1. Арал-Асар қонысын археологиялық зерттеулер;
2. Кердері-2 кесенесін археологиялық зерттеулер;
3. Авиатехниканы пайдалану арқылы Арал теңізінің түбіне жасалған рекогносцировкалық (барлау) зерттеулер.
4. Арал-Асар қонысын археологиялық зерттеу
Шартты түрде Арал-Асар деп аталатын қоныс Қызылордадан солтүстік-батысқа қарай 370 шақырымда орналасқан қазіргі Қаратерең поселкесінен 65,2 шақырымда орналасқан. Бұл поселке осыдан аз ғана бұрын Арал теңізінің жағасында болатын, қазір теңіз одан 320 шақырым шегініп кетті.
Қаланың жалпы көлемі 6 га шамасында болады. Бет жағында көп мөлшерде шаруашылық заттары табылды: диірмен тастары, керамикалық ыдыстар мен олардың сынықтары, темір және қола бұйымдарының бөліктері. Құрылыс құрылымдарын қазір бет жағынан қарағанда айыру мүмкін емес. Бұл Арал суымен шайылып, тегістеліп кеткен.
Ортағасырлық елді мекеннің тұрғындары егіншілікпен айналысып, астық өсірген. 14 диірмен тас мен ұнды сақтауға арналған бөлмежай қасынан хумдандар табылды. Ұн тартатын өндіріс дамыған. Жиналған көгілдір, қаракөк және қара түсті жылтырақ керамика XIV ғасырдың аяғындағы қала өмірінен хабар береді.
30 см тереңдікке жасалған шурфта күйдірілген кірпіштен қаланған үстіңгі қабат табылды. Осы қаланған жердің ортасында үлкен ыдыс – хум орнатылған, оның төрттен үш бөлігі жерге көмілген, ал оның жоғарғы бөлігі күйдірілген кірпішпен ыдыстың иығын жабатындай етіп қаланған.
Сірә, қала «бір қабатты» болса керек және аз ғана уақыт, мүмкін бірнеше ондаған жылдар өмір сүрген тәрізді. 2005 жылы күзде қалада жүргізілген қазба жұмыстары осы елді мекен кезеңінің қысқа мерзімді қамтитындығын тағы да дәлелдеп берді. Алтын Ордада жасалған және XIV ғасырды орта кезеңімен белгіленетін екі күміс теңге табылды (Біріншісі – ХІV ғ. жошылықтар. Жәнібек ханның чеканы (1341-1357). Сарайдағы әл-Джадидтің чеканы (?). Жылы өшіп қалған. Екіншісі - ХІV ғ. жошылықтар. Наурыз бектің чеканы. Ол 760-761 жж билік еткен. 1358-1361 жж. Әл-Джадид Сарайының чеканы. Жылы өшіп қалған.
Қаланың жалпы алаңы б гектар шамасында болады. Бет жағындағы табылған материалдарға қарағанда мұнда шаруашылық қызметі қарқынды дамыған, одан диірмен тастар, керамикалық ыдыстар, темір және қола бұйымдарының бөліктері табылды, құм мен қайыршақтың сумен бірге келген қабаты бар. Қабаттың қалыңдығы 15-20 см. Сөйтіп, аталған аумақтағы тіршіліктің болғанын дәлелдейтін іздер көміліп қалған.
Құрылыс құрылымдары бет жағынан қарағанда ажыратыла қоймайды, қала құрылысына пайдаланған шикі кірпіш архитектурасы толықтай Арал суымен жойылып кеткен.
Қоныстың сопақша келген орталық бөлігі (190*136 м) СБ- ға сәл ауытқи отырып, СО сызығы бойымен созылған, бет жағы тегіс (абсолюттік биіктігі 20 см-ге дейін ауытқиды). Шағын адырлар (15 см) құрылыстың ізін байқатады. Қоныс СБ жағында кеуіп қалған арнамен (ені 5-6 м, тереңдігі 30-40 см) және алқаппен шектеседі. Алқап, каналдардың қалдықтары, өзеннің арнасы және көп мөлшерде диірмен тастар (15 дана) – бұл жердің өндірістік аймақ болғанын көрсетеді. Бұл аумақ СБ жағынан жарты ай тәрізді тұрғынжай құрылысымен қоршалған. Қоныс оңтүстік және оңтүстік- шығыс жағынан зиратпен шектеседі, оның ұзын бөлігі БШ бағытына бағытталған. Зираттың көлемі 400*110 м. Оның аумағын шашылып жатқан күйдірілген кірпіштің шоғырлануынан «есептеп білуге» болады, сірә, кесененің еденіне төселген болса керек. Жер-жерде сүйек қалдықтары көрінеді.
Сырдарияның тасқын суының қонысты басқанын дәлелдейтін шағын ғана материалдар табуға мүмкіндіктер берген қазба жұмысынан басқа, мұнда қоныстың солтүстік-батыс жағында орналасқан ежелгі алқап контураларын жоспарлы түсірілімге түсіру жұмысы атқарылды. Алқап сырт көзге мүжілген жал болып көрінеді, дәнді дақылдар өсуіруге арналған төрт бұрышты жиектері байқалады (?).
Сырдария өзенінің арнасы ретіндегі белгілі болған екі сала арасында канал тартылған. Канал теріс бұрышпен оңтүстік салаға, ал оң бұрышпен солтүстік салаға қосылған.
Алқаптың шамамен алғандағы өлшемі – 12* 85 м.
Алқап тұрғын үйлерден тереңдігі 15-20 см және ені 3-4 м ойпат түрінде жасанды канал арқылы бөлінген.
Алқаптың алаңын солтүстік және оңтүстік жақтарынан шектейтін каналдар бет жағынан қарағанда елеусіздеу жал болып көрінеді. Олардың ені – 5 м, биіктігі – 20-30 см.
Кердері 2 кесенесін археологиялық зерттеу.
Кесененің үйіндісі Арал-Асар қонысының қасында орналасқан зиратта орналасқан. Бұл ғимарат орны биіктігі 1,6 м шөгінді жота болып жатыр. Батыс жағы еңістеу болса, ал шығыс жағы керісінше неғұрлым тік жарлы болып келеді. Жотаның бетінде көптеген күйдірілген кірпіштер жатыр (25*25*5 см).
Кесененің сыртқы солтүстік қабырғасының жалаңаштанған тас қабырғасы жақсы көрінеді. Ол ені 2,2 м үш қатар жонылған тастан қаланған.
Кесененің қасында екі мемориалдық құрылыспен үш кірпіш күйдіретін пеш орналасқан. Пештер солтүстік және солтүстік-шығыс жағында, кесенеден 30-115 метр қашықтықта салынған. Пештердің орны қатты шайылып кеткен, бірақ күлге оранған және мүжіліп кеткен кірпіштер оттық камеранның өлшемдері туралы мағлұмат бере алады. Мәселен, бұл құрылыстың орташа өлшемі 6*5 м болып анықталды.
Орталық кесенеден 130 м жердегі, батыс бөліктегі мазардың шекарасы анық байқалады, бұл оның тікбұрышты пішінді болғанын көрсетеді. Адырдың өлшемі 14,7*11 м, биіктігі 0,2-0,3 м - пішіні мен орналасуы жағынан кешеннің орталық ғимаратына ұқсайды. Бет жағында күйдірілген кірпіштің сынықтары және бүтін кірпіштер шашылып жатыр, кей тұсынан бүкіл тегістікті кесіп өткен терең желі байқалады.
Екінші мазар – орталық кесенеден шығысқа қарай 25 метр жерде. Өлшемі 6*5 м – бұл кірпіш күйдіретін пешке ұқсайды, бірақ онда шлактың болмауына қарағанда ол мемориалдық ғимарат құрылысына жатады.
Жұмыс кезінде кесененің бұрыштары бойынша дүниенің төрт жағына қарағаны анықталды, пішіні жағынан тікбұрышты болып келген. Кесененің қабырғалары 25*25*5 см өлшемдегі күйдірілген кірпішпен қаланған. Неғұрлым жақсы сақталған оңтүстік-батыс қабырға алты қатар кірпіш биіктігінде сақталған.
Кесененің ішкі кеңістігінде 5,5*5,5 м бөлме (гурхан) бар. Кесененің кіретін тұсы ғимараттың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, портал қуысының ені 2 м етіп жасалған; тікбұрышты жиектері және күмбезі майоликамен өсімдік, геометриялық өрнекпен және араб жазуларымен безендірілген. Бұл арадан табылған әшекейленген, жұмыр кірпіш сынықтары қуыс арканың архивольті қуыстың бұрыштарына тұрғызылған бағаналарға сүйенген деп болжай жасауға мүмкіндік береді.
Гурханның ішкі қабырғалары тереңдігі 1 метр болатын төрт терең қуыспен (?) безендірілген тәрізді. Оңтүстік-шығыс қуыста есік орнатылған, ал неғұрлым тереңдетілген солтүстік-батыс қуыста кесененің қабірлері болған. Бөлмежайдың едені өлшемі 44*27*6,5 см тік бұрышты күйдірілген тас тақталармен төселген. Еденнің қабір жатқан жерінде еденге арналған кірпіштің жартысы немесе стандартты өлшемдегі 2582584 см кірпіш төселген. Еденге төселетін кірпіш қоңыр түсті топыраққа тығыз етіп қаланған. Еденнің тас тақталары кесененің сыртқы қабырғаларының ішкі сызығы бойымен анық көрінеді, тас блоктардан қаланған іргетас жауып тастаған.
Пайдаланылған құрылыс материальный өлшемдері жиынтығы мен архитектуралық тәсілдер бойынша ғимараттың бұл түрін кесененің қасбетіне жатқызуға болады. Мұндай ғимараттардың порталы басқа қасбеттерге қарағанда әдемі безендірілген және кейде олардың үстінде портал-пештак тәрізді құрылыммен биіктетілген. Жанынан шығатын орынның болуына немесе болмауына қарамастан бұл кесенелер негізгі бір жағынан кіруге есептелген. Кесененің архитектурасына, географиялық орналасуына, жерлеу мен артефактілердің типтеріне қарағанда бұл ескерткішті XIII ғасырдың аяғы мен ХІV ғасырдың бас кезіне жатқызуға болады.
Кесенеде ХІ-ХІV ғасырларда кеңінен таралған сағана типті жеті қабір анықталды. Тек солтүстік-батыс негізгі қуыста орналасқан №1 қабір ғана басқаша. Қабір біздің кезеңімізде тоналған. Осы қабірдің құрылымдық ерекшелігі назар аудартады және ол сол кезеңге тән емес. Ол циста түрінде тастармен қаланған, және үш ауыр плитамен жабылған. Қабірде адамның сүйектері сақталмаған.
2006 жылғы қазба жұмыстары маусымында орталық залдың шығыс бөлігінде орналасқан қабір (16) ашылды. Бұл СБ-ОШ бағытта созылып жатыр. Ені (кірпіш қалауының сырт жағынан) – 149 см, ұзындығы (кірпіш қалауының сырт жағынан) – 295 см. Құрылыс сегіз кірпіш қатарынан тұрады, жалпы биіктігі - 46-50 см.
Қабірдің үстіндегі құрылысты алғаннан кейін қабірдің ішінде табыт бар екендігі анықталды (23). Оның бет жағы екі тақтаймен жабылған. Мүрде ОБ-ОШ бағытта шалқасынан жатқызылған, қолдары денесінің бойына қарай созылған. Басы оңтүстік-батысқа қаратылған.
Қабірді аршу кезінде мүрденің сол иық тұсынан алтын сырға табылды, сырғаның ұшында жыртқыш аңның басы салынған және салпыншақ тасы бар. Мұндай сырға аяқ жағындағы сүйектердің қасынан да табылды. Сырға стильдендірілген өз құйрығын өзі тістеп жатқан айдаһар түрінде жасалған, қосымша безендіру үшін тас ілінген (тастың түрін анықтау мүмкін болмады).
Кесененің орталық бөлмежайында, оңтүстік бұрышта, еденнің астынан темір бұйымдардың көмбесі табылды.
2007 жылғы кесенені археологиялық зерттеудегі мақсат қазылмаған бес қабірді зерттеу болатын: N2 18,19,20,21,22. Қабір құрылымдары қатар-қатар орналасқан. Кесененің солтүстік қабырғасына 20,21,22 қабір, оңтүстік қабырғаға 18-ші және 19-шы қабір тіреледі.
№18 қабір (баланың қабірі). Тегістелмеген белгі (жоғары қарай) 28.372 (төмен) 285.144 (қалың еденнің деңгейі). Элемент кесененің шығыс бөлігінде орналасқан, батыс жағынан, оған қатар қабір бар (16 эл).
Қабірдің көлемі басқаларына қарағанда шағын (баланың қабірі?). Өлшемдері: ұзындығы (кірпіш қалауының сырт жағынан): 104 см. Қабір үстіндегі құрылыстың жүйесі 16-шы элементке ұқсайды. Кірпіш «құстаңдай» етіп қаланған, биіктігі 8 кірпіштен тұрады. Бұдан бұрын жазылғандай, «сағана» іргелес қабірге тығыз орналасқан (кірпіш қатарының жаны, батысы, жоғарғы жағы (16 эл), шығыс сыртқы қатар «ернеуі» болып табылады (18 эл.).
Бұл құрылымнан ішінара сақталған, «құстаңдайлап» жабатын кірпіш қалауының екі жоғарғы жағы қалған, сондай-ақ батыс жағынан тігінен қойылған кірпішпен өрілген ғимараттың батыс қабырғасының екі қатар жақсы көрінеді.
Жоғарғы қалаудың кірпіштері орныққан жанындағы төселген кірпіш пен жоғарғы қалауды алғаннан кейін қалыңдығы 3-7 см қабірдің іш жағы аршылды. Оның астында ұзындығы 72 см, ені 21-25 см ағаш табыттың қақпағы табылды. Табытты қабырғасы мен қақпағының қалыңдығы - 15-20 мм. Табыт тақтайларында бекітетін детальдер (шегелер, кертіктер) ізі табылмады. Соған қарағанда табыт дайын көрдің ішіне қондырылған, яғни сырттан дайындалып әкелінбеген, баланың мүрдесін дайын табытқа салған тәрізді.
Қақпақтың астында ағаш үгінділері сұр түсті топырақ (құмдақ)жатыр. Табыттың ішін аршыған кезде қақпақтан 5 см тереңдіктен сәбидің бас сүйегі табылды. Өліктің қаңқасы шалқасынан, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Бас сүйектің шүйкесі көрге құлаған топырақтан мыжылып қалған, мәйіттің беті жоғары қараған, аяғы сәл тізе тұсынан бүгілген. Сүйектер анатомиялық тәртіппен жақсы сақталған. Көрден қоса көмілген заттар, әшекейлер, ас беру жоралғысының қалдықтары табылмады.
К,абір-19 (баланың бейіті). Тегістелген белгі (жоғары) 28.362. Құрылыстың кірпіш қалауы кесененің орталық бөлмесінің оңтүстік- шығыс ортасында орналасқан(25 эл).
Орталық қалауда тігінен қойылған кірпіштер («құстаңдайланған) үш желімен жүргізілген: алғашқылары бір-екі қатар орналасқан, бұрышқа барып тіреледі және үшіншісі -жоғарғысы кірпіштің алғашқы екі желісімен түзілген ромб тәрізді «жікте» орнатылған. Жоғарғы қатар (жалпағынан қаланған) жоқ. Батыс жағынан тік қалауға бір, горизонтальды қалау келіп қосылады, ол ішінара бұлінген; қалған қатарлар сақталмаған. Өлшемдері: ұзындығы (тігінен қаланған): 155 см; ені: 100 см-ге дейін. Еденге төселген тастақта құрылымға келіп қосылады (ішінара сақталған). 1 8 және 10 элементтер расында (тігінен қойылған кірпіштер желісі) кірпіштің 2-ші желісі анықталды. Жоғарғы тігінен өрілген қатар 24 кірпіштен (?) тұрады.
Сағананың астында көрдің ішіндегі үйінділерден шлактың бірнеше бөліктері табылды.
Қабір солтүстік-оңтүстік желімен бағытталған: ұзындығы 130 см, солтүстік қабырға бойынша ені (бас жағында) 44 см; оңтүстік қабырға бойынша ені (аяқ жағында) 35 см.
Тегістелген белгіде 27,630 табыттың жанындағы қабырға табылды. Табыттың қақпағы солтүстік жағында (бас жағында) қабырғамен салыстырғанда 5-7 см-ге құлаған. Оның тегістелген белгісі 27,540. Көрдің ішіндегі және табыттың ішіндегі топырақ ылғалды, сондай-ақ табыттың ағашы да ылғал тартқан. Табыттың қақпағының астындағы топырақта қақпақ жаңқалары бар. Табыттың өлшемі: ұзындығы - 116 см, солтүстік қабырғаның ені (бас жағында) – 37 см, оңтүстік қабырғаның ені (аяқ жағында), солтүстік беттегі қабырғаның биіктігі – 28 см, оңтүстік қабырғаның биіктігі (аяқ жағында) – 18 см.
Қаңқаның ұзындығы – 87 см. Қаңқа шалқасынан жатыр, солтүстік-оңтүстік бағытта созылған, бас сүйектің оңтүстік-батысқа қаратылуы байқалған жоқ.
Қабір-20. Орталық бөлменің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан (25 эл).
N221 элемент тәрізді тікбұрышты пішіні бар. Қабір тіктөртбұрышты, сағананың ішкі жағы және үстінен кірпіш қатары өрілген. Жоғарғы қатарының ені 2 тұтас кірпіштен және бір жарты кірпіштен тұрады. Өлшемдері: ұзындығы – 2,3 м, ені – 1,4 м. Шығыс жағынан төменгі қатарда элемент көрге келіп тіреледі (21 эл ), көзбен шолғанда қабірлер бір сызық бойында орналасқанын байқауға болады. Жоғарыда айтылғандарға қарап, мұндай бейіт құрылыстарының бір кешен құрылысы екендігін байқауға болады.
Кірпіш құрылымын алғаннан кейін және көрдің ішін аршығаннан соң қамыстан тоқылған тоқыманың қалдықтары табылды. Оның астында көрдің бетін жапқан жабын бар, ол ішінара өңделмеген ағаш сырғауылдармен, төрт қырлы етіп өңделген бөренелермен жасалған. Бөренелер қашал қиюластырған.
Осы қиылыстарда бекіткіш детальдердің (ағаш шегелердің) іздері жоқ, бұл бөренелерді көрдің бетін жабу үшін екінші қайтара қолданған.
27,662 тегістелген белгіде табыттың қақпағы табылды. Ортасы- нан ағаш сынамен бекітілген екі тақтайдан тұрады. Солтүстік қабырға (басты маңдайдағы қабырға) екі қатарлы, бесбұрышты. Табыттың өлшемі: ұзындығы -184см,басжағындағыені (солтүстік) – 60 см аяқ жағындағы ені (оңтүстік) – 24 см, бас жағындағы биіктігі (оңтүстік) – 30 см, жанындағы қабырғалардың жиектері бойынша – 20 см.
Қақпақ қабырғасының қалыңдығы 18-20 мм. Табыттың бас жағының биіктігі: тігінен 30 см, жақтаулары бойынша 20 см, аяқ жағы 16 см.
Ұзындығы 140 см қаңқа шалқасынан жатыр, бас сүйегінің беті жоғары қаратылған, бас сәл оңтүстік-батысқа қарай бұрылған. Сол қолы кеудесінде жатыр. Оң қолы денесінің ұзына бойына қарай созылған, аяқтары созылған. Бас сүйекте қылышпен не балтамен соғылған соққының ізі бар. Табыт үстінен санағанда 4 қатар тас іргетас деңгейінде, яғни 21-қабірден жоғары деңгейде анықталды.
Қабір-21. Тегістелген белгі (жоғары) 28.298 28.1 93.
Кесененің орталық бөлмесінің СБ бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан қабір 22 тіреледі; батыс жағынан қабір 20 қосылады.
Сағана стандартты өлшемдегі күйдірілген кірпіштен іш жағынан да, сырт жағынан да төрт бұрышты етіп қаланған. Сағананың жоғарғы жағы 2 кірпіш енінде қаланған. Өлшемдері: ұзындығы - 2 м; ені 1,38 м. Оңтүстік жағынан төменгі қатарда кірпіш өлшемінің өзгеретіндігі байқалды. Олардың параметрлері мынадай: 44*27*7 см. Көрдің ортасында ішкі жағынан кірпіштер қулап түскен. Табыттың өлшемі: бас жағында биіктігі түбінен есептегенде 24 см, жанындағы қабырғалары ішке қарай еңкейтілген, қиылысқанда трапеция тәрізді. Қабір арасындағы кірпіш қалауының деңгейі үстіңгі жағынан есептегенде 4 қатар деңгейінде болады (20 және 21 қабірлер арасы), қабір 21-де солтүстіктен оңтүстікке бейіттің ұзына бойына бір қатар кірпіш өрілген. Табыт іргетастың солтүстік жағының тас қалауынан біршама төмен орналасқан (яғни көршілес 20 және 22-ге қарағанда төмен).
21 және 22 қабірлер ағаш кеспелтектермен ортақ жабылған. 21 және 22 қабірлер арасындағы қабырға сегіз кірпіш биіктігінде қаланған. 20 және 21 қабірлер арасындағы қабырға да сегіз қатар етіп өрілген. Қалауда 47*24 шаршы см ұзын кірпіштер пайдаланылған.
Қабір шұңқырының өлшемі: солтүстік-оңтүстік 20 5см; батыс-шығыс 140 см. Табыт: солтүстік-оңтүстік ұзындығы 200 см; бас жағындағы ені 67 см, аяқ жағы 35 см. Түбі қалыңдығы 20 мм төрт тақтайдан жасалған. Ені – 10-15 см. Табыттың бас жағындағы биіктігі: 215 см, аяқ жағы 30 см.
Қаңқаның ұзындығы 167 см. Шалқасынан жатыр. Басы сәл оңтүстік-батысқа қарай бұрылған. Қолдары шынтағынан бүгілген.
21-қабірге кірпіш астындағы топырақ аршылды. Қалаудан 30 см тереңдікте қамыс төсем табылды, ал оның астында көлденеңінен көрдің бетін жабатын шығыстан-батысқа қарап бөренелер жатыр (көлденең қимасы 7-10 см). Жабынды аршығаннан кейін тазалау жұмысы жүргізілді. 21 және 22 қабірлердің бөлгіш қабырғасы ортақ, демек жерлеу бір мезгілде жүзеге асырылған.
Қабір-22. Қабір үстіндегі құрылыс кесененің орталық бөлмесінің солтүстік бөлігінің қасында орналасқан. Онымен батыс жағында ішкі іргетастың желісі (8 эл), ал солтүстік жағында солтүстік портал бөлігі (10 эл) шектеседі.
Бұл қабір №20, 21 қабірлерінің пішініне ұқсас. Қабір үстіндегі құрылыс ішкі және сыртқы тікбұрыштан тұрады, үстіңгі жағында бір қатар күйдірілген кірпіш қаланған. Өлшемдері: ұзындығы – 2,37 м; ені – 1 м. Қабірдің оңтүстік бөлігінде қалаудың үстінде тас жатыр (ішкі іргетастың бөлігі?). 27,478 деңгейінде табыттың жанындағы қабырағалары табылды.
Кірпіш үйіндісінен тазаратқаннан кейін, 28,835 тереңдікте шөп төселгені анық, талды, ал оның астында шығыс-батыс бағытта, шұңқырға көлденең жатқан көлденең қимасы 7-1 0 см жабынға пайдаланылған бөренелер жатыр. Жоғарыда айтылғандай, 21 және 22 қабірлер арасындағы бөренелерден жасалған жабындар мен қабырғалар ортақ, жерлеу бір мезгілде болған. Оңтүстік-батыс бұрышта ағаш жабындының астында ағаш қалдықтары жабысқан шлак кесектері табылды. Жабын бөренелері ағаштың діңгегінің бұтақтарына ұқсайды.
Қабір шұңқырының өлшемі 1 95*82 см.
Табыт қақпағы қалыңдығы 20 мм, ені 12-15 см төрт тақтайдан құралған; түбі қалыңдығы 20 мм, ені 17 см үш тақтайдан жасалған. Табыттың ұзындығы (С-О) 187, ені бас жағында 62, аяқ жағында 38 см; бас жағының биіктігі 24, аяқ жағының биіктігі 24 см.
Ұзындығы 174 см қаңқа шалқасынан жатыр, бас сүйектің беті жоғары қаратылған, басы оңүстік-батысқа қарай сәл бұрылған, сол қолы денесінің ұзына бойына созылған, оң қолы шынтағынан бүгіліп, алақаны ішінің үстінде жатыр (саусақтары жамбасы тұсында орналасқан.).
Кесененің солтүстік порталды бөлігін аршу.
Алдағы атқарылатын жүмыстардың сипаты мен көлемін айқындау мақсатында солтүстік бөліктегі портал қүлаған деген тұста 2,5*5 м аланды тазалау жүзеге асырылды. Жұмыс барысында батыс бағытта құлаған порталды арка табылды, оңтүстік жағы теңіз суымен шайылған кесененің солтүстік қабырғалары мен қасбет кірпіштерінің әртүрлі сынықтарынан жиналған жиырма сантиметрлік қабаттың арқасында сақталып қалған. Жиналған мәліметтер бойынша құлаған арка (ол алдын ала болжам бойынша) араларында сұр түсті ерітінді қабаты бар бір қатар стандартты өлшемдегі кірпішпен (25*25*4,5 см) доға тәрізді қалау болып табылады. Арканың ішкі жағы (бұл жағдайда оңтүстік жағы) жылтыратылған кірпіштен (9,5*5*2,5 см) қаланған жапсырмалармен безендірілген, жылтырақ кірпіш көк түсті. Кірпішті сындырғанда арасы қызыл-сұр түсті екендігі анықталды. Кірпіш қалауы арасындағы ерітіндінің қалыңдығы декоративті жапсырмаларға байланысты кірпіштер арасында 9 см-ден (жапсырма орындарында) 1,5-2 см-ге дейінгі аралықта ауытқиды. Кесененің осы бөлігінде толық археологиялық зерттеу жүргізбей тұрып арка ойығындағы өрнекті белдеудің қанша болғанын дәл айта қою қиын. Осы аталған кезеңде арканың сыртқы жағын қурайтын бір қатар етіп жалпағынан өрілген 41 кірпіш анықталды. Бірінші кірпіш қаланған тұстың астынан өлшемі 18*7 см кеспелтек ағаш табылды. Өрнек «шахмат» тәртібімен белдеуленіп жүргізілген. Қалаудың аталған желісінде жоғарыда айтқан жылтыратылған кірпіштер қалаудың 23 қатарынан кейін басталады (ол табан тіректен бастап есептеледі), одан әрі екі бірлескен қатардан соң екі рет қайталанады. Қалаудың ішкі жағынан тігінен қойылған екі қатар кірпіш бар анықталды, бұл қалаудағы ерітіндінің қалыңдығы 2 см-ге жетеді. Кірпіштің екі тік қатарына байламға арналған бірнеше кірпіштердің жалпағынан қалануы келіп қосылады.
Сонымен, порталды арка іргесінен бастап иілген тұсына дейін аршылды. Тік қалаудың қосарланған қатары 2-3 горизонтальды «табантірек» қатарлардан басталуы назар аудартады, келесісі ағаш бөренелермен жалғасады. Порталдың тік қалауы порталдың іргетасына дейін аршылды, ал қазылған элементтер құрылымның жоғарғы жағына иілген жерден кірпіштің «байланған» жоғарғы қатарына дейінгі аралықты қамтиды. Мәселен, порталды желі қалауының тік сызығы 3 метрдей биіктікті құрайды, одан кейін иіле бастайды.
Оңтүстік бөлікте шурф арқылы бағана және оңтүстік-батыс қабырғаның бөлігі табылды. Кесененің бұзылуы нәтижесінде лайда болған үйінді оңтүстік-батыс бағытта созылып жатыр. Сынған кірпіштердің қабаты астында оңтүстік-батыс қасбеттің қалдықтары табылды. Бағананың 40 пайызы сақталған, жоғарғы бөлігі қоршаған ортаның әсерінен (су, жел) бұлінген. Бағана қалаудың екі түрімен - тігінен жалпағынан қаланған, іш жағы жалпағынан салынған шаршы кірпіштермен толтырылған. Бағана көк глазурьмен қапталған күйдірілген кірпішпен безендірілген. Кесененің қабырғасы 25*25*5 см күйдірілген кірпішпен, қабырғаның қасбеті жарты кірпішпен өрілген. Қабырға құрама қалаумен - жалпағынан және тігінен қаланған.
Қабырғаның жоғарғы бөлігі құлаған. Кірпіштері әк негізді ерітіндімен байланып өрілген.
Барлап зерттеу (рекогносцировка) шаралары.
Барлап зерттеу (рекогносцировка) жұмыстарын атқару барысында спутниктік түсірілім негізінде, үш негізгі рекогносцировкалық бағдар жасалды: 1. Құланды бағыты, 2. Барсакелмес бағыты, 3. Оңтүстік бағыт (Сырдарияның ежелгі саласының бойы), 4. ежелгі жаға желілерін зерттеу, 5. ежелгі суландыру жүйесі ауданын зерттеу. Барлығы 120-дан астам аэрофото түсірілді.