Қала жұрттың өзі туралы айта кетер болсақ, Ақыртас қала жұрты Тараздан 50 км шығыстағы тау етегінде, қазіргі Ақшолақ стансасына жақын орналасқан. Қалажұрт ортағасырлық Касрибас қаласымен баламаланады. Қала аумағында сәулеттік жарасымдылығы үйлескен бірқатар құрылыс орналасқан.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Касрибас ескерткіштерінің біріне ортағасырлық бекініске бірнеше далалық маусым бойы археологиялық-архитектуралық зерттеу жұмыстарын Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы жүргізуде.
Ақыртас бекінісі сарайдан бір шақырым оңтүстік-батыста, билеуші қамалына жақын орналасқан. Жобасында төртбұрышты келген оның көлемі 39*40,5 м. Ескерткіш әлемнің төрт бағытынан кішкене ауытқып орналасқан (2-суретке қараңыз). Құрылыстағы археологиялық-архитектуралық зерттеудің таза археологиялық зерттеуден ерекшелігі бар, әуелі алдымызға келесі міндеттерді қояйық: кешеннің сәулеттік жобасын анықтау, оның жалпы көркемдік шешімділігін, қаланың жалпы үйлесімділігіндегі осы ескерткіштің пайда болу рөлі; түсіну маңыздылығы, құрылыс, яғни ескерткіштің осы жерде орналасуы туралы авторды қандай мақсаттар толғандырды; құрылыс құрылымына және т.б. қолданылған құрылыс заттарының пайдаланғандығын анықтау.
Осы міндеттер Ақыртас бекінісін зерттеуде шешілді.
Бекініс шамамен VII ғ. екінші жартысы-VIII ғ. Бірінші жартысымен даталанады.
Бекіністің ішкі құрылысы периметрлі, яғни бекініс қабырғасын жағалай тұрғын бөлмелер орналасқан, оларда тығыз қатынастағы отбасылар тұрған. Кешеннің ортасына бекініс тұрғындарының күнделікті өмір қажеттіліктері орналасқан.
Бірнеше далалық маусым бойы біртіндеп ескерткіштің ішінен иілген, доғалданған қабырғалар ашылып келеді Оны «қабырғаның мұрттары» деп атадық. 2008 жылдың далалық маусымының соңында «қабырға мұрттары» кейінгі құрылыс қабаттарына жататындығы, бекіністің өмір сүрген кезеңіне жатпайтындығы анықталды.
Қазіргі уақытта ескерткіштегі қазба жұмыстары торт бағытта жүргізілуде.
Бірінші бағыт. Бекіністің бұрыш мұнарасындағы жұмыстар жалғастырылды.
Құрылыстың бес мұнарасы бар деп болжанған болатын, оның торт мұнарасы - бұрышта, ал біреуі- екі аралықта, яғни оңтүстік бекініс қабырғасында, оңтүстік-шығыс бұрышқа жақын орналасқан. Мұнара - бекініс құрылысының негізгі бөлігі, мықты, әрі берік тұрғызылған олар жарасымдылығын тауып тұрған.
Қазіргі кезде оңтүстік-батыс бекініс мұнарасы ашылды. Оның нобайы мүлдем өзгеше және бұрындары ешқандай Орта Азиялық нысандарда кездеспеген. Мұнараның пішін үйлесімділігін және оған жалғасқан территорияны былай сипаттауға болады:
Бекіністің оңтүстік-батыс бұрышында бір-бірінен бір метрдей қашықтықта екі мықты, аяғы еркін тарылған «мүйізше-қосымша бұтақ» қабырға орналасқан. Батыс жағындағы бір «мүйіз-қосымша бұтақтан» метр қашықтықтан бұрыш мұнарасында батыс бекініс қабырғасына қарай кеткен қосымша бекініс қабырғасы, одан бекініс құрылысына көмекші кірер есік орналасқан.
Бекіністегі көмекші есік батыс бекініс қабырғасына, бөлменің (4) ішкі бұрышына тұрғызылған.
Өткен далалық маусымда батысқа қарай кеткен қосымша бекініс қабырғасы, екі аралық қабырға ашылды. Аралық қабырға және қосымша бекініс қабырғасы саз балшықтан тұрғызылған. Аралық қабырғаның ені - 1 м, сақталған биіктігі – 40 см., екеуінің арасы, шамамен 3 м. Аралық қабырға конструкциялық қабырға деп болжанды.
Біздің ойымызша кострукциялық қабырға бекініс айналасындағы ордың «жиегі» болуы мүмкін, себебі «жиек» ордың шайылуын және құрылыстың беріктілігін сақтайды.
Болжанғандай екінші конструкциялы қабырға сондай қашықтықтан ашылды. Дегенмен, екінші конструкциялы қабырғадан бекіністің батыс қабырғасына шамамен 30° бұрылыста апаратын пандус түріндегі платформа аршылды.
Бүгінде конструкциялық қабырғаның ұзындығы және ені 11,5 метр платформа анықталды.
Бұрыш мұнарасындағы екіншісінен беріктеу «мүйізде» сатылы тепсең орналасқан. Оның не мақсатта қолданылғандығы әзірге белгісіз. Жорамалды нұсқа бойынша бұл тепсең-контрфорс болуы мүмкін, бекіністің бұрышына арнайы тұрғызылған.
2008 ж далалық маусымның соңында үш тепсең анықталды. 2009 ж маусымда тағы біреуі табылып, тепсең төртке жетті. Олардың шығып тұрған дөңбектері бекіністің оңтүстік қабырғасына берік жалғасқан. Олардың бірі мұнараның «мүйізіне» жалғасқан, одан 40 см төмендіктен екінші тар тепсең кеткен, сосын төмен кең үшінші тепсең, соңынан төртіншісі кеткен. Бірінші тепсеңнің шығып тұрған бөлігіне жарты шеңберленген қабырға - аралық қабырға жалғасқан, онда екі қабырға ошағы орналасқан. Өткен жылы осы жерден әртүрлі қазанның екі жартысы табылды. Ошақтар мұнардағы күзетші жасақтар үшін арнайы салынған болуы керек.
Келесі зерттеу бағыты, бекіністің оңтүстік қақпасы деп аталады.
Біздің жорамалымыз бойынша бекіністің үш салтанатты қақпасы болуы керек, оның бірі бекіністің оңтүстік қабырғасында (оңтүстік-шығыс бұрышқа жақын), және келесі көмекші шығатын есік бөлменің (4) бұрышына орналасқан.
Бұрындары құрылыстың ішін, бекіністің оңтүстік қабырғасының бойын, «бекіністің оңтүстік қақпасына» тимей, тек ішкі жобасын ашумен шектелген болатын. Осы маусымда құрылыстың осы бөлігін зерттеу басталды.
Алдында сыртқы белгілеріне қарай осы кішкентай аумақтан, ескерткіштің оңтүстік-шығыс бұрышынан үш метрде орналасқан оңтүстік қақпа байқалған болатын. Оның алғашқы белгісі осы жерде бекініс қабырғасы бірқалыпты төмендегені анық көрінуінде.
Әзірге қақпа құрылысы бекіністің шығыс қақпасы сияқты толық аршылмады. Бұл жерде де қақпаның бір жағы, келесі бетінің пилоны ашылған еді. Пилон тікбұрышты созылған пішінінде бұрыштары доғалданған. Пилонның биіктігі жер деңгейінен 15-40 см. Оның ені – 90 см, ұзындығы - 2 м. Оңтүстік қақпаның жалпы ұзындығы 8,5 м.
Біздің таң қалуымыздың қандай болғанына тоқталайық, зерттелініп отырған жерді толық ашқанда, бекініс қабырғасындағы салтанатты қақпа кіру орны болмай шықты. Қызығы, қабырғаның осы жердегі ұзындығы 8,5 м бөлігінің жоғарғы бетінің деңгейі әртүрлі. Негізінде бір бекініс қабырғасы, бір жерде жоғарғы беті бір деңгейде болуы керек. Дегенмен, қабырғаның кішкене бөлігінің жоғарғы бетінен төрт деңгей анықталды. Биіктіктің ауытқуы 5-тен 30 см дейін.
Бекініс қабырғасының сыртқы ортасынан кішкене жарты шеңберленген мұнара жалғасқан, ол алма-кезек қаланған саз балшықты кірпіштен тұрғызылған. Шамасы, бұл «контрофорс» қабырғаның осы бөлігін бекіту үшін қаланған. Жарты мұнараның ұзындығы – 2,4 м, диаметрі - 1,5 м, биіктігі - 90 см. Жарты мұнараның батысынан берік қабырға, трапецияға ұқсаған кішкене «баспалдақ» салынған. Оның үлкен жағының биіктігі мен ұзындығы - 60 см. Қысқа жағының ұзындығы - 50 см, осы конструкциялық бөлшектің ені - 25 см. Жарты мұнараның шығысынан, бекініс қабырғасына жіңішке жағы жалғасқан енді және ұзын баспалдақ орналасқан. Оның ұзындығы - 3,6 м, ені - 80 см, еден деңгейінен биіктігі - 17 см. Бекіністің ішкіндегі осы жердің едені екі деңгейлі. Еденнің екі деңгейінің аралық биіктігі-7 см. Бекініс қабырғасының осы бөлігін және конструкциялық элементтерін, оған жалғасқан бөлшектерін болашақ жұмыстар түсіндіретін болады.
Үшінші бағыт. Шығыс салтанатты қақпа жағындағы бекіністің шығыс қабырғасы.
Шығыс қақпадан кейін батыс бағытына қарай бекініс қабырғасы бұзылған. Бұзылған қабырғаның ұзындығы - 7 м. Ары қарай біршама жақсы сақталған қабырға кеткен. Шығыс жағында, батыс қабырғадағыдай «периметрлі» құрылыс болған. Яғни, қабырғалардың периметрі бойынша тұрғын бөлмелерді «қиып» өткен. Шығыс қақпадан 7,8 м қашықтықтан ұзын жағы шығыстан батысқа бағытталып созылған үлкен тұрғын бөлме (14) ашылды.
Бөлменің бүгінгі күндегі ұзындығы – 5,8 м. Оның ені – 4,5 м. Шығыс қабырғадан 2,1 м қашықтықтан бөлмені екіге бөлген қалың қабырға өткен, оның ені 1,2 м. Солтүстік қабырғадан 0,25 м жерде аралық қабырғада ені 0,8 м есік орны бар. Бекіністің шығыс қабырғасында, бөлменің ендік бойынша, ені 0,7 м. суфа орналасқан. Бөлмеден екі ошақ кездесті. Бірі бөлменің бірінші бөлігінде орналасқан, сопақша келген ошақтың ұзындығы - 0,9 м. Екінші ошақ бөлменің екінші бөлігіндегі оңтүстік қабырғаға орналастырылған. Ошақтың ұзындығы - 0,8 м, тереңдігі - 0,9 м, биіктігі- 0,75 м.
Бекіністен екі бөліктен тұратын үлкен тұрғын бөлме алғаш рет кездесіп отыр. Бүгінде (бөлме әлі толық қазылып болған жоқ) оның алып жатқан алаңы 30 м² құрайды.
Төртінші бағыт. Бекіністің батыс қабырғасындағы, аралық жиектің солындағы бөлме.
Алдыңғы экспедициялық маусымда бекіністің батыс қабырғасын периметрлі, «аралық жиектің» сол жағында орналасқан бөлме ашылған еді. Өткен жылы зерттеу сол қабырғаның бойына, «аралық жиектің» сол жағына, бекіністің солтүстік-батыс бұрыш жағына жүргізілді. 2008 жылы осы жерден бөлмелер аршылды (8), (9). 2009 жылғы маусымда бөлме толық аршылды. Бөлмеден (8), солтүстік қалқа қабырғасынан кішкентай «г» үлгісінде суфа аршылды. Суфаның шығып тұрған жерінде ошақ бар. Бөлменің едені екі деңгейлі. Еден деңгейінің ауытқуы 40 см. құрайды. Бөлменің шамамен жартысы (бекініс қабырғасы жағы) төменгі еден деңгейінде. Ошақ бөлменің біршама жоғарғы жартысында орналасқан. Жіңішке аралық қабырға шамамен 10 см, ошақ екіге бөлінген, әрқайсысында өз тамағы дайындалған. Көрші бөлмеден (9) өткен маусымда оңтүстік-шығыс бұрышынан үлкен қыш құмыраның жартысы табылды.
Өткен маусымда бекіністің солтүстік-батыс бұрыш жағындағы жұмыстар жалғасты. Бөлмелер (10), (11), (13) ашылды. Олардың барлығы бірдей және ұзын жағы «батыстан шығысқа» созылған. Бөлменің (10) көлемі: 2,7 м * 6,8 м, келесі бөлменің (11) көлемі: 2,7 м * 7,1 м, ал үшінші бір бөлменің (13) көлемі: 1,9 м * 7,0 м. Бөлменің (10) шығыс жағының еденінен бір қазанның екі үлкен сынығы табылды.
Ақыртас бекінісіндегі 2009 жылғы археологиялық-архитектуралық зерттеулердің қысқаша қорытындысы ұсынылды. Алдымызға қойылған көптеген сұрақтар мен жұмбақтар келесі экспедициялық маусымда шешіледі деп үміттенеміз.