Зерттелген нысанды археологиялық кешен деп атауға толық негіз бар, өйткені оған бірнеше ескерткіштер кіреді. Бұған сарай кешені (монументалды құрылыс жосыны төртбұрыш, биіктігі 1-ден 1,5 м дейінгі ірі блоктардан тұрғызылған. Аумағы 169*145 м, ұзын жағы солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр) (1 фото); қорған (жосыны шаршыдай көлемі 39*40,5 м, сарай кешенінен оңтүстік батысқа 1 км қашықтықта орналасқан. Қамал дүниенің төрт бұрышына сәйкес орналасқан, ғимараттың бұрыштарында кесіндісі дөңгелек келген мұнаралар орналасқан секілді); қамал (құрылыс төбеде орналасқан оның көлемі 40*25 м, биіктігі 3-3,5 м, ғимарат жосыны тікбұрышты, ұзын жақтарымен сәл ауытқи шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Құрылыс XIII ғ. екінші жартысы – X ғғ. жатады); Бақшалық-саябақтық аумақ (сарай кешенінің шығысында, көлемі 250*250 м, дуалмен қоршалған аумақ орналасқан. Бұл жерде саябақ жасалынбақ болғанға ұқсайды; қала сыртындағы қоныс-жайлар (немесе басқаша айтқанда «тұрғын кварталдар» «сарай кешенінің» солтүстігінде орналасқан бірнеше төбелер); сонымен қатар, тас кені, саз өндіру карьері, бақылау мұнарасы, құлдар жер кепелері, агро ирригациялық құрылыстар және сумен қамту жүйесі, сақ қорған төбелерінің тізбегі.

Кешенді зерттеу көптеген жылдар бойы жүргізіліп келеді. Әрине, ерекше назар аударылатыны сарай құрылысы. Бірақ, құрылыстың атқарған қызметі туралы көптеген болжамдар айтылса да, қазірге дейін дәлелдердің салмақты фактологиялық жүйесі жоқ.

Бұл далалық маусымның зерттеулері біріншіден сарай кешенін консервациялау және мұражайландыру шараларын археологиялық дайындық бағытында жүргізілді, екіншіден кешеннің жалпы сандық топо-жосыны түсірілді, сонымен қатар, жоғарыда қысқаша сипатталған қорғанда қазба жүргізілді.

Сарайдың солтүстік-батыс ширегі археологиялық тазалау мен консервациялық шаралар жүргізуге таңдалып алынды. Сыртқы қабырғаның сыртынан (солтүстік және батыс) салынған үш барлау қазбасы кешеннің ішінен бір-біріне параллель салынған үш барлау қазбасы «құрлыққа» дейін жеткізіліп, қабаттардың орналасу тәртібін, қазаншұңқырдың бар екенін және қазіргі жер бетін анықтап берді.

Осы ежелгі көміліп қалған қазіргі деңгеймен сарайды солтүстік-батыс ширегіндегі аумақ тазаланып биіктігі 1,2-1,5 м қабырға аршылды.

Құрылыстың конструкциялық ерекшеліктері сан мәрте сипатталғандықтан, бұл далалық маусымның зерттеулері қосымша өлшеуге, сонымен қатар биіктік аралықтарын алуға бағытталды. Қазбаны бастамас бұрын құландылардың қосымша микротопографиясы түсірілді, сонымен қатар, жосындық сандық түсіру жүргізілді. Шығарылып тасталынған тастар көмірленіп, алдын-ала жосынға сызылды.

Кешеннің солтүстік-батыс бөлігіндегі барлау қазбалар тастан қаланған қабырғаларды зерттеуге және құжаттауға, сонымен қатар траншеялардың біріне қалақ қоспаларының, сылақтың және топырақтың сынамаларын алуға мүмкіндік береді.

Қалақтың сипаттамасы мен тас блоктардың көлемі әдебиетте бұрын да сөз болған. Бұл далалық маусымның жұмыстары барысында төмендегідей ерекшелік анықталды – ірі тас блоктарынан жүргізілген қалақ үстіңгі жағынан қызыл құмтастың майда сынықтарымен және қалақ қоспасымен тегістеліп отырған. Бұл құрылыс әдісі жоғарғы қатарды төменгіге тығыз отырғызу үшін пайдаланылған. Осылайша қабырға қатарларынан бір-бірімен мықты байланыстыруға қол жеткізген.

Мысалы Таяу Шығыста, «сэнвич жүйесі» деп аталатын жүйе кең түрде қолданылған. Мұнда қатарлар арасындағы қуыстар тас сынықтарымен толықтырылып отырған. Осылайша қалақты тұрақтандыруға қол жеткізген.

Сыртқы қабырғаның іргетасы 3,1-3,5 м тереңдікте, ал, ішкі жағынан 1,5-1,7 м терең. «Г» тәріздес іргетас – сыртқы қабырғаның тіреуіш қасиеттері мен қорғаныс функцияларын нығайту мақсаттарындағы ерекше архитектуралық әдіс. Іргетастың ақ сылақпен (алебастр не әк екені әлі анықталған жоқ) сыланғаны қызығушылық туғызады. Мүмкін ол ылғал тепкі қызметін атқарған болу керек.

Қазаншұңқыр іздері барлау қазбалардың профильдерінде байқалады. Профильдердің бірінде қазаншұңқырды топырақпен толтыру кезінде түскен қиғаш іздері анық байқалады. Бұл алдағы уақытта қазаншұңқырды көшіру әдістерін анықтауға мүмкіндік берер.

Сарайдағы ішкі қабырғаның іргетастары жоқ десе де болады. Қабырға тұрғызылатын жердің бетін сазды қоспамен құйып шығатын болған сияқты.

Қабырғалардың тік беттері де ақ түсті сылақпен сыланған (қоспаның ғаныштан не әктен тұратынын анализ жасалғаннан кейін анықталады).

Бірнеше табылған заттар, оның ішінде керамика, тас бұйым, соқа ұшы, қыштар, қазіргі кезде кешен мерзімін анықтауға мүмкіндік бермей отыр.

Мысалы, жоғарыда сипатталған жүйе, ортағасырлық әл-Балит қаласын (Оман сұлтандығы, қазіргі Салала қаласының аумағында) соғуда қолданылған.

Шартты түрде қорған деп аталатын аумақта нысанның 80% қамтитын қазба орны салынды. Тастардың көптігі археологиялық зерттеулерлерді бұл жылы аяқтауға бермеді, тиісінше, қазба жұмысы келесі далалық мау- сымда жүргізілу тиіс.

«Қорған», биіктігі 3-4 м табиғи қырға орналасқан, жосыны, көлемі 41*39 м келетін тікбұрыш. Қорғаның бұрыштарында кесіндісі дөңгелек келген мұнаралар орналасқан секілді.

Қорғанның солтүстік-батыс бөлігінде, жоғарғы қабаты алынған соң (10-20 см) қызыл құм тас құландылары, эломорфологиялы топырақ араласқан тастар табылды.

Қорғанның ортасына таман тағы бір көлемді құландылар табылды. Жарылған формасы қалаққа келетін тастар қабаты еденде біркелкі орналасқан. Қазба орнының орталық бөлігінде ешқандай құрылыс конструкциялардың іздері байқалмайды.

Қазбаның оңтүстік бөлігін аршыған кезде сыртқы қабырға маңында ошақтар мен өрт іздері анықталды. 60-80 см тереңдікте қабырға іздері (қалақтың тегіс сызықтары, құланды арасынан байқалады) анықталды. Тереңдей түскен кезде кесектен тұрғызылған сыртқы оңтүстік қабырғаға тігінен жапсарласатын бөлмелер анықталды. Қабырғалар екі 40-60 см (2 фото). Қазбаның шығыс жиегіне таман орналасқан, қызыл құмтастан қаланған қабырғада сылақ іздері болды. Сары түсті борпық сылақтың қалыңдығы кей жерлерде 4-5 см жетті.

Бөлмелердің бірінде жарылай сақталған тандыр (?) мен күл қабаты табылды. Бөлмелердің көлемі бірдей. Қабырғалардың биіктігі 1-метрден аспайды. Қабырғалардың сақталуы қанағаттанарлықтай.

Қабырғалардың жоғарғы жағы қайта қаланған болуы керек, өйткені, қасында кесек құландылары анықталды.

Жинақталған мәліметтер екі құрылыс қабатының соған сәйкес құрылыстың екі өмір сүру кезеңінің болғанына меңзейді. Біріншісінде сыртқы қабырғалар кесектен тұрғызылып, сонымен қатар оған перпендикуляр орналасқан тастан соғылған қабырғалар тұрғызылуы мүмкін. Екінші кезеңдегі бөлмелерде ошақтар майда тастардан соғылған бірнеше қабырғалар болған. Керамикалар жиынтығы да екі хронологиялық кезенді анықтауға мүмкіндік береді.

Қирандылардың жалпы көрінісіне қарап құрылыстың бұзылуына жер сілкінісі себеп болды деп болжауға болады.