Ортадағы бұзылған қышты қабат саз кірпішті құрылыстың, обаның үстінен көтерілген бұзығы болып байқалады.
Тастардың үстінен ала саздақ қабат салынған және қышты ерітіндімен майланған. Нәтижеде қазбаның кезіндегі диаметрдің өлшемі 23 м, биіктігі - 4 м. Қабаттардың бағыты бойынша обаның алғашқы биіктігі 4,6 м болуы мүмкін. Әр қабат обаның етегінен ортасына қарай салынғаны және ерітінмен бекітілген болуы мүмкін.
Ақырғы қабат - таспен жабылған сары қыш. Обаның шеті және төбесі бұзылған. Обаның қазіргі өлшемдері һ - 5 м., d - 50-60 м.
Солтүстік жақта сары қыштың үстінде сұр саздақ қабаты салынған.
Жалпы айтқанда Ұлжан қорымының №4 обасы өзімен, шамалы екі негізгі элементтерден құрылатын архитекторлы комплекс болып байқалады:
1. Қышты құрылыста салынған жерлеу камерасы, жартылай жерге көмілген кесене деп атауға болады. Жер бетіндегі конструкцияны қайта құруға болмады. Жерлеу құрылысты формасы бойынша, көп кездесетін «дынг» деп қарастыруға болады.
2. Үйме төрт қабатты. Қабаттар бір-біріне параллельді себілген. Қабаттар астыңғысынан басқа бәрі бекітілген. Тас қабыршықпен - екі жағдайда, бір жағдайда - қыш ерітінмен.
Қабаттарды салу аралары ұзақ болған болуы мүмкін. Пайда болатын қара топырақ қабаттары алынып тасталып отырғаны көрінеді. Әр үйін қабаты құрбан ас жасалғанын, одан кейін жаңа қабат салынғанын көрсетеді. Еңбек-сүйгіш, Ақсу-Аюлы II, архитектура құрылыстары уақыт өткен сайын үйменің астында көмілген, бұл құрбандық шаралардың аяқталғанын көрсеткен. Ұлжан қорымының археологиялық қазба нәтижесі бойынша сақ дәуірінде саз қышты толтырмалар пайдаланғанын көрсетеді. Ақырғы жылдар жүргізілген Шаңырақ, Ұлжан қорымдарының зерттеулері, сақ обалары - архитектуралық құрылысы сияқты білімімізді толтырады.