Қазіргі кезде бұл жер, шатқалдардан бастау алатын, жазда кеуіп кететін бұлақтар арнасымен тілімделген, құрғақ тау бөктері.

Кешен құрамына, әр кезеңге жататын, бірнеше археологиялық және археологиялық- архитектуралық ескерткіштер кіреді.

Қазіргі кезде 2005 жылғы археологиялық жұмыс барысында жинақталған материалды зертханалық-сараптау аяқталды; стратиграфиялық материал өңделді, сондай-ақ, сыртқы қабырғаның қасбет бөлігінің тік бетіне қатысты материал ректефикацияланды және сандық форматқа көшірілді. 100-ден аса тасқа нөмір берілді, оны тастардың бет жағына белгілеу жүзеге асты.

Керамиканың 145 бөлігі өңделді. Оның ішіндегі сырсыз 47 бөлігі сарайға қазба жұмыстары жүргізілген кезде, 53-шурфта, ордың түбінде табылды. Керамикалық материалдың қалған бөліктері, оның ішінде шыңылтырлы керамиканың 2 сынығы үй-жайдың аумағынан кездесті. Бекіністе табылған бөліктердің ішінен, археологиялық тұрғыдан бүтін шыққан, сырсыз құмыра мен ақ шыңылтырлы шырақ қайта қалпына келтірілді. Барлық материалға толық статистикалық талдау жасалды.

Жинақталған топографиялық және аэрофотографиялық материалға талдау жұмыстары аяқталды. Кешеннің үш өлшемді үлгісі жасалды. Ол үшін ескерткішті құжаттау кезінде жинақталған барлық мәліметтер пайдаланылады. 3 өлшемді ландшафты жасау үшін жалпы 3D топографияның мәліметтері талданады; жекелеген нысандардың виртуалды үлгілерін жасау микротопографияны пайдалану арқылы жүзеге асады. Жоспар ректификациясы қасбет ректификациясын текстуралардың картасын жасау кезінде қолданады (ескерткіштің виртуалды үлгісі тек презентациялық мақсаттарға ғана қолданылады, ол сызба мәліметтерді алмастыра алмайды). Сарайдың жоспарын түсіру арқасында ғылыми реконструкция жасалып, интерактивті 3-өлшемді модельді құру жүзеге асты. Интерактивті модель нысанды нақты уақыт өлшемінде зерттеуге мүмкіндік беретін виртуалды модель болып табылады. Нысанның моделі AutoCAD және Land Desktop және 3ds MAX бағдарламасында жасалған. Жоспарларды ректификациялау қасбеттерді ректификациялау сияқты мол ақпарат беретін және үлгілі әдістеме болып табылады.

Сарайды зерттеу кезінде суретке түсіру «Кобра» типті көтергіш кранмен 20 метр биіктіктен жасалды, мұның өзі зерттелетін алаңды тұтас жабуға кететін сурет санын азайтуға мүмкіндік берді. Сарайдың С-Б бөлігінің ректификациялық сызбасын жасау кезінде, бөлмелерде орналасқан тас блоктардың суреті салынды. Бұл жұмыстың басталар алдында ескерткіштің қалпына фиксация жасау қажет. Осы тәсілмен қабырғалардың, шурфтардың, құрылым элементтерінің суреттері салынды. Сарайдың қасбеттерін ректификациялау кезінде қасбеттердің 3 негізгі желілері суретке түсірілді, атқарылған қайта қалпына келтіру және консервациялау жұмыстары бойынша салыстырмалы талдау жасалды.

Кешенді мұқият зерттеу үшін ахуалдық схема жасалды. Оған негізгі және қосалқы жолдар, өзендер, құрылыстар, электр желілері, зерттеу нысандары түсірілді. Ахуалдық схеманы жасау кезінде Жамбыл облысының М 1:25000 2 картасы және теодолитпен түсірілген жоспар пайдаланылды. Мұндай әдіс туристік маршруттардың, аймақты қорғау ұйымдарының картасын жасауға, демалыс аймағын жобалауға және т.б. мүмкіндік береді. Жұмыстың басты мақсаты ауланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі бөлмелерді тазалау және аршу болды. 2006 жылғы археологиялық қазба жұмыстары кезеңінде жалпы көлемі 250 шаршы метрден асатын он бөлме аршылып, тазаланды. Еденнің деңгейі анықталды. Сондай-ақ, сарай алаңының солтүстік-шығыс бөлігінде, жандарының көлемі 4,5 м келетін, төрт бағанның негізі аршылды. Сарайдың бүкіл солтүстік-шығыс бөлігі шөптен тазартылды. Сондай-ақ алаңның солтүстік-шығыс сыртқы қабырғасы 40 метрден астам ұзындықта анықталды.

Тазалау жұмыс кезінде кейбір қиындықтар туындады, өйткені, бөлмелерден 08-16.05.06 аралығында шығарылған барлық тастар қабырғаға жиналған, сондай-ақ көптеген қабырғаларда бұдан бұрындары шығарылған топырақтар жатты. Сондықтан тастар қабырғадан алынып, жалпы нұсқауға сәйкес жиналды, содан кейін ұсақ тастар қоқысы алынды.

2006 жылдың 08-16.05 аралығында қабырғалардан алынған тастар, тиісті қабырғалар мен бөлмелеріне сәйкес АК РА 06 сосын қабырға нөмірі берілді. Тастар сарайдың солтүстік бөлігіне, бұрынғы топырақ үйілген жерге жиналды. 80-бөлменің бұрышында нұсқауға сәйкес шурф жасалды. Шурф стратиграфия сының суреті салынды. 72 және 73-бөлмеден топырақ шығарылды. Сарайдың барлық бөлмелерінің едендері тастың ұсақ сыныктарынан тазартылды.

Ғимараттың ішкі жағының стратиграфиясын анықтау мақсатында барлау шурфтары жүргізілді. 2 шаршы метрді алатын бір шурф, сарай алаңының солтүстік-шығыс бөлігіндегі бірінші және екінші бағандар арасында жасалды.

Жоғарыда аталған учаскенің бөлмелерінің есік орындары анықталды. Көлемі  10*10 метр қазба, мешітке телінген бөлмеге кіреберіс қарсысында салынды. Қазба, бөлмеге кіреберісіндегі пандус қалдығын табуға мүмкіндік берді. 99-шы бөлмеде, оңтүстік-шығыс қабырға қасындағы қирандылардан тазартқан соң, диаметрі 12 см, су құбырының қалдықтары табылды. Кейін анықталғандай, құбыр 99-шы бөлменің оңтүстік-шығыс қабырғасын тесіп өтіп, ауа тартқыш не суағар кызметін атқарған. 80-ші бөлме мен оның айналасындағы бөлмелерге келсек, олар сарай ішілік хаммам болуы әбден мүмкін.

Сарайда жүргізілген жұмыстардан басқа, сарайдың солтүстігіне таман орналасқан керуен- сарай нысанында да қазба жұмыстары жүргізілді. Консервациялау жұмыстары басталмас бұрын, ғимараттың сыртқы шегін анықтау мақсатында шурфтар жасалды. Керуен-сарай ауласын қоршаған қабырғалары аршылды. Сондай-ақ, ғимараттың ортасында қазба жұмысы жүргізілді. Ғимарат ішкінің стратиграфиясын анықтау және ылғал сіңіретін дренаж жасау мақсатында, көлемі 1x1 метр шурф жасалды. Керуен-сарайда 20 шаршы метрден астам алан, аршылды.

Сарай құрылысы кезеңін зерттеу мақсатында, бұрын «жертөле»-ге баланып келген, тас кенінің қасындағы құрылыстарға шурф жүргізілді. Бірақ, жұмыстың бірінші сатысында-ақ, бұл жер өндірістік аймақ екендігі белгілі болды. Тас пен қыштан қоршалып қаланған, қарапайым құрылым болып келетін, гипс күйдіретін алаңдар табылды. Шурф алаңды толығымен қамтымай, тек енін ғана айқындап берді. Алаңдардың аумағын топографияға қарап 50-ден 100 шаршы м-дей деп болжауға болады. Керамикалық материал жинақталды. Дайындықтың әр кезеңіне жататын гипс ұнтақтары сараптауға алынды. Сондай-ақ, ганч дайындаудағы қызметі түсініксіз, хауыз типтес құрылыстар табылды.

Сонымен қатар, кешеннің айналасындағы ескерткіштерді анықтау мақсатында радиусы 5-6 шақырым аумаққа барлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде төрт сақ обалары табылды (50-ден астам бұрын белгісіз болып келген қорғандар). Сарайдың шығысына қарай 4 шақырым жерде дала қонысының қалдықтары анықталды. Нысанның кезеңін анықтайтын материал жинақтау мақсатында шурф жасалды.

Жұмыс барысында қазба нәтижелері мен табылған олжаны құжаттау үнемі жүргізіліп отырды. Аршылған бөлмелерді фотоға түсіру жүзеге асты. «Ақыртас» кешенінің толық картасын, жоспарын жасау үшін ГИС құрылымы бойынша жұмыстар атқарылды. Ақыртас археологиялық кешені мен оның қоршаған аумақтың ГИС-ін жасау мақсатында мәліметтер базасын жасау, картаның қазіргі және ежелгі элементтерінің шейп-файлдарын жасау тұжырымдамасы әзірленді. GPS көмегімен бағдарлардың (тригопункттер, қыстақтар, жолдардың қиылысы) координаттары алынды. Түсірілген бағдарлар бойынша топографиялық матераилды ректификациялау аяқталды. Үш обаның (барлығы 53 қорған) жоспары тахеометр көмегімен түсірілді. Кешеннің оңтүстік жағындағы екі су қоймасы (хауыздар) және кешеннің шығысында орналасқан қоныс қалдықтары (5,2 га аумақтан астам түсірілді) тахеометрмен түсірілді. Картографиялық материалды, ландшафтты 1983 жылғы топография бойынша сандық форматқа көшіру жұмысы басталды.

2003-2006 жылғы түсірімдердің нәтижелерін шектеулі полигонная UTM-нің толық координаттары енгізілген полигонға ауыстыру жүзеге асты.