Бағалы тарихи-мәдени мұраға археологиялық ескерткіштері де жатады, оларды зерттеу арқылы Қазақстан және Еуразия көне тарихын қайта жаңғыртуға болады. Еуразия кең байтақ жазық даласының дәл ортасында Қазақстан жазы даласы алып жатыр, осы жерде бүкіл археологиялық кезең бойы белсенді тарихи-мәдени процестері жүрді. Осы өлкеге қатысты археологиялық мәліметтер жалғыз тарихи деректер болып саналады. Көне Сарыарқаның археологиялық зерттеулерін сіз Еуразия даласының нақты тарихын кайта жаңғырту мүмкін емес.

Ақмола облысындағы Есіл өзенінің жағалауында бірнеше жыл бойы Есіл археологиялық экспедициясы археологиялық жұмыстарын жүргізіп келе жатыр.

Күнтізбелік жұмыс жоспары бойынша 2005 жылы ортағасырлық Бұзоқ қалашығының жұмыстары жалғасты және жойылып кету қаупінде тұрған Күйгенжар қорымында археологиялық қазба жұмыстары басталды. Экспедицияның бір бөлімі облыстық тарихи- мәдени нышандарды қорғайтын инспекциясымен бірге, Ақкөл ауданның территориясында археологиялық барлау жұмысын жасады. 2005 жылда зерттелген археологиялық ескерткіштердің ішінде екеуі бұрында белгілі болмаған көне және ортағасырлық Сарыарқа коғамының рухани өмірлерін кайта жаңартуға қызығушылы туғызды. Оның біреуі - Күйгенжар, ерте темір ғасырына жататын қорымы және 14 ғасырға жататын Бұз ох қалашығындағы мавзолей.

Ескерткіштер әртүрлі тарихи-мәдени дәуірге жатады, еске алу-жерлеу құрылыстары болып саналады. Күйгенжар жерлеу идеологиясы көне дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Сарыарқа халқына тән. Бұз ох қалашығының мавзолейі - жерлеу құрылысы Сарыарқа даласында ислам мемлекеттік дін ретінде қалыптасқан кезге жатады. Ескерткіштердің әрқайсысының архитектурасы сол уақыттағы діни-идеологиялық көзқарастарын көрсетеді.

Күйгенжар қорымы Есіл өзенінің оң жақ жағалауында, Астана-Қарағанды тас жолының 25 км-де орналасқан. Жерлеу бес қорғаннан тұрады, СБ-ОШ-қа тізбектеле созылған. Қорғанның диаметрі 12-45 метрді құрайды, биіктігі - 1-2 м. Қорғанның бүлінуі оның зерттеуіне серпін болды. Ескерткіштің қасында белсенді құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жерлеу жерінде батыс жағында ірі карьер, шығыс жағында - мұсылман зираты орналасқан. 1999 жылы В.С. Волошин №1 ең ірі қорғанның жарты бөлігінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, ал біздің күшімізбен ол жұмыстар жалғастырылды. Қорғанның диаметрі 42 м, биіктігі 2,2 м құрайды. Уақытында оны шұңқыр қоршаған, қазіргі уақытта ол көрінбейді. Жұмыс бульдозермен жүргізілді, солтүстік-оңтүстік бойымен созылған екі «жиек» қалдырылған. Көне жер бетінің қабатынан бастап жұмыс қолмен жүргізілді. Қорған бірнеше рет тоналған. Қорғанның ортасында тонаушылардың қазған іздері байқалады. Қорғанның архитектурасы және қабырғаға дейін жер астынан қазылған ұзын жол дромос, катакомбы құрылымдары қызықтырады.

Қорғанның архитектурасы. Барлығына белгілі, Еуразия даласындағы қорғандардың күрделі архитектуралық құрылысы, жазық даладағы көне көшпенділердің рухани көзқарастарын көрсетеді. Қорғанның құрылыс жүйесі бүкіл әлем мифологиясының концепциясын сипаттайды. Жерлеу ескерткішін салу өте ұзақ уақытты талап етеді және бірнеше кезеңді алатын процесс, оған көптеген адамдар қатысқан.

Зерттелген №1 Күйгенжар жерлеу қорымының күрделі құрылысына көп күш кеткенін, әртүрлі жерлеу салт дәстүрлері болғанын дәлелдейді. Сапалы археологиялық жұмыстардың арқасында жерлеу құрылысының салыну кезеңдерін және көне экономиялық еңбек есебін қайта жаңғыртуға болады. Осы зерттеулер аркасында алынған мәліметтер тек қана археология теориясына ғана қажет емес, экспериментті модель жасауға да қажет. Келешекте осы мәліметтерге сүйене отырып, нақты жерлеу құрылысының мұражай объектісі ретінде қайта жаңғыртуға болады.

Қорғанның ең әдемі бөлігі үлкен топырақ үйіндісі. Оның түбі Есіл өзенінің жағасынан әкелінген көгілдір қыш блогынан тұрады. Блоктар қисық-домалақ түрінде жасалған, пішіні 30-45 см. Олардың аралары сұр топырақпен тығыздалған. Топырақ үйіндісін тазалаған кезде, қыш блоктары аморфты ірі бөлшек түрі болып құлап жатты, блоктың қырларында алып келген ыдыстардың іздері қалған.

Сақталған блоктарды алғашқы уақытта дымқыл кезде қаланған екендігі анық болды. Блоктар диаметірі 30 м, биіктігі 1,8 м. Блоктардың арнайы жалпақтығы 4 м, биіктігі 0,4 м, тастармен қаланған шектеу дөңгелек жеріне қаланған. Бізді тастардың шығу жері қызықтырды. Өйткені, Есіл өзенінің жоғарғы ағысының жағалауын кең байтақ жазық дала алып жатыр. Бұл жерде тас шығатын жер жоқ. Арнайы тас түрлері Нұра өзенінің террасасын құрайтын таулардан әкелінген. Ең жақын тау, шығысқа қарай 40 шақырымда орналасқан. Тас блоктар мен плиталар көне жер бетіне қаланған. Тастан қаланған қоршау ішінде диаметрі 32 м құрайтын алаңда құнарлы жер қабатын тазалап, оның орнына таза қыш топырағын сепкен. Топырақ үйіндісін салар алдында әуелі жер астында қабірді және қабырға апаратын жолды салған. Дромосқа кіретін шұңқыр қорғанның орталық алаңынан шығысқа қарай 8 м жерде орналасқан. Кіреберіс жағы көгілдір қыш блоктармен жэне тастармен тығыздалған. Шұңқырға кіретін жолдың диаметрі 1,2 м. Бір метр тереңдікке дейін тік түсуге болады, ал одан кейін батыс қабырғасында 0,5 м биік сопақ жабылған осы жол тура қорғанның ортасына апарады. Дромостың түбі материк деңгейінен санағанда 2,5 м құрайды, ұзындығы 7 м созылған. Дромосқа перпендикуляр түрінде жерлеу қабірі қазылған. Қабірдің көлемі 2,4-1,6 м, катакомбының биіктігі 0,7 м құрайды. Солтүстік-оңтүстік жаққа бағытталған. Қабырға кіретін жол өкінішке орай, тастармен тығыздалған жерлеу қабірі бірнеше рет тоналған болып шықты. Онда шашылып жатқан ер адамның сүйегі табылды. Бас сүйегінің қаңқасы қылышпен жарылған. Сондықтан болу керек, астыңғы алаңында жерлеу шұнқыры белгіленбеген. Жерлеу салттарын өткізгеннен кейін ғұрыптық тастармен қоршаған, одан кейін оның үстін сары, көгілдір балшық қыш блоктармен үйіп тастаған. Осы құрылыс процесін, яғни. Есіл жағасынан қорғанға дейін иықтарына қоржындарын салған адам тізбегін өзімізде елестетеміз. Үйінді жоғарлай берген сайын, дымқыл қыш блоктарды бүлдіріп алмау үшін бір шетінен тақтай немесе қамыспен жабылған жүкті апаратын жол салынған. Жерлеу құрылысы ұлғая берген сайын табиғатпен үйлескен әдемі көріністі көруге болады. Көгілдір аспан, сарғайған дала жазығында сары, көгілдір түсті балшық блоктардан қорғандар бой көтерді.

Топырақ үйіндісінің сұр түсі оны қоршап, қаланған сұр тастар түсімен және қоршаған табиғат ландшафтының түстерімен сәйкес келеді. Құрылыстың аяқталуы жарты кеш дөңгелек тәрізді үйілген үйіндінің шет жақтары қыш және тас блоктармен мықтап бекітілген. Қазіргі кезде үйінді шашылып, тастан қаланған қоршауларды басып қалған. Материалдық олжалар жоқтығынан, ескерткішті жерлеу қабыры катакомбы құрылыс мәліметтеріне сүйеніп мерзімдейміз. Осындай жерлеу тәсілдері Қазақстан даласында б.д.д. IҮ-ІІ ғғ. таралған. Қысқа және төмен катакомбы түрлері б.д.д. I ғ. Оңтүстік Қазақстан ескерткіштерінде кездеседі.

Палеоэкономикалық есеп. Обаны тұрғызу және катакомбы қазу процессі көп еңбек қажет етеді. Қазіргі кезде Еуразияның әр түрлі аймақтарында салынған ірі үйінділерге жұмсалған еңбек шығыны есептелген. Біз 70 - жылдардың сонында Петропавлдағы Есіл маңынан, б.з.д. ІҮ-ІІ ғғ жататын ірі қорған үймесін қаздық. Ежелгі топырақ әдістерін қолдану аркасында, жерлеу ескерткіштерінің құрылыс процесіне және жұмсалатын еңбек шығынының көлемі қалпына келтірілді.

Күйгенжар қорымының №1 обасы және Обалы мен Қара-Оба қорымының үйінділері жуықтап алғанда көлемі жағынан бірдей болуының нәтижесінде, Обалы және Қара-Оба қорымын модельдеу кезіндегі еңбек көлемінің есептеулер Күйгенжар қорымының №1 обасына да жұмсалған шығынды анықтауға мүмкіндік береді. Көлемі 2000 куб.м болатын қорғанды салу үшін, бір ыдыспен 75 тен 120 мыңға дейін жүріс жол жасау керек. Егер орташа жүріс жолдың ұзындығы 30-40 м деп алсақ, және жүріс жолымен жүк тиеуге жұмсалатын уақытты 7-10 минут деп белгілесек, онда 12 сағаттық жұмыс күнінде үйінді үшін топырақ дайындауға бір бірлік ыдысты қолданғанда 1000 нан 1400-ге дейін адамдар керек. Тасымал мен қазу үшін 2-3 адамнан кем болмау керек. Яғни, топырақты дайындау мен тасымалдау үшін кем дегенде бір тәулікке 2000-нан 4200-ге дейін адам қажет. Басқаша айтқанда, бір оба салғанда топырақ жеткізу үшін 10 тәулікке 200-ден 420 адам немесе бір айға 70-тен 140 адамның еңбегі керек. Ең қызығы, алынған мәліметтер Шумерде болған нормаларға сәйкес.

Бұзоқ қалашығында жүргізілген археологиялық жұмыстар 2005 жылғы жазғы маусымда ортаңғы алаңның стратиграфиясын зерттеуге көп көңіл бөлді. Ортаңғы алаң - қалашықтың ең биік бөлігі және табыну орталығы. Ол 3 квартал арасындағы кеңістікті қамтиды, көлемі 60x90 м, биіктігі 2 м.

Қасиетті алаң ретінде қалыптасуы, объектінің алғашқы қызметі Х-ХІІ ғғ кезінде басталды. Сол кездері алғашқы жерлеу құрылыстары пайда болды, кейінгі кездері оның жан- жағынан жаңа қабір-үсті құрылыстар топтаса бастады. Оларды орналастыру үшін алаңның беті соңына дейін салынып, солтүстік және оңтүстік кварталдар арасынан пақса блоктарынан жол салынды. Жалпы, бұнда 2 кесене, 6 қоршау, 1 кірпіш күйдіретін пеш квадрат астыңғы формасында 7-ші қоршау 2005 жылы тазартылды.

Алаңның төменгі стратиграфиясын анықтау үшін ені 1,5 м болатын 2 ор қазылды. Біреуі солтүстік-оңтүстік бойына қарасты алаңның көлденен кесіп өтсе, екіншісі енінің бағыты бойынша, оңтүстік квартал жолының алдынан өтеді. Бізге, солтүстік және оңтүстік кварталды байланыстыратын жолдың конструкциясы керек еді. Олардың түбінде батана шұңқырлары және белдеулердің шеттері байқалды, олар кварталды тұрғызу кезінде көміліп қалған. Оны сараптай келе, стратиграфиямен жоспарды сәйкестендіру арқылы кварталдарда тұрған кезде алғашқы түрін қалпына келтіруге болады.

Ескерткіштердің солтүстік бөлігінде, алғашқы жылдары жеке түрдегі үйлер ашылған болатын, кейін квадрат асты формасындағы ауданы 144 кв. метрлік жеке тұрған қазаншұңқырлары табылды. Олжалар табылмады, тек қана құрылыс конструкциясын салыну жүйесі зерттелді. Ошақтың суфалары жоқтығынан, камин тәрізді пештері де жоқ, сондықтан да, зерттелген археологиялық объект шаруашылыққа арналған құрылыс деп тұжырым жасауға болады. Бұл Бұзоқ қалашығында шаруашылық құрылыстың астынан кездейсоқ жерлеу қабірі табылды. Олардың топографиясынан белгілі бір заңдылық байқау өте қиын. Олар ескерткіштің әртүрлі жерлерінде орналасқан.

Мұражай мәселелері. Ортағасырлық қалашық территориясындағы зерттелген тағы бір объект - ол құлаған кесене қалдықтары, оның қазба жұмыстары 2001 жылы басталды, жэне 2005 жылдың жазында жалғастырылды. Кесене қалдықтарының биіктігі 1м болатын төбе түрінде оңтүстік-батыс бұрышы белдеуінің үстінде орналасқан. Бұл жеке тұрған кесене еді. Ескерткіштің зерттеу жұмысы мұражайлық көрме үшін қалпына келтіру мүмкіндігінен туады.

Табиғи ортадағы ортағасырлық Бұзоқ қалашығының қалдықтарынан эмоционалдық әсері өте зор. Археологиялық ескерткішке келушілерге түсінікті болу үшін, жеке нышандардың жартысын қалпына келтіру керек. Бұл бір жағынан алғанда, жеке тұрған кесене үшін өте ынғайлы және әдемі көріністі береді. 2005 жылы құрылыс конструкциясына қарасты алаңды тазарту және қабырғалардың жалпы контуры тазартылды. Өкінішке орай, қабір шұңқыры және құрылыстың ортаңғы бөлігі, геодезия белгісі қойылғанда экскаватормен қиратылған. Кейін, бұл белгі басқа жерге көшірілді. Сол кезде, кесененің қабырғалары мен еденіне саз балшық жағылған.

2005 жылы кесененің қабырғасымен маңайындағы алаңы қайта тазартылды. Кесене жобасы - квадратты, жақтарының өлшемдері 6x6 м. Қабырғалардың қалыңдығы әр түрлі, ал орташа 1,3 м құрайды. Кіру есігі оңтүстік қабырғада орналасқан. Қабырғалардың биіктігі 3-4 қабатты кірпіш түрінде сақталған. Оңтүстік қабырғаның кіре берісіне кірпіштен қаланған доға тәріздес алаң жалғасады, ол сопақша қырымен қойылған. Алаңның белағаш бойының өлшемі 7,4x2,0 м. Алаң - кесене қабырғаларына қарасты батысқа қарай ығыстырылған. Бұл ығысу кіре берісті бекіту және белдеудің ауытқуын нивелирлеу үшін керек, оның үстіне кесене орналасқан.

Кірпіштің түрлерімен өлшемдері, қандай шикізаттан жасалғандығы анықталды. Жерлеу ескерткішін қалпына келтіргенде фундаментті және қабырғалардың іргесін сақтап қалу жоспарлануда, ол архитектуралық ауқым жасау үшін қажет. Ең басты мәселе, ол осы жерде антропогендік және табиғи факторларынан қорғану шараларын ұйымдастыру.

Біз Бұзоқ қалашығының архитектуралық қорғаныс бекіністері жөнінде мәлімет алдық. Көрнекілік мұражай экспозициясы үшін 5-7 м аралыққа созылған белдеу мен ор жерін жасау керек. Бұл жер объектінің демонстрациялық сапасын арттырады. Бұл мәселерді шешу үшін жаратылыстану ғылымдарының мамандарын, ең алдымен архитекторларды және білікті реставраторларды тарту керек.
































Бұзоқ қалашығының ғылыми және туристік құндылығы зор. Жалпы, аумағы 30 га жерді құрайды. Біз 6 мың квадрат метрдей зерттедік. Ешбір күмәнсіз, қалашық өте маңызды. Жұмыстың нәтижелері бойынша, бұл тақырыпта бес мақала жарияланды, олар Ресей мен Қазақстанның ғылыми жинақтарында басылымға шықты. Ғылыми зерттеу жұмыстарының жеке аспектілері тоғыз баяндамаларда айтылды, олар Астана, Алматы, Томск, Иркутск, Челябинск қалаларындағы халықаралық, республикалық және ресейлік конференцияларда оқылды. 2004 жылдан бастап археологиялық объект - Бұзоқ қалашығы, Қазақстан астанасының туристік маршрутына ат салысып келеді. 2005 жылдың жазында «Жас Отан» қозғалысындағы «Көгілдір желкен» мектебінің ұйымдастыруымен Алматылық оқушыларға 15 экскурсия өткізілді.


null