Климаты шұғыл континентальді болып келеді. Жер қойнаулары пайдалы қазбаларға бай. Солтүстік Қазақстан өңірі Батыс Сібір жазығындағы дала белдеуінде орналасқан. Аталмыш аймақ орманды және орманды дала белдемін бөліп тұрған жерде орналасқан. Бұл жерде үлкенді кішілі көлдер көптеп кездеседі. Олардың саны 2 мыңнан астам. Есіл аймағының оңтүстік бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Солтүстік Қазақстандағы аталмыш ландшафттардағы флора мен фауна дүниесі, табиғи ерекшеліктеріне сай келеді.
Соңғы палеогеографиялық зерттеулерге қарағанда, соңғы 8-10 мың жылдықтар тізбегіне жер бетіндегі климат, ландшафт және флора мен фауна дүниелерінің айтарлықтай өзгерістерге ұшырағаны белгілі болып отыр. Ол өзгерістер туралы мағлұматтарды, біздер аталмыш өңірде орналасқан ежелгі адамдардың қоныстары мен қорғандарына, олар мекендеген көне жұрттарға жүргізілген археологиялық зерттеулер негізінде алдық.
Қазақстан мен Еуропа даласындағы соңғы 10 мың жылдық ішінде үлкен өзгерістерге ұшыраған климаттық фазаларды аңғарамыз. Олар мыңжылдықтың бастапқы кезеңдеріндегі құрғақ климат пен мыңжылдық жартысындағы соңғы кезеңдердегі ылғалдық климаттың құрғақ белдеуге ауытқуы болып табылады.
Аталмыш аймақта жүргізілген палеоботаникалық зерттеулер нәтижесі арқылы, біздер табиғи ландшафт шекараларының уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырап, өңірді ерте заманда қоныстанушылардың материалдық мәдениеттерінің дамуына ықпалын тигізгенін көреміз. Оған мысал ретінде 6 мың шаршы орманды алқаптың Атбасар даласын алып жатқанын айтуымызға болады.
Қазақстан Республикасының археологиялық картасында көрсетілген 25 мыңнан астам көне археологиялық қоныстардың, 2 мыңға жуығы Қазақстанның солтүстік өңірінде орналасқан. Олардың көпшілігі тарихи жыл санау дәуіріне дейінгі кезеңдерге жатады. Солардың ішіндегі аса құнды объектілердің қатарына, б.з.д. 3-4 мың бұрын ежелгі адамдардың құтты мекені болған Ботай қонысы жатады. Ботай қонысы 1980 ж. профессор В.Ф. Зайберттің басшылығымен ұйымдастырған археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ашылып, ғалымдар назарына ілінді.
1983 ж. Ботай қонысында, Еуразия құрлығындағы алғашқы адамдар қоныстары жөнінде археологиялық зерттеулермен айналысатын Москва, Ленинград, Киев, Челябі, Самара, Екатеринбург, Новосибирск, Красноярск, Алматы, Қарағанды және Костанай қалаларынан келген ғалымдардың қатысуымен Бүкілодақтық археологиялық семинар өтті.
Ботай қонысының кұндылығы мен тарихи маңыздылығы жөнінде ғылыми пікірлер айтылды. Ботай туралы алып шетел ғалымдары да маңызды деректер алып, өз ұсыныстарын білдірді. Шет ел ғалымдарының Ботай қонысына келуіне және тарихи-археологиялық зерттеулер жүргізулеріне 1980 ж. кеңес үкіметі тарапынан тыйым салынған болатын. Венгр Республикасы (Мажарстан) ғылым Академиясының директоры, әлемге белгілі палеозоолог, көне дәуірдегі жылқы малының зоологиясы жүнінде зерттеулер жүргізген профессор Шандор Бёкени Қазақстанға келу рұқсатын алу үшін бес жыл уақытын кетірді.
Тек, 1991 ж. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан кейін Ботай қонысымен жақын танысуға мүмкіндік туып, Ұлыбритания, Германия, Америка Құрама Штаты және басқа мемлекеттерден тарихшы-археолог ғалымдар көптеп келе бастады. Олармен кездесу барысында Ботай мәдениетін зерттеу туралы бірлескен құжаттар қабылданған болатын. Аталмыш кездесулер мен қабылданған құжаттар нәтижесінде (1994 ж.) Ұлыбритания университетінің арнайы шақыруымен, Кембридж университетінде Ботай мәдениеті жөнінде дәріс оқу және көрме ұйымдастыру, Ботай қонысында «Еуразияның көне атбегілері» атты халықаралық симпозиум өткізу (1995 ж.) жөнінде шешім қабылдауға қол жеткізілді. Симпозиумға әлемнің 16 мемлекетінен келген 80 тарихшы-археолог ғалымдар қатысты.
2000 ж. Ботай қонысы мемлекеттік «Көкшетау» ұлттық табиғат паркінің құрамын кірді. Сол кезден бастап ескерткіш айналасын қорғау және оның шекараларын белгілеу, аймақтағы топырақ жамылғысын рекультивацилау және басқа да кешенді жұмыстар қолға алына бастады. 2004 ж. қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мұраларды тану және қорғау» жөніндегі мемлекет бағдарламасына сәйкес Ботай аймағында біршама жұмыстар атқарылды.
Ботай ауылы Иман Бұрлық өзенінің оң жағалауында жалпы көлемі 15 га алқапты алып жатқан жазық жерде орналасқан. Жер бедерінде өткен дәуірден белгісі қалған тұрғын үй орындарының іздері байқалады. Ескерткіштің 10 кв. шаршы м бөлігі зерттеліп, одан 100-ге тарта тұрғын үй қонысы, 300 мыңнан аса артефакт жәдігерлері және мал сүйектері табылды. Сүйектердің 99,9% жылқы жануарына тән.
Адамдар тұрақтары территорияның барлық алқабында кездеседі. Шаруашылық нысанындағы қора-жайлар қоныс аймағының шеткі бөліктерінде және өзен аңғарына жақын жерлерден орын тепкен. Ол жерлерден мал сүйектері, тұрмыс заттары, ал өзен жағасына таяу жерде мал терісі мен сүйегін өңдейтін, ағаш-бөренелерді шаруашылыққа пайдалануға бағытталған орын болғанын растайтын жерлер бар. Бірқатар үй-жайлардың ішінде тұрмыс қарекетке қажеті бар кішігірім орындар кездеседі. Шаруашылық мақсатта салынған қора-жайлар иілетізбектеле келген ұзынсонар пішінде орналасқан.
Ботайдағы және оған ұқсас археологиялық ескерткіштердегі (Красный Яр, Рощинское, Сергеевка ауылдары) зерттеулер негізіңде жаңа мәдениет қалыптасты деген тұжырым жасаймыз. Оны Ботай мәдениеті деп атадық. Ботай мәдениетінің мұрагерлері прото-үндіевропалық ұлыстар болып табылады. Олар топтаса-ұжымдаса өмір сүріп, түрлі шаруашылық нысандағы қора-жайлар иеленген. Шаруашылықтың негізін – жылқы жануарын күтіп-баптау әрекеттері құрады. Олар сүйек (1 фото), тас пен ағаштан әр түрлі құралдар жасап аң және балық аулау кәсіптерімен айналысты. Ас ішуге арналған геометриялық кескіндері бар, маталл және бедерлі өрнегі бар астаулар жасады.
Ыдыстағы дөңгелекті арбаға ерттелген жылқы бейнесі арқылы ботайлықтарда дөңгелекті арба көлігі болды деген болжам жасаймыз. Ежелгі адамдардың жылқы өсірумен айналысқандары жөніндегі деректерді біз неолит заманынан бері басталғанын білеміз. Сол кезеңде аңшылық пен балық аулауды кәсіп еткен алғашқы адамдар отырықшыл тұрмысқа көшіп, бірлесе еңбек етті. Далада жайылып жүрген тағы жылқыларды адам баласының біртіндеп қолға үйретуді кәсіп еткен уақыт – осы дәуірден бастау алған. Мұны бірінші кезеңге жатқызамыз.
Енді адамдар жабайы жылқыларды қолға үйретуді негізгі еңбек әрекетіне айналдырып кәсіп ете бастады. Бұл үрдісті екінші кезеңге жатқызамыз.
Б.з. IV-III мыңжылдығы қарсаңында дала зонасындағы климат ылғалды болып, өсімдік жамылғысы молшылыққа кенелді. Палеогеограф және палеотопырақтанушы ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша, өсімдік жамылғысының биіктігі 2 м дейін үскені анықталып отыр. Сол жылдары бүл өңірде 2 млн. астам жылқылар жайылған деген болжам бар. Жылқылардың көбі тағы болғандықтан, оларды үйірге қосу, қолға үйретілген жылқылардың көмегі арқылы жүзеге асырылған. Аталмыш жағдайлар – тағы жылқы мен үй жылқысы арасындағы шамалы ғана морфологиялық дифференциациялық өзгерісті байқатып отыр. Американдық ғалым Д. Энтонидың пайымдауынша ботай жылқыларының ішіндегі 10% жуық малдың тістеріндегі іздер – сүйек пен тері аралығындағы қызметінің басқа жылқылардан ерекшелігін зерттеді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда ботай жылқыларының ішінде жоғарыда атап көрсеткен ерекшеліктерден басқа жылқы түрлері бар екенін айғақтайды.
Энеолит дәуірінде мындаған жылдар бойына сақталған, бірақ кейбір ауытқушылықтармен (вариациялармен) ерекшеленген далалық өзіндік мәдени-шаруашылық типі қалыптасқан. Жылқыны баптаушылар мен өсірушілердің территориясы негізінен: орманды дала, ұсақ шоқылы аймақ және жазық далалы алқапты қамтыды.
Тұрмыс-тіршілік заңдылығы негізінен шаруашылық әрекетке тікелей байланысты болды. Жылдың күзгі және қысқы уақытында адамдар негізінен Ботай қыстағына ұқсас келген жайларды қоныс етті. Көктем мен жаз айларында қоныстанушылар оңтүстік-батыс бөліктегі құмды-топырақты аймақты жайылым ретінде пайдаланды. Ол жерлер көктемнің алғашқы айларында қардан тез арылып, жер жамылғысының ерте көктеуіне себебін тигізді. Адамдар ол жерлерде уақытша үй-жайларын салып (2 фото), аң аулады, қысқа дайындық жұмыстарын жүргізді. Бұл көрініс адамдар арасындағы көрші қолаң, этникалық және туыстық некелік қарым-қатынастарының жандануына мүмкіндік туғызды. Негізгі үй-жайда тұрақтайтын қарт адамдар мен балалар және малшы-табыншылар қора-қопсықтары мен тұрғын үйлерін қайта қалпына келтіріп, жөндеуге кіріседі, азық-түлік дайындайды, қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын жүргізеді.
Қоныстанушы малшылар ауылының орналасуы бір-бірінен 150-200 км аралықты қамтыды. Мұндай реттелу әр қауымның мал жайылымын қамтамасыз етіп, оларды күзету мен күтіп-баптау тәжірибесін қалыптастырды.
Б.з. III мың жылдығы мен II мыңжылдығының басында жер бетіндегі климаттың өзгеруі салдарынан су мен құрылық температурасы ауытқып, табиғи ландшафтының тұралауына себепкер болды. Ол көрініс экологиялық зардаптар әкелді. Экологиялық зардаптардың салдарынан жыл мезгілдерінің күнтізбелік айналымына (цикліне) негізделген шаруашылық жүйесі де үлкен дағдарысқа ұшырады. Аталмыш өңірді мекендеген үндіевропалык, оралдық, алтайлық және басқа этникалық топтардың жан-жаққа үдіре миграция жасауға мәжбүр болуы – осы кезеңмен тығыз байланысты.
Ботайлықтар аталмыш дағдарыстан шығудың амалын екі жолмен шешуге тырысты. Бірінші топ – мал жайылымына ыңғайлы оңтүстік Орал, Алтай және Қазақстанның шығыс аймағына қарай ойысты. Олардың тарихы тағдыры жергілікті жерлердегі этникалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігімен байланысып, нәтиже ассимиляциялану жағдайына душар болуларымен аяқталды.
Екінші топ – шағын әулеттік қауым ретінде қазақ даласы мен Батыс Сібір жазығындағы өзен-көл маңайларына қоныстанды. Шаруашылықтың негізгі кәсібі болған жылқы өсіру кәсібі – аңшылық пен балық аулау кәсібіне ұласты. Ара-тұра егіншілік пен диқаншылық кәсібі қолға алына бастады, малшылар жылқы өсірумен қатар мүйізді ірі қара мен ұсақ малдарды бағып қағуды кәсіпке айналдырды.
Кең даладағы адамдардың тұрмысы мен ұйымдасқан шаруашылық әрекеттері – қазақ даласында қола дәуірде тұрақты мекені жоқ, негізінен көшіп қонып жүретін аңшылар мен балықшылар қауымы ғана мекендеді деген ғылыми пікірді өзгертуге негіз болды. Орталық Азия даласы, оның ішінде Қазақстанның солтүстік аймағында тарихи-мәдени үрдістердің динамикалық тұрғыда дамып келгені анықталып отыр. Ұлы дала эко системасы тас ғасырының соңғы кезеңі мен орта ғасырға дейін жалғасқан дала перзенттерінің материалдық және рухани мәдениетінің дамуы мен қалыптасу заңдылықтарын және өзіндік табиғи ерекшеліктерін реттеп отырды. Далалық тарихи-мәдени дамудың динамикалық заңдылығының қалыптасуына ерте заманнан бері мол тәжірибе жинақтаған жылқы шаруашылығы да өзінің әсерін тигізді. Ботай мәдениетін тану – тарихи мәні бар бірқатар мәселелер жүнінде ғылыми тұжырымдар жасауға негіз болды.
Еуразия даласында тас дәуірінің соңында далалық өркениет қалыптасты. Ондағы шаруашылық пен мәдениет типінің қалыптасуы, шаруашылық әрекеттің жыл мезгілдерінің күнтізбелік ерекшеліктеріне сай тұрақты дамуы мен халықтың демография лық өсуі мен қоныстануы – далалық өркениеттің белгісін білдірді. Қоршаған ортаның табиғаты мен экожүйесі - дала кеңістігін тиімді пайдаланудың материалдық игілігін қалыптастырып, тұрақты экономикалық бейімделу тәжірибесін қалыптастырды. Бұл заңдылық шаруашылық әрекеттің жыл мезгілдерінің күнтізбелік айналымына негізделген және ұзақ мерзімді қамтыған тарихи кезеңмен ерекшеленді. Табиғи- экономикалық тұрақтылық далалық өркениеттің рухани һәм сакральді сипатта дамыған дәстүрлерін қалыптастырды.
Аталмыш заңдылықтар – дала өркениетінің қола дәуірі мен темір ғасырының бас кезеңіндегі Шығыстағы егіншілік-диқаншылық мәдениеттен бөлек, тәуелсіз дамығанын көрсететін өзіндік тарихи перспективасын айқындады.
Зерттеу нәтижелері әлемдік әдебиеттерде жиі қолданылатын «көшпенді номадтар» атты терминнің қолданылуын шектеді. «Көшпенді» термині – ұзақ жылдар бойы дала мәдениетінің символы ретінде танылды. Терминнің диқан- шылық пен егіншілік терминіне қарағанда тұрпайы көрінетіні рас. Дала өркениеті жер бетіндегі көне ойкумендердің арасын байланыстырған ежелгі коммуникация жүйесін – жылқы мен дөңгелек арбаны дүниеге алғаш әкелді.
Б.з.д. XVIII-XVII ғг. дала өркениетінде жаңа тарихи қауымдастық – андрон мәдениеті қалыптасты. Аталмыш үрдіс ежелден қалыптасып келген ескі мен жаңа мәдени дәстүрлердің рухани құндылықтарға ауысуы қарсаңында пайда болған депрессия кезеңінде қалыптасты. Соның нәтижесінде күн мен отқа табыну рәсімі пайда болды.
Бүгінгі археология ғылымында ерте дәуірде өмір сүрген әулеттік және отбасылық структураның нақты бейнесін айқындайтын реконструкциялық жүйе жасалмай келеді. Аталмыш мәселелер төңірегінде пікір қалыптастыру, ғылыми дәстүр бойынша түрлі типтегі этнографиялық топтардың қарым-қатынастарын зерттеумен шектеліп қалған.
Темір ғасыры (б.з.д. I мыңжылдық) – тек қана мәдени-шаруашылық типін және үзіндік ерекшеліктері бар материалдық мәдениетті әкелумен қатар, әлеуметтік-стратификациялық маңызымен сипатталған әскери-саяси статусы бар жаңа қарым-қатынастың пайда болуына ұйытқы болды. Оған археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында Солтүстік Қазақстан облысы, Жаңаталап ауылы жанындағы тарихи-әлеуметтік маңызы бар Байғара атты ескерткіш, обадағы көріністер жоғарыда айтылған тұжырымымызды растай түседі. Обаның ортаңғы бөлігін, диаметрі 90 м және ұзындығы 6 м дөңгелек пішіндес шұңқырда орналасқан қорған төбе алып жатыр. Қорғандағы қазба жұмыстары Германия археологиялық институты қаржыландыруы мен неміс ғалымдарының қатысуымен жүргізілді. Қорғанның басқа ескерткіштерге ұқсамайтын өзіндік археологиялық ерекшелігі бар орын екеніне көз жеткіздік. Қорғанда жүргізілген қазба жұмыстары арқылы б.з.д. VII ғ. мен қазақ даласындағы көне дәуірлер көшінде қалыптасқан мемлекеттер структурасы және ғылымға белгілі сақтар мен тасмола мәдениеттерінің қалыптасуы барысындағы ежелгі тайпалар арасындағы экономикалық, саяси-әлеуметтік қарым- қатынастар жөнінде өзгеше ғылыми тұжырым жасауға негіз болатын жәдігерлер бар. Обаның жанындағы Байғара 1 атты қорған дүниеден өткен хандар мен ханзадаларды жерлеу орны ғана болып қоймай, табыну мен діни рәсімдер өткізетін киелі орын болғанын білдіреді. Қорған ішіндегі кіреберіс сарай қабырғаларына қиыршық тас пен балшықты араластыру арқылы жасалған кескін-бейнелер жапсырылған. Қорған ішіндегі алтын мен түсті металдармен көмкерілген заттар мен киім-кешектердің табылуы жерленген ханзаданың текті әулеттің ұрпағы екенін білдіреді.
Б.з.д. V – I ғғ. қазақ даласында ежелгі мемлекеттердің қалыптасу үрдісі жүрді. Ұлы дала төсінде көне шаһарлар мен сауда-саттық орындары бой көтереді. Даланың басқа бөлігінде малшылық пен егіншілік кәсібі өзінің ғасырлық, жалғасын тауып көркейе бастайды.
Б.з. I мыңжылдығының ортасында құрлық бетіндегі ауа райының күрт өзгеруі дала өркениетінің қайта құлдырауына әкеліп, саяси-әскери үрдістердің күшеюіне, жер бетіндегі коммуникациялық жүйенің ролін атқарған Ұлы жібек жолы керуендерінің мұхиттық коммуникацияға ұласуына әкеліп, нәтижеде ұлы географиялық ашылу оқиғаларының тарих төрінен орын алуына итермеледі. Ұлы дала жазығында мекендеп қалған этникалық топтар, ауа райының климаттық ерекшеліктеріне бейімделіп, ғасырлар бойы жалғасқан шаруашылық дәстүрлерін одан ары жалғастырды. Бертін келе ұлы дала көшпенділерінің бірігуі тарихқа мәлім түркі әлемін қалыптастырды.
Қазақ даласы Монғолиядан бастап Еділ мен Сырдария өзендерін қамти отырып саяси- әскери оқиғалардың аренасына айналды.
XIV-XV ғғ. қалыптасқан қазақ ұлты Ұлы дала көшпенділерінен бастау алған мыңғасырлық тарихи-мәдени дәстүрлер арқылы трансформацияланып, өзіндік ұлттық этникалық сипатын қалыптастырды.
Солтүстік Қазақстан өңіріндегі археологиялық зерттеулерге негізделген ежелгі адамдар мен ботай мәдениеті жөніндегі көне дәуірден орта ғасырға дейінгі тарихи кезеңді қамтыған аталмыш тәжірибелерді халық игілігіне айналдыру мақсатында «Қазақтардың мәдени генезисі» атты туристік-мұражайлық кешенінің жобасын дайындадық. 2003 ж. Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданындағы Шалқар көлінің маңайыңда «Көкшетау» мемлекеттік паркінің қолдауымен ғылыми реконструкция талабы бойынша ботай тұрғындарының екі тұрғын-жайының үлгісі жасалды.
Мұражайда орын алған жәдігерлер қазақ даласы мен Орталық Азия аймағындағы энеолит дәуірі мен бүгінгі этнографиялық мұраларға дейін, көне дәуірде қалыптасқан ежелгі адамдардың материалдық және рухани мұралары және далалық дәстүрдің этногенез һәм мәденитегі (культурогенез) құндылықтары арқылы трансформацияланған ерекшеліктері жөнінде тарихи-танымдық. ақпараттар алуға зор мүмкіндік береді.
Алдымызға қойған мақсаттар жүзеге асқан жағдайда қоғам мен мемлекет алдында тұрған мынадай әлеуметтік-гуманитарлық мәселелер шешіледі деп ойлаймыз:
Республика азаматтарының патриоттық сезімін ояту және тарихи санасын қалыптастыруға тәрбиелеу;
Өлке тарихын археологиялық зерттеулер негізінде оқып-тану жас ұрпақтың этнографиялық материалдар мен тарихи-мәдени муралар жөніндегі білімдерінің шыңдала түсуіне;
Өлке тарихы мен мәдениеті жөнінде мағлұматтармен таныс болуға ниет білдірген саяхатшылар мен туристердің демалыс уақыттарын қызықты өткізулеріне;
Мұражайдың «Көкшетау» мемлекеттік паркінің кұрамына кіруі, жас ұрпақтың экологиялық білімінің артуына, аталмыш тақырыпқа байланысты ғылыми жобалар мен бағдарламалар жасауға, ғылыми іс-шаралар ұйымдастыруға және тұрғылықты жердің тарихы мен табиғаты жөнінде танымдық мағлұматтар алуларына мүмкіндік туғызбақ.
Пікірлер
Ботай мәдиниетінің ерекшелігі қандай?
Ботай мәдиниетінің ерекшелігі қандай?
ботаи мәдениеті дегеніміз не