2005 жылғы далалық маусымдағы жұмыстар Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек, Көксу, Ескелді, Кербұлақ, Ақсу, Алакөл, Жамбыл және Қарасай аудандарында жүргізілді. Көрсетілген аудандарда археологиялық ескерткіштер тіркеліп, арнайы техникамен топографиялық сызбалар түсіріліп, ескерткіш орындары GPS-пен белгіленіп, қыстақ, қорым мен ғибадатхана сынды археологиялық ескерткіштердің сызбасы даярланып, облыстың тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Жинағы бойынша мақалалар әзірленді.
Еңбекшіқазақ ауданының территориясында таудың биігінде орналасқан Асы, Сарымсақты және Қызылауыз үстірттерінде, Қарааршасай шатқалында, тау арасындағы Сөгеті аңғарында және Торайғыр жотасының солтүстік сілемдерінде археологиялық ескерткіштерге барлау жүргізілді. Жұмыстардың нәтижесінде қыстақ қорымдар мен көпқабатты кешендер сынды 70-ке жуық археологиялық нысан Олардың арасында Сарымсақты үстіртінің батыс бөлігінен және Асы үстіртінен шыққан археологиялық ескерткіштердің тобы аса қызықты. Олардың екеуінде стационарлы қазба жұмыстары жүргізіліп, қыстақ пен қорым-зираттардан тұратын кешендердің қола дәуірінен бастап этнографиялық уақытқа дейін (Асы I және Асы II) өмір сүргендігін анықтаудың реті түсті. Ерте темір ғасыры қыстақтары негізінен сайлардың жағасында және таулы үстірттерінің шатқалдарында (Қарааршасай, Асы III) шоғырланған. Бұлар, әдетте тұрақ, сирек жағдайда мәдени қабаты қалың емес стационарлы қыстақ сынды бір қабатты ескерткіштер.
Биік таулы аудандарда орналасқан ескерткіштердің негізгі бөлігін қола дәуірі, ерте темір ғасыры мен көне түркі дәуірінің қорымдары құрайды. Қола дәуірінің қорымдары Асы үстіртінің орта және төменгі бөліктерінен шықты. Олардың басым көпшілігі, Асы өзенінің сол жағасындағы биік алаңқайларда бөлек топ құрып орналасқан, Андроновтық типтегі қорғанды қорымдарды есепке алмағанда, обалары әрбір уақытқа жататын қорымдарды құрайды. Құрамындағы обалар саны (20 обадан 70 обаға дейін) көп келген ерте темір ғасыры қорымдары Асы және Қызылауыз үстірттерінен табылды. Олардың басым көпшілігі қабір үстінен жасалған құрылыстардың әртүрлісінен (үйінділер, сақиналы қоршаулар мен құрбандық шалатын орындар) тұратыны қызығарлықтай жәйт. Бұлардың ішінде өздерінің көлемі жағынан «патшалар» обасына сәйкес келетіндері (олардың төртеуі Асы үстіртінің төменгі бөлігінен, ал біреуі Қызылауыз үстіртінен табылды) көзге ерекше түседі. Бүл қорымдардың негізін бір-біріне жақын орналасқан, диаметрі 50-70 м екі үлкен және олардан сәл қашықтау тұрған ондаған майда обалар (диаметрі 10-30 м) құрайды.
Көне түркі дәуірінің қорымдары Асы, Сарымсақта және Қызылауыз үстірттерінен табылды. Қорымдар үлкен емес, әдетте 4-12 оба және салт-жоралық қоршаулардан тұрады. Олар әдетте уақыты өздерінен ертерек қорымдардың құрамдас бөлігі болып отырады. Қызылауыз үстіртінде XVIII ғ. ортасында осы жерден қазақтың арғын руы ығыстырып шыққан қалмақтардың XVII-XVIII ғғ. ірі қорымы бар екендігі анықталды.
Сөгеті аңғарында және Торайғыр жотасының солтүстік сілемдерінде ерте темір ғасырына жататын 2-20 нысаннан тұратын кішігірім қорымдар табылды. Шарын өзенінің жағасында және Аласа асуында орналасқан шаршы пішінді топырақ тұғырлардың үстіне үйілген обалар ете-мете қызықты. Олар ерте темір ғасырының ғұн-сармат кезеңіне жатады.
Райымбек ауданының территориясындағы археологиялық барлау жұмыстары Күнгей Алатауы жотасының солтүстік және батыс сілемдерінде, Іле Алатауының шығыс сілемдерінде және Құлақтау жотасының солтүстік сілемдерінде жүргізілді. Шелек және Шарын өзендерінің орта ағысындағы тауаралық аңғарлары, сондай-ақ Кетен және Жалаңашкөл аңғарларының оңтүстік бөліктері зерттелді. Нәтижесінде қыстақ, қорым және көпқабатты кешендер сынды 200-ге жуық археологиялық нысандар табылды.
Шелек және Шарын өзендерінің аңғарларында, сондай-ақ Іле және Күнгей Алатаулары шатқалдарының шыға берістерінде тіркелген қола дәуірінің қыстақтары мен қорымдары, осы ауданнан табылған ең көне ескерткіштердің қатарына жатады. Қола дәуірінің ірі қыстақтары Шелек өзенінің сол жағасында, Саты селосынан шығысқа қарай 15 км жерде, Ұзынбұлақ селосының маңындағы аттас шатқалдан және Құлақтау жотасының солтүстік сілеміндегі Бөкен шатқалының шыға берісінен табылды. Бүл қыстақтар құрамында сақ уақытының тұрақтары мен үйсін кезеңінің қорымдары бар, Түрген шатқалының жоғарғы бөлігі мен Асы үстіртінде зерттелген археологиялық кешендерді қайталап отырған, археологиялық ірі кешендерді құрайды.
Әрбір қыстақтың маңында ірі қорымдар (Ұзынбұлақ селосының маңында 3 қорым) орын тепкен. Ерте темір ғасыры мен этнографиялық уақыт аралығындағы оба-бейіттері бар қорым-зираттар сондай-ақ Көлсай шатқалы мен Жылысай селосы маңынан да табылды. Көлсай қорымында археологиялық зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде таулы аймақтағы қола дәуірінің ескерткіштерінде өзіне тән ерекшелігінің барлығы анықталып, олар Көлсай түріне жататын жеке топқа бөлінді. Мұндай ескерткіштердің Іле және Күнгей Алатаулары аймағында таралғандығы археологиялық барлаулар нәтижесінде анықталды.
Райымбек ауданында табылған ұзын-саны 180-ге жуық археологиялық ескерткіштердің басым көпшілігін ерте темір ғасырына жататын қыстақтар мен обалы қорымдар құрайды. Қыстақтар тау шатқалдарының шыға берісінде, сілемнің оңтүстік беткейінде немесе Құлақтау және Күнгей Алатауы үстірттерінің солтүстік және батыс сілемдерінде орналасады. Қорымдар су айырылымындағы биіктеу келген жерлерде орналасады да, саны әдетте коп болмайды. Таулы аймақтарда және аңғарларда ірі обалар топтары тіркеледі, қорымдардың кұрамында ұзын-саны 30-40-тан 150-дейін обалары бар. Саны бойынша ең ірі қорымдар Шелек өзенінің сол жағасынан (100-ден 150-ге дейін), Күнгей Алатауының солтүстік сілемдерінен орын тепкен Талдыбұлақ және Жайдақбұлак селоларының маңынан (60-тан астам оба), сондай-ақ Құдақтаудың солтүстік сілемдерінен (60-тан 100-ге дейін обасы бар) табылды. «Патшалар жерленген» ірі қорымдар Кеген және Жалаңашкөл аңғарларынан, Шелек өзенінің сол жағасынан, Құлақтаудың солтүстік сілемдерінің табанындағы Бөкен және Жылысай шатқалдарынан ашылды. Бұл қорымдардың негізін диаметрі 30-40 м-ден 130 м-ге жететін, бір-біріне жақын тұрған екі-төрт ірі қорған және олардан біршама қашықтықта орналасқан ондаған майда (диаметрі 10-30 м) обалар құрайды. Кеген және Жалаңашкөл аңғарларындағы қорғандар қазіргі таңда егістіктердің аумағында орналасқандықтан жерлеу құрылыстарының сыртқы беті толығымен қиратылған.
Ерте орта ғасыр қорымдары негізінен Құлақтау жотасының солтүстік сілемдерінен табылды. Қорымдар ірі емес, құрамында 2-10 оба және салт-жоралық қоршаулар бар. Түркі уақытының ірі қорымы Бөкен шатқалының шыға берісінен табылды. Кейбір жерлерінде үзіктері бар обалар тізбегі, екі километр шамасында созылып жатыр және уақыты жағынан өзінен ертерек кешеннің құрамына кіреді. Тұйық сай үстіртінде, құрамында болжаммен XVIII-XIX жатқызылып отырған мазары бар этнографиялық ірі зират бар екендігі анықталды. Бірақ, жергілікті тұрғындар оның қазақтың қай руынікі екенін нақты анықтай алмады.
Іле Алатауының солтүстік сілемінде, Қарасай және Жамбыл аудандарында түрлі тарихи кезеңге жататын, атқарған міндеттері сан-алуан 170 ескерткіш тіркелді. Олардың екеуі, осыған дейін белгілі Майбұлақ тұрағынан бөлек палеолит тұрақтары. Тағы бір тұрақ Қастек шатқалынан табылды. Қызылауыз және Қастек шатқалдарындағы белесті төбелердің қимасынан палеолит қарулары шыққан үш жер бар.
Қола дәуірінің ескерткіштерінің арасында 2 қыстақ және 5 қорым бар. Бекінісі бар, көпқабатты қыстақ (протоқала?) Майбұлақ шатқалынан табылды. Оның маңында үш қорым және бұрындары зерттеу жұмыстары жүргізілген Қарғалы I қорымы жатыр. Қайнар шатқалынан тағы бір қорым мен тұрақ ашылды. Қайнар шатқалындағы археологиялық кешеннен балалардың қола дәуіріне жататын үш қабірі аршылды. Қабірлердің бірінен кубок пішінді ыдыстың сынықтары жинап алынды. Бақташылар қонысы қола дәуіріне жататыны анықталды. Қарғалы I қорымында, қазіргі таңда бұзылу қауіпі бар үш қабір аршылды. Олардың екеуі қола дәуіріне тұс. Сүйегі өртенген қабірден керамикалық ыдыстың сынықтары, екі қола тоға мен самайға тағылған алқалар шықты. Ерте темір ғасырына тұс қабірде, сүйек лақаты бар шұңқырға қойылған. Қабірге қойылған ер адам арқасына жатқызылып, басы Б-ОБ жаққа бағытталған. Басының тұсында саптал ұқсас керамикалық ыдыс қойылған, жалпақ қола пышақ та осы маңда жатты.
Жертөлелердің шұңқыры бойынша Қайнар шатқалында, Қызылауыз шатқалында, Ұзын Қарғалы өзенінің жағасындағы террасада және жер бетінде жатқан керамикасы бойынша Ақсұңқар поселкесінің маңынан ерте темір ғасырына тұс 6 қыстақ табылды. Ұзын Қарғалы өзенінің террасасында орын тепкен қоныстан су тартылған жүйесінің орындары ашылды. Су тартқан арықтар, сондай-ақ Қайнар және Қызылауыз шатқалдарынан да табылды. Бұл арықтар Іле Алатауы солтүстік сілемдерінің территориясында қола дәуірі мен ерте темір ғасырында осы аймақта жүргізілген орасан суару жүйесінің жұрнағы болып табылады.
Іле Алатауының солтүстік сілемдеріндегі археологиялық ескерткіштердің негізгі бөлігін, ерте темір ғасырына түс қорымдар (93) құрайды. Қарасай ауданының территориясында олардың құрамындағы обалар саны аз және олар негізінен су айырылымындағы биік жерлерде орналасса, Жамбыл ауданында, таулы-тау алды аймақтарда ірі қорғандардың топтары, 1(0) аса обадан тұратын тізбектер мен қорымдар (Қара Қастек ө.) барлығы тіркелді. Жамбыл ауданы Қара Қастек селосында орналасқан, кірпіш өндіретін зауыттың территориясында орналасқан қорымдағы қорған қаңқасы бұзылған обада зерттеу жұмыстары жүргізілді. Топырақ қабатындағы бүйірі тік шұңқырдағы қабір орны трапеция пішіндес келген. Бастапқы қалпы бұзылған бала сүйегі арқасына жатқызылып, басы БОБ бағытына қаратылған. Шұңқырдың солтүстік қабырғасы тұсынан екі керамикалық табақтың сынықтары мен ірі ыдыс бүйірінің бөлігі табылды.
Каменка қорымында үй тұрғызу үшін. іргетас орнын қазған құрылысшылар кездестірген қабірде және 1991 жылғы сызбаға түсірілген қорғандардың ең соңғысы №12 обада зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мәйіт төртбұрыш пішіндес қабырғасы тік кең шұңқырға қойылған. Жерленген ерлі-зайыптылар арқасына жатқызылып, ОБ бағытталған бастары бір-біріне қаратылған. Бас сүйектерінің тұсында 2 керамикалық ыдыс тұр. Бұл қабір аталмыш қорымның ерлі-зайыптылар қойылған бірден-бір обасы. №12 қорған үйіндісінің диаметрі 12 м, биіктігі – 1,35 м. Үйіндінің табанының ені 1,5-2 м тас шеңберімен бекітілген. Үйіндінің орта тұсынан тереңдігі 1,6 м, ШСШ-тан БОБ-қа созылған, төртбұрыш пішінді шұңқыр шықты. Оңтүстік қабырғасының бойында сүйек қойылған орын аршылды. Қабір бірнеше рет тоналғандықтан, адам сүйектерінің бірде-бірі бастапқы қалпын сақтап қалмаған. Сүйектер мен керамикалық ыдыстың сынықтары ШСШ жақтағы еден деңгейінде шоғырланған. Қорған үйіндісі мен қабірді зерттеу барысында керамиканың 827 сынығынан тұратын жиынтық, 1 ұршықтас, 1 керамикалық саптыаяқ, тас құралдар (дән үккіштер, курант, үккіштер) мен жануарлар сүйегі (100-ден аса дана) жинап алынды. Қазба барысында құрбандыққа шалынған бұйым - қорған үйіндісінен, батысқа таман керамикалық саптыаяқ табылды. Қорған үйіндісінен солтүстікке таман диаметрі 2 м екі зираттық қорған орналасқан. №11 қорғанның қабірін қайтадан зерттеу барысында пішіні сегіз санына ұқсас, алтын сымнан жасалған сырға табылды. Обалар б.д.д. II ғ. жатады.
Құрбандық шалатын құрылыс деп, анықталып отырған «тостақты тастар» (3) Фабричный селосының солтүстік шетіндегі құрылыс кезінде жойылып кеткен ерте темір ғасырының қорымының шетінен табылды. Сегіз тастан шеңбер түрінде қойылған қоршаулар (3) Фабричный с. Солтүстік шетінен, Қара Қастек шатқалының маңындағы және Сергеевка поселкесінің жанындағы қорғанды ірі қорымдардың құрамынан шықты. Одан басқа, құрамында түрлі дәуірлерге жататын қорғандары бар қорымдар (5), Сергеевка поселкесінің маңындағы тауалды ауданынан және Қара Қастек шатқалындағы өзен аралық биіктіктен табылды.
Іле Алатауының солтүстік сілемдеріндегі ортағасырлық ескерткіштер арасында қала орындары (3), қыстақтар (2), төрткілдер (4) мен қорымдар (21) бар. Олардың арасында
уақыты бізге жақыны - қалмақ қорымдары (3). Қаскелең, Еңбекші, Қастек қала жұрттары бұрындары зерттелген және ғылыми әдебиетте олар жайлы жазылған еді. Ортағасырлық қыстақтар Сергеевка поселкесінің маңындағы таулы шатқалдан кездеседі. Төрткілдер Қайнар, Сыпатай, Қастек және Қызылауыз шатқалдарынан кездестірілді. Ортағасырлық қорымдар тауалды-таулы аймақтарда, Қастек с. мен Сергеевка пос. маңынан табылды. Ауру сиыр шатқалында, Сергеевка пос. Батысқа таман 1 км жерде қорғансыз қорым табылды. Қалмақ зираттары Жаманты шатқалынан табылды.
Үшқоңыр шатқалы мен Сергеевка пос. маңынан петроглифтердің шоғырланған жерлері шықты. Жартастарда негізінен тау ешкілері мен архарлар бейнеленген, аң аулау сәті бейнеленген сюжетті композициялар сирегірек кездеседі.
Жамбыл ауданында жартасқа салынған көркемөнер ескерткіштері табылып зерттелді. Осыған дейін белгілі болып келген Тамғалы, Серіктeс шатқалдарындағы және Қарақыр тауларындағы көне ғибадатханалардан бөлек петроглифтердің жаңа орындары табылды. Қоғалыбастау шатқалындағы (бес жүзден астам сурет) және Доланқара шатқалындағы жекелеген сақ дәуірінің петроглифтері аса маңызды. Бұл жерден тау ешкісі, архар, жылқы суреттері бейнеленген жартастар көптеп кездеседі. Бірнеше бейнеден тұратын композициялар, бұғылар, түйелер, қабандар, салт аттылар, садақшылар, аң аулау сәті бейнеленген суреттер де кездеседі. Қола дәуірі мен орта ғасырларға жататын жекелеген суреттер ұшырасқанымен, суреттердің басым көпшілігін ерте темір ғасырының петроглифтері құрайды.
Қарақыр тауларында ерте темір ғасырының қорымдары мен қола дәуірінің соңғы кезеңі мен көне түркі уақытының қоныстары зерттелді. Қарақыр тауларынан оңтүстікке қарай, болжаммен көне түркі уақытына жатқызылып отырған ірі қорым ашылды. Сарыбастау тауларынан батысқа қарай орын алған аңғарда, орта ғасырлардың қыстақтары мен ерте темір ғасырының қорымдары зерттелді. Осы жерден негізінен сақ дәуіріне жататын (50-ге жуық сурет) петроглифтердің шоғырланған бірнеше орны табылды.
Серіктeс тауларында қола дәуірі мен ерте темір ғасырына жататын қорымдар мен қыстақтар зерттеліп, қола дәуірі, ерте темір ғасыры мен көне түркі уақытына тұс петроглифтер ашылды.
Шу-Іле тауларының табанындағы тауалды аймақта ерте темір ғасырының обалары көп қорымдары табылды. Олардың арасында Үңгіртас, Дегерес, Ақтерек селоларының маңында орналасқан, диаметрлері 50-100 м ірі қорғандар өте қызықты. Үйіндінің сыртқы келбетіне қарағанда, бұл қорғандардың көбісіне тонаушылардың қолы жетпеген сияқты.
Көксу және Кербұлақ аудандарының территориясындағы зерттеулер Кексу және Қаратал өзендерінің аңғарларында, Жоңғар Алатауы жотасының батыс бөлігінде, Алтынемел мен Қотырқай жоталарының арасында, Шолақ тауларында, Ұлттық Алтынемел паркінде жүргізілді. Қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасырлар аралығындағы қыстақтар, қорымдар мен петроглифтер сынды көптеген жаңа ескерткіштер ашылды. Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км жердегі, Қаратал өзенінің оң жағасынан табылған қорым, Мамбет селосының мұсылмандық зиратының жанындағы, Көксу өзенінің сол жағасынан орын тепкен қорым, Биғаш селосының маңынан табылған үш ірі қорымның барлығы қола дәуіріне жатады. Көпқабатты Биғаш қыстағында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қола дәуірі, ерте темір ғасыры мен отағасыларға тұс үш мәдени қабаттың орындары аршылды. Керамикамен тастан жасалған еңбек құралдары, әшекейлер мен жануарлар сүйегі көптеп табылды. Қыстақ территориясынан әйел адамның ерте темір ғасырына жататын қабірі аршылды. Оның бас сүйегінен өрнегі бар алтын шаш түйреуіш табылды.
Табылған ерте темір ғасырының ескерткіштері арасында Алтынемел жотасының табанынан табылған диаметрі 60-100 м, биіктігі 15 м-ден асатын қорғандардан тұратын қорымдар аса қызықты. Ұлттық Алтынемел паркінің территориясында Бесшатыр қорымының топографиялық сызбасы жасалып, қорғандар суретке түсірілді. Тайғақ, Қызылауыз, Теректі, Жантоғай қорымдары мен Шылбыр шатқалында орналасқан қорымы зерттелді.
Арқарлы жотасының солтүстік сілемдерін зерттегенде ерте темір ғасырының 11) қорымы табылды. Малайсары жотасының оңтүстік-шығыс сілемдерінде де ерте темір ғасырының қорымдары, сондай-ақ кейінгі орта ғасырлар мен этнографиялық уақыттың қыстақтары ашылды.
Құрамындағы петроглифтері әр уақытқа жақын Қараеспе, Тайғақ, Теректі шатқалдарындағы ғибадатханалар өте қызықты. Қараеспе шатқалындағы петроглифтер арасында, бұғылары аң стилінде салынған күрделі композициясының көркемөнерлік құндылығы өте жоғары. Тайғақ шатқалында тибет тілінде жазылған буддалық дұғалар ашылып, орта ғасырлар, сақ уақыты мен қола дәуірінің петроглифтері зерттелді. Теректі ғибадатханасынан сақ уақытының петроглифтері көбірек кездесетін жартас бетіне салынған мыңға жуық сурет табылды.
2005 жылы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Алматы облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағын даярлау мақсатында Алакөл тобы құрылды. Оның негізгі мақсаты Алакөл ауданындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу болып анықталды.
Төменде Алакөл ауданында жаңадан ашылған ескерткіштер жайлы мағлұматтар келтірілген. Барлау және құжаттандыру жұмыстары барысында қарабұлақ және Үшарал қала жұрттары, Жайпақ селосы маңынан орын алған жалғыз қорған, Ақши I-XV, Қызылағаш I-V, Көктума І-ІІІ, Тоқты І-ІХ, Жалаңашкөл қорымдары, Жалаңашкөл I қорым-ғибадатханасы, жалғыз тұрған Ырғайты қорғаны мен Ырғайты II қорымы табылды.