Бағдарламаның бір тарауы — тарихи—археологиялық бағыт — археология және архитектура ескерткіштерін зерттеп, оларды мұражай—қорық, туризм нысандарын және консервациялау мен реставрациялаудың жаңа әдістері мен тәсілдері қолданылатын ғылыми орталығы ретінде сақтау.

Археологиялық мұра — қайта құрылмайтын мәдени байлық. Қазіргі кезде археологиялық ескерткіштерді қорғау саласында оны мұражайландыру өзекті мәселелердің бірі болып, анық көрінеді. Бұл, жер бетінде құрылыс қалдықтарын сақтаған ескерткіштерге, ен алдымен, обалар және топырақ жалдар мен орлар арқылы қоршалған қалашықтарға қатысты.

Осындай талаптарға Бұзоқ қала жұрты сай келеді. Астананың өсуімен археологиялық нысан — ортағасырлық Бұзоқ қала жұрты Астана қаласының құрамында болып отыр. Біз тарихи—археологиялық орталықты, «Бұзоқ» қорығын көтеру, үлкен де қиын жобаның алғашқы қадамын жасап отырмыз. Келешек мұражай—қорықтың концепциясы дайындалды. Астана қаласының құрылысына енетін археологиялық ескерткіштің қорғау территориясын анықтайтын деректер дайындалды.




Жоба бойынша — бұл көп функционалды нысан. Басты мақсаты — ежелгі дала объектілерін консервациялау мен мұражайландыру проблемаларын зерттейтін ғылыми зерттеу орталығын құру. Екінші бағыты — қорық- тың басында туристтік жолдарды дамыту. Басты объект Бұзоқтың өзі болуы қажет. Бес жыл- дық қазба нәтижесінде ортағасырлық Қазақстанның материалдық және діни мәдениеті бойынша сапалы жаңа және бағалы мәліметтер алынды. Қорғау құрылыстарының архитектурасы зерттелді, ескерткіштің планиграфиясының семантикасы бойынша материалдар жүйеленді. Діни және тұрғын құрылыстары ашылып, зерттелді. Алынған археологиялық фактілер мен мәліметтер XIII—XV ғғ. Сарыарқа даласының тұрғындарының діни, шаруашылық және әлеуметтік тарихын қалпына келтіру ғылыми негізін ұсынады.

Бес жыл бойы Есіл өзенінің сол жағында орналасқан Бұзоқ ортағасырлық қала жұртындағы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде (1999—2003 жж.) Бұзоқ қаласы X—XII ғғ. қамал-қала мен әскери тұрақ ретінде Хуанхэ өзенінің (Қытай) басынан солтүстік Алтай — Ертіс — Тобол — Еділ бойынша Русь пен Византияға апаратын Далалық Жібек жолында құрылғаны ғылыми дәлелденген. Ескерткіш Бұзоқты өзенінің шығыс жағалауында, Астана қаласынан батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Бұзоқ қала жұрты Сырдария бассейінінен келетін, ары қарай Батыс Сібір және Ертіс бойына апаратын ең қысқа меридионалды жол бойында орналасқан. Және де, Бұзоқ қыпшақ басшысының резиденциясы, діни орталық пен жолаушылар мен керуендердің даладағы географиялық белгісі болды. XIII—XV ғғ. ескерткіштің екінші кезеңінде қаланың қалдықтары киелі жер ретінде таңылып, молаға айналған.

Ескерткіштің зерттеушілері Бұзоқты Астана қаласының алғашқы басы екеніне қорытынды береді.

Ғылыми жұмыстардың бірінші жетекшісі және авторы К.А. Ақышев ескерткіштің тарихи—мәдени мағынасын ғылыми тұрғыдан толықтырып ұсынған. Орталық Азия мен Еуразия археологиясы бойынша үлкен тәжірибесі бар К.А. Ақышев Бұзоқ қала жұртының іргетасы X—XII ғғ. қаланған қыпшақ сұлтанының резиденциясы ретінде анықтайды. Кейінгі жылдары Бұзоқ қаласын ерте түрік дәуіріне (VII—VIII ғғ.) дейін көнелендірілетін фактілер ашылды. Бірақ та, ескерткіште толық мерзімделетін материалдардың жоқтығынан оның тарихи-мәдени интерпретациясын жасау қиынға түседі. Сондықтан алынған материалдарды ортағасырлық отырықшы мәдениетін зерттеуші—мамандармен талқылауға қажеттілік туды.

Сол себепті 2004 ж. жазында Бұзоқ қала жұртында «Еуразияның ортағасырлық мәдениеттерінің панорамасындағы Бұзоқ» атты Халықаралық далалық семинар өткізілді. Далалық семинар — ғылыми нәтижелерді талқылауда аз қолданылатын форма. Ескерткішпен таныстырып, оның әдістемесімен ғылыми зерттеу сапасын көрсетіп, далалық семинар өткізу әр археологиялық ұжымның қолынан келмейді. Объективті және дұрыс нәтижелермен толықтырулар зерттеу әдістемесінің дәрежесіне байланысты. Халықаралық далалық семинарға қатысушылар археологиялық объектіде екі күн жұмыс істеп, қазбаның жоғары әдістемелік дәрежесін атап өтті және осыдан шығатын тарихи—археологиялық интерпретациялауын дәлелді екенін белгіледі. Ортағасырлық Бұзоқ қала жұрты тарихи—мәдени мағынасы бойынша резолюция мен эксперттік қорытынды дайындалды. Қорытындыға Еуразияның ерте замандарын зерттейтін Ресей мен

Қазақстанның белгілі маман-археологтары қол қойды.

Ескерткішті 1999 ж. бастап, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Есіл археологиялық экспедициясы зерттеп келеді. Қала жұртының аумағы ауылшаруа- шылық аймағын қоса есептегенде 30 га құрайды.

Күнтізбелік жоспар бойынша ескерткіште 2004 ж. жазында келесі жұмыстар өткізілді:

1.        Аумағы 450 кв. м бір жер үй қазылды. Шұңқырдың тереңдігі 1,7 м. Қабырғалары балшық кірпіштен қаланған. Үйдің толық фотофиксациясы жасалып, фото және сызу суреттермен деректелген ішкі интерьердің топографиялық жобасы түсірілді. Үй интерьерімен әр түрлі жылу конструкцияларының сақталуымен келешекте Бұзоқ қала жұртындағы ортағасырлық үйдің моделін қалпына келтіруіне мүмкіндік береді.

2.        Екі мавзолейдің тазартылған негізінің кезегін сандық фото және бейнекамерамен фиксациялау арқылы діни объектілердің архитектуралық элементтерін реставрациялау және оның үштік моделін қайта құру. Қазылған мавзолейлер бір камералық түрге жатып, жобада шаршылы болып келеді. Қабырғалары ірге тассыз тұрғызылған. Едені күйдірілген кірпіштен төселген.

3.        2000 ж. қазылған бір объектінің сақталуының мониторингі. Көлемі 60 кв.м, жану камерасының тереңдігі 1,8 м кірпіш күйдіретін пешті 2000 ж. зерттеп, қайта көмген. 2004 ж. экспедиция кезінде пештің архитектуралық бөлшектерінің сақталуын анықтап, көлемінің конструкциясы бойын- ша жоба жасау үшін қайтадан тазартты. Ішінің сыланған қабаты санына қарағанда, пеш үш рет қолданылған (1 фото).

4.        Бұзоқ қалашығының екі кірпіш үлгісінің мықтылығына, тығыздығына және су жұтымдылығына технологиялық талдау өткізілді. Бірінші үлгі — күйдірілген қызыл түсті кірпіш, екінші — сұр түсті балшық кірпіш. Кірпіштің екі түрі де пештің құрылысында кездеседі.

Далалық жұмыстар мен ғылыми есепті дайындауда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ішіндегі Археологиялық қалпына келтіру лабораториясының ғылыми қызметкерлері мен әлем тарихы мен археология кафедрасының магистранттары қатысты.