Ол Алматы облысы Райымбек, Ұйғыр және Панфилов аудандарын қамтыды. Көрсетілген аудандарда 355 археологиялық ескерткіш тіркелген. Арнайы техникамен топографиялық сызбалар түсіріп, қыстақ, қорым және петроглифы ғибадатхана секілді археологиялық ескерткіштер орны GPS-пен белгіленіп, Алматы облысының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы бойынша мақалалар әзірленді.
Райымбек ауданындағы зерттеу жұмыстары Кетмен, Құлақтау жоталарының оңтүстік сілемдерінде және Кеген, Қарақара өзендерінің аңғарларында жүргізілді. Нәтижесінде әр дәуірге жататын 150-ден астам ескерткіштер ашылды. Ең көнесі – Жалысай және Октябрь елді- мекендерінің маңынан табылған қола дәуірінің молалары.
Райымбек ауданынан табылған археологиялық ескерткіштердің негізгі бөлігін ерте темір ғасырының қорымдары құрайды. Олардың ішінен үйіндісінің диаметрі 50-ден 200 метрге дейінгі, ал биіктігі 3-12 метрге жететіндерін ерекше атап айтуға болады. Мұндай қорғандар негізінен Кеген және Қарқара өзендерінің алқабында шоғырланған. Ерте темір ғасырына жататын ескерткіштердің негізгі тобы тау шатқалдарының шыға берісіне, тау етектерінің кішігірім бөктеріне және сол ғасырдың малмен айналысқан тайпаларының қоныстанған аймақтарында орналасқан. Мұндай қорымдардағы диаметрі 4-40 метрлі қорғандардың саны 2-3-тен оннан астамға жетеді.
Ұйғыр ауданындағы зерттеулер Үлкен Бұғыты және Кетмен жоталарының солтүстік сілемдерінде, Темірлік, Шарын өзен аңғарларында жүргізілді. Нәтижесінде 100-ден астам археологиялық ескерткіштер ашылды. Олардың ең көнесіне Ақтан және Шошанай ауылының маңайынан табылған кейінгі қола дәуірінің қорымдары жатады. Бұлардың барлығы ерте темір ғасырындағы ірі обалардың солтүстік бөлігіне шоғырланған қосымша бөлігі болып табылады.
Ерте темір ғасырының обалары мен бөлек қорғандары Темірлік өзенінің оң жағалауы мен Шошанай, Сүмбе, Кіші Ақсу және Актам ауылдарының маңындағы Кетмен жоталарының солтүстік сілемдерінен табылған. Ал, ерте темір ғасырының аса ірі қорымдары Үлкен Бөгет тауының шығыс және солтүстік сілемдерінде және шарын ұлттық паркінің территориясындағы Шарын өзенінің аңғарларында табылған. Сонымен бірге, сол жерден солтүстік-оңтүстік осі бойынша тізбектелген ұзындығы 5 км дейін созылып жатқан бірнеше жүз қорғандардың қорғандық топтары табылған. Түрік кезеңінің қорымдары негізінен Сүмбе және Ақтам ауылының маңындағы Кетмен жотасының солтүстік сілемдерінде табылған.
Панфилов ауданының территориясындағы зерттеу жұмыстары Жоңғар Алатау жотасының оңтүстік сілемдеріндегі шатқалдар мен ірі Бурхудзир, Өсек, Бурхан өзендерінің аңғарларында жүргізілді. 100-ден астам археологиялық ескерткіштер анықталды. Қола дәуіріне жататын ерекше археологиялық кешен Бурхан, шатқалынан шығысқа қарай 4 км жердегі Қостаған каналының аймағынан табылды. Оған ауданы 9000 шаршы метрлі қыстақ және 15000 шаршы метрлі қорым кіреді. Қыстақтың жоғарғы жағынан көптеген керамикалық бөлшектер мен жануарлардың сүйектері табылған. Ерекше атап өтетін нәрсе, қыстақ пен қорым сақ дәуірінде де сақталып тұрған, оған керамикалық бөлшектер дәлел.
Ерте темір ғасырының қорымдары өзен аңғарларында, сонымен бірге тегіс үстіртті құрайтын жайылмалардан жоғарырақ террасалардан табылған. Қорымдар әр типті: лайдан соғылған, тас және тас-топырақты қорғандардан тұрады. Олар ерте темір ғасырындағы сақ, үйсін, ғұн-сармат тайпаларына тиесілі. Темір ғасырының қорымдарынан басқа, Өсек өзенінің орта ағысындағы ерте темір ғасырының ірі ғибадатханасындағы петроглифтердің екі шоғыры зерттелді. Ерте ортағасырлық қорымдар Еңбекші ауылының маңындағы Өсек өзенінің оң жағалауынан табылды. Қорғандар мен Рәсімдік қоршаулар ерте темір ғасырына жататын ірі қорымдардың құрама бөлшегі болып табылады. Сыртқы белгілеріне қарап үйсіндердікі деп анықталады.
Ескерткіштер жинағы бойынша жұмыстар 2006 жылы АБАЭ Қарасай отрядымен Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандарында жүргізілді. Қарасай ауданының таулы аймағындағы ескерткіштерді зерттеу жалғасын тапты. Қиратылған археологиялық ескерткіштерді қалпына келтіру қарқынды жүріп жатыр. Қарасай ауданының батыс шекарасына жақын жерде бірнеше қорғандық қорымдар табылған. Бүгінгі таңда негізінен биік төбелерде орналасқан саны 1-4 дейінгі қорғандар сақталған.
Жамбыл ауданындағы Дегерес, Басбатыр, Қозыбасы тауларының территориялары зерттелген. Қорғандық қорымдар негізінен ежелгі көшпелілердің қабірі ретінде болды. Олар көп жағдайдатау шатқалдарында, төбелер мен бөктерде орналасқан болып келеді. Басбатыр тауының тікелей жиектерінде қыстақтардың орны табылған. Кейбір қыстақтардың құрылымына 4-6 шайылған қазан шұңқырлар кіреді. Оларды қола дәуіріне жатқызуға болады. Мұндай қорытындыға келуге маңындағы қола дәуірінің қорымдары (қорымдар құрамындағы тас қоршаулардың ішіндегі құрылымы ерекше қола дәуіріне жататын тас жәшіктер) себеп болды. Тау жүйегіне шығар тұстағы жартастардан кезінде ғибадатхананы құраған петроглифтер табылған, олардың ішінде аң аулау көріністері мен дөңгелектер бейнесі бар.
Суықтөбе тауының солтүстік-шығыс беткейлеріндегі ескерткіштерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл аймақтағы таулы қыраттар суаттармен бөлінген кең биік террасаларды құрайды. Бөктердің төбелеріне қорғандық қорымдар орналасқан, ал жоталары мен олардың аралықтарынан қазаншұңқырлар тізбегінен тұратын қыстақтар табылған. Жеке қыстақтар соңғы мыңжылдықтарда көп пайдаланылған болуы керек. Оған тұрғын қазаншұңқырлардың сан алуандығы (15 тен астам), ыңғайлы орналасуы дәлел бола алады. Ірі қорғандардың тізбегі жазық далаларда орналасқан. Ескерткіштердің ерекше таңқаларлық топтары Қоғамшыл ауылының оңтүстік-шығысында тіркелген. Жиренайғыр өзенінің жағасында, қорғандық даланы оңтүстігіне қарай, үстін 3-5 см-лі шұңқыр, қуыстар басқан 4 тастан тұратын топ табылған. Бұл тастар аса ірілігімен ерекше көзге түседі. Биіктігі 0,9-1,0-1,6 м болып келеді. Шұңқырларға толы үстіңгі қабат беттерінің тегістігі, олардың жерлеу не еске алудағы табынушылығымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Алматы облысының таулы аймақтары мен одан тыс жерлерде «тостақты тастар» кездеседі.
Жинақ бағдарламасы бойынша табылған және зерттелген ескерткіштердің арасында қорғандық қорымдар кездеседі. Ерте темір ғасырының көшпелі халқынан қола дәуіріне тиесілі 3 қорым, таңбалы тасты 2 ескерткіш қалған. Жетісу аймағынан табылар қола дәуірі ескерткіштерінің тарихи маңызы зор. Айта кететін бір жайт, табылған 3 ескерткіштің екеуі апатты жағдайда тұр. Оларға жедел түрде қалпына келтіру жұмыстары қажет. Олардың бірі Сұңқар ауылынан (Жамбыл ауданы) оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км жерде МТФ таулы аймағында орналасқан. Қорымдық даланың ені 110 метр, осы шақырымда қорымның оңтүстігіне қарай тасты жәшіктер, қорымның тасты құрылымдары солтүстікке қарай 140 және 200 метрде орын -тепкен. Қорым мал шаруашылық фермасының жанында, ал оның аумағында эл. подстанциясы, құдық және суат орнатылған. Қорымның аумағынан көлік жолы өтеді. Аумақты шаруашылық мақсатта пайдаланғаннан көне қабат бұзылып, топырағы шайылып, нәтижесінде 20 астам қабір тастар «ашылып» қирап жатыр.
Жамбыл ауданының территориясында жүргізілген тексерулер кезінде құрылысқа пайдалану мақсатында топырақ және тас алу кезінде әдейі қиратылған қорғандар тіркелген. Сонымен бірге, қорғандардың тас «көйлектерінің» әдейі бұзылғандығы тіркелген. Қарғалы (Жамбыл ауданы) елді- мекенінің солтүстік-батыс жағында кірпіш зауытына тиесілі топырақты карьерлерде қорғанды қорымдарды қирату әліде тоқтаған жоқ. Майбұлақ шатқалының шығар тұсында топырақты төбенің скрепермен тегістелгені де байқалды. Бұл төбенің тарихи маңыздылығы – темір ғасырының көп қабатты тұрақтары мен әр кезеңге жататын қорымдарында. Соның ішіндегі қола дәуірінің ірі қорымы аса маңызды.
2006 жылғы далалық маусымдағы АБАЭ Көксу отряды зерттеу жұмыстарын Алматы облысының Ескелді, Ақсу, Іле, Қаратал және Жамбыл аудандарында жүргізді.
Ескелді ауданының территориясындағы зерттеулер Шыбынды және Текелі тауларында, Қора және Қаратал өзендерінің аңғарлары мен Талдықорған Үштөбе трассасының бойы зерттелді. Жалпы саны 50 археологиялық ескерткіш тіркелген.
Биғаш ауылының маңынан қола дәуірінің екі қыстағы мен 3 қорымы табылып отыр. Сонымен қатар, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қола дәуірінің өркендеген кезеңінен орта ғасырға дейінгі құрылыс қабаты анықталып отыр. Көшпелілердің үйлерін бірнеше рет қайта тұрғызғанын дәлелдейтін көптеген заттар бар. Теректі шатқалынан қола дәуіріне, ерте темір ғасырына және орта ғасырға тиесілі петроглифтер табылған. Сонымен бірге тибет тіліндегі буддалық жазулар да кездескен. Шатқалға кірер тұстағы ерте темір ғасырының қорымы да жан-жақты зерттелді.
Қора өзенінің алқабында ортағасырлық буддалық жазулар мен бейнелер табылған. Шатқалға кіре берістегі бурханның бейнесі және будда ғибадатханасы бар үлкен тас жан-жақты зерттелді. Әрбір бейненің тұсында нашар сақталған буддалық жазулар бар. Ерте темір ғасырының жалғыз қорғандары мен қорғандық қорымдарының Текелі тауымен Жалғыз ағаш ауылының маңынан әртүрлі дәуірге тиесілі тастағы жазулардың жаңа шоғыры мен ерте темір ғасырының қыстақтары табылды.
Ерте темір ғасырына жататын үлкен қорғанды ірі қорымдар Талдықорған-Үштөбе трассасының бойынан табылды. Қаратал өзенінің оң жағалауындағы таулы үстірттегі қола дәуірінің көлемді қорымы зерттелді. Кремация рәсімі бойынша жерленген қабірлердің тас жәшіктері табылды. Қабір дуалдарының әртүрлі конструкцияда, ал қабірлердің әртүрлі 1,5-0,4 метр тереңдікте орналасқаны ерекше көңіл аудартады. Дәл осы үстіртте ерте темір дәуірінің екі ірі қорымы табылды.
Ақсу ауданында 30 археологиялық ескерткіш табылды. Солардың ішіндегі Баянжүрек тауының маңынан табылған әр кезеңге тиесілі петроглифтер мен таңбалы тасты ғибадатханалар, әсіресе, ерекше. Зерттелген бейнелер әр кезеңге: қола дәуіріне, ерте темір ғасырына, ортағасыр мен жаңа кезеңге жатады. Баянжүрек тауының шығысына қарай таулы алқаптан шұңқырлы құрбандық тастары мен қола дәуірінің қорымдары табылған. Ірі қорғандық қорымдар Арасан-Қапал ауылының маңынан және Жансүгіров пен Қызылағаш ауылдарының арасынан табылып отыр.
Іле ауданында зерттеу жұмыстары Іле және Курттар өзенінің аңғарларынан, Алматы-Астана трассасының бойы және Курт суқоймасының маңында жүргізілді. Ерте темір ғасырының қорғандық қорымдары Курт өзенінің бойы, яғни аталмыш су қойманың маңы мен Көшеңгел ауылының маңынан табылған.
Жамбыл ауданының территориясындағы Аңырақай тауларының солтүстік-шығыс және шығыс етектерінде зерттеу жұмысы аяқталды. Ең көне ескерткіштердің қатарына таңбалы тастағы бейнелер мен қола дәуірінің қыстақтарын жатқызуға болады. Петроглифтер Тамғалыдан солтүстік және солтүстік батыстағы, Қағалы бастау шатқалы мен Қарақыр тауынан батысқа қарай жатқан жазықта табылған. Қыстақтардың үстіңгі қабатынан бірнеше дуалдар мен үйлердің шұңқырлары кездеседі. Сонымен бірге, жануарлардың сүйектері мен керамикалық қалдықтары табылған.
Зерттелген ескерткіштердің негізгі бөлігін ерте темір ғасырының қорғандық қорымдары құрайды. Бұл қорымдар диаметрі 4-12 м дейінгі бірнеше кішкентай қорғандардан тұрады, олардың саны 3-15 дейін.
Ортағасыр жәдігерлеріне таңбалы тастар мен Қағал бастау шатқалындағы қыстақтар жатады. Қыстақтың үстіңгі қабатынан бірнеше бөлме мен шаруашылық ауланы байқауға болады. Мал қамайтын орын болған болуы керек. Қыстақтың қай кезеңге жататынын анықтауға қыш шеңберде жасалған керамика қалдықтары мүмкіндік береді. Мұндай типтегі керамикаларды 9-13 ғғ. жатқызуға болады.
Барлық ескерткіштердің суреттемелері, арнайы топографиялық сызбалары жасалып, суреттері түсіріліп, GPS-пен белгіленді. Алматы облысы ескерткіштерінің жинағы бойынша мақалалар әзірленді.