Бозоқ қалашығында 530 м.кв. жер ашылды. Қазба жұмыстарының мақсаты қаланың орталық бөлігінің құрылуын, ескерткіштің солтүстік шетіндегі зерттелген тұрғын үйлердің жүйелі пайда болуын анықтау. Әуефотосуреті арқылы дуалдардың кескіні мен кварталдардың үйлесімділігіне қарап, құрылыс жүйесі мынадай болды деп болжауға болады: кварталдың батыс бөлігі көрші солтүстік кварталдың дуалымен жабылып қалғандықтан, бірінші шығыс квартал тұрғызылып, одан кейін оңтүстік квартал жалғастырылған. Ең ірісі және соңғысы солтүстік квартал. Оның төрт бұрышты дуалы әуефотосуретінде айырықша көрініп тұр. Осы болжамдарды анықтау мақсатымен Бозоқ қалашығында ұзындығы 36 м кеңдігі 3 м стратиграфиялық траншея қойылды. Траншея солтүстік және шығыс кварталдардың көршілес шұңқырларымен олардың арасындағы дуалдарды кесіп өтті. Ол батыстан шығысқа бағытталған.
Нәтижесінде қорғаныс заттары және тұрғын алаңдары жөнінде қосымша мәліметтер алынды. Екі квартал да бір кезде салынғандығы дәлелденді. Дуал көлемінің ұлғаюы және оның оңтүстікке жылжуы – бұл қалашық территориясын екінші рет пайдаланудың әсері. Осы жылдағы жүргізілген зерттеулеріміз бұрынғы солтүстік кварталды қазғандағы байқауларымызды нақтылай түсті.
2002 жылы солтүстік кварталда шұңқырдағы өту жолы зерттелді. Қазіргі кезге дейін солтүстік кварталдың ішкі аумағында қазба жұмыстары жүргізіліп жатты. Осы жылы стратиграфиялық траншея шығыс кварталдың ішкі ауданына жетті. Бұдан алынған материалдар ортағасырлар дәуіріндегі құрылыс ісі бойынша құнды мәліметтер береді. Барлық үш алаңның тұрғызылуы – бұл бір кездегі іс-әрекет. Кварталдың болашақ жобаларының сызбасы бірден жасалынды. Солтүстік және шығыс кварталдың шұңқырларының аралығы 9 м шұңқыр құрылып бастағанға дейін алаңдардың ішкі жағы мықты материктік балшыққа дейін тереңдетілген (30*30м). Қорда бөлігі жойылып тасталды. Үстіңгі жағы қосымша балшық қабатымен жабылды деп айтуға болады. Бұл жоғарғы бір жарым метрлік қоңыр қыртыстың астында балшықтың горизонтальді сызығы арқылы байқалады.
Ертедегі беті тек дуал астында сақталған, оның жиегі шығыс кварталының қазіргі бетінен 20 см жоғары. Осыған орай шығыс кварталының ішкі алаңы айтарлықтай тереңдетілген болды. Солтүстік кварталының беті көмбе қыртыс жиегінен 40 см жоғары. Барлық периметрі бойынша шұңқырдың ішкі қабырғасына жанасып жатқан кендігі 3-3,5м сызық 50-70 м тереңдікте тегістеледі. Міне осы жиектен бастап шұңқыр қаза бастайды. Осылайша шұңқырдың жоғарғы биіктігінің өзгеруі басталады. Алғашқыда оның ішкі қабырғасы сыртқы қабырғасынан 0,5-0,7 м төмен болды.
Кварталдар арасындағы дуалдың кеңдігі 9 м қазу кезінде топырақ сыртына шығарылды. Кескіндерде келесі стратиграфия сақталған. Жерленген қыртысқа жалпы жуандығы 10-12 см жалпақ балшық кірпіштердің қабаты жатқызылған. Мұның кеңдігі шұңқыр шеттерінен 3-4 м-де орналасқан. Оның үсті қара-қоңыр аралас топырақпен себілген. Бұл топырақ қорда мен қоңыр қыртыстың қоспасынан алынған, оның жуандығы 10-20 см. Үшінші қабат ол бірде еңкейтіліп, бірде көлденең орналасқан балшық блоктар мен кірпіштер. Осы горизонтта қалыңдығы 30см кірпіштің екі қатары байқалады. Жоғарғы 10-20 см бұзылған. Бұл дуалдың ұзындығының қазіргі стратиграфиясы. Оның жалпы биіктігі ертедегі деңгейінен 0,6-0,8 м.
Шұңқырлардың сыртқы жағында траншея пішінінің бойында биіктігі 0,3 м, ені 3-4 м шұңқыр қалдықтары сақталған. Осыған орай, алғашқыда көрші кварталдардың дуалдарының арасында ені 1-2 м салынбаған сызық қалып қояды. Дуалдар шикі кірпіштерден жасалған. Өкінішке орай оларды көлденең тазалау кезінде байқап қалу қиынға соғады. Дуалдың топырағы кейінгі апандар мен қазбалардың салдарынан алабажақтанып қалған. Жалпы суретін тек қана мөлшері арқылы құрастыруға болады.
Солтүстік квартал шұңқырының тереңдігі көмбе қыртысының деңгейінен 2,5-2,75 м. Шығыс кварталының шұңқырының тереңдігі – 2,4 м. Жоғарғы жақ шұңқырының ені 2,0-4,5 м. Шұңқыр қабырғалары сатылы болып келеді. Толтыру мен қабат стратиграфиясы бойынша шұңқыр екі рет тазаланғанын байқауға болады. Әсіресе ол шығыс кварталдың шұңқырының кесігінен байқалады. Оның түпкі жағында лайлы кірпіш пен құйылған балшық фрагменттерінен тұратын алғашқы толтырмалары сақталған. Содан кейін шұңқыр қайтадан тазаланып, 2 м тереңдікке ығыстырылды. Шұңқыр толтырылуда 1,8 м тереңдікте кірпіштің 2-3 қабаты байқалады. Орналастырулары бойынша олар азып келмеген, арнайы қойылған деп айтуға болады. Балшықтың қалың құймалары дуал жағынан және алаңның ішкі жағынан түскен. Шұңқырдың ішкі көлемінің кеңдігі айтарлықтай үлкен. Есептейтін болсақ дуалдың алғашқы ұзындығы да биік болуы тиіс. Тағы бір дәлелденген тетік, ол шығыс кварталының ішкі периметрінен диаметрі 0,2-0,3 м бағаналы кішкентай шұңқырлар табылған. Өмірдің қауіпсіздігі үшін алаңның ішінде шұңқырдың қоршалуы сияқты шаралар аса қажет.
2006 жылы стратиграфиялық траншеядан басқа ескерткіштің солтүстік түпкіріне кішігірім қазба құралдары орналастырылды. Барлық үйлер көп камералы жобасы бір қатарлы ирек тісті тәрізді. Екі үй (№1, 3) көлдің жағалау жиегінің бойында бір қатарда орналасқан. Ал үшінші үй оларға перпендикулярлы. Үйлердің қазан шұңқырлары арасындағы қашықтық 4-5 м. Егер жоғарғы бетіндегі қабырғаның жуандығы 2-2,5 м екендігін ескерсек олардың бір-бірлеріне тығыз орналастырылғандығын айтуға болады.
2006 жылғы қазбаларда опырылған құдық пен №1,3 үйлер қабырғаларының бүлінділерінің арасындағы кеңістік зерттелді. Жобадан үй құрылысының кезекпен салынғандығы байқалады. Онда №1 үйдің тік қойылған солтүстік қабырғасының ортасынан № 2 үй қабырғасының балшықтары салынған. Тіпті, екі үйдің қабырғалары балшықтарының түсі және құрылымы бойынша әртүрлі. Бәлкім бөлмелер әр кезеңде салынған болар. Қабырғаның жайылуын есептесек ол алғашқыда 2-2,5 м. болуы мүмкін.
Келесі қазба №3 үй алаңынан оңтүстікке қарай орналастырылды. Қазіргі бетінде шеттері аса білінбейтін жеңіл шұңқырларда байқалады. 0,4 м тереңдікте төртбұрыштарды іріктегеннен кейін бағана шұңқырлары пайда болды. Олар түсініксіз орналастырылған. Ескерткіштің бұл бөліміндегі жұмыстар әлі де жалғастырылады.
2006 жылы солтүстік кварталдың оңтүстік батыс бұрышында басы батысқа қаратып жатқызылған қабір тазаланды, бас сүйек оң жақ бетіне жатқызылған. Қабірдің аузы күйдірілген кірпіштермен жабылған, олар жанында тұрған кірпіш мавзолейінің бүлінділерінен алынуы мүмкін. Қабір заттары табылмаған.
Солтүстік квартал дуалының солтүстік бұрышында тағы бір қызықты құрылым зерттелген. Бұл жерде бізді СБ-ОШ сызығымен бағытталған сопақ шұңқыр қызықтырды. Қалашықтағы жұмыс тәжірибесі бойынша бұлай мола шұңқырлары белгіленеді. Мола шұңқыры мөлшері 3,0*2,0 м. тікбұрыштың астында орналасқан, дуалдың беткі жағында майда сұр топырақтар білінеді. Жыртылған жердің сызықтары соның астына кетіп жатты. Шұңқыр толтырылмалары дымқыл балшықтан жасалғаны анық. Топырақтың қатты болғандығынан оны қазу өте қиын болды. Шұңқырларды зерттеу қалашық бетінің жыртылған кезеңін анықтауға тиіс. Сондықтан зерттеу жұмыстары тиянақты жүргізілді. Шұңқырдың қабырғалары мен толтырылмалары сары және сұр түсті шикі кірпіштерден қаланған. Әрқайсысы 5 метр жуандықта 5-6 қабат орналастырылған. Шұңқырдың түп жағы ашық сұр балшықпен құйылған. Бұл дымқыл цементтеуші құрамға ұқсайды. Өкінішке орай шұңқыр бос болып шықты. Оның түбі қазіргі жер бетінен 0,6 м тереңдікте орналасқан. Егер бұл кенотаф болса, онда оның құрылысы айтарлықтай ертеге жатқызылады. Мұндай құрылыстың кейінгі ортағасырлар кезеңіне жатқызылуы екі талай. Сөйтіп, бұл қазба қалашық территориясының жыртылу уақыты бойынша жанама мәліметтер береді. Бірақ, жердің тың игеру кезінде жыртылмағандығын анық айтуға болады.
Екінші бағыт, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша үш жылға созылған жұмыстың қорытындысы – бұл бозоқ қалашығын мұражайға айналдыру тұжырымдамасын дайындау. Ескерткіштің мәні, оның Қазақстанның астанасы Астана қаласының тарихи зонасының тарихи- мәдени рөліне келіп тіреледі.
Бозоқ қалашығын зерттеу ортағасырлардағы Еуразия тарихы үшін тек практикалық емес ғылыми да маңызы зор. Бұл Шығыс Еуразияның далалы аймақ территориясындағы алғашқы елді мекенді ауқымды зерттеу. Қазіргі таңда даланың ортағасырлық қала мәдениетін зерттеу жұмыстарын ауқымды жүргізу қажет. Бозоқ қалашығының қазба жұмыстарың міндетті түрде жалғастыру керек.